Германияда ұшақтың шассиі кенеттен сынып кетті. Соның салдарынан әуе кемесінің тұмсық бөлігі жерге құлаған. Оқиға Франкфурт әуежайында лайнер Лос-Анджелеске ұшқалы тұрғанда болған, — деп хабарлайды SteppeNews.kz BAQ.kz-ке сілтеме жасап. Lufthansa әуе компаниясының қызметкерлері оқыс оқиға салдарынан жарақат алды. Boeing 787-9 Dreamliner ұшағының бортында экипаж мүшелері мен жерүсті қызметкерлері болған. Абыро болғанда, жолаушылар әлі отырғызылмаған еді. Lufthansa бірнеше қызметкердің жарақат алып, медициналық көмекке жүгінгенін растады. Зардап шеккендердің нақты саны әзірге жарияланбады. Оқиғаның себептері белгісіз. Оның мән-жайын тиісті органдар тексеріп жатыр.
Келесі материал: Алматыда жаңа метро желісінің жобасы басталды
