Алматыда жаңа метро желісінің жобасы басталды. Метрополитеннің үшінші кезегін салу үшін жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеуге хабарландыру жарияланды. Мемлекеттік сатып алу сайтындағы дерекке сәйкес, жоба құны 3 млрд теңгеге жуықтайды. Тапсырыс беруші мекеме — Алматы метрополитені, — деп хабарлайды SteppeNews.kz Kaz.inform.kz—ке сілтеме жасап. Өтінімдер маусымның 4-інен маусымның 9-ына дейін қабылданады. Үшінші кезек «Қалқаман» метро бекетінен «Барлық» базарына дейінгі аралықты қамтиды. Бұл желі Абай даңғылынан басталып, Алатау даңғылы арқылы Райымбек даңғылына дейін созылады. Соңғы станция «Барлық» базарында болады. Метро бекеттердің орналасуына тоқтала кетейік:
№ 1 станция — Абай даңғылынан солтүстіктегі Алатау даңғылы бойында;
№ 2 станция— Төле би көшесінен солтүстіктегі Алатау даңғылы бойында;
№ 3 станция — «Барлық» базарының аумағында, Райымбек батыр даңғылының оңтүстігінде, Алатау даңғылының батысында орналасады.
Қосымша ақпар, биыл ақпан айында «Қалқаман» бекетіне дейінгі туннель толық қазылды. Аталған бекет жыл соңына дейін қолданысқа беріледі. Сонымен қатар, қазіргі мегаполистегі метро бекеттерінде платформалық есіктер орнатылады. Ол үшін 7 млрд теңге көлемінде қаржы жұмсалмақ.
Метрополитеннің үшінші кезегін салу үшін жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеуге хабарландыру жарияланды. Жоба құны 3 млрд теңгеге жуықтайды. Мемлекеттік сатып алу сайтында осылай деп көрсетілген. Тапсырыс беруші мекеме — Алматы метрополитені. Өтінімдер маусымның 4-інен маусымның 9-ына дейін қабылданады. Үшінші кезек «Қалқаман» метро бекетінен «Барлық» базарына дейінгі аралықты қамтиды. Бұл желі Абай даңғылынан басталып, Алатау даңғылы арқылы Райымбек даңғылына дейін созылады. Соңғы станция «Барлық» базарында болады. Метро бекеттердің орналасуына тоқтала кетейік: