Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі кәсіби бухгалтерлік ұйымдармен бірлесіп, 2026 жылдың 5 қаңтары мен 30 маусымы аралығында өткен республикалық «Халық бухгалтері» акциясының қорытындысын жарияланды деп хабарлайды SteppeNews.kz, Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің ресми ақпараттық ресурсына сілтеме жасап. Акцияның мақсаты – кәсіпкерлерге практикалық қолдау көрсету, бухгалтерлік және салықтық есеп жүргізу сапасын арттыру, сондай-ақ 2026 жылдан бастап күшіне енген салық заңнамасындағы өзгерістерді түсіндіру болды. Акция аясында облыс орталықтарында, сондай-ақ Астана, Алматы және Шымкент қалаларындағы Мемлекеттік кірістер департаменттерінде азаматтарға тегін жеке кеңестер ұйымдастырылды. Кеңестерді кәсіби бухгалтерлер мен мемлекеттік кірістер органдарының мамандары жүргізді. Жалпы акцияға 120-дан астам аккредиттелген кәсіби бухгалтер қатысты. Алты ай ішінде жоба кәсіпкерлер мен…
Автор: Saya
Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Anadolu Group холдингінің басқарма төрағасы Камил Сүлейман Языджимен кездесу өткізді деп хабарлайды SteppeNews.kz, ҚР Үкіметіне сілтеме жасап. Кездесу барысында тараптар Қазақстандағы өндірісті одан әрі дамытуға қатысты бірқатар маңызды мәселелерді талқылады. Атап айтқанда, спирт өнімдерінің жекелеген түрлеріне қатысты акциздік саясатты жетілдіру, тауарларды цифрлық таңбалау жүйесін дамыту және құрамында қанты бар сусындарға салық енгізу мәселелері сөз болды. Сонымен қатар Anadolu Group құрамындағы Efes Kazakhstan және Coca-Cola İçecek Kazakhstan компанияларының еліміздегі қызметі мен жаңа инвестициялық бастамаларына назар аударылды. Қазіргі таңда бұл кәсіпорындар Қазақстанда 10 мыңнан астам жұмыс орнын қамтамасыз етіп отыр. Кездесу қорытындысында тараптар ынтымақтастықты…
Курчатов қаласында қуаты 700 МВт болатын жаңа конденсациялық электр станциясының (КЭС) құрылысы ресми түрде басталды. Жобаның іске қосылуына орай уақыт капсуласын салтанатты түрде қалау рәсімі өтті деп хабарлайды SteppeNews.kz, Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Орталық Коммуникациялар Қызметіне сілтеме жасап. Министрліктің мәліметінше, жаңа станция елдің энергетикалық қауіпсіздігін күшейтуге, электр қуаты тапшылығының алдын алуға, сондай-ақ өңірдің өнеркәсіптік әлеуетін арттырып, инвестиция тартуға мүмкіндік береді. Жобаның жалпы құны 759 млрд теңгені құрайды. Құрылыс жұмыстары 2026–2032 жылдар аралығында жүзеге асырылады. Станция іске қосылғаннан кейін жылына 5 млрд кВт·сағатқа дейін электр энергиясын өндіреді деп жоспарланып отыр. Қазақстанда көмір генерациясын дамытуға арналған Ұлттық жоба аясында жалпы қуаты 7,8…
Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінде «Керемет жібек: Қытайдың заманауи жібек өнері» атты халықаралық көшпелі көрменің салтанатты ашылу рәсімі өтті деп хабарлайды SteppeNews.kz, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігіне сілтеме жасап. Іс-шараға ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі Айбек Сыдықов қатысып, Премьер-Министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның құттықтау хатын оқып берді. Құттықтау хатында мәдениеттің халықтарды жақындастырып, рухани байланысты нығайтатын әрі халықаралық ынтымақтастықты дамытатын маңызды құндылық екені айтылды. Сонымен қатар Қазақстан мен Қытайды ғасырлар бойы жалғасқан достық қарым-қатынас пен Ұлы Жібек жолының ортақ тарихи мұрасы байланыстыратыны, бүгінде екі елдің мәдени-гуманитарлық байланысы жаңа деңгейге көтерілгені атап өтілді. Көрме Қытайдың Жібек музейі, Хучжоу музейі…
Алматыда Қытайдың Турфан қаласының (ҚХР Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданы) инвестициялық, сауда-экономикалық және туристік әлеуетінің таныстырылымы өтті, деп хабарлайды SteppeNews.kz. Бұл шара Қазақстан мен Қытайдың мемлекеттік органдары, бизнес қауымдастығы және туризм саласы өкілдерінің басын қосты. Форум Турфан қаласы туралы таныстырылымдық фильмнің көрсетілімімен ашылды. Шара барысында Алматы облысы мен Турфан қаласы басшылығының, сондай-ақ Қытай Халық Республикасының Алматыдағы Бас консулдығының өкілдері құттықтау сөз сөйледі. Кездесу барысында қытайлық тарап Турфанның сауда, өнеркәсіп, инвестиция, мәдениет және туризм салаларындағы мүмкіндіктерін таныстырды. Өз кезегінде қазақстандық қатысушылар Алматы облысы мен Алматы қаласының инвестициялық әлеуетін көрсетіп, өзара тиімді ынтымақтастықты кеңейтуге дайын екендіктерін нақтылады. Алматы облысы әкімінің орынбасары Қанат Есболатов Шыңжаң-Ұйғыр…
