Қазақстанда жаңа Конституция ресми түрде заңды күшіне енді. Ата заңның жаңаруымен отандастарды құттықтаған Мемлекет басшысы бұл оқиғаны әділетті Қазақстанды құру жолындағы жаңа дәуірдің бастауы деп атады, деп хабарлайды SteppeNews.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Құрметті отандастар! Жаңа Конституциямыздың заңды күшіне енуі – бүкіл еліміз үшін айрықша маңызды оқиға. Баршаңызды шын жүректен құттықтаймын! Бүгін тәуелсіз Қазақстан тарихының жаңа дәуірі басталады. Біз саяси-экономикалық реформалардың, ауқымды өзгерістердің және қарқынды дамудың даңғыл жолына түсеміз. Осы ерекше күн еліміздің бүкіл саяси жүйесін, сондай-ақ мемлекеттің және азаматтық қоғамның негізгі институттарын түбегейлі жаңғырту кезеңі басталғанын аңғартады. 15 наурызда өткен жалпыұлттық референдумда Қазақстан халқы ел тағдырына тікелей ықпал…
Автор: Saya
Қазақстан футболы тағы да өзгерістер кезеңіне аяқ басты. Жанкүйерлер ұлттық құраманың бапкерлер штабындағы кезекті ауыс-түйіске енді ғана үйрене бастағанда, Қазақстан футбол федерациясы бас бапкермен қоштасатынын тағы да жариялады. 2026 жылдың жазында ұлттық құраманы үшінші рет басқарған кезеңін аяқтаған Талғат Байсуфиновтың қызметінен кетуі тағы бір маңызды сұрақты алға тартады: бас бапкерлердің жиі ауысуы халықаралық тәжірибеге қаншалықты сай келеді және бұл ұлттық құраманың дамуына шынымен ықпал ете ме? Соңғы бес жылға көз жүгіртсек, құраманың жұмысында тұрақтылықтың болмағаны анық байқалады. 2021–2026 жылдар аралығында ұлттық құраманы Талғат Байсуфинов, Андрей Карпович (бас бапкердің міндетін атқарушы ретінде), Магомед Адиев, Станислав Черчесов және кейін қайтадан Талғат Байсуфинов…
Қазақстанда автокөлік тек AWD DM-p жиынтығында қолжетімді болады. Бұл — толық жетекті және DM-p (Dual Mode Performance) параллельді-тізбекті гибрид жүйесі бар ең жоғарғы нұсқа. Жүйе 1.5 литрлік бензинді турбомотор мен екі электр қозғалтқышты біріктіріп, өстер арасында тарту күшін ақылды технология арқылы үйлестіріп, әртүрлі жол жағдайында сенімді қозғалысты қамтамасыз етеді. AWD толық жетек жүйесі мен DM-p технологиясының арқасында автокөлік қарқынды үдеу алу сипатын көрсетеді. 100 км/сағ жылдамдыққа небәрі 4,9 секундта жетеді. Сонымен қатар, өз санатындағы дәстүрлі автокөліктермен салыстырғанда жанармай шығыны төмен деңгейде (6,6 л/100 км). Модель ұзақ сапарларға шыдамды әрі кең отбасылық көлікті қажет ететін клиенттерге арналған. Гибрид жүйе қала ішінде…
Алматы туристік қызмет көрсету сапасын арттыруға, көлік қолжетімділігін жақсартуға және туристерге қызмет көрсетудің заманауи жүйесін қалыптастыруға басымдық бере отырып, туристік инфрақұрылымды кешенді дамытуды жалғастыруда. Негізгі бағыттардың бірі – визит-орталықтар желісін жаңғырту. Алдағы уақытта олар ақпараттық пункттерден туристерге толыққанды қызмет көрсететін орталықтарға айналуы тиіс. Бұл туралы SteppeNews.kz хабарлайды, Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Визит-орталықтардың жұмысы және келушілер статистикасы Қазіргі таңда мегаполисте Алматының Орталық Азиядағы жетекші туристік орталықтардың бірі ретіндегі тартымдылығын арттыруға бағытталған бірнеше жоба жүзеге асырылып жатыр. Бүгінде қалада туристер ең көп баратын орындарда орналасқан 8 визит-орталық жұмыс істейді. Олар Омарова, Панфилов, Зенков, Байтұрсынов, Тимирязев көшелерінде, Достық даңғылында және…
Қазақстандық аспаздар «ШЫҰ жазы – 2026» халықаралық бағдарламасы аясында Қытайдың Циндао қаласында өткен «Асүй патшасы» халықаралық гастрономиялық байқауында күміс жүлдеге ие болды. Байқауға Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің ұлттық асханасын таныстырған үздік бас аспаздар қатысты деп хабарлайды SteppeNews.kz, Nar Group компаниясына сілтеме жасап. Қазақстан намысын беделді додада Nar Group компаниясының бренд-шефі Валихан Кин қорғады. Ол дәстүрлі қазақ тағамдарын заманауи гастрономиялық тәсілдермен үйлестіріп ұсынып, ұлттық асхананың ерекшелігін халықаралық деңгейде танытты. Байқау жеңімпаздары кәсіби қазылар алқасының 70 пайыздық бағасы мен көрермендердің 30 пайыздық дауыс беруінің қорытындысы бойынша анықталды. Қатысушылар тағамның дәмі, аспаздық шеберлігі, креативтілігі және ұлттық гастрономиялық дәстүрлерді үйлестіре білуі бойынша бағаланды.…
