Автор: Saya

2026 жылдың тоғыз айында Қазақстанда қосылған құн салығы (ҚҚС) бойынша түсімдер 37,3%-ға өсті. Алайда стандартты мөлшерлеме 12%-дан 16%-ға көтерілгеніне қарамастан, бұл салық бойынша жоспар небәрі 89,6%-ға орындалды. Жоспарға жетпеген сома 686 млрд теңгені құрады. Премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғарин салық реформасының нәтижелерін оң бағалайды. Оның мәліметінше, тоғыз айда салық түсімдері өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда шамамен 3 трлн теңгеге артқан. Ол реформаны осы өсімнің негізгі факторларының бірі деп атайды. Бірақ кірістер өсіп жатса, бюджетке неліктен әлі де қосымша қаржыландыру көздері қажет? Qazaq Expert Club сарапшысы, салық консультанты Раушан Тасшоинова өзінің «QazTax Налоги РК» Telegram-арнасында Қаржы министрлігінің деректеріне сүйене отырып жазғандай, тоғыз…

Read More

Efes Kazakhstan компаниясы өзінің ұзақ мерзімді экологиялық бастамасы аясында сирек кездесетін жеті бүркітті табиғи мекеніне қайтарды. Еліміздегі биоалуандылықты сақтауға бағытталған бұл ауқымды жоба 2019 жылдан бері тұрақты түрде жүзеге асырылып келеді. Маңызды экологиялық оқиға жайлы SteppeNews.kz бас редакторы Мадина Ашылова хабарлайды. Көк тудың символы еркіндікке қанат қақты: Бизнес пен ғылым жыртқыш құстарды қалай құтқаруда? Тянь-Шань бөктеріндегі күзгі мезгіл айтулы экологиялық шарамен ерекшеленді. Бүкіләлемдік жануарларды қорғау күні қарсаңында Efes Kazakhstan компаниясы салалық сарапшылар мен арнайы құс өсіру орталықтарының қолдауымен Қызыл кітапқа енген жеті бүркітті жабайы табиғатқа ұшырды. Бүркіт — қазақ халқының азаттығы мен байырғы тарихын айшықтайтын ұлттық символ ғана емес, сонымен…

Read More

Шығыс пен Батысты тоғыстырған Ұлы Жібек жолының маңызды торабы — ежелгі Куча мемлекетінің аумағы бүгінде тарихи мұрасымен де, сирек кездесетін геологиялық ерекшеліктерімен де әлем назарын аударып келеді. Қытайдың Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданындағы Ақсу аймағына қарасты Байчэн уезі — өркениеттер мен табиғаттың тылсым күштері түйіскен бірегей өлке, деп хабарлайды SteppeNews.kz. Бұл өңірді аралау — тек геотуристік саяхат қана емес, сонымен бірге ғасырлар қойнауына жасалатын терең тарихи-философиялық экскурсия. Мұнда біздің заманымыздың III ғасырынан бастау алатын көне буддалық мәдениеттің іздері, миллиондаған жылдар бойы эрозия мен үгілуден қалыптасқан табиғи мүсіндер және жер қойнауынан лалалап жанған жұмбақ «Отты бұлақ» қатар өмір сүріп жатыр. Тасқа жазылған өркениет…

Read More

Әр күзі сайын мақта алқаптарында уақытпен жарыс басталады. «Ақ алтынды» ысырапсыз, сапасын жоғалтпай дер кезінде жинап алу — агрономдар мен шаруалар үшін үлкен сын. Бұрын бұл процесс мыңдаған адамның қол еңбегін қажет етсе, бүгінде алқапта интеллектуалды темір тұлпарлар сап түзеген. Бұл агро-революцияның бел ортасында Шыңжаңның өндірістік алыптарының бірі — 15 жылдан астам тарихы бар Boshiran компаниясы тұр, деп хабарлайды SteppeNews.kz. Шыңжаң даласынан басталған сапар 2009 жылы Шыңжаңда іргесі қаланған Boshiran компаниясы алғашқы қадамын бункерлік типтегі қарапайым мақта жинайтын машиналардан бастаған еді. Ал Шыңжаң — әлемдегі ауыл шаруашылығы ең жоғары деңгейде механикаландырылған бірегей өңірлердің бірі. Жылдар бойы нақты далалық жағдайда шыңдалған…

Read More

Уақыт пен кеңістік параллель жүріп жатқандай әсер қалдыратын өңірлер болады. Қытайдың Синьцзян-Уйғур автономиялық ауданындағы Ақсу округі — дәл осындай мекен. Онда бір жағында ғасырлар бойы сақталған Жібек жолының көне дәстүрлері қайта жаңғырса, екінші жағында Гоби шөлінің төрінде болашақтың агротехнологиялары қолданысқа еніп жатыр. Тілшіміз Ақсу өңіріне жасалған арнайы пресс-тур аясында Куча мен Шая аймағының таңғажайып тұстарына куә болып қайтқан еді. Цзя Сысе жазған «Хубин» және Кучадағы Наан қалашығы Сапарымыз Куча қаласының орталығынан батысқа қарай жарты шақырым жерде орналасқан әйгілі «Үлкен наан қалашығынан» басталды. 2013 жылы іргесі қаланып, 2020 жылы ресми түрде ұлттық AAA деңгейіндегі туристік аймақ мәртебесін алған бұл мекенге жақындағанда-ақ…

Read More

Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданындағы Бозанбай ауылында қазақтың төл өнерін жаһанға паш еткен «Шығыс Салбурыны – 2026» халықаралық фестивалі мен құсбегіліктен тұңғыш рет ұйымдастырылған Ашық Азия кубогі өтіп, жеңімпаздар марапатталды, деп хабарлайды SteppeNews.kz. «Бүркіттөбе» этнокешенінде өткен дүбірлі дода ұлттық аңшылық дәстүрін дәріптеп, мұрамызды халықаралық деңгейде танытуды мақсат етті. Биылғы тартысты бәсекеге Қазақстаннан бөлек Түркия, Ресей, Қытай, Мажарстан, Испания, Грузия, Моңғолия, Қырғызстан және Өзбекстан сияқты 10 елдің өкілдері қатысты. Алғаш рет ұйымдастырылып отырған Азия кубогі саятшылық өнерінің бай мұрасын насихаттап қана қоймай, әлем елдерінің тәжірибе алмасуына және мәдени байланыстарды нығайтуға үлкен мүмкіндік туғызды. Ұлттық колорит пен жан-жақты бағдарлама Этноауылда тігілген 50…

Read More

Ташкенттен Сеулге бағыт алған HY511 рейсінде төтенше жағдай орын алды. Борттағы жолаушылардың бірі күтпеген сәтте есінен танып, халі күрт нашарлаған. Самарқандтық дәрігер Хасан Камилов шұғыл әрі сауатты әрекет етіп, әуеде ес-түссіз жатқан әйелді өлім аузынан аман алып қалды, деп хабарлайды SteppeNews.kz. Оқиға 11 қазан күні болған. Көктегі сапар кезінде бортсеріктер ұшақта дәрігердің бар-жоғын сұрап, дабыл қағады. Шақыруға бірден үн қосқан оториноларинголог Хасан Камилов жағдайы ауырлаған жолаушыға дереу көмекке ұмтылған. Дәрігердің айтуынша, пациентті тексеру кезінде оның тамыр соғысы да, қан қысымы да байқалмаған. Әйел шок жағдайында болып, денесі суып, өңі көгеріп кеткен. «Мен әрдайым өзіммен бірге жолдорбамда қажетті дәрі-дәрмектерді, алғашқы көмек…

Read More

Күн суыта бастағанда коммуналдық төлем түбіртегіндегі сома айтарлықтай өседі: электр энергиясы мен жылуға жұмсалатын шығын көбейеді. Алайда мәселе әрдайым тек тұтынылған жылу көлемінде емес. Түпкілікті төлем сомасына тарифтердің өзгеруі де әсер етеді. Коммуналдық қызметтердің құны неге қымбаттайды? Биыл Алматы мен Астанада тарифтер қаншалықты өсті? Осы сұрақтарға Qazaq Expert Club-тың құрылыс саласындағы сарапшысы Диляра Сейітнұрова жауап береді. Тариф неге өседі? Сарапшының айтуынша, Қазақстанда 2023 жылдан бері «Тарифті инвестицияға айырбастау» бағдарламасы жұмыс істейді. Ол коммуналдық кәсіпорындарға тариф арқылы инфрақұрылымды жаңартуға қаражат тартуға мүмкіндік береді. Өз кезегінде қызмет көрсетуші бекітілген инвестициялық бағдарлама бойынша міндеттемелер қабылдайды. Онда қандай нысандардың қашан жаңғыртылуы тиіс екені көрсетіледі.…

Read More

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды Вьетнамның ірі ROX Group инвестициялық холдингіне қарасты ROX Living Global девелоперлік компаниясының өкілдерімен кездесті. Келіссөз барысында мегаполистегі жаңа Almaty Downtown іскерлік ауданын дамытуға шетелдік девелоперді тарту және инвестициялық ынтымақтастық мүмкіндіктері қарастырылды, деп хабарлайды SteppeNews.kz Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Кездесуде ROX Living Global компаниясының бас директоры Чан Тхи Ми Лок бастаған делегация Almaty Downtown аумағында заманауи көпфункционалды кешен салу жөніндегі жоба концепциясын ұсынды. Жоба тұрғын үйлер мен кеңсе бөлмелерін, сауда орындарын, сондай-ақ білім беру, медициналық және спорттық мекемелерді қамтиды. Сонымен қатар инвесторлар аумақты кешенді көгалдандыруға, жаяу жүргіншілерге қолайлы орта қалыптастыруға және қоғамдық кеңістіктерді көркейтуге…

Read More

Еліміздің жоғары оқу орындары мен шетелдік бейіндік академияларда қазіргі уақытта 200-ден астам болашақ әскери дәрігер білім алуда. Алдағы 2027 жылы Қарулы күштердің әскери-медициналық бөлімшелері бакалавриат, интернатура және резидентура бағдарламаларын тәмамдаған 40-қа жуық жас маманмен толықтырылмақ, деп хабарлайды SteppeNews.kz. Отандық оқу орындары және қыздардың белсенділігі Болашақ әскери медицина кадрларының басым бөлігі Әуе қорғанысы күштерінің әскери институтында даярлануда. Бүгінде мұнда 150-ден астам курсант әскери істі меңгеріп жатса, олардың арасында 80-нен астам қыздардың бар екені ерекше назар аудартады. Болашақ әскери дәрігерлер теориялық және практикалық медициналық пәндерді Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университетінің базасында оқиды. Мемлекет тарапынан барлық курсанттар толық әлеуметтік және материалдық…

Read More