Алматыда мектеп бітіру кешінде автокортеж ұйымдастырған 21 ата-ана әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Осыған байланысты мәжіліс депутаты Жарқынбек Амантайұлы соңғы қоңыраудағы қымбат көліктер мен алып гүл шоқтарының жарысын тоқтатып, бірыңғай стандарт енгізуді ұсынды, деп хабарлайды SteppeNews.kz Politico-ға сілтеме жасап.
Алматыда мектеп бітіру кешіндегі сән-салтанатқа қатысты 21 ата-ана әкімшлік жауапқа тартылды. Олар түлектер кешінде автокортеж ұйымдастырған. Маңғыстауда да қымбат көліктермен шеру өткізу дәйектері анықталған. Бір қызығы, кейбір ата-аналар баласының қатарынан қалмауы үшін гүлді де «рассрочкаға» алыпты. Осыған байланысты мәжіліс депутаты Жарқынбек Амантайұлы соңғы қоңыраудағы қымбат көлік пен алып гүл шоқтарының жарысын тоқтатуды ұсынды. Оның айтуынша, мұндай үрдістер ата-аналарға артық қаржылық салмақ түсіріп, жастардың құндылықтарына кері әсер етуі мүмкін. Осы ретте халық қалаулысы үкіметке мектеп бітіру іс-шараларын тәрбиелік мазмұнға бағыттап, сән-салтанат пен әлеуметтік бәсекеге жол бермеу үшін бірыңғай стандарт енгізуді ұсынды.
