Автор: Saya

Алматы облысында жер сілкінді Жерасты дүмпуі 8 маусымда, Астана уақыты бойынша сағат 21:55-те болды. Оның эпицентрі Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 111 шақырым жерде орналасқан. Сейсмикалық мәліметтер Жер сілкінісінің тереңдігі 5 шақырымға тең. Алматы облысы, Кеген ауданы, Саты ауылында – 2,5 балл болып сезілген. Ал Алматы облысы, Кеген ауданы, Жалағаш ауылында жерасты дүмпуінің қарқыны 2 балл болды. ҚР ТЖМ-нің мәліметі Зардап шеккендер мен қираулар туралы ақпарат түскен жоқ. Алматы облысы сейсмикалық қауіпті аймақ Алматы облысы сейсмикалық тұрғыдан белсенді аймақ. Өңірде жер сілкінісі жиі болады. Төмен магнитудалы жер сілкінісі әдетте тұрғындарға аса қауіп төндірмейді, десе де, бұл тербеліс қайталануы мүмкін деген ескерту.…

Read More

Бүгін елімізде интернет дұрыс жұмыс істемеді. Соған байланысты қазақстандықтар әлеуметтік желілерде шағымдарын жеткізді, деп хабарлайды SteppeNews.kz. «Жекелеген интернет-ресурстардың уақытша істен шығуы құрылыс кезінде магистральдық талшықты-оптикалық байланыс желісінің зақымдануына байланысты болды. «Қазақтелеком» АҚ дерегінше, құрылыс техникасы халықаралық интернет-трафик бағыттарының бірін қамтамасыз ететін негізгі кабельді зақымдаған. Мамандар трафикті жедел түрде резервтік арналарға ауыстырып, толық ажырауға жол бермеді», – делінген Цифрлық даму министрлігі хабарламасында. Қазір ақау қалпына келтіріліп жатыр.

Read More

Зейнетақы жинағының жеткілікті шегін көтеру қаншалықты дұрыс? Зейнетақы жүйесі болашаққа жұмыс істеуге тиіс. Жеткілікті шекті арттыру – жинақ мәдениетін дамытуға және болашақ зейнетақыны қорғауға ықпалдасады.  Қаражатты жаппай алу ұзақ мерзімді тәуекелдер туындатты, деп хабарлайды SteppeNews.kz. Тұрғын үй мәселесі үшін қаражатты мерзімінен бұрын алу көптеген азаматқа көмектескені анық. Алайда жинақ көлемін азайтты. Қаржыгер Расул Рысмамбетов осындай пікір білдірді. Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алу жылжымайтын мүлік нарығына әсер етті. Шекті көтеру арқылы БЖЗҚ-да қаражат көбірек сақталады. Азаматтар тұрақты жарна төлеуге және ерікті шоттар ашуға ынталанады. Сарапшы қысқа мерзімді әлеуметтік мәселені шешу ұзақ мерзімді қаржылық қауіпке әкелуі мүмкін екенін ескертті.

Read More

Жолаушылар «Маңғыстау–Семей» пойызындағы тарақандарға шағымданды. №37 пойыз жолаушылары вагон ішін қаптапған жәндіктерден ұйықтай алмаған. Олар пойыздағы антисанитариялық жағдайға наразылық білдірген, деп хабарлайды SteppeNews.kz Lada.kz басылымына сілтеме жасап. Жолаушылардың тағы бірі дезинсекцияның жеткіліксіздігінен Маңғыстау–Алматы пойызында да жағдай осындай екенін айтқан. «Жолаушылар тасымалы» АҚ пойыз станцияға жеткен соң жоспардан тыс дезинсекциялық өңдеу жасалатынын хабарлады. Компания өкілдерінің айтуынша, соңғы жоспарлы дезинсекция мамырдың 30-да жасалған.Тексеріс нәтижесінде пойыз бастығы, филиал басшылығы және рейс алдындағы комиссия мүшелері тәртіптік жауапқа тартылды. Арнайы комиссия оқиғаның мән-жайын анықтау үшін «Батыс» филиалына жіберілді. «Жолаушылар тасымалы» АҚ өкілдері жолаушылардан келтірілген қолайсыздық үшін кешірім сұрап, санитариялық жағдайды жақсартуға уәде етті.

Read More

Шетелдік маркетплейстерден сатып алынатын тауарларға жаңа ережелер енгізіледі. Temu мен AliExpress-тен тауар алу тәртібі өзгерді. ЕАЭО елдерінде тауардың құны 200 еуродан аспаса, онда өзгеріс болмайды. Қазіргі тәртіп сақталады. Кедендік баж бен салық төленбейді, сәлемдеме бұрынғыдай жеткізіледі. Ал егер тауар құны 200 еуродан асса – кедендік төлемдер енгізіледі. Кедендік баж мөлшері – 5%. Қосылған құн салығының (ҚҚС) мөлшері – 16%. Temu, AliExpress, iHerb және басқа да интернет-дүкендерден 200 еуродан қымбат тауар сатып алатындар 21,8% салық төлейді. Жаңа тәртіп жеке тұлғаларға арналған шетелдік сатып алуларға ғана қатысты. Аталған өзгерістер Wildberries, Ozon, Kaspi.kz сияқты жергілікті алаңдарға қолданылмайды. Осы ретте салмақтық шек (31 кг)…

