SteppeNews.kz: 55 жастағы астаналық мұғалім Айгүл Ержанова 13,5 тонна тартатын автобусты сүйреп, әлемдік рекорд иесі атанды. Рекорд елордада №1 автобус паркінің қолдауымен тіркелді. Кәсіпорын сынаққа автобус ұсынған, деп хабарлайды SteppeNews.kz Kazinform-ға сілтеме беріп. Айгүл Ержанова №50 мектепте жұмыс істейді. Оның айтуынша, мұндай қадамға бапкері Айбар мен оның досы Ержан шабыт берген. Сонымен қатар, ол мектеп бітіруші түлектерге қолдау білдіруді мақсат еткен. «Мен жастарға мақсатқа нық сеніммен ұмтылу керегін көрсеткім келді. Адам өз арманына сеніп, соған жету үшін еңбек етсе, бәрі де мүмкін», – дейді ол. Өткен жылы Айгүл Ержанова жалпы салмағы сегіз тонна болатын екі пикапты 57 метрге сүйреп, рекордтар…
Автор: Saya
SteppeNews.kz: Мадина Ашилованың автокөліктегі ең көп қолтаңба бойынша («Most signatures on the car») әлемдік рекордты жаңарту жолындағы тарихи челленджі жалғасуда. Бүгін — біздің команда үшін айтулы 13-ші күн. Мақсатымыз айқын, межеміз биік — Гиннестің рекордтар кітабына ресми түрде ену үшін біз барлығы 6 000 қолтаңба жинауымыз керек. 13-ші күннің нәтижесі: Мақсатқа жақындай түстік Бүгін «SHAGAN FEST-2026» аясында, Көксу ауданының табиғаты тамылжыған Шаған тауының етегінде рекордтық көлікке тағы 82 адам өз қолтаңбасын қалдырды. Осылайша, бүгінгі күннің қорытындысы бойынша жалпы жиналған қолтаңбалар саны 304-ке жетті! Әрбір жаңа есім — бұл әлемдік рекордқа қосылған үлкен үлес. Гиннес комитетінің қатаң талаптарына сай болу үшін…
SteppeNews.kz: Қырғызстанның Төтенше жағдайлар министрлігі 2025 жылы Жеңіс шыңында қаза тапқан ресейлік альпинист Наталья Наговицынаның денесін эвакуациялауға жәрдемдесу мүмкіндігін қарастыруға дайын. Бұл туралы ресейлік БАҚ ведомствоға сілтеме жасап хабарлайды. Ведомство өкілінің айтуынша, министрлік өз құзыреті шегінде көмек көрсетуге әзір. Бұл ретте әңгіме үйлестіру қолдауы, сондай-ақ қауіпсіз жағдайлар болған жағдайда Қырғызстан Қорғаныс министрлігімен келісе отырып, осы ведомствоның ұшу транспорты арқылы авиациялық қолдау көрсету туралы болуы мүмкін. Министрлік өкілі Қырғыз Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі өз құзыреті шеңберінде қажетті көмекті, соның ішінде үйлестіру және қауіпсіз жағдайлар болғанда Қорғаныс министрлігімен келісілген авиациялық қолдауды көрсету мүмкіндігін қарастыруға дайын екенін жеткізді. Сонымен бірге ведомство Жеңіс шыңынан…
SteppeNews.kz: Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі елорда тұрғындары мен қонақтарына маңызды мәлімдеме жасады. Ведомство мәліметінше, 28 мамыр күні Астанада Қарулы Күштер Әуе қорғанысы күштерінің жоспарлы іс-шаралары аясында жойғыш ұшақтардың көрсетілімдік ұшуы өтеді. Бұл шара қала аспанында әскери техниканың қатысуымен ерекше форматта ұйымдастырылмақ. Осы іс-шараға дайындық жұмыстарына байланысты 24 мамырдан бастап елорданың әуе кеңістігінде әскери авиацияның оқу-жаттығу ұшулары басталады. Қорғаныс министрлігі тұрғындарды жоспарлы жаттығуларға түсіністікпен қарауды сұрайды.
