SteppeNews.kz: Қазақстандық шахматшы қыз Бибісара Асаубаева Norway Chess Women 2026 беделді турнирінің төртінші турында әлемнің қазіргі чемпионы Цзюй Вэньцзюньді жеңіп, жарқын нәтиже көрсетті.
Қарсыластар арасындағы негізгі партия тең аяқталған соң жеңімпаз армагеддон форматында анықталды. Ақ тастармен ойнаған Асаубаева тартысты кездесуде 6 минут 23 секунд ішінде басымдыққа қол жеткізіп, жеңіске жетті.
Бұл нәтиже қазақстандық шахматшының жалпы есептегі көшбасшылығын нығайта түсті. Төрт тур қорытындысы бойынша Бибісара Асаубаеваның еншісінде 7 ұпай бар. Ол әзірге турнир кестесінде жеке-дара бірінші орында келеді.
Әлем чемпионын жеңу Бибісараның осы турнирдегі ең елеулі жетістіктерінің біріне айналып, Norway Chess Women 2026 жарысындағы жалпы жеңіске талас мүмкіндігін арттырды.
