SteppeNews.kz: Қызылорда облыстық перинаталдық орталығында 2026 жылдың алғашқы үшемі дүниеге келді. Сырдария ауданына қарасты Басарық ауылының тұрғындары — 32 жастағы Мөлдір Бекбаулы мен 34 жастағы Нұрсұлтан Берікболдың отбасы осылайша бірден көпбалалы шаңырақтардың қатарына қосылды. Бұған дейін екі бала тәрбиелеп отырған Баймановтар әулеті енді үшеммен толықты. Нәрестелер ағымдағы жылдың 27 наурызы күні, жүктіліктің 32-аптасында мерзімінен ерте өмірге келген еді. Салмағы 1210, 1470 және 980 грамм болып туған шақалақтарға ата-анасы Хадия, Дария және Жәния есімдерін берді. Сәбилер екі ай бойы облыстық ана мен бала орталығының жоғары тәуелділіктегі нәрестелерге арналған арнайы күтім бөлімшесінде ем қабылдап, дәрігерлердің үздіксіз жіті бақылауында болды. Ақ халаттылардың білікті…
Автор: Saya
SteppeNews.kz: Бейжің қаласында Халықаралық автомобиль тасымалдары жөніндегі Қазақстан-Қытай бірлескен комитетінің отырысы өтті. Маңызды шараға қатысқан қазақстандық делегацияны Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитетінің төрағасы бастап барды. Сонымен қатар, делегация құрамында ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті мен «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы акционерлік қоғамының өкілдері де болды. Отырыс барысында екі елдің өкілдері халықаралық автомобиль тасымалын дамытуға қатысты ең өзекті мәселелерді егжей-тегжейлі талқылады. Атап айтқанда, рұқсат беру жүйесін заман талабына сай жетілдіру, шекара маңындағы инфрақұрылымдарды өркендету және жолаушылар тасымалы бағыттарының желісін барынша кеңейту мәселелері жан-жақты қаралды. Кездесудің басты қорытындысы бойынша, қос тарап ағымдағы жылдың соңына дейін шетелдік рұқсат бланкілерін…
SteppeNews.kz: Мамыр айының соңғы күні тарих шежіресінде түрлі сипаттағы маңызды оқиғалармен және атаулы күндермен таңбаланған. Бұл күн бір елдің тарихындағы терең қасіретті еске алса, екінші бір жағдайда адамзат саулығы үшін күрес пен кәсіби саланың қалыптасу кезеңін айшықтайды. Бұл датаның әрбір оқиғасы қоғам өмірінде өзіндік орны бар маңызды ақпараттарды қамтиды. Қазақстан тарихы үшін 31 мамыр – ерекше қаралы әрі қастерлі күн. Бұл күн елімізде Саяси қуғын-сүргін және аштық құрбандарын еске алу күні ретінде атап өтіледі. Аталған айтулы дата 1997 жылы Қазақстан президентінің арнайы жарлығымен ресми түрде бекітілген болатын. Репрессия жылдарының қасіреті қазақ халқының жүрегінде жазылмас жара қалдырды. Сол нәубет жылдары Қазақстанда…
SteppeNews.kz: Қазақстанның Көлік министрлігі жеңіл рельсті көлік (LRT) нысандарын террористік қауіп-қатерлерден қорғауға арналған нұсқаулықты бекітуге дайындап жатыр деп хабарлайды SteppeNews.kz ZTB NEWS-ке сілтеме беріп. Құжат жолаушылар мен LRT қызметкерлерінің қауіпсіздігін күшейтуге, сондай-ақ көлік инфрақұрылымы нысандарында террорлық әрекеттердің алдын алуға бағытталған. Нұсқаулықты әзірлеуге Көлік министрлігінің Мемлекеттік құпияларды қорғау және жұмылдыру даярлығы департаментінің 2025 жылғы желтоқсанда жолдаған хаты негіз болған.
SteppeNews.kz: 31 мамырдан бастап Алматы мен Варшава арасында жаңа тікелей әуе рейсі іске қосылады. Бұл бағыт Қазақстан мен Польша арасындағы әуе қатынасын жолаушылар үшін анағұрлым қолайлы етеді. Халықаралық бағытқа Польшаның ұлттық әуе тасымалдаушысы LOT Polish Airlines қызмет көрсетеді. Алматы – Варшава бағыты бойынша рейстер аптасына төрт рет орындалады. Әуе компаниясы бұл бағытта орта қашықтыққа ұшуға арналған заманауи Boeing 737 MAX ұшақтарын пайдаланбақ. Жаңа әуе қатынасының ашылуы Қазақстан мен Польша арасындағы туристік, іскерлік және экономикалық байланыстарды нығайтуға ықпал етеді деп күтілуде. Сонымен қатар жаңа бағыт екі ел тұрғындарының саяхаттау, білім алу және іссапар мүмкіндіктерін кеңейтеді. Тікелей рейстің іске қосылуы жол жүру…
StepppeNews.kz: Қазақстанда ауқымды қылмыстық және ел тарихындағы алғашқы әкімшілік рақымшылық әзірленіп жатыр. Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, рақымшылық 15 мыңнан астам адамды және жалпы сомасы 17 млрд теңгеден асатын миллионға жуық әкімшілік айыппұлды қамтуы мүмкін. Рақымшылық Президенттің бастамасымен Конституцияның қабылдануына байланысты жарияланбақ. Қазіргі уақытта тиісті заң жобасы Мәжілістің қарауында жатыр. ІІМ түсіндіруінше, қылмыстық рақымшылық қылмыстық теріс қылықтар мен онша ауыр емес қылмыстар жасаған адамдарға қолданылуы мүмкін. Сондай-ақ келтірілген залал болмаған немесе толық өтелген жағдайда орташа ауырлықтағы қылмыс үшін сотталғандар да рақымшылыққа ілігуі ықтимал. Сотталғандардың кейбір санаттары үшін жаза мерзімін қысқарту қарастырылған. Алдын ала есеп бойынша, рақымшылық шаралары 15 мыңнан астам адамға…
SteppeNews.kz: Meta Instagram, Facebook және WhatsApp үшін ақылы жазылымдарды іске қосты. Бұған дейін бұл мүмкіндіктер шектеулі тестілеу кезеңінде болған. Instagram Plus пен Facebook Plus жазылымының айлық құны – 3,99 доллар, ал WhatsApp Plus – 2,99 доллар болады деп хабарлайды SteppeNews.kz Nege.kz-ке сілтеме беріп. Instagram Plus және Facebook Plus қызметтерінде негізгі назар Stories бөлімінің мүмкіндіктерін кеңейтуге аударылған. Жазылушылар стористерді 24 сағаттың орнына 48 сағатқа жариялай алады, қаралым бойынша кеңейтілген статистикаға қол жеткізеді, өзге қолданушылардың стористерін жасырын қарай алады. Сондай-ақ интерфейсті жекелеуге арналған құралдар мен эксклюзивті анимациялық реакциялар ұсынылады. Ал WhatsApp Plus жазылымында қосымшаны жекелеу мүмкіндіктеріне басымдық берілген. Пайдаланушыларға премиум стикерлер, жеке…
SteppeNews.kz: Лас-Вегаста өткен Enhanced Games жарысы — немесе бейресми атауымен «стероидтар Олимпиадасы» — ұйымдастырушылар тарапынан «болашақ Олимпиадасы» ретінде таныстырылды. Жобаның басты ерекшелігі — допингті жарыс тұжырымдамасының бір бөлігіне айналдыруы болды. Неліктен жаңа спорт индустриясының бастамасы ретінде сипатталған бұл жоба іс жүзінде қымбат маркетингтік экспериментке көбірек ұқсап қалды? Бұл туралы Qazaq Expert Club-тың спорт саласындағы сарапшысы Евгений Азарьев пікір білдірді. «Бұл жобаға тек медиа ғана емес, ірі инвесторлар да сенді. Үш жыл ішінде Enhanced Games шамамен $340 млн инвестиция тартты, оның ішінде IPO-дан кейінгі кезеңде $200 млн-нан астам қаражат жиналды. Инвесторлар қатарында миллиардер Питер Тиль, Уинклвосс ағайындылары және Дональд Трамп-кішімен байланысты…
SteppeNews.kz: Қазақстанның жоғары оқу орындарында жасанды интеллектіні оқыту ауқымы кеңейіп келеді. Енді мамандығына қарамастан барлық студент жасанды интеллект пәнін оқитын болады, деп хабарлайды SteppeNews.kz Kazinform агенттігіне сілтеме жасап. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім вице-министрі Динара Щеглова Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді. Оның айтуынша, 2025 жылдан бастап жасанды интеллект дағдылары барлық білім беру бағдарламасына енгізілген. — Қазір 95 университет оқу жоспарларына жасанды интеллект пәндерін қосты. Бұл 4 мыңнан астам білім беру бағдарламасын қамтиды. Сонымен қатар 30 жоғары оқу орнында жасанды интеллект бағыты бойынша 42 білім беру бағдарламасы іске асырылып жатыр. Профессор-оқытушылар құрамының 54%-ы жасанды интеллект саласында біліктілігін арттырды,…
SteppeNews.kz: Қазақстандық шахматшы қыз Бибісара Асаубаева Norway Chess Women 2026 беделді турнирінің төртінші турында әлемнің қазіргі чемпионы Цзюй Вэньцзюньді жеңіп, жарқын нәтиже көрсетті. Қарсыластар арасындағы негізгі партия тең аяқталған соң жеңімпаз армагеддон форматында анықталды. Ақ тастармен ойнаған Асаубаева тартысты кездесуде 6 минут 23 секунд ішінде басымдыққа қол жеткізіп, жеңіске жетті. Бұл нәтиже қазақстандық шахматшының жалпы есептегі көшбасшылығын нығайта түсті. Төрт тур қорытындысы бойынша Бибісара Асаубаеваның еншісінде 7 ұпай бар. Ол әзірге турнир кестесінде жеке-дара бірінші орында келеді. Әлем чемпионын жеңу Бибісараның осы турнирдегі ең елеулі жетістіктерінің біріне айналып, Norway Chess Women 2026 жарысындағы жалпы жеңіске талас мүмкіндігін арттырды.