Автор: Saya

Қазақстандықтардың басым бөлігі табысын арттыруды мақсат етеді. Алайда сарапшылардың айтуынша, жоғары жалақы әрдайым жақсы қаржылық жағдайдың көрсеткіші бола бермейді. Кейде айына 400 мың теңге табатын адамның қаржылық жағдайы миллион теңге табатын адамнан да жақсы болуы мүмкін. Бұл парадокс сияқты көрінеді, бірақ табыс көлемі мен қаржылық әл-ауқат – бір ұғым емес. Qazaq Expert Club сарапшысы, қаржыгер, экономика ғылымдарының кандидаты Айгерім Ильясова ең алдымен өзіңіздің қаржылық жағдайыңызды бағалаудан бастауға кеңес береді. «Компаниялар өздерінің қаржылық жағдайын айына бір реттен жылына бір ретке дейін жасалатын баланс немесе қаржылық жағдай туралы есеп арқылы бағалайды. Дәл осы тәсілді әрбір адам да пайдалана алады. Бұл өзінің “А…

Read More

15 шілде күні Астанада «Си Цзиньпиннің мемлекеттік басқару туралы» атты кітаптың бесінші томының таныстырылымы өтті деп хабарлайды SteppeNews.kz. Іс-шараға қатысушылар бұл еңбектің жаңа дәуірдегі қытайлық ерекшелігі бар социализм идеяларының соңғы жетістіктерін жан-жақты қамтитынын атап өтті. Сондай-ақ кітап халықаралық қауымдастыққа Қытайдың жаңғыру жолы мен қазіргі даму үлгісін тереңірек түсінуге мүмкіндік беретін маңызды басылым ретінде бағаланды. Жиында Қазақстан мен Қытайдың жаңғыру жолындағы серіктес әрі пікірлес мемлекеттер екені айтылды. Қатысушылардың пікірінше, Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпиннің мемлекеттік басқару мәселелеріне арналған еңбегі төңірегіндегі тәжірибе алмасу екі ел арасындағы тағдыры ортақ қауымдастықты дамытуға және ынтымақтастықты нығайтуға ықпал етеді. Шара барысында қытай тарапы қазақстандық қатысушыларға…

Read More

Алматы қаласының Медеу ауданындағы жастар комьюнити орталығында ұлттық зияткерлік ойын – тоғызқұмалақтан тегін курстардың ресми ашылуы өтті деп хабарлайды SteppeNews.kz, Алматы қаласының әкімдігіне сілтеме жасап. Жоба Алматы қаласының Жастар саясаты басқармасы мен «Алматы қаласы Тоғызқұмалақ федерациясы» қоғамдық бірлестігінің бірлескен бастамасымен жүзеге асырылып отыр. Оның мақсаты – жастар арасында ұлттық ойынды кеңінен насихаттап, олардың логикалық ойлау қабілетін дамыту және ұлттық мәдени мұраны дәріптеу. Іс-шара барысында жоба таныстырылып, қаладағы жастар комьюнити орталықтарының басшыларына тоғызқұмалақ ойын жиынтықтары табысталды. Бұл құралдар алдағы уақытта ұйымдастырылатын тегін сабақтарда қолданылатын болады. «Алматы қаласы Тоғызқұмалақ федерациясы» қоғамдық бірлестігінің президенті Руслан Қалиоллаев тоғызқұмалақтың қазақ халқының бірегей зияткерлік мұрасы екенін…

Read More

Қазақстандық оқушылар FIRST LEGO League Hong Kong Championship 2026 халықаралық робототехника чемпионатында табысты өнер көрсетіп, ел қоржынына бірнеше беделді марапат салды деп хабарлайды SteppeNews.kz, Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап. Биылғы додаға әлемнің 30-дан астам мемлекетінен 120 үздік команда мен 900-ден астам оқушы қатысты. Робототехника мен STEM-білім беру саласындағы беделді халықаралық жарыста Алматы қаласының екі командасы жүлделі орындарға ие болды. PhysTech School Almaty мектебінің «PEAK» командасы чемпионаттың ең жоғары марапаттарының бірі – 1st Runner-Up атағын жеңіп алды. Бұдан бөлек, команда ең креативті көрме аймағы үшін табысталатын Most Innovative Booth Award арнайы жүлдесіне ие болды. Сондай-ақ Robot Game кезеңінде 6-орынға тұрақтап,…

Read More

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпиннің шақыруымен Шанхай қаласына жұмыс сапарымен барды, деп хабарлайды SteppeNews.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Сапар аясында 16 шілде күні Қазақстан Президенті Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпинмен келіссөз жүргізеді. Кездесу барысында екіжақты ынтымақтастықты дамыту және өзара қызығушылық тудыратын өзекті мәселелер талқыланады деп жоспарланып отыр. Сонымен қатар Мемлекет басшысы қытайлық ірі компаниялардың жетекшілерімен өтетін дөңгелек үстелге қатысады. Іс-шарада инвестициялық ынтымақтастық, технологиялық даму және экономикалық байланыстарды кеңейту мәселелері қаралады деп күтілуде. 17 шілде күні Қасым-Жомарт Тоқаев Шанхайда өтетін Дүниежүзілік жасанды интеллект конференциясына (WAIC) қатысады. Биылғы конференция «Жарқын болашақ үшін жасанды интеллект саласындағы…

