Автор: Saya

«Табиғатты қорғау — болашаққа қалдырған ең қымбат аманатымыз; әрбір сақталған көл, әрбір қорғалған құс пен жануар — келер ұрпаққа жеткен өмірдің үні» деп хабарлайды  SteppeNews.kz, ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігіне сілтеме жасап. «Ырғыз–Торғай мемлекеттік табиғи резерваты» республикалық мемлекеттік мекемесі 2007 жылғы 14 ақпанда Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен құрылған. Ақтөбе облысында орналасқан ерекше қорғалатын табиғи аумақтың басты мақсаты – Бетпақдала популяциясындағы ақбөкендерді, халықаралық маңызы бар сулы-батпақты алқаптарды, сондай-ақ далалық экожүйелер мен олардың биоалуантүрлілігін сақтау және қалпына келтіру. 2016 жылы Үкімет қаулысына сәйкес резерват аумағы кеңейтіліп, қазіргі таңда оның жалпы көлемі 1 173 511 гектарды құрайды. Ал «Торғай мемлекеттік табиғи зоологиялық…

Read More

2026 жылдың 13–21 шілдесі аралығында Қытайдың Шанхай қаласында 67-ші Халықаралық математикалық олимпиада (International Mathematical Olympiad, IMO) өтті. Әлемдегі ең беделді әрі ең көне зияткерлік білім додасына 117 елден 700-ге жуық дарынды оқушы қатысты деп хабарлайды SteppeNews.kz, ҚР Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап. Байқау қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы 3 күміс және 3 қола медаль иеленіп, халықаралық додада сәтті өнер көрсетті. Күміс медаль иегерлері: Тимур Мұрат – Алматы қаласындағы Haileybury Almaty халықаралық мектебінің 12-сынып оқушысы; Әли Еркебұланұлы – Алматыдағы NURORDA мектеп-лицейінің 11-сынып оқушысы; Батырхан Бейганов – Республикалық физика-математика мектебінің 10-сынып оқушысы. Қола медаль иегерлері: Ерасыл Алтынбек – Алматы қаласындағы NURORDA мектеп-лицейінің 11-сынып оқушысы;…

Read More

Қазақстанда тамыз айының соңынан бастап телекоммуникация саласына қатысты бірқатар заңнамалық өзгерістер күшіне енеді. Мемлекет басшысы 19 маусымда қол қойған заң байланыс қызметтерінің сапасы мен қолжетімділігін арттыруға бағытталған. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Досжан Мұсалиев мәлімдеді деп хабарлайды SteppeNews.kz, Орталық коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап. Жаңа өзгерістерге сәйкес, азаматтар eGov, eGov Business, eOtinish және Aitu секілді әлеуметтік маңызы бар мемлекеттік мобильді қосымшаларды тегін пайдалана алады. Сонымен қатар ұялы құрылғыларды верификациялау қызметі мемлекеттік бақылауға өтеді. Министрліктің мәліметінше, ұялы телефондарды верификациялау жүйесі іске қосылған бір жыл ішінде оң нәтижелер байқалған. Осы уақыт аралығында анықталған…

Read More

Қостанай облысында адам өліміне әкелген жол-көлік оқиғасы тіркелді. Қайғылы оқиға Қостанай – Қарабұтақ автожолының Бейімбет Майлин ауданындағы Тобыл ауылы маңында болған деп хабарлайды SteppeNews.kz, Liter.kz-ке сілтеме жасап. Алдын ала мәлімет бойынша, Kia Sorento автокөлігінің жүргізушісі көлікті басқара алмай, қарсы бағыттағы жолаққа шығып кеткен. Соның салдарынан жеңіл көлік DAF маркалы жүк көлігімен бетпе-бет соқтығысқан. Соққының қатты болғаны соншалық, жеңіл көліктің жүргізушісі мен жолаушылардың бірі оқиға орнында көз жұмды. Ал тағы бір жолаушы түрлі дене жарақатымен медициналық мекемеге жеткізілді. Қостанай облыстық полиция департаментінің мәліметінше, аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Қазіргі уақытта жол апатының барлық мән-жайы мен себептерін анықтауға бағытталған қажетті…

Read More

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды жұмыс сапары барысында Алатау ауданындағы Алматы индустриялық аймағында орналасқан шағын өнеркәсіптік парктердің қызметімен танысты деп хабарлайды SteppeNews.kz,  Алматы қаласының әкімдігіне сілтеме жасап. Қала басшысы ALAESTATE-3, NN Stroy KZ және Almaty Building & Co өнеркәсіптік парктерін аралап, онда жүзеге асырылып жатқан өндірістік жобаларды көрді. Бұл кәсіпорындарда жеңіл және тамақ өнеркәсібі бағытындағы өнімдер, соның ішінде қаптама материалдары, кеңсе қағазы, арнайы аяқ киім, тоқыма бұйымдары, еттен жасалған жартылай фабрикаттар, нан-тоқаш өнімдері және басқа да тауарлар шығарылады. Өнеркәсіптік парктердің басшылары өндірістік мүмкіндіктері мен жүзеге асырылған жобаларды таныстырып, өндірісті кеңейтуге арналған алдағы жоспарларымен бөлісті. Дархан Сатыбалды шағын өнеркәсіптік парктерді дамыту Алматы…

Read More

2026 жылдың қаңтар-маусым айлары аралығында Алматы кітапханаларына 700 мыңнан астам келуші тіркелді, деп хабарлайды SteppeNews.kz Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Бұл көрсеткіш қала тұрғындарының кітап оқуға және мәдени-ағартушылық іс-шараларға деген қызығушылығының артып келе жатқанын көрсетеді. Қалалық Мәдениет басқармасының мәліметінше, бүгінде Алматының орталықтандырылған кітапхана жүйесіне 30 филиал кіреді. Кітапхана қорында 1,37 миллионнан астам кітап пен басқа да басылымдар сақталған. Ал тұрақты оқырмандар саны 341 мыңнан асады. Биыл қала кітапханаларының мобильді қосымшасы іске қосылды. Жаңа цифрлық сервис арқылы пайдаланушылар электрондық оқырман билетін рәсімдеп, кітаптардың электрондық каталогын пайдалана алады. Сонымен қатар кітаптарды жеткізу қызметіне тапсырыс беру мүмкіндігі қарастырылған. Ерекше қажеттілігі бар…

Read More

Үкімет отырысында Қазақстанға автокөліктерді заңсыз әкелудің алдын алуға бағытталған жаңа шаралар 1 қыркүйектен бастап күшіне енетіні айтылды, деп хабарлайды SteppeNews.kz хабарлайды. Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов елімізге заңсыз әкелінетін көліктер мәселесі әлі де өзекті екенін атап өтті. «Еліміздің аумағына көлік құралдарын заңсыз әкелу фактілері әлі де тіркелуде. Мұндай көліктердің басым бөлігі техникалық және экологиялық талаптарға сай келмейді. Бұл, соның ішінде, кедендік заңнама нормаларын құқықтық қолдану тәжірибесіндегі олқылықтарға да байланысты. Қаржы министрлігі Өнеркәсіп министрлігімен бірге 10 күн ішінде автокөліктердің ел аумағына заңсыз әкелінуіне жол бермеу жөнінде шаралар кешенін әзірлесін. Қолданыстағы заңнамалық нормаларды түсіндіру барысында нақты әрі айқын ұстаным болуға тиіс», –…

Read More

Қазақстандық әнші Ақерке Амалят Витебскіде өткен XXXV халықаралық эстрадалық ән орындаушылар байқауында І орын иеленді, деп хабарлайды SteppeNews.kz Kazinform ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап. Байқаудың екі күндік қорытындысы бойынша қазылар алқасы қазақстандық әншінің өнерін 134 ұпаймен бағалады. – «Славян базарының» сахнасына алғаш рет 15 жасымда шықтым. Бұл – ұзақ жол болды. Бірінші орынды иеленіп, елге жеңіспен оралатыныма қуаныштымын, – деді Ақерке Амалят. Қазақстандық өнерпаз бас жүлдені жеңіп алған Италия өкілі Сорайядан небәрі бір ұпайға қалып қойды. Италиялық әнші 135 ұпай жинап, Гран-при иегері атанды. Екінші дәрежелі жүлде Беларусь өкілі Елена Кузнецова мен Молдова әншісі Алексей Осичевке бұйырды. Ал үшінші орын Қырғызстаннан…

Read More

Алматыда 24-27 шілде аралығында WTT Youth Contender Almaty халықаралық турнирі өтеді. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі мен Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылатын жарысқа 17 ел мен аумақтан 230 жас спортшы қатысады. Бұл туралы SteppeNews.kz Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. Халықаралық додада қазақстандық жас теннисшілермен қатар Австралия, Әзербайжан, Гонконг, Израиль, Үндістан, Индонезия, Ирак, Иран, Катар, Қытайлық Тайбэй, Корея Республикасы, Малайзия, Моңғолия, Түрікменстан, Өзбекстан және Жапониядан келген спортшылар бақ сынайды. Қазақстан құрамасы сапында түрлі жас санаттарында ел намысын қорғайтын 82 спортшы өнер көрсетеді. Турнир Халықаралық үстел теннисі федерациясы (ITTF) мен World Table Tennis (WTT) ұйымдарының қолдауымен ұйымдастырылып отыр.…

Read More

Қазақстанда азаматтарды телефон арқылы жасалатын алаяқтықтан қорғау мақсатында ресми қоңырауларды арнайы белгілеу жүйесі енгізіледі. Бұл туралы ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министрі Досжан Мұсалиев мәлімдеді, деп хабарлайды SteppeNews.kz Орталық коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап. Вице-министрдің айтуынша, жаңа жүйе арқылы азаматтар банктерден, қызмет көрсетуші компаниялардан және басқа да ұйымдардан келетін ресми қоңырауларды алаяқтардың қоңырауларынан оңай ажырата алады. «Абоненттердің ресми қоңырауларды алаяқтардың қоңырауларынан ажырата алуы үшін ұялы байланыс құрылғыларында қоңырауларды белгілеу жүйесі енгізіледі. Яғни банктерден, қызмет көрсетуші компаниялардан және басқа да ұйымдардан келіп түсетін ресми қоңыраулар құрылғының экранында арнайы белгімен көрсетіледі», – деді Досжан Мұсалиев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында. Сонымен…

Read More