Қытай алдағы бес жыл ішінде дамушы елдердің өкілдеріне жасанды интеллект (ЖИ) саласы бойынша курстар мен семинарларға қатысу үшін 5 мың оқу орнын ұсынады. Бұл туралы SteppeNews.kz Синьхуа ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.
Бұл туралы ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин Шанхайда өткен 2026 жылғы Дүниежүзілік жасанды интеллект конференциясы (WAIC 2026) және Жасанды интеллектті жаһандық басқару жөніндегі жоғары деңгейдегі конференцияның ашылу салтанатында бағдарламалық баяндама жасау барысында мәлімдеді.
Си Цзиньпиннің айтуынша, Қытай АСЕАН, Араб мемлекеттері лигасы, Африка одағы, Латын Америкасы және Кариб мемлекеттері қауымдастығы (CELAC), Шанхай ынтымақтастық ұйымы (ШЫҰ) және БРИКС елдеріне бағытталған жасанды интеллектті қолдану саласындағы халықаралық ынтымақтастық орталықтарын құрады.
Сонымен қатар, Қытай әлемнің түрлі өңірлеріндегі адамдардың өмірі мен мүлкін қорғауды күшейту мақсатында 30 елде «Мацзу» интеллектуалды метеорологиялық ерте ескерту жүйесін енгізуге қолдау көрсететін болады.