2026 жылдың маусым айында Дүниежүзілік мұхит бетінің орташа температурасы 21,0 °C-қа жетіп, 2023 және 2024 жылдардағы осы айдың рекордтық көрсеткіштерін (шамамен 20,9 °C) жаңартты. Бұл туралы Copernicus Marine Service еуропалық климат қызметінің деректеріне сілтеме жасап SteppeNews.kz хабарлайды. Жалпы алғанда, 2026 жылдың алғашқы жартыжылдығында мұхиттың орташа температурасы 20,94 °C-ты құрады. Бұл бақылау тарихындағы екінші ең жоғары көрсеткіш болып тіркелді. 2024 жылы орнатылған 21,04 °C рекордынан сәл ғана төмен. Мамандардың атап өтуінше, бұл кезеңде теңіздегі жылу толқындары кеңінен таралып, Дүниежүзілік мұхит акваториясының шамамен 82%-ын шарпыған. Ең айқын аномалиялар Жерорта теңізінде, Солтүстік Атлантиканың орталық бөлігінде және экваторлық Тынық мұхитында тіркелді. Copernicus сарапшылары мұндай…
Қазақстанда 2026 жылдың алғашқы жартыжылдығында тіркелген қылмыстар саны бойынша Алматы мен Астана қалалары көш бастады. Бұл туралы SteppeNews.kz Finprom.kz сараптамалық порталына сілтеме жасап хабарлайды. Ағымдағы жылдың қаңтар-маусым айларының қорытындысы бойынша, еліміздің оңтүстік астанасы қылмыс саны жағынан бірінші орынға шықты. Алты айдың ішінде Алматыда 10,4 мың қылмыстық құқық бұзушылық тіркелген. Антирейтингтің келесі сатыларына Астана (7,4 мың жағдай), Алматы облысы (4,4 мың), Шымкент (3,1 мың) және Ақтөбе облысы (2,7 мың) орналасты. Қылмыс көрсеткіші ең төмен аймақ болып Ұлытау облысы танылды, мұнда бар-жоғы 615 құқық бұзушылық есепке алынған. Сондай-ақ Қызылорда (1,2 мың), Маңғыстау (1,4 мың) және Солтүстік Қазақстан (1,5 мың) облыстарында да қылмыс…
Алматыда 4-6 шілде аралығында Ұлттық домбыра күні мен Астана күніне арналған бірқатар іс-шара өтеді. Қала тұрғындары мен қонақтарына концерттер, фестивальдер, флешмобтар, көрмелер, кино көрсетілімдері және ұлттық спорт түрлерінен жарыстарды қамтитын мазмұнды мәдени бағдарлама ұсынылады, деп хабарлайды SteppeNews.kz Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Мерекелік іс-шаралардың мақсаты – ұлттық мәдениетті дәріптеу, салт-дәстүрді сақтау және рухани құндылықтарды нығайту. 4 шілде 10:00 — «Күмбірле, қоңыр домбыра!» мерекелік концерті (Family Park); 11:00 — Ұлттық домбыра күніне арналған концерттік бағдарлама («Самғау» даму және шығармашылық орталығы); 15:00 — «Күй құдіреті» әдеби-музыкалық кеші (Жетісу аудандық кітапханасы); 19:00 — «Домбыра – дастан» мерекелік концерті («Алатау» дәстүрлі өнер…
Comic Con Astana халықаралық поп-мәдениет фестивалінің ұйымдастырушылары биылғы шараның екінші бас қонағының есімін ресми түрде жариялады, деп хабарлайды SteppeNews.kz. Ол — Netflix-тің хитке айналған «One Piece» сериалында басты рөл — Манки Д. Луффиді сомдап, әлемдік деңгейде танылған мексикалық жас жұлдыз Иняки Годой. Биыл бесінші рет жалауын желбірететін фестиваль 2026 жылғы 6–9 тамыз аралығында өтеді. Төрт күн бойы елорда кино, сериал, комикс, аниме және бейнеойындар жанкүйерлерінің бас қосатын басты орталығына айналады. Эйитиро Оданың аты аңызға айналған мангасы желісімен түсірілген «One Piece» сериалы жарыққа шыққалы Иняки Годой өз буынының ең дарынды әрі жарқын актерлерінің бірі ретінде мойындалды. Ол сомдаған қайсар да жігерлі…
Жаз – кәуап пісірудің, табиғат аясындағы демалыстың және пикниктердің маусымы. Алайда дәл осы кезеңде тағамнан улану мен жедел ішек инфекцияларының қаупі айтарлықтай артады. Мұндай жағдайлардың салдары адамдардың денсаулығына ғана емес, экономикаға да әсер етеді. Qazaq Expert Club-тың тағам қауіпсіздігі саласындағы сарапшысы, қауымдастырылған профессор Лаура Аутелеева әріптестерімен бірлесіп зерттеу жүргізді. Оның аясында қауіпсіз емес тағам өнімдерін тұтынудан туындайтын ауруларға байланысты экономикалық шығындарға алдын ала бағалау жасалды. «Зерттеу нәтижелері бойынша жыл сайынғы жалпы экономикалық шығын шамамен 4,1 млрд теңгені құрауы мүмкін. Айта кету керек, бұл – мемлекеттік ресми статистика емес, зерттеу нәтижелеріне негізделген сараптамалық бағалау», – дейді сарапшы. Лаура Аутелееваның айтуынша, мұндай…