SteppeNews.kz: Алматыда 23 мамыр күні алғаш рет «Almaty Glow Ride» түнгі велошеруі ұйымдастырылады. Ауқымды іс-шара спортты, салауатты өмір салтын және белсенді демалысты насихаттауды мақсат етеді. Осыған байланысты қаланың бірнеше орталық көшелерінде автокөлік қозғалысына уақытша шектеулер енгізілмек. Бұл туралы SteppeNews.kz Kazinform-ге сілтеме берп хабарлайды. Әкімдік мәліметінше, іс-шараны өткізуге байланысты 23 мамыр күні сағат 20:00-ден 23:30-ға дейін Төле би көшесінде көлік қозғалысы толықтай тоқтатылады. Сонымен қатар сағат 21:45-тен 23:00-ге дейін велошеру қатысушылары колоннасының жүру бағытына қарай Назарбаев даңғылы мен Желтоқсан көшесінде екі бағытта да уақытша шектеулер қойылады. Велошерудің басталуы сағат 22:00-де Астана алаңында жоспарланған. Қатысушылар Төле би көшесінен бастап, Назарбаев даңғылы, Тимирязев…
SteppeNews.kz: 2026 жылғы 22 мамырда Астана төрінде Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы көлік-логистикалық әріптестіктің жаңа кезеңі талқыланды. ҚР Көлік вице-министрі Жәнібек Тайжанов пен Еуропалық Комиссияның өкілі Серхио Ольете Хосаның кездесуі барысында Транскаспий халықаралық көлік бағытын дамытудың нақты қадамдары айқындалды. Бүгінгі таңда бұл дәліз Азия мен Еуропаны жалғайтын ең сенімді әрі бәсекеге қабілетті көпірге айналып отыр. Тараптар транзиттік тасымалдардың өсуі мен жүк жеткізу мерзімінің қысқаруын жоғары бағалап, алдағы уақытта контейнерлік тасымал көлемін еселеуді жоспарлап отырғанын жеткізді. Келіссөздердің басты өзегі Каспий аймағындағы порт инфрақұрылымын жаңғыртуға тірелді. Атап айтқанда, Еуропалық қайта құру және даму банкі мен Еуропалық Одақтың қаржылық демеуімен Ақтау теңіз портындағы…
SteppeNews.kz: Әлемнің ең биік нүктесі — Эверест шыңында бір күн ішінде көтерілу саны бойынша жаңа рекорд тіркелді. Бір тәулік ішінде Непал тарапынан шыңға 274 альпинист шыққан. Kazinform агенттігінің ағылшын редакциясы жазғандай, бұған дейін бір күн ішінде мұндай көп мөлшерде сәтті көтерілу жағдайы тіркелмеген. Алдыңғы рекорд 2019 жылдан бері сақталып келген еді. Бұл ерекше белсенділікке қолайлы ауа райы мен қауіпсіз көтерілуге арналған шектеулі «уақыт терезесі» себеп болған. Биылғы маусым кешігіп басталғандықтан, альпинистер қолайлы ауа райының қысқа кезеңін тиімді пайдалануға тырысқан. Дегенмен, бұл рекорд таудағы адам санының шамадан тыс көптігі туралы пікірталастарды қайта өршітті. Әлеуметтік желі қолданушылары Эверестті «әуежайдағы кезекке» немесе «8…
SteppeNews.kz: Қазақстан мен Қытай арасындағы стратегиялық серіктестік бүгінде жаңа деңгейге көтерілді. Бұл ынтымақтастықтың ең жарқын көрінісі — білім мен ғылым саласындағы қарқынды байланыс. Ресми мәліметтерге сүйенсек, қазіргі таңда Қытайда 14 мыңнан астам қазақстандық студент білім алып жатыр. Оның ішінде 1300-ден астамы екі ел арасындағы келісімшарттар негізінде мемлекеттік грант иегерлері атанған. Біздің жастарымыз негізінен Бейжің, Шанхай, Сиань, Гуанчжоу және Ухан сияқты ірі мегаполистердің жетекші университеттерінде оқуды құп көреді. Осы орайда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасының меңгерушісі, филология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Бақыт Манатқызы Айтбаевамен Қытайдағы қазақстандық студенттердің қазіргі бағыт-бағдары жайлы әңгімелескен едік. Мамандық таңдаудағы бетбұрыс:…
SteppeNews.kz: Алматыда попкорнға қақалған 29 жастағы ер адам көз жұмды, деп хабарлайды SteppeNews.kz Syrmedia.kz-ке сілтеме жасап. Оқиға 17 мамыр күні Forum сауда-ойын-сауық орталығындағы кинотеатрда болған. Ер адам бұрынғы сыныптасымен бірге кино көруге келген. Сеанс басталар алдында ол попкорн сатып алған, алайда көп ұзамай соған қақалып қалған. Туыстарының айтуынша, әуелі оның жағдайы дәретханада нашарлап, құсқан. Кейін өзін жақсырақ сезінетінін айтып, қайтадан кино залына оралған. Алайда арада біраз уақыт өткен соң тамағы жыбырлап тұрғанын және өзін жайсыз сезінетінін айтқан. Біраздан кейін ер адам жүрегі ауырып тұрғанын айтып, күртесін танысына берген де, есінен танып қалған. Жедел жәрдем келгенге дейін оқиға орнындағылар алғашқы көмек…
SteppeNews.kz: Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы заң ресми түрде қабылданды. Жануарларды қорғаушылар мен қатаң шараларды қолдаушылар арасындағы көпжылдық пікірталас аяқталғанымен, басты сұрақ әлі де өзекті: көшелер қауіпсіз бола ма? Qazaq Expert Club сарапшысы, қаржыгер Венера Жаналина бұл заңды тек жануарларды қорғау мәселесі ретінде емес, қоғамдық қауіпсіздік, мемлекеттік басқару сапасы және бюджет қаражатының тиімділігі тұрғысынан да қарастыру қажет екенін айтады. «Мемлекет қоғамның нақты сұранысына жауап беріп отыр. Адамдар аулаларда, мектептердің маңында, базарлар мен тұрғын үй кешендерінің жанында қауіпсіздікті қалайды. Қаңғыбас иттердің адамдарға шабуыл жасау мәселесін елемеуге болмайды», – дейді сарапшы. Қаңғыбас жануарлар саны неге азаймай отыр? Түзетулерді талқылау кезінде келтірілген деректерге сәйкес,…