Read More

Батыс Аустралия жағалауында алып акула ер адамға шабуыл жасады. 35 жастағы азамат алған жарақаттарынан мерт болды. Оқиға Майклмас аралы маңында болған. Адамға шабуыл жасаған акуланың ұзындығы шамамен 4,5 метрге тең,  деп хабарлайды SteppeNews.kz. Полиция мәліметінше, қайғылы жағдай ер адам отбасы мүшелерімен бірге суда жүрген кезде болған. Жыртқыш ер азаматтың екі аяғынан тістеп, ауыр жарақат салған. Туыстары оны дереу қайықпен жағаға жеткізген. Жағалауда медицина қызметкерлері алғашқы көмек көрсетуге атсалысқа. Десе де, ер адамның өміріне араша түсе алмады. Өңір тұрғындары акулалардың адамға шабуылы өте сирек кездесетінін айтады. Қайғылы жағдайдан кейін жергілікті билік тұрғындарды қауіпсіздік шараларын күшейтуге және барлық мән-жай анықталғанға дейін жабық…

Read More

Қостанай тұрғыны 36 жастағы Алексей Вивтоненко Тай еліндегі жансақтау бөлімінде бір айдай өмірі үшін күрескен. Кейін елге Қазақстанға оралғанда дәрігерлердің барлық күш-жігеріне қарамастан, Алексейдің соңғы демі үзілді, деп хабарлайды SteppeNews.kz «Наша Газета» басылымына сілтеме жасап. Көпшілік Алексейдің денсаулығына алаңдап, оның сауғып кетуі үшін отбасына қолдау көрсетіп, емделуі мен елге жеткізілуіне қаражат жинауға көмектесті. Естеріңізге сала кетейік, биыл ақпан айында Пхукет аралына демалуға барған Алексей Вивтоненконың жағдайы күрт нашарлап, ауыр күйде ауруханаға түскен еді. Дәрігерлер оған ұйқыбездің 30%-дан астам бөлігі асқынған жедел панкреатит, сондай-ақ тыныс алу және бүйрек жеткіліксіздігі диагнозын қойды. Кейін оның жағдайы сепсиспен, бүйректің жедел зақымдануымен және екі жақты…

Read More

Қарызын өтемеген тұрғындар жарықтан ажыратылады. 8 маусымнан бастап Алматы қаласы мен облысында электр энергияға берешегі барларға шара қолданылады. Өңір бойынша азаматтардың жарыққа қарызы 34 млрд теңгеге жеткен, — деп хабарлайды Steppe.News.kz. “Алатау Жарық Компаниясы” өкілдерінің айтуынша, мұндай жағдай энергетикалық жүйенің тұрақтылығына қауіп төндіреді. Ескерте кетейік, электр энергиясын жеткізушілермен жасалған келісімшартта көрсетілген мерзімде төлем жасалмаса, жарық көзін беруді толық немесе ішінара тоқтатуға құқық бар екені көрсетілген. Коммуналдық қызметке уақытылы ақы төлемегендердің ісі сотқа дейін жетуі мүмкін.

Read More

Шымкентте балабақша тәрбиешілерінің сұмдық әрекеті  әшкере болды. “Балымша” жекеменшік балабақшаның тәрбиешілері балаларға банан ұстатып, суретке түсірген соң қайта жинап алған. Оқиғаға байланысты қалалық білім басқармасы тексеріс жүргізіп жатыр. Алдын ала деректерге сәйкес, жағдай 2026 жылдың ақпанында болған. Қазір осы жағдайға қатысы бар бес қызметкердің үшеуі жұмыстан шығарылды. Білім басқармасы полиция департаментіне, сапаны қамтамасыз ету департаментіне және санитариялық бақылау органдарына хат жолдады. Құзырлы органдар тиісті шешім қабылдайды.

Read More

2 маусым күні түстен кейін Шыңжаңдағы Бортала-Моңғол автономиялық округінің (БМАО) Алашанькоу қаласында 2026 жылғы екінші «Шыңжаң (Қытай) – Орталық Азия» медиа-салоны өтті, деп хабарлайды SteppeNews.kz. Іс-шараға Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан және Орталық Азияның өзге де елдерінен келген оннан астам жетекші бұқаралық ақпарат құралының өкілдері қатысты. Олар БМАО-дағы түрлі деңгейдегі біріктірілген медиа орталықтарының басшыларымен және Қытайдың Хубэй провинциясындағы Хуанши қаласының біріктірілген медиа орталығының өкілдерімен бірге БАҚ арасындағы ынтымақтастық пен тәжірибе алмасу мәселелерін талқылады. Қазақстанмен шектесетін Алашанькоу қаласы 2012 жылы құрылған. Қала маңызды географиялық орналасуымен ерекшеленеді және Қытайдың батыс бағытындағы ашықтық саясатын жүзеге асыратын негізгі құрлықтық қақпалардың бірі саналады. Сонымен қатар ол…

Read More