Отбасы банк аралық қарыздар бойынша мөлшерлемені көтерді. 4 маусымнан бастап жаңа шарттар күшіне еніп, ипотека құны артады. Алдын ала мақұлдау алған азаматтар бұрынғы мөлшерлемемен несие рәсімдей алады, деп хабарлайды SteppeNews.kz Stan.kz-ке сілтеме жасап.
Отбасы банк ипотекасы қымбаттады. Маусымның 4-нен бастап жаңа мөлшерлеме күшіне енеді. Соған сәйкес, Отбасы банкіндегі аралық қарыздар бойынша бірыңғай мөлшерлеме 8,5% тең болады. Бұған дейін 6–7,5% мөлшерлемемен несие рәсімдегендер үшін ипотека бағасы өседі. Бұдан былай жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі (ЖТСМ) 9–9,6% аралығында болады.
Маңызды ескерту: егер азамат 4 маусымға дейін алдын ала мақұлдау алса, ипотека ескі шартпен рәсімделеді.
