2024 жылы Қазақстан полициясына отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты шамамен 100 мың хабарлама түсті. 72 мың қорғау нұсқамасы шығарылып, соттар құқық бұзушылардың мінез-құлқына қатысты шамамен 16 мың ерекше талап белгіледі. Тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін жауапкершілік күшейтілгеннен кейін мемлекеттік органдар оң үрдісті атап өтуде: отбасылық-тұрмыстық саладағы кісі өлтіру және ауыр қылмыстар саны азайып, ондаған мың агрессор жауапкершілікке тартылды. Алайда, Qazaq Expert Club-тың шақырылған сарапшысы, судья Динара Құйқабаеваның айтуынша, ресми статистика мемлекетке белгілі болған жағдайларды ғана көрсетеді. «Көп жағдайда іс сотқа жеткенше бірнеше ай, кейде тіпті бірнеше жыл психологиялық қысым, қорқыту, қорлау және қайталанатын зорлық-зомбылық жалғасады. Іс материалдары сотқа түскен кезде мемлекет көбіне ұзақ уақыт…
Автор: Saya
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Шанхайда өткен «Жарқын болашақ үшін жасанды интеллект саласындағы әріптестік» тақырыбына арналған Жасанды интеллект жөніндегі дүниежүзілік конференцияның ашылу рәсіміне қатысты. Бұл туралы SteppeNews.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. Өз сөзінде Мемлекет басшысы Қытайдың жасанды интеллект саласындағы жетістіктері мен елдің технологиялық әлеуетінің дамуына ерекше тоқталды. – Бүгінде әлемдегі жасанды интеллект зерттеушілерінің жартысынан астамы Қытай Халық Республикасының өкілдері. Жасанды интеллект саласындағы патенттердің ең көп саны қытайлық инноваторларға тиесілі. Елдің қарқынды дамып келе жатқан инновациялық экожүйесі озық технологиялардың көптеген бағыты бойынша серпінді ілгерілеп келеді, – деді Президент. Қасым-Жомарт Тоқаев Жасанды интеллект жөніндегі дүниежүзілік конференция ұсынған «ЖИ – игілік үшін, ЖИ…
Қытайда жазғы және күзгі маусымдағы тұтынушылық белсенділікті арттыруға арналған қызмет көрсету тұтыну фестивалі басталды. Нарыққа бағытталған бұл бастаманы Қытайдың халықаралық электрондық коммерция орталығы ұйымдастырып отыр деп хабарлайды SteppeNews.kz, Синьхуа ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап. Биылғы фестиваль «Сапалы қызмет – сапалы өмір» тақырыбымен өтуде. Іс-шараның негізгі кезеңі шілде мен тамыз айларын қамтыса, кейін дәстүрлі сауда маусымы саналатын қыркүйек пен қазан айларына дейін жалғасады. Фестивальге Қытайдың жетекші цифрлық платформалары – JD.com, Meituan, Trip.com Group, Damai, WeChat, Alipay және Douyin қатысуда. Қатысушы платформалар цифрлық және интеллектуалды технологияларды пайдалана отырып, қоғамдық тамақтану, қонақүй қызметтері, тұрмыстық қызмет көрсету, көлік, автокөлікке техникалық қызмет көрсету, мәдени іс-шаралар, туризм…
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі қазақстандықтарға елдегі зейнетақы реформасына қатысты түсініктеме берді. Ведомство мемлекет азаматтардың зейнетақы жинақтарының сақталуына кепілдік беретінін тағы бір мәрте растады деп хабарлайды SteppeNews.kz, KAZ.NUR.KZ. сайтына сілтеме жасап. Министрліктің мәліметінше, қазіргі таңда азаматтардың зейнетақы жинақтарын қорғаудың тиімді әрі ашық моделіне кезең-кезеңімен көшу жұмыстары жүргізілуде. «Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне сәйкес мемлекет азаматтардың зейнетақы жинақтарының сақталуына кепілдік береді. Кодекстің 217-бабында БЖЗҚ-дағы міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) мен міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының (МКЗЖ) нақты енгізілген сомасының сақталуына мемлекеттік кепілдік заңнамалық деңгейде бекітілген. Бұл норма өзгеріссіз сақталады», – делінген министрлік хабарламасында. Сонымен қатар ведомство 2027 жылдан бастап зейнеткерлік жасқа жеткен салымшыларға…
Алматы халықаралық әуежайында аэродром инфрақұрылымын жаңғырту аясында жаңа магистральді рульдеу жолының құрылысы қарқынды жүргізіліп жатыр. Жоба әуе кемелерінің жерүсті қозғалысын тиімді ұйымдастырып, әуежайдың өткізу қабілетін арттыруға мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта әуежайдағы ұшу-қону жолақтарының бірі ұшу мен қонудан бөлек, әуе кемелерінің рульдеуі үшін де пайдаланылады. Жаңа рульдеу жолы іске қосылғаннан кейін ұшақтар жеке бағытпен қозғалып, жерүсті қозғалысының уақыты қысқарады және әуе қозғалысын басқару тиімділігі артады. Жаңа магистральді рульдеу жолының ұзындығы 05L–23R ұшу-қону жолағы бойымен 4 шақырымды, ал қосалқы жолдарымен бірге 5,2 шақырымды құрайды. Жолдың ені – 44 метр. Жалпы құрылыс аумағы 305 мың шаршы метр болса, оның 180 мың шаршы метрі…
Алматыда тау туризмінің инфрақұрылымын дамыту жұмыстары қарқынды жалғасып жатыр. Қазір туристерге арналған 1 мың шақырымнан астам тау маршруты цифрландырылып, оның 850 шақырымнан астамы абаттандырылып, 2GIS платформасына енгізілді. Бұл туралы қалалық Туризм басқармасы мәлімдеді деп хабарлайды SteppeNews.kz, Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Жоба аясында ең танымал 10 туристік бағыт толықтай жаңартылды. Сонымен қатар жаңа кемпинг алаңдары ашылып, «Алма-Арасан» термалды бұлағы қайта жаңғыртылды. Туристерге қолайлы жағдай жасау үшін ауыз су нүктелері орнатылып, танымал демалыс орындары абаттандырылды. Бұдан бөлек, саяхатшыларға арналған бес тілдегі аудиогид іске қосылды. Онда Алматыдағы 110-нан астам көрікті орын мен 10 туристік маршрут туралы пайдалы ақпарат ұсынылған.
Қазақстанның ұлттық парктері соңғы жылдары туристер ағынының бұрын-соңды болмаған өсімін бастан кешіруде. Егер 2020 жылы оларды бір миллионға да жетпейтін адам аралаған болса, 2024 жылы келушілер саны 2,8 миллионға жетті, ал 2025 жылы келушілер саны шамамен 3,7–4 миллион адамға дейін өсті. Qazaq Expert Club сарапшылары – өңірлік даму жөніндегі маман Фатима Герфанова мен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың доценті, туризм саласының сарапшысы Жанна Әсіпованың пікірінше, ұлттық парктер бүгінде тек табиғатты қорғау аумақтары ғана емес, өңірлік экономиканың маңызды өсу нүктелеріне айналып келеді. Алайда туристер санының мұндай қарқынды өсуі оларды басқаруда жаңа тәсілдерді талап етеді. «Ауылдық аумақтар үшін ұлттық парктер – табиғи мұра ғана емес, жаңа…
Испания футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатының жеңімпазы атанды. Канада, АҚШ және Мексикада 11 маусым мен 19 шілде аралығында өткен дүбірлі дода финалында испандықтар қазіргі әлем чемпионы Аргентинаны қосымша уақытта 1:0 есебімен жеңді деп хабарлайды SteppeNews.kz, Olympics-ке сілтеме жасап. Осылайша Луис де ла Фуэнте баптайтын Испания құрамасы өз тарихында екінші рет әлем чемпионы атанды. Бұған дейін испандар 2010 жылы Оңтүстік Африкада өткен мундиальда топ жарған болатын. Финалдық кездесудің негізгі уақыты голсыз аяқталды. Екі команда да аса сақ ойнады. Дегенмен ойын барысында допқа иелік етіп, шабуылды көбірек ұйымдастырған Испания болды. Аргентина негізгі уақытта қарсылас қақпасына бірде-бір дәл соққы жасай алмады. Ал испандар…
Алматы облысында жеңіл көлік тұрғын үйдің қоршауын бұзып өтіп, аулада туған күн тойлап отырған адамдарды қағып кетті. Оқиға салдарынан 40 жасқа толған әйел аяғынан айырылып, тағы бірнеше адам жарақат алды, деп хабарлайды SteppeNews.kz КТК телеарнасына сілтеме жасап. Жантүршігерлік оқиға төрт күн бұрын болған. Алдын ала мәлімет бойынша, 24 жастағы бойжеткен тізгіндеген Mercedes көлігі жолдан шығып кетіп, жеке үйдің қоршауын бұзып өткен. Сол сәтте аулада туған күн тойланып жатқан. Күшті соққы салдарынан мерейтой иесінің аяғы ауыр жарақат алып, дәрігерлер оны ампутациялауға мәжбүр болған. Тағы бір адамның бірнеше қабырғасы сынған. Оқиға кезінде төрт жасар бала да зардап шегіп, жақындарының айтуынша, қатты күйзелістен…
Қазақстанда халықаралық деңгейдегі кино жоба – «Доспехи Бога: Ультиматум» фильмінің түсірілімі ресми түрде басталды. Бұл туралы Salem Entertainment компаниясына өзінің әлеуметтік желісінде бөлісті. Жобаның ресми ашылу рәсімі кино индустриясының дәстүріне сай кинотарелканы сындыру рәсімімен басталды. Бұл құрметті міндетті фильмнің режиссері Роберт Кун мен жобаның басты актері, әлемге әйгілі Джеки Чан бірге орындады. Фильмнің түсірілімі Қазақстанда өтеді. Жоба ел киноиндустриясы үшін маңызды кезеңдердің бірі ретінде бағаланып отыр. Түсірілім жұмыстары енді басталғанымен, ұйымдастырушылар көрермендерді алдағы ерекше кино сапарына бірге куә болуға шақырды. Сондай-ақ жоба авторлары түсірілім барысы мен фильмге қатысты соңғы жаңалықтарды salem_jackiechan парақшасында тұрақты түрде жариялап отыратынын мәлімдеді. Посмотреть…