Қазақстандық UFC-дің жартылай орта салмақтағы жауынгері Шавкат Рахмонов ұзақ уақытқа созылған жарақатынан кейін октагонға қайта оралуды жоспарлап отыр. Бұл туралы оның бапкері Эдуард Базров мәлімдеді деп хабарлайды SteppeNews.kz, Vesti.kz сайтына сілтеме жасап. Бапкердің айтуынша, Рахмонов қазіргі уақытта жаттығуын жалғастырып, қалпына келу кезеңінен сәтті өтіп жатыр. Оның UFC-дегі аяқталмаған мақсаттары бар және чемпиондық белбеу үшін күресу жоспары өзгерген жоқ. Команда қазақстандық спортшының келесі жылы жекпе-жектерге қайта қосылатынына сенім білдіруде. «Шавкат жаттығуын тоқтатқан жоқ. Оның UFC-ге қайта оралуға деген ниеті зор. Ол чемпиондық белбеуге бір қадам қалған еді, сондықтан алдына қойған мақсатына жетуді қалайды. Барлығы спортшының өзіне, оның жігері мен еңбекқорлығына байланысты.…
Ұлттық банк жүргізген сауалнамаға сәйкес, 2025 жылы қазақстандықтардың 65%-ының мүлде жеке жинағы болмаған. Бұл дегеніміз, әрбір үш қазақстандықтың екеуі жұмысынан айырылғанда, ауырған жағдайда немесе басқа да күтпеген жағдай туындаса, несие картасын пайдалануға, тұтынушылық несие рәсімдеуге немесе туыстарынан қарыз сұрауға мәжбүр болуы мүмкін. Форс-мажор жағдайында қарызға батпау үшін қаржылық қауіпсіздік қорын қалай дұрыс қалыптастыру керектігін қаржыгер, экономика ғылымдарының кандидаты Айгерім Ілиясова түсіндіреді. Оның айтуынша, көпшілік бір қателікті жиі қайталайды: қолына бос қаражат түскенде алдымен несиесін мерзімінен бұрын өтеуге немесе инвестициялауға асығады. «Инвестиция жасамас бұрын немесе несиені мерзімінен бұрын өтеуге кіріспес бұрын, алдымен қаржылық қауіпсіздік қорын қалыптастыру қажет. Егер адам кенеттен жұмыссыз…
Қазақстан делегациясы Әзербайжанның Баку қаласында өткен Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің (АӨСШК) Жастар кеңесінің IX отырысына қатысты. Биылғы жиынның негізгі тақырыбы жастардың қалалардың тұрақты дамуына қосатын үлесіне арналды деп хабарлайды SteppeNews.kz, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігіне сілтеме жасап. Отырыс барысында делегация басшылары баяндама жасап, Жастар кеңесінің ұсынымдарын ортаға салды. Сонымен қатар, қатысушылар пікірсайыс шеберлігін жетілдіруге бағытталған білім беру сессияларына қатысты. Жиынның келесі күні жасанды интеллект, білім беру және жас буынның келешегіне арналған халықаралық пікірсайыс турнирі ұйымдастырылды. Қазақстандық жастар халықаралық додада жоғары нәтиже көрсетіп, екі жүлделі орынға ие болды. АӨСШК Жастар кеңесінің IX отырысымен қатар WRCC Open Category…
Қара шатқал — Алматы облысы Кеген ауданында орналасқан табиғи ескерткіш. Шатқал Алматы қаласынан шамамен 195 шақырым қашықтықта жатыр. Қара шатқалдың табиғатына келсек, онда биіктігі 150-300 метрге дейін жететін ерекше пішінді қызыл құмды жарлар бар. Олар табиғаттың тылсым сырын ішіне бүккен Шарын каньонындағы аңғарлар мен қамалдарға ұқсас келген. Қазір туристік аймақта шатқал үстінен өтетін аспалы көпір жобасы жүргізіліп жатыр. Аталған жоба халық игілігіне пайдалануға қашан беріледі? Құрылыс қарқыны жайлы жобаны қаржыландырушы компания «ASK Capital» ЖШС-нің өкілін сұқбатқа тарттық. Компания инженері, аспалы көпір жобасының менеджері Тағаев Манап Бегалыұлы SteppeNews.kz редакциясының сауалдарына жауап берді. — Алғашқы сауал, Қара шатқал үстіне салынып жатқан шыны…
Жаздың ортасы ауа Қытай Халық Республикасының түкпір-түкпірінде табиғаттың ең көркем көріністерінің бірі — лотос гүлдерінің жаппай ашылу маусымы басталды. «Синьхуа» (russian.news.cn) ақпарат агенттігінің хабарлауынша, елдің оңтүстігінен бастап солтүстігіне дейінгі көптеген су қоймалары мен саябақтарда лотос гүлдері құлпырып, жергілікті тұрғындар мен туристердің назарын аударуда. Қытай мәдениетінде лотос гүлі ерекше орын алады. Ол пәктіктің, сұлулықтың және ішкі үйлесімділіктің символы ретінде бағаланады. Қазіргі уақытта Қытайдың танымал тарихи мекендері мен заманауи эко-саябақтарындағы көлдер беті жасыл желек пен ақ, қызғылт түсті лотос гүлдеріне толған. Әсіресе, Ханчжоудағы әйгілі Сиху көлі, Бейжіңдегі жазғы император саябақтары мен елдің оңтүстік провинцияларындағы сулы-батпақты аймақтар фотографтар мен саяхатшылардың ең сүйікті орнына…