Автор: Saya

Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Үкімет отырысында Мемлекет басшысының экономиканың жаңа өсу моделін қалыптастыру жөніндегі тапсырмаларын іске асыру барысы туралы баяндама жасады деп хабарлайды SteppeNews.kz, ҚР Үкіметіне сілтеме жасап. Оның сөзінше, бүгінде Үкіметтің негізгі міндеттерінің бірі – халықтың тұрмыс сапасын жақсарту, экономиканың тұрақты өсімін қамтамасыз ету және елдің инвестициялық әрі экономикалық әлеуетін арттыру. «Халықтың нақты табысын арттыру Үкімет үшін негізгі басымдық болып саналады. Ол үшін Үкімет Ұлттық Банкпен және Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен бірлесіп Макроэкономикалық тұрақтандыру және халықтың әл-ауқатын арттыру жөніндегі 2026–2028 жылдарға арналған бағдарламаны жүзеге асыруда. Сондай-ақ биыл біз Халықтың табысын арттыру бойынша жеке…

Read More

Бейжіңде Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин елдің дамуы мен қоғамның өркендеуіне ерекше үлес қосқан азаматтарға Қытай Коммунистік партиясының ең жоғары марапаты – «1 шілде» орденін табыстады. Биылғы сегіз лауреаттың қатарында қазақ ұлтының өкілі, дәрігер Оқас Сүлеймен де бар деп хабарлайды SteppeNews.kz. Оқас Сүлеймен 40 жылдан астам уақыт бойы Қытайдың Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданындағы шалғай елді мекен тұрғындарына медициналық көмек көрсетіп келеді. Табиғаты күрделі, қатынасы қиын өңірлерге қарамастан, ол науқастарға атпен барып, ұзақ қашықтықтарды еңсеріп келеді. Қытайлық бұқаралық ақпарат құралдарының мәліметінше, дәрігер 1975 жылдан бері 100 мыңнан астам адамға медициналық көмек көрсеткен. Сонымен қатар мыңдаған ауыр науқастың өмірін сақтап қалып, 3200-ден…

Read More

ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин «Қазақстан – Америка» іскерлік дөңгелек үстеліне қатысып, екі ел арасындағы инвестициялық және сауда-экономикалық әріптестікті кеңейту мәселелерін талқылады. Іс-шара Қазақстан мен АҚШ бизнес қауымдастықтарының байланысын нығайтуға арналды деп хабарлайды SteppeNews.kz, Экономика министрлігіне сілтеме жасап. Жиынға ҚР Президентінің АҚШ-пен өзара іс-қимыл жөніндегі арнайы өкілі Ержан Қазыхан, Президент кеңесшісі Мағзұм Мырзағалиев, АҚШ-тың Қазақстандағы дипломатиялық миссиясы басшысының орынбасары Дебора Робинсон, «Атамекен» ҰКП төралқа төрағасы Қанат Шарлапаев, АҚШ Сауда палатасының аға вице-президенті Куш Чокси және өзге де ресми тұлғалар қатысты. Серік Жұманғарин өз сөзінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен елде ауқымды жаңғырту реформалары кезең-кезеңімен жүзеге асырылып…

Read More

Қазақстанда авиациялық инфрақұрылымды дамыту мәселесі талқылануын жалғастыруда. Үкімет отырысында Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев 2027 жылы Астана әуежайын жаңғырту басталатынын, ал алдағы жылдары мемлекет елдегі алты ірі авиациялық хабты дамытуға басымдық беретінін мәлімдеді. Алайда бұл жобалар Қазақстанның әлемдік авиациялық картадағы рөлін өзгерте ала ма? Және Таяу Шығыстағы геосаяси жағдайдың күрт шиеленісуі аясында еліміз жаһандық логистикадағы өзгерістерді өз пайдасына пайдалана ала ма? Экономист, Qazaq Expert Club-тың тең құрылтайшысы Бауржан Шурмановтың пікірінше: «Авиациялық инфрақұрылымды ауқымды жаңғырту жоспарлары жергілікті көлік жобаларының шеңберінен әлдеқайда асып түседі. Таяу Шығыстағы геосаяси жағдайдың бұрын-соңды болмаған деңгейде шиеленісуі, атап айтқанда АҚШ пен Иран арасындағы тікелей қақтығыс аясында әлемнің ірі…

Read More

Түркістан облысында жалпы құны 534,2 млрд теңгені құрайтын заманауи өнеркәсіптік жылыжай кешендерін салуға бағытталған үш ірі инвестициялық жоба жүзеге асырылуда. Бұл туралы ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі хабарлады-деп хабарлайды SteppeNews.kz, Ortcom.kz сайтына сілтеме беріп. Ведомствоның мәліметінше, аталған жобалар іске қосылғаннан кейін Қазақстанның маусымаралық кезеңде жаңа піскен көкөніске деген сұранысын толық қамтамасыз етуге мүмкіндік туады. Жылыжай кешендері пайдалануға берілген соң өңірде өндірілетін жылыжай өнімінің көлемі жылына қосымша 102 мың тоннаға артады. Сондай-ақ 1 225 жаңа тұрақты жұмыс орны ашылады деп жоспарланып отыр. Қазіргі таңда Түркістан облысы жылыжай шаруашылығын дамыту бойынша елімізде көш бастап тұр. Өңірдегі жабық топырақ алқаптарының жалпы көлемі 1006,7 гектарды…

