Алматы 2026 жылдың бірінші жартыжылдығында туризм саласындағы жетістіктері үшін үш халықаралық марапатқа ие болды. Бұл туралы SteppeNews.kz Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. 2026 жылдың алғашқы алты айында Алматының халықаралық туристік көрмелердегі көрме стенді қаланың туристік әлеуетін тиімді таныстырғаны үшін бірден үш беделді халықаралық марапатқа ие болды. Бұл жетістік мегаполистің әлемдік туристік нарықтағы тартымдылығының артып келе жатқанын көрсетеді. Алғашқы марапат Үндістанның Мумбай қаласында өткен OTM-2026 халықаралық туристік көрмесінде табысталды. Алматының көрме стенді «Қалалық туризмді үздік ілгерілеткені үшін» арнайы сыйлыққа ие болды. Көрме аясында шетелдік туроператорлармен бірқатар іскерлік кездесулер өткізіліп, нәтижесінде Алматыға шетелдік туристер ағынын арттыруға бағытталған ынтымақтастық туралы…
Автор: Saya
Гүлнар Шаймергенова Қытайды зерттеу орталығының директоры; Қытайлық модернизацияны зерттеу орталығының (Қазақстан тарапынан) директоры — «Си Цзиньпиннің мемлекеттік басқару туралы» кітабының бірінші томын қазақ тіліне аударуға қатысу мен үшін жай ғана лингвистикалық жұмыс болған жоқ. Саяси әрі тұжырымдамалық мәтінді аудару әрдайым идеялардың ішкі логикасын түсінуді талап етеді: неге дәл осы ұғым қолданылған, оның Қытайдың мемлекеттік басқару жүйесіндегі орны қандай және бастапқы мағынасын жоғалтпай, оны қазақстандық оқырманға қалай жеткізуге болады. Мен үшін ерекше маңызды болған идеялар туралы айтатын болсам, өзара тығыз байланысты үш ұғымды атар едім: халықтың мүддесіне бағдарлану, мемлекеттік саясаттың ұзақмерзімді сабақтастығы және қабылданған шешімдерді міндетті түрде нақты нәтижеге дейін жеткізу.…
Алматыда Төле би көшесін ұзарту жобасы аясында жүргізілетін құрылыс-монтаж жұмыстарына байланысты көшенің бір бөлігінде көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі, деп хабарлайды SteppeNews.kz Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Әкімдік мәліметінше, 14 шілдеден 25 тамызға дейін Төле би көшесінің Әшімов көшесінен Алатау көшесіне дейінгі аралығында барлық көлік түрлерінің қозғалысы толықтай тоқтатылады. Осы кезеңде жүргізушілерге аталған учаскені Сәбденов көшесі арқылы айналып өту ұсынылады. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында жолдың жабылатын бөлігінде арнайы ескерту белгілері орнатылады. Қала билігі тұрғындар мен жүргізушілерден жол жүру бағытын алдын ала жоспарлап, уақытша енгізілген өзгерістерді ескеруді сұрайды. Жол қозғалысына қатысты өзекті ақпаратты @AlmatyJoly Telegram арнасынан, Алматы қаласы әкімдігінің…
Қазақстанда жоғары оқу орындарының білім беру гранттары конкурсына қатысу үшін құжат қабылдау басталды, деп хабарлайды SteppeNews.kz. Талапкерлер 2026 жылдың 13–20 шілде аралығында өтініштерін жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиялары арқылы офлайн форматта, виртуалды қабылдау комиссияларының көмегімен онлайн немесе eGov порталы арқылы тапсыра алады. Грант конкурсына қатысу үшін үміткерлер: Жеке куәлігін; ҰБТ сертификатын; 3×4 көлеміндегі фотосуретін; Орта білім туралы аттестатын ұсынуы қажет. Ал жеңілдетілген санат бойынша конкурсқа қатысатын талапкерлер тиісті растайтын құжаттарды қоса тапсырады. Грант конкурсына қатысу үшін қандай шекті балл қажет? 2026 жылғы білім беру гранттары конкурсына қатысу үшін ҰБТ нәтижесі бойынша төмендегі ең төменгі шекті баллдар белгіленді: «Педагогикалық ғылымдар» және…
The Marco Polo Project халықаралық электромобильдер экспедициясы тарихи Ұлы Жібек жолы бойымен сапар шегуде. Ұзындығы шамамен 15 мың шақырым болатын жоба Рим мен Гонконгты байланыстырып, 12 мемлекеттің аумағын қамтиды. Экспедиция 2026 жылы 13 маусымда басталып, 26 шілдеге дейін жалғасады деп хабарлайды SteppeNews.kz, Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Делегация құрамыа 38 қатысушыдан (жүргізушілерді қосқанда 59 адам) тұрады. Олардың қатарында ғалымдар, инвесторлар және тұрақты даму саласының мамандары бар. Олар BYD маркалы 13 электромобильмен сапарға шыққан. Жобаны M31 Capital компаниясының негізін қалаушы Патрик Чжун және Колумбия университетінің Тұрақты даму орталығының өкілдері Джеффри және Соня Эрлих Сакс ұйымдастырған. Патрик Чжунның айтуынша, экспедицияның…
2021 жылы Қытай абсолютті кедейлікті толық жойғанын жариялады. Бұл әлемдік деңгейдегі маңызды оқиғаға айналды. Ел шамамен 800 миллион адамды аса кедейлік жағдайынан шығарып, БҰҰ-ның 2030 жылға дейінгі тұрақты даму мақсатында көзделген шектен тыс кедейлікті жою міндетін 10 жыл бұрын орындады. Дүниежүзілік банктің мәліметінше, реформалар мен ашықтық саясаты кезеңінде әлемдегі аса кедейліктің қысқаруының 70 пайыздан астамы Қытайдың үлесіне тиесілі. Бұл жетістікке қандай факторлар әсер етті және Қытайдың кедейлікпен күрес тәжірибесі неге әлі күнге дейін әлем елдерінің қызығушылығын тудырып отыр? Бұл көрсеткіштердің артында тек экономикалық өсім ғана тұрған жоқ. Ең бастысы – осындай нәтижеге жеткізген мемлекеттік саясаттың қалай құрылғанын түсіну. Өңірлік интеграцияны…
Биыл Алматы қаласында түрлі жазғы демалыс бағдарламаларымен 294 мыңға жуық оқушы қамтылды. Бұл – 1–10-сыныптарда білім алатын оқушылардың 98,7%-ын құрайды. Қалалық Білім басқармасының мәліметінше, өткен жылмен салыстырғанда жазғы демалыспен қамтылған балалардың саны 4,3%-ға артқан. Жазғы демалысