Автор: Saya

Қытай – ежелгі өркениет пен заманауи технология үйлескен әлемдегі ең танымал туристік бағыттардың бірі. Мұнда тарихи ескерткіштерден бастап, футуристік мегаполистер мен таңғажайып табиғи ландшафттарға дейін саяхатшыларды қызықтыратын орындар көп. Бүгінде ел туризм саласын белсенді дамытып, шетелдік қонақтарға визалық талаптарды жеңілдету арқылы туристер ағынын арттыруға күш салып келеді.  1. Бейжің (Beijing) Қытай астанасы елдің тарихи және мәдени орталығы саналады. Мұнда әлемге әйгілі Тыйым салынған қала, Аспан ғибадатханасы, Жазғы сарай және Ұлы Қытай қорғанының ең танымал бөліктерінің бірі орналасқан. Сонымен қатар, Бейжің заманауи сәулетімен, музейлерімен және ұлттық асханасымен де ерекшеленеді. Соңғы жылдары қала әлемдегі ең беделді туристік мегаполистердің қатарына енді. 2. Шанхай…

Read More

Астанадағы Qazaq Creative Hub алаңында республикалық Creative Aimaq жобасы аясында Солтүстік Қазақстан облысының «Ботай – Ұлы дала мәдениеті» атты көрме-жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Іс-шараға ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева қатысып, өңір креаторларының жұмыстарымен танысты деп хабарлайды SteppeNews.kz, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігіне сілтеме жасап. Қатысушыларға арнаған сөзінде министр Creative Aimaq жобасының негізгі мақсаты – өңірлік креаторларды қолдау, олардың өнімдері мен қызметтерін кеңінен танытып, нарыққа шығуына мүмкіндік жасау екенін атап өтті. Көрме барысында Солтүстік Қазақстан облысының шығармашылық өкілдері тарихи-мәдени мұраны, аймақтық брендтерді, заманауи технологиялық әзірлемелерді және инклюзивті бастамаларды таныстырды. Келушілер Ботай мәдениетіне арналған интерактивті экспозицияны, ұлттық нақыштағы дизайнерлік…

Read More

Ақтау қаласының мектеп оқушылары адам өмірін сақтап қалуға септігін тигізетін бірегей технологиялық жүйе ойлап тапты. Бұл құрылғы адам жүрегінің жұмысын тәулік бойы тапжылмай қадағалап, қауіп төнген сәтте жақындарына автоматты түрде белгі береді. Жаңа әзірлеме денсаулық жағдайындағы критикалық өзгерістерді санаулы секунд ішінде анықтауға қауқарлы. Бұл туралы «24KZ» арнасына сілтеме жасап SteppeNews.kz хабарлайды. Инновациялық жобаны қолға алу идеясы оқушылардың бірі өзінің егде жастағы туыстарының қауіпсіздігі туралы ойланғаннан кейін туындаған. Осыдан кейін төрт дос бірігіп, денсаулық жағдайын бақылайтын ортақ жүйе құруға бел буады. Жоба авторларының бірі Әбдірахим Мұраттың айтуынша, адамның жағдайы күрт нашарлағанда шұғыл көмектің әр секундты алтыннан қымбат. Сондықтан жас өнертапқыштар қауіпті…

Read More

Науқанға Алматы қаласының жетекші шығармашылық ұжымдары — «Сазген сазы» фольклорлық-этнографиялық ансамблі, Әшімов театрының шығармашылық ұжымы және Алатау дәстүрлі өнер театрының өнерпаздары қатысты. Олар қазақтың дәстүрлі әндері мен күйлерін орындап, ұлттық нақыштағы билерін ұсынып, халқымыздың бай мәдени мұрасын көпшілікке паш етті, деп хабарлайды SteppeNews.kz. Мерекелік бағдарламаның басты ерекшелігі — өнер иелерінің қазақтың классикалық күйлері мен халық әндерін жанды дауыста нақышына келтіре орындауы болды. Көше бойын кернеген қоңыр үн халықтың дәстүрлі мұрасын жаңғыртып, көрерменді бірден баурап алды. Сонымен қатар, шеруге қатысушылардың барлығы дерлік көздің жауын алатын ұлттық киімдермен шығып, шараның танымдық әрі эстетикалық мәнін арттырды. Киімдердегі қазақы өрнектер мен аспаптардың үйлесімі халықтың…

Read More

Қытайдың Шэньчжэнь қаласы Наньшань ауданындағы Танглан және Янтай тауларының ортасында орналасқан 10 шақырымдық «Роботтар алқабы» бірегей жеткізу тізбегі мен ғылым мен өндірістің терең интеграциясының арқасында робототехника саласының жаһандық орталығына айналды. Синьхуа ақпарат агенттігінің мәліметінше, бұл алқапта қазіргі уақытта робототехникамен айналысатын 200-ден астам компания мен ондаған университет шоғырланған. Бұл өңірдегі өндірістік тізбектің барлық кезеңінде өзара тығыз ынтымақтастықтың дамуына жол ашты. 2026 жыл бұл сала үшін технологиялық жетістіктер мен капитал нарығындағы қос серпіліспен ерекшеленді. Айталық, сәуір айында «Shenzhen Honor Smart Technology Development» компаниясы әзірлеген «Флэш» гуманоидты (адам тәріздес) роботы Бейжіңде өткен E-Town жартылай марафонында жеңіске жетті. Алғашқы алты орынды иеленіп, адамдар арасындағы…

