Павлодар облысында балық аулап жүрген тұрғын күтпеген жерден шамамен төрт мың жылдық тарихы бар археологиялық олжаның табылуына себеп болды, деп хабарлайды SteppeNews.kz KTK телеарнасына сілтеме жасап. Құнды олжа Павлодар қаласы маңындағы құм карьерінен табылған. Балықшы адам сүйектерін байқап, бұл туралы тиісті мекемелерге хабар берген. Оқиға орнына келген мамандар жүргізген алғашқы зерттеу нәтижесінде бұл жердің ерте қола дәуіріне жататын көне жерлеу орны екені анықталды. Қазба барысында адам сүйектерімен қатар ежелгі керамика сынықтары, кетпен, тас балта және дән ұсатуға арналған тас құралдар табылған. Археологтардың айтуынша, бұл жәдігерлер металлургия өндірісі енді қалыптаса бастаған кезеңмен байланысты. Оқиға орнына Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университетінің…
Автор: Saya
ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің «Мемлекетті басқару туралы» кітабының бесінші томының жарық көруі қазіргі Қытайдың даму бағытына арналған еңбектер сериясын жалғастырды. Кітаптың тұсаукесерінде Қытайды зерттеу орталығының директоры Гүлнар Шаймергенова жаңа басылымда қамтылған негізгі идеялар мен олардың Қазақстан үшін маңызы туралы айтып берді. Гүлнар Шаймергенованың айтуынша, бүгінде Қытайға деген қызығушылық заңды құбылыс. Әлемдік тәртіптің түбегейлі өзгеруі, жаһандық жеткізу тізбектерінің қайта құрылуы және халықаралық бәсекенің күшеюі жағдайында Қытай әлемдік экономикалық өсімнің негізгі орталықтарының бірі әрі халықаралық тұрақтылықтың маңызды факторларының бірі болып қала береді. Сондықтан Си Цзиньпиннің еңбектері тек Қытай зерттеушілері үшін ғана емес, шетелдік сарапшылар үшін де өзекті. «Қытайдың қандай қағидаттарға сүйеніп дамып…
2026 жылдың жазында Қазақстан мен Қытай арасындағы мәдени ықпалдастыққа қатысты екі маңызды оқиға қоғам назарын аударды. Алдымен Қазақстанға әдебиет саласындағы Нобель сыйлығының лауреаты Мо Янь алғаш рет келсе, араға аз уақыт салып елде Джеки Чанның қатысуымен жаңа фильмнің түсірілімі басталды. Бір қарағанда әдебиет пен көпшілікке арналған кино – екі бөлек сала. Алайда Мо Янь мен Джеки Чанның сапарын біріктіретін ортақ тұс бар: бұл оқиғалардың екеуі де Қазақстан мен Қытай арасындағы мәдени диалогтың маңызды бөлігіне айналды. Еуразиялық халықаралық зерттеулер қауымдастығының атқарушы директоры Қайрат Батырбаев бұл сапарлардың кездейсоқ емес екенін және олардың екі ел арасындағы қарым-қатынастың болашағына қалай әсер ететінін түсіндірді. Мәдени…
Қызылорда облысына жұмыс сапары барысында Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Арал ауданындағы балықшылармен кездесіп, Солтүстік Арал теңізін сақтау бағытында атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде мәлімдеді деп хабарлайды SteppeNews.kz, ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігіне сілтеме жасап. «Біз Солтүстік Арал теңізін сақтау бойынша кешенді шараларды жүзеге асырып келеміз. Осы мақсатта Дүниежүзілік банкпен бірлескен жобаның екінші кезеңі әзірленді. Жоба аясында Көкарал бөгетін реконструкциялау, теңіздегі су деңгейін көтеру және су көлемін ұлғайту көзделген. Қазіргі уақытта Су ресурстарын басқару жүйесін дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасына сәйкес Солтүстік Аралдағы су көлемін 34 млрд текше метрге дейін жеткізуге бағытталған жұмыстар жүргізіліп жатыр», – деді Нұржан…
Қытай алдағы бес жыл ішінде дамушы елдердің өкілдеріне жасанды интеллект (ЖИ) саласы бойынша курстар мен семинарларға қатысу үшін 5 мың оқу орнын ұсынады. Бұл туралы SteppeNews.kz Синьхуа ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды. Бұл туралы ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин Шанхайда өткен 2026 жылғы Дүниежүзілік жасанды интеллект конференциясы (WAIC 2026) және Жасанды интеллектті жаһандық басқару жөніндегі жоғары деңгейдегі конференцияның ашылу салтанатында бағдарламалық баяндама жасау барысында мәлімдеді. Си Цзиньпиннің айтуынша, Қытай АСЕАН, Араб мемлекеттері лигасы, Африка одағы, Латын Америкасы және Кариб мемлекеттері қауымдастығы (CELAC), Шанхай ынтымақтастық ұйымы (ШЫҰ) және БРИКС елдеріне бағытталған жасанды интеллектті қолдану саласындағы халықаралық ынтымақтастық орталықтарын құрады. Сонымен қатар, Қытай…
Аптап ыстыққа байланысты еліміздің бірқатар өңірлерінде ауыр жүк көліктерінің қозғалысына уақытша шектеу енгізілді, деп хабарлайды SteppeNews.kz, 24.kz сайтына сілтеме жасап. Батыс пен шығысты, оңтүстік пен орталықты байланыстыратын республикалық маңызы бар автожолдарда енді ауыр жүк көліктерінің қозғалысы қатаң бақылауға алынды. Рұқсат етілген нормадан артық жүк тиеген көліктер арнайы тұрақтарға жіберіледі. Арнайы мониторинг барысында талапты елемеген 15 жүргізушіге жалпы сомасы 2 миллион теңге көлемінде айыппұл салынды. Тексеру жұмыстары Қызылорда, Ақтөбе және Алматы облыстарында жүргізілді. Солардың бірі – Астана–Қарағанды бағыты. Арқа мен Алатауды жалғайтын бұл күре жолда тәулігіне мыңдаған көлік қатынайды. Қозғалыс көлемінің артуына байланысты ауыр жүк көліктерінің саны да көбейген. Соның салдарынан…
Қазақстан Оңтүстік Кореямен креативті индустрия саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуге бағытталған жұмысты жалғастырып келеді. Осы мақсатта Сеул қаласында қазақстандық делегация Кореяның мемлекеттік органдары мен жетекші компанияларының өкілдерімен бірқатар кездесу өткізіп, екіжақты әріптестікті дамыту, тәжірибе алмасу және бірлескен жобаларды жүзеге асыру мәселелерін талқылады деп хабарлайды SteppeNews.kz, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Кездесулердің бірі «Креативті индустрияларды дамыту қоры» корпоративтік қоры Басқарушы кеңесінің төрағасы Ерлан Каналимов пен Оңтүстік Кореяның Мәдениет, спорт және туризм вице-министрі Ким Дэ Хённің қатысуымен өтті. Тараптар креативті экономиканы дамытудағы мемлекеттік саясат, шығармашылық кәсіпкерлікті қолдау тетіктері және ұлттық контентті халықаралық нарыққа ілгерілету бағытындағы тәжірибелерімен бөлісті. Кездесу қорытындысы бойынша…
2026 жылғы 16 шілдеде Шанхай қаласында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қытай Халық Республикасына жұмыс сапары және Мемлекет басшысының қатысуымен өткен Қазақстан–Қытай жоғары деңгейдегі іскерлік дөңгелек үстелі аясында «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ Қытайдың жетекші туристік компанияларымен бірқатар стратегиялық келісімдерге қол қойды, деп хабарлайды SteppeNews.kz Kazakh Tourism-ға сілтеме жасап. Келісімдер инвестициялар тартуға, туристік инфрақұрылымды дамытуға және Қазақстанды халықаралық туристік нарықта ілгерілетуге бағытталған. Сапардың басты нәтижелерінің бірі – «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ мен Қытайдың ірі мемлекеттік туристік корпорацияларының бірі China Tourism Group (CTG) арасында «Қытай–Қазақстан трансшекаралық туристік маршрутын іске асыру жөніндегі стратегиялық ынтымақтастық туралы бірлескен мәлімдемеге» қол қойылуы болды. Құжат туризм саласындағы инвестициялық…
«Ұмай» әйелдер ипотекалық бағдарламасына өтінім қабылдау биылғы тамыз айында басталады, деп хабарлайды SteppeNews.kz Krisha.kz сайтына сілтеме жасай отырып. Krisha.kz мәліметіне сәйкес, жаңалықты «Отбасы банкінің» басқарма төрағасы Ләззат Ибрагимова тікелей эфир барысында мәлімдеген. Оның айтуынша, бағдарламаға бөлінген алғашқы қаражат жолданған және жоба тамыз айында іске қосылады. Бұған дейін «Ұмай» бағдарламасын қаржыландыруға 45 млрд теңге бөлінетіні хабарланған болатын. Бағдарламаға соңғы алты айда тұрақты ресми табысы және міндетті зейнетақы аударымдары бар жұмыс істейтін әйелдер қатыса алады. Ипотеканың бастапқы жарнасы ірі қалаларда тұрғын үй құнының кемінде 20 пайызын, ал өңірлерде 15 пайызын құрайды. Несиенің ең жоғары сомасы – 50 млн теңгеге дейін, ал мерзімі 6…
Алдағы күндері Қазақстан аумағында ауа райы құбылмалы болады. Елдің батысы, солтүстігі мен орталығында жаңбыр жауып, найзағай ойнаса, шығыс және оңтүстік өңірлерде аптап ыстық сақталады, деп хабарлайды SteppeNews.kz «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап. Синоптиктердің болжамынша, солтүстік-батыс циклоны мен атмосфералық фронттардың әсерінен еліміздің басым бөлігінде жауын-шашын күтіледі. Қостанай облысының жекелеген аудандарында, 19–20 шілдеде Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстарында, ал 20 шілде күндіз Батыс Қазақстан мен Ақтөбе облыстарында қатты жаңбыр жаууы мүмкін. Кей жерлерде бұршақ жауып, дауылды жел соғып, желдің күшеюі болжанады. Ал оңтүстік өңірлерде шаңды дауыл болуы ықтимал. Тек еліміздің оңтүстігі, оңтүстік-шығысы және 18 шілдеде орталық өңірлерде жауын-шашынсыз, күн ашық болады. Жауын-шашынның әсерінен…