Read More

«Қазгидромет» РМК-ның болжамы бойынша күтіліп отырған нөсер жауын-шашынға байланысты Алматының таулы аймақтарында сел жүру қаупі сақталып отыр. Осыған байланысты Наурызбай ауданындағы Ақсай өзенінің арнасы бойында тұратын халықты алдын ала қауіпсіз жерге көшіру жұмыстары басталды, деп хабарлайды SteppeNews.kz Алматы қалалық Төтенше жағдайлар министірлігінің (ТЖМ) ресми мәлімдемесіне сілтеме жасап. Департаменттің хабарлауынша, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында олар уақытша Наурызбай ауданындағы мектептер базасында ашылған халықты қабылдау пункттеріне орналастырылуда. Қазіргі уақытта оқиға орнында жедел штаб өрістетіліп, азаматтық қорғау қызметтері күшейтілген режимде жұмыс істеуге көшті. Тұрғындарға ақпараттық қолдау көрсету үшін арнайы жедел желі іске қосылды. Жедел желі нөмірі: 8 (727) 279-22-32 ТЖД барлық іс-шаралардың алдын…

Read More

«Astana Motors» құрамына кіретін Қазақстандағы BYD-дің ресми дистрибьюторы 2026 жылдың екінші жартыжылдығында отандық нарыққа жаңа премиалды DENZA автокөлік брендін шығаруды жоспарлап отырғанын жариялады, деп хабарлайды SteppeNews.kz. Брендтің Қазақстандағы алғашқы моделі заманауи технологияларды, жоғары жайлылықты және жол талғамайтын кең мүмкіндіктерді біріктірген флагмандық DENZA B8 гибридті көлігі болмақ. DENZA – инновациялық инженерлік шешімдерімен және ерекше дизайнымен танымал BYD тобының премиум бренді. Қытай нарығында бұл модель Fang Cheng Bao Leopard 8 деген атаумен белгілі. Брендтің негізі 2010 жылы BYD мен Daimler серіктестігінің нәтижесінде қаланған. Жаңа жол талғамайтын көлік фирмалық DMO (Dual Mode Off-road) платформасында құрастырылған. Оның күштік қондырғысы 2,0 литрлі турбожадты бензинді қозғалтқыш…

Read More

Отандық FlyArystan әуе компаниясы Алматы мен Қытайдың Сиань қаласы арасындағы алғашқы тікелей тұрақты рейсін сәтті орындады, деп хабарлайды SteppeNews.kz тілшісі. Осылайша, FlyArystan екі мегаполис арасында тікелей әуе көпірін орнатқан алғашқы қазақстандық тасымалдаушы атанып отыр. Алматы қаласы Туризм басқармасы таратқан мәліметке сүйенсек, жаңа бағыт бойынша ұшақтар аптасына екі рет – сейсенбі және жұма күндері қатынайды. Рейстер заманауи Airbus A320 әуе кемелерімен жүзеге асырылмақ. Мамандардың пікірінше, бұл бағыт екі ел арасындағы туризмді ғана емес, іскерлік байланыс пен мәдени дипломатияны да жаңа деңгейге көтереді. Шэньси провинциясының орталығы саналатын Сиань – Қытайдың ірі көлік тораптарының бірі. Бұл қалаға қонған қазақстандық жолаушылар ішкі рейстер мен…

Read More

Алматы қаласында осыдан сегіз жыл бұрын қайғылы жағдайда қаза тапқан танымал мәнерлеп сырғанаушы, Олимпиада ойындарының жүлдегері Денис Теннің құрметіне көше атауы берілді, деп хабарлайды SteppeNews.kz Nur.kz ақпараттық порталына сілтеме жасап. Қалалық әкімдіктің жаңа қаулысына сәйкес, мегаполистегі бірнеше ауданда орналасқан атаусыз көшелерге белгілі қоғам және мәдениет қайраткерлерінің, спорт саңлақтарының, сондай-ақ тарихи мекендер мен қалалардың есімдері берілді. Жалпы алғанда, Алатау, Әуезов, Бостандық, Медеу, Жетісу, Наурызбай және Түрксіб аудандарындағы 150-ден астам көше жаңа атауға ие болды. Ресми құжат мәліметінше, даңқты спортшы Денис Теннің есімі берілген көше Бостандық ауданына қарасты «Архат» шағынауданында орналасқан. Сонымен қатар жаңадан бекітілген тізімде қазақ спортының аңызы, ауыр атлет Анатолий…

Read More

Қазақстан мен Қытай Халық Республикасы су шаруашылығы саласына жоғары білікті маман даярлау ісін бірлесе қолға алмақ, деп хабарлайды SteppeNews.kz ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Бұл мәселе Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов пен Қытайдың Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Хань Чуньлиннің кездесуінде талқыланды. Екіжақты жүздесуде су саласындағы ынтымақтастықты нығайту және кадр әлеуетін арттырудың маңызды қадамдары айқындалды. Министрліктің мәліметінше, осы жылдың қыркүйек айында Қазақ ұлттық су шаруашылығы және ирригация университеті Солтүстік Қытай су ресурстары және гидроэнергетика университетімен бірлескен білім бағдарламасын ресми түрде іске қосуды жоспарлап отыр. Сонымен қатар қазақстандық студенттердің Қытайдың аталған жетекші жоғары оқу…

Read More