Read More

Қырғызстан Жогорку Кенешінің депутаты Бурул Аманова Қылмыстық кодекске «Әйел адамды өлтіру (фемицид)» деп аталатын жеке қылмыс құрамын енгізуді көздейтін түзетулер бастамасын көтерді. Заң жобасы қоғамдық талқылауға шығарылды, деп хабарлайды SteppeNews.kz АКИpress ақпараттық порталына сілтеме жасап хабарлайды. Құжаттың анықтамалық-негіздемесінде көрсетілгендей, бұл заң жобасы қыздар мен әйелдердің өмір сүру құқығын қорғауды күшейтуге, сондай-ақ әйел өліміне әкеп соқтырған қылмыстар үшін қылмыстық жауапкершілікті қатаңдатуға бағытталған. Заң жобасы бойынша Қылмыстық кодекс 122¹-баппен («Әйел адамды өлтіру (фемицид)») толықтырылмақ. Жаңа норманың қолданысына келесі қылмыстарды жатқызу ұсынылып отыр: Гендерлік кемсітушілік (дискриминация) мотивтері бойынша әйелді өлтіру; Әйелдің жүктілік жағдайында екенін анық біле тұра өлтіру; Зорлаумен немесе өзге де нысандардағы…

Read More

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы (ҚМДБ) Астана қаласындағы республикалық Бас мешіттің атауы өзгергенін мәлімдеді. Бұл туралы ҚМДБ-ға сілтеме жасап SteppeNews.kz хабарлайды. Діни басқарма таратқан ресми мәлімдемеге сәйкес, республикалық Бас мешітке бұдан былай «Нұрсұлтан мешіті» атауы берілді. Осы шешімге байланысты нысанның жаңа атауы ресми қолданысқа енгізіледі. «Республикалық Бас мешіт – елорданың ғана емес, барша Қазақстан мұсылман жамағатының ортақ рухани ордасы. Мешіт халық бірлігін нығайтуға, бейбітшілік пен келісімді дәріптеуге, ізгілік пен мейірімділік құндылықтарын насихаттауға, сондай-ақ имандылық пен адамгершілікке негізделген игі бастамаларды қолдауға қызмет етіп келеді», – делінген діни басқарма хабарламасында. ҚМДБ өкілдері бұл қадамның маңыздылығын атап өтіп, «Нұрсұлтан мешіті» алдағы уақытта да халқымыздың…

Read More

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ел халқын мерейлі мереке – Ұлттық домбыра күнімен шын жүректен құттықтады, деп хабарлайды SteppeNews.kz Ақордаға сілтеме жасап. Президент өз құттықтауында қос ішекті қастерлі аспаптың ұлттық бірегейліктің ажырамас бөлігі және халқымыздың рухын көтеретін баға жетпес мұра екенін атап өтті. Мемлекет басшысының айтуынша, жаһандық сын-қатерлер күшейіп, дәстүрлі құндылықтар көмескіленген қазіргі алмағайып заманда домбыра ұлттық мәдениеттің басты тірегі болып қала береді. «Халықаралық қауымдастыққа қазақ домбырасының сазды әуенін таныстыру – біздің жалпыұлттық парызымыз. Аса көрнекті ақын Қадыр Мырза Әлінің «Нағыз қазақ – домбыра» деген тамаша теңеуі домбыраны кеңінен дәріптеу ісінде темірқазық іспеттес болуға тиіс», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Сонымен қатар…

Read More

Қытайдың Синьцзян-Ұйғыр автономиялық ауданындағы Тянь-Шань тауларының солтүстік бөктерінде орналасқан Аньцзихай шатқалы (Хуншань шатқалы) әлемдегі ең ерекше табиғи каньондардың бірі болып саналады. Жүз мыңдаған жыл бойы Аньцзихай өзенінің әсерінен қалыптасқан шатқал түрлі-түсті жартас қабаттарымен таңғалдырады. Минералдардың ерекшелігіне байланысты мұнда қызыл, сары, жасыл, күлгін және сұр түстер бір-бірімен үйлесіп, «заманауи абстрактілі суретшінің кенебіне» теңеледі. Каньонның ұзындығы шамамен 30 шақырым, ал ең терең тұстарындағы биіктік айырмашылығы 400 метрге дейін жетеді. Биіктен қарағанда өзен арналары жердің тамырындай ирелеңдеп, ерекше көрініс қалыптастырады. Аньцзихайдың тағы бір ерекшелігі – бұл аймақ толықтай туристік нысан ретінде дамытылмаған. Сондықтан мұнда табиғаттың бастапқы қалпы сақталған. Дегенмен, қоршаулар мен арнайы қауіпсіздік…

Read More

Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындар мен қала қонақтарына 4–5 шілде күндері тауға шықпауға кеңес берді деп хабарлайды SteppeNews.kz, Zakon.kz сайтына сілтеме жасап. Синоптиктердің болжамына сәйкес, Алматыда қысқа мерзімді жаңбыр жауып, найзағай ойнайды және екпіні 20 м/с-қа дейін жететін қатты жел соғады. Ал Іле Алатауының таулы аймақтарында нөсер жаңбыр, бұршақ және жылдамдығы 23–28 м/с болатын қатты жел күтіледі. Қатты жауын-шашынға байланысты сел жүру қаупі сақталады. Құтқарушылар тұрғындарға автокөліктерін ағаштардың түбіне қоймауға, әлсіз бекітілген құрылымдардың маңынан аулақ жүруге және төтенше жағдайлар қызметтерінің ресми хабарламаларын бақылап отыруға кеңес береді.

Read More