Нормативтік актілерде «тенге» сөзі «теңге» болып жазылады. Ұлттық банк ресми құжаттардағы орфографияны өзгертуге қатысты түзету жобасын дайындады. Құжат «Ашық НҚА» порталында қоғамдық талқылауға жарияланды, деп жазады SteppeNews.kz. Бұл түзетулер тек терминологиялық және техникалық сипатқа ие, — деп түсіндірді Ұлттық банк өкілдері. Аталған өзгерістер 2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдумда қабылданған Конституцияның жаңа редакциясына сәйкес құжаттарды бейімдеу үшін қажет. Жаңашылдықтар қаржылық операциялар ережелеріне немесе елдің ақша-несие саясатына әсер етпейді. Азаматтар маусымның 17-сіне дейін жобамен танысып, оны талқылауға қатыса алады.
Автор: Saya
Әлемдік тревел-блогерлер Қазақстанның табиғатын миллиондаған аудиторияға таныстырып жатыр. Иорданиялық Юсеф Хаттаб пен америкалық Джошуа Платильеро Алматы мен Маңғыстаудың көрікті жерлерін көрсетуге кіріскен. Олар Қазақ елінің мәдениеті мен қонақжайлығын ерекше атап өтті. Тревел-блогерлердің желіде жарияланған видеолары миллиондаған қаралым жинап үлгерген. Қазақстанның тұмса табиғатын тамашалағандардың Қазақстанға деген қызығушылығы артқан. Айта кетейік, биыл туризмді дамыту мақсатында ақпараттық турларға 168,8 млн теңге бөлінген.
Германияда ұшақтың шассиі кенеттен сынып кетті. Соның салдарынан әуе кемесінің тұмсық бөлігі жерге құлаған. Оқиға Франкфурт әуежайында лайнер Лос-Анджелеске ұшқалы тұрғанда болған, — деп хабарлайды SteppeNews.kz BAQ.kz-ке сілтеме жасап. Lufthansa әуе компаниясының қызметкерлері оқыс оқиға салдарынан жарақат алды. Boeing 787-9 Dreamliner ұшағының бортында экипаж мүшелері мен жерүсті қызметкерлері болған. Абыро болғанда, жолаушылар әлі отырғызылмаған еді. Lufthansa бірнеше қызметкердің жарақат алып, медициналық көмекке жүгінгенін растады. Зардап шеккендердің нақты саны әзірге жарияланбады. Оқиғаның себептері белгісіз. Оның мән-жайын тиісті органдар тексеріп жатыр.
Алматыда жаңа метро желісінің жобасы басталды. Метрополитеннің үшінші кезегін салу үшін жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеуге хабарландыру жарияланды. Мемлекеттік сатып алу сайтындағы дерекке сәйкес, жоба құны 3 млрд теңгеге жуықтайды. Тапсырыс беруші мекеме — Алматы метрополитені, — деп хабарлайды SteppeNews.kz Kaz.inform.kz-ке сілтеме жасап. Өтінімдер маусымның 4-інен маусымның 9-ына дейін қабылданады. Үшінші кезек «Қалқаман» метро бекетінен «Барлық» базарына дейінгі аралықты қамтиды. Бұл желі Абай даңғылынан басталып, Алатау даңғылы арқылы Райымбек даңғылына дейін созылады. Соңғы станция «Барлық» базарында болады. Метро бекеттердің орналасуына тоқтала кетейік: № 1 станция — Абай даңғылынан солтүстіктегі Алатау даңғылы бойында; № 2 станция— Төле би көшесінен солтүстіктегі Алатау даңғылы бойында; № 3 станция — «Барлық»…
Қазақстанда жол ережесін жиі бұзатындарға жаңа балдық жүйе енгізіледі. Көлік жүргізушісінің айыппұл балы 20-ға жеткен жағдайда 12 айға жүргізуші куәлігінен айырылады,- деп хабарлайды SteppeNews.kz Stan.kz-ке сілтеме жасап. Жаңа балдық жүйеге сәйкес, бір жыл ішінде 20 балл жинағандар 365 күнге жүргізуші куәлігінен қағылады. Қазір бұл жағдайда қайта емтихан тапсыру мәселесі қаралып жатыр. Жол ережесін бұзушыларды бақылауға арналған жүйе Астана, Алматы және Шымкент қалаларында сынақтан өтіп жатыр. Әрбір құқықбұзушылық үшін жүргізушіге айыппұлмен бірге, қосымша 1-ден 3-ке дейін айыппұл балы есептеледі. Балл көлемі бұзушылықтың ауырлығына қарай белгіленеді, ал деректер Бас прокуратураның әкімшілік істер жөніндегі бірыңғай базасынан алынады. “Бұл жүйе негізінен жазалау үшін емес,…
