SteppeNews.kz: Қазақстанның Көлік министрлігі жеңіл рельсті көлік (LRT) нысандарын террористік қауіп-қатерлерден қорғауға арналған нұсқаулықты бекітуге дайындап жатыр деп хабарлайды SteppeNews.kz ZTB NEWS-ке сілтеме беріп.
Құжат жолаушылар мен LRT қызметкерлерінің қауіпсіздігін күшейтуге, сондай-ақ көлік инфрақұрылымы нысандарында террорлық әрекеттердің алдын алуға бағытталған.
Нұсқаулықты әзірлеуге Көлік министрлігінің Мемлекеттік құпияларды қорғау және жұмылдыру даярлығы департаментінің 2025 жылғы желтоқсанда жолдаған хаты негіз болған.