Read More

Алматы халықаралық әуежайында аэродром инфрақұрылымын жаңғыртуға бағытталған ірі жобалардың бірі – Оңтүстік перронды қайта жаңғырту жұмыстары аяқталу кезеңіне шықты, деп хабарлайды SteppeNews.kz Алматы халықаралық әуежайына сілтеме жасап.  Жоба әуежайдың ұшу қауіпсіздігін арттыруға, пайдалану тиімділігін жақсартуға және халықаралық стандарттарға сай заманауи инфрақұрылым қалыптастыруға бағытталған. Қайта жаңғырту барысында қолданыстағы перрон жабыны толықтай ауыстырылды. Мамандардың айтуынша, бұрынғы жабын қазіргі пайдалану талаптарына сәйкес келмейтін деңгейге жеткен. Жаңа Оңтүстік перрон халықаралық жобалау стандарттары мен әлемдік тәжірибеге сүйене отырып салынған. Жоба аясында жалпы аумағы 56 мың шаршы метрді құрайтын жаңа бетон жабыны төселді. Сонымен қатар жабынның беріктігі айтарлықтай күшейтілген. Егер бұрын оның қалыңдығы 60 сантиметр болса,…

Read More

Өткен тәулікте, 11 шілдеде Қазақстанның екі өңірінде орман өрті тіркелді. Өрт ошақтары жоспарлы патрульдеу кезінде орман күзеті қызметкерлері тарапынан дер кезінде анықталып, оқиға орындарына «Қазавиаорманқорғау» мамандары жедел жіберілді. Бұл туралы SteppeNews.kz DKNews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды. Мамандардың жедел әрекетінің арқасында «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерваты аумағындағы өрт толықтай сөндіріліп, жағдай тұрақтандырылды. Ал Шығыс Қазақстан облысында өртті ауыздықтау жұмыстары әлі де жалғасып жатыр. Өрт ошағын оқшаулау үшін арнайы техника, Ми-8 тікұшағы және авиациялық өрт сөндіру десанты жұмылдырылған. Мамандардың айтуынша, шілде айы қалыптан тыс ыстық пен құрғақ желдің әсерінен өрт қаупі ең жоғары кезең саналады. Сондықтан бұл уақытта табиғи аумақтарда қауіпсіздік талаптарын…

Read More

Алматыда шілде айындағы қалыптан тыс ыстық күндері жедел медициналық жәрдем қызметіне түсетін шақыртулар саны артты. Дәрігерлер әсіресе жүрек-қан тамырлары аурулары бар азаматтарға сақ болуға кеңес береді, деп хабарлайды SteppeNews.kz Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, шілде айының алғашқы екі аптасында жедел жәрдем қызметіне 33,6 мыңнан астам шақырту түскен. Статистикаға сәйкес, шақыртулардың шамамен 1,5 мыңы қан қысымының көтерілуіне байланысты тіркелген. Сондай-ақ 300-ден астам адам жүректің ишемиялық ауруы мен жедел миокард инфарктін қоса алғанда, жүрек-қан тамырлары ауруларына байланысты дәрігерлердің көмегіне жүгінген. Бұдан бөлек, ми қан айналымының жіті бұзылуы анықталған 50-ге жуық науқас шұғыл түрде қалалық…

Read More

Алматыдағы бастапқы және қайталама тұрғын үй нарықтарындағы пәтер бағасының айырмашылығы артып келеді. Оның үстіне бұл айырмашылық қаланың шеткері аудандарында емес, ең сұранысқа ие аудандарында айқын байқалады. Жаңа Құрылыс кодексі күшіне енгеннен кейін тұрғын үй нарығында қандай өзгерістер болып жатыр және бүгінде қай аудандардан пәтер сатып алған тиімді, бұл туралы Qazaq Expert Club-тың құрылыс саласындағы сарапшысы Диляра Сейтнұрова айтып берді. Оның айтуынша, ресми статистика әзірге толық көріністі көрсетпейді. «Бастапқы және қайталама нарықтағы бір шаршы метрдің орташа бағасы бір-біріне өте жақын көрінеді — шамамен 719 мың теңге және 741 мың теңге. Бірақ бұл көрсеткіштер бүкіл қала бойынша орташа есеппен алынған. Егер нақты…

Read More

Шымкентте қалыптан тыс ыстыққа байланысты тікелей күн сәулесінің астында тұрған көше термометрлері 60 градустан жоғары температураны көрсетті. Синоптиктердің болжамынша, алдағы күндері Қазақстанның оңтүстігінде ауа температурасы айтарлықтай төмендемейді, деп хабарлайды SteppeNews.kz Otyrar TV-ға сілтеме жасап. Еліміздің оңтүстік өңірлерінде аптап ыстық сақталып отыр. Шымкент тұрғындары күннің ең ыстық уақытында сыртқа шықпауға тырысса, дәрігерлер мен синоптиктер қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға шақырып жатыр. Әлеуметтік желілерде күннің астына қойылған көше термометрлерінің видеолары кеңінен таралуда. Солардың бірінде ауа температурасы шамамен 66 градусқа дейін көтерілгені байқалады. Жергілікті БАҚ мәліметінше, тағы бір термометр күннің астында 15 минут тұрғаннан кейін жұмысын тоқтатқан. Оған дейін ол шамамен 49 градусты көрсеткен.…

Read More