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев халықты Мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтады. Мемлекет басшысы Астанадағы «Атамекен» этномемориалдық кешенінде Мемлекеттік Туды көтеру рәсіміне қатысты, — деп хабарлайды SteppeNews.kz BAQ.kz-ке сілтеме жасап. Салтанатты шара барысында Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа Конституцияның 1 шілдеден бастап күшіне енетінін, тамыз айында Құрылтай сайлауы өтетінін, ал қыркүйекте Қазақстан Халық Кеңесі жасақталатынын мәлімдеді. «Ұлттық рәміздер — ел бірлігі мен тәуелсіздігінің басты белгісі. Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу – отаншылдық рухының ең биік өлшемі», — деді мемлекет басшысы. 4 маусым – Мемлекеттік рәміздер күні Қазақстанда Мемлекеттік рәміздер күні жыл сайын аталып өтеді. Бұл күні ел тәуелсіздігінің нышандары Ту, Елтаңба және Әнұранға құрмет көрсетіледі. Онымен қоса, рәміздердің…
Алматыда мектеп бітіру кешінде автокортеж ұйымдастырған 21 ата-ана әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Осыған байланысты мәжіліс депутаты Жарқынбек Амантайұлы соңғы қоңыраудағы қымбат көліктер мен алып гүл шоқтарының жарысын тоқтатып, бірыңғай стандарт енгізуді ұсынды, деп хабарлайды SteppeNews.kz Politico-ға сілтеме жасап. Алматыда мектеп бітіру кешіндегі сән-салтанатқа қатысты 21 ата-ана әкімшлік жауапқа тартылды. Олар түлектер кешінде автокортеж ұйымдастырған. Маңғыстауда да қымбат көліктермен шеру өткізу дәйектері анықталған. Бір қызығы, кейбір ата-аналар баласының қатарынан қалмауы үшін гүлді де «рассрочкаға» алыпты. Осыған байланысты мәжіліс депутаты Жарқынбек Амантайұлы соңғы қоңыраудағы қымбат көлік пен алып гүл шоқтарының жарысын тоқтатуды ұсынды. Оның айтуынша, мұндай үрдістер ата-аналарға артық қаржылық салмақ түсіріп, жастардың…
Қазақстандықтарға мобильді аударымдарға байланысты салық органдарынан хабарламалар келе бастады. Қаржы министрлігі бірінші тоқсанның деректерін талдап, тәуекелі бар азаматтарға алдын ала ескертулер жолдаған. Әзірге ешкімге айыппұл салынбаған, деп хабарлайды SteppeNews.kz Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап. Қазақстандықтарға мобильді аударымдарға байланысты салық органдарынан хабарламалар келе бастады. Қаржы министрлігі бірінші тоқсан деректерін талдады. Нәтижесінде мамырдан бастап азаматтарға ескертулер жібере бастады. Вице-министр Ержан Біржановтың айтуынша, бұл хабарламалар салық салуға дейінгі тәуекелдер туралы алдын ала ескерту ретінде жолданып жатыр. Әзірге ешкімге айыппұл салынған жоқ, азаматтарға деректерді алдағы декларацияларда түзетуге мүмкіндік беріліп отыр. Бұған дейін ескерту алғандарға есеп беру үшін 30 күн берілетіні хабарланған
Отбасы банк аралық қарыздар бойынша мөлшерлемені көтерді. 4 маусымнан бастап жаңа шарттар күшіне еніп, ипотека құны артады. Алдын ала мақұлдау алған азаматтар бұрынғы мөлшерлемемен несие рәсімдей алады, деп хабарлайды SteppeNews.kz Stan.kz-ке сілтеме жасап. Отбасы банк ипотекасы қымбаттады. Маусымның 4-нен бастап жаңа мөлшерлеме күшіне енеді. Соған сәйкес, Отбасы банкіндегі аралық қарыздар бойынша бірыңғай мөлшерлеме 8,5% тең болады. Бұған дейін 6–7,5% мөлшерлемемен несие рәсімдегендер үшін ипотека бағасы өседі. Бұдан былай жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі (ЖТСМ) 9–9,6% аралығында болады. Маңызды ескерту: егер азамат 4 маусымға дейін алдын ала мақұлдау алса, ипотека ескі шартпен рәсімделеді.
Алатау қаласында Елорданың «Бәйтерегі» іспетті зәулім Iconic towers кешені бой көтереді. Оңтүстік астананың іргесінде салынып жатқан инновациялық смарт-сити криптовалютамен есеп айырысатын және әуе таксиі қатынайтын Орталық Азияның басты іскерлік хабына айналмақ – деп хабарлайды SteppeNews.kz Tengrinews.kz-ке сілтеме беріп. Бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы облысына жасаған жұмыс сапары аясында жаңа Алатау (Alatau City) қаласының бас жоспарымен танысты. 2050 жылға дейін дамитын бұл мега-жоба еліміздің жаңа экономикалық орталығы болмақ. Болашақ қаланың бойтұмары Ақылды қаланың символына айналатын Iconic towers кешені қос мұнарадан тұрады: біріншісінің биіктігі — 272 метр, екіншісі — 80 метр. Жалпы ауданы 276,8 мың шаршы метрді құрайтын бұл заманауи нысанда мынадай…