Автор: Saya

2026 жылдың алғашқы алты айында Алматы хайуанаттар бағына 561 983 адам келді, деп хабарлайды SteppeNews.kz Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Қалалық Мәдениет басқармасының мәліметінше, осы кезеңде хайуанаттар бағында 62 экскурсия, мерекелік іс-шаралар, экологиялық дәрістер ұйымдастырылды. Сонымен қатар 150 бала білім алатын Зоомектепте тұрақты сабақтар өткізілді. Қазіргі уақытта Алматы хайуанаттар бағының қорында жануарлардың 386 түріне жататын 4 мыңнан астам төл бар. Олардың қатарында Қазақстанның Қызыл кітабына және Табиғатты қорғаудың халықаралық одағының (IUCN) Қызыл тізіміне енгізілген сирек кездесетін жануарлар да сақталған. Сондай-ақ мекемеде әлеуметтік қолжетімділікке ерекше көңіл бөлінеді. Жетім балалар, ерекше қажеттілігі бар балалар және мамандандырылған мекемелердің тәрбиеленушілері үшін хайуанаттар…

Read More

Алматыда 2026 жылдың басынан бері 3,5 мың жол-көлік оқиғасы тіркелді. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Алматы қалалық Полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек мәлімдеді, деп хабарлайды SteppeNews.kz. Салтанат Әзірбектің айтуынша, жол-көлік оқиғаларының негізгі себептері – қарсы бағытқа шығу, жылдамдықты шамадан тыс арттыру, маневр жасау ережелерін бұзу, апатты жағдай туындату, жол белгілері мен жол таңбаларының талаптарын сақтамау, сондай-ақ жүргізушілердің мас күйде көлік басқаруы. Брифинг барысында жыл басынан бері Алматыда 1300 мас жүргізуші анықталып, олардың барлығы көлік құралын басқарудан шеттетілгені айтылды. Сонымен қатар, әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін 1700 адам әкімшілік қамауға алынған. Олардың қатарында мас күйінде көлік тізгіндеген жүргізушілермен бірге…

Read More

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қытайға жұмыс сапары аясында China Communications Construction Company (CCCC) компаниясының президенті Чжан Биньнаньмен кездесті. Бұл туралы SteppeNews.kz Ақордаға сілтеме жасап хабарлайды. Кездесу барысында Қазақстанның көлік-логистикалық және энергетикалық әлеуетін арттыруға бағытталған бірлескен жобалардың жүзеге асырылу барысы сөз болды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев CCCC компаниясының Қазақстанда көп жылдан бері табысты жұмыс істеп келе жатқанын атап өтіп, оны сенімді әрі кәсіби серіктес ретінде бағалады. Мемлекет басшысы Бақты – Аягөз теміржолының құрылысы стратегиялық маңызға ие екенін айтты. Оның сөзінше, жаңа теміржол желісі Қазақстан мен Қытай арасындағы жүк тасымалы көлемін едәуір ұлғайтып, өңірдің транзиттік әлеуетін күшейтуге мүмкіндік береді. Кездесу барысында Каспий теңізінің…

Read More

Еліміздің танымал футболшысы, Англияның «Челси» клубының ойыншысы Дастан Сәтпаев пен белгілі тревел-блогер Дастан Мұхамедрахым (ByDastann) Халықаралық волонтерлер жылының жаһандық амбассадорлары атанды, деп хабарлайды SteppeNews.kz ҚР Ақпарат және мәдениет министрлігіне сілтеме жасап . 2026 жыл Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының шешімімен Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасы негізінде Тұрақты даму мақсатындағы Халықаралық волонтерлер жылы болып жарияланды. Аталған бастама халықаралық қауымдастық тарапынан кең қолдау тауып, әлем мемлекеттері жанашырлық, ынтымақ және азаматтық жауапкершілік құндылықтарын дәріптеуге бірлесіп кірісті. Осы маңызды бастаманы халықаралық деңгейде насихаттау мақсатында танымал қазақстандық футболшы Дастан Сәтпаев пен миллиондаған оқырманы бар тревел-блогер Дастан Мұхамедрахым (ByDastann) Халықаралық волонтерлер жылының жаһандық амбассадорлары болып тағайындалды.…

Read More

2026 жылғы 19 шілдеде банкаралық бірыңғай QR-төлемдер жүйесі ресми түрде іске қосылады. Алайда оның толыққанды жұмыс істеп жатыр деуге әлі ерте: бірыңғай QR арқылы төлем жасау үшін сатып алушының да, сатушының да банкі жүйеге қосылған болуы қажет. Ұлттық банк банктерді жүйеге қосу кезең-кезеңімен жүзеге асырылатынын атап өтті. Сондықтан іске қосылғаннан кейінгі алғашқы апталарда сервистің қолжетімділігі сатып алушы мен сауда орны қай банктің қызметін пайдаланатынына байланысты әртүрлі болуы мүмкін. Қазіргі таңда ең ірі екі банк – Halyk Bank пен Kaspi – барлық төлемдердің шамамен 80%-ын бақылайды, оның ішінде Bloomberg бағалауы бойынша, Kaspi-дің үлесіне шамамен 70% тиесілі. Сондықтан бірыңғай QR жүйесін енгізу…

Read More

Шанхайда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен өткен бизнес-форум аясында Алматы қаласының әкімдігі, Nero Robotics компаниясы және UBTECH Robotics компаниясының негізін қалаушы Чжоу Цзянь арасында Алматыда гуманоидты және білім беру роботтарын шығаратын зауыт салу жөніндегі келісімге қол қойылды деп хабарлайды SteppeNews.kz, Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. UBTECH – робототехника саласындағы әлемдік жетекші компаниялардың бірі. Компанияның нарықтық капитализациясы шамамен 6 млрд АҚШ долларын құрайды. Оның роботтары бүгінде әлемнің көптеген еліндегі өндірістік кәсіпорындар мен білім беру ұйымдарында кеңінен пайдаланылады. Алматы UBTECH компаниясының шетелдегі алғашқы өндірістік жобасын іске асыратын қала ретінде таңдалды. Қазіргі уақытта гуманоидты және білім беру роботтарын шығаратын зауыттың құрылысы…

Read More

Қытайдың Ганьсу провинциясына ұйымдастырылған ауқымды баспасөз туры аясында бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері Ланьчжоу қаласының көрме музейінде болды. Бұл нысан қаланың тарихын, ғасырлар бойы қалыптасқан мәдениетін және заманауи көрме технологияларын ұштастыратын маңызды мәдени орталықтардың бірі саналады. Музей Ланьчжоудың өткені мен бүгінгі келбетін таныстыратын өзіндік «қала терезесі» қызметін атқарады. Ежелгі Цзиньчэннен заманауи мегаполиске дейін Музей экспозициясында ежелде Цзиньчэн атауымен белгілі болған Ланьчжоудың қалыптасу және даму тарихы жан-жақты көрсетілген. Ғасырлар бойы қала Ұлы Жібек жолының бойындағы маңызды стратегиялық орталықтардың бірі болып, Шығыс пен Батысты байланыстыратын көпір қызметін атқарды. Келушілер шағын қоныстан қазіргі Ганьсу провинциясының ірі әкімшілік әрі экономикалық орталығына дейінгі даму жолымен таныса…

Read More

15 шілде күні «Ланьчжоудағы халықаралық коммуникация саласындағы екінші халықаралық алмасу апталығы. Әлемдік БАҚ Ланьчжоуда» іс-шарасы аясында журналистер делегациясы Қытайдың Ганьсу провинциясындағы Ланьчжоу қаласының Қалалық жоспарлау көрме орталығында болды деп хабарлайды SteppeNews.kz. Бұл орталықты жергілікті тұрғындар «қаланың терезесі» деп атайды. Мұнда жарық инсталляциялары, мультимедиялық технологиялар, макеттер және тарихи материалдар арқылы Ланьчжоудың өткені мен бүгінгі дамуы жан-жақты таныстырылады. Экскурсия барысында гид Ланьчжоудың Ұлы Жібек жолының бойында орналасқанын және ежелгі керуен жолындағы маңызды қаладан бүгінгі заманауи мегаполиске дейінгі даму кезеңдерін баяндады. Қазіргі таңда қалада биік ғимараттар бой көтеріп, өзеннің екі жағалауын байланыстыратын көптеген көпір салынған. Қаланың өзгеру тарихы макеттер мен бейнематериалдар арқылы көрнекі…

Read More

15 шілде күні Бейжіңде Қытай Халық Республикасы Төрағасының орынбасары Хань Чжэн Жаңа Зеландияның бұрынғы премьер-министрі Джон Кимен кездесті деп хабарлайды SteppeNews.kz, Синьхуа ақпарат агенттігіне сілтеме жасап. Кездесу барысында Хань Чжэн Джон Кидің Қытай мен Жаңа Зеландия арасындағы қарым-қатынасты дамытуға ұзақ жылдар бойы қосқан үлесін жоғары бағалайтынын айтты. Оның сөзінше, бүгінде Қытай мен Жаңа Зеландия арасындағы жан-жақты стратегиялық әріптестік екінші онжылдығына қадам басты және екіжақты ынтымақтастықты дамыту үшін жаңа мүмкіндіктер ашылып отыр. Хань Чжэннің айтуынша, Қытай екі ел басшылары қол жеткізген маңызды келісімдерді жүзеге асыруға, сондай-ақ түрлі салалардағы байланыс пен ынтымақтастықты кеңейтіп, тереңдетуге дайын. Бұл өз кезегінде екі мемлекет арасындағы қарым-қатынастың…

Read More

2026 жылғы 14 шілдеде Ресейдің Орынбор қаласында Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы қоршаған ортаны қорғау саласындағы ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Ресей аралас комиссиясының бесінші отырысы өтті деп хабарлайды SteppeNews.kz, ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігіне сілтеме жасап. Жиын Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Ресей Федерациясы Үкіметі арасындағы қоршаған ортаны қорғау саласындағы ынтымақтастық туралы келісім аясында ұйымдастырылды. Қазақстан делегациясын Экология және табиғи ресурстар вице-министрі М.Т. Ошурбаев, ал Ресей делегациясын Табиғи ресурстар және экология министрінің орынбасары Д.Д. Тетенькин басқарды. Кездесу барысында тараптар трансшекаралық Жайық (Орал) және Ертіс (Иртыш) өзендерінің экожүйесін қорғау, биологиялық әртүрлілікті сақтау және табиғатты бірлесіп қорғау бағытындағы жұмыстарды талқылады. Сондай-ақ қатысушылар 2021–2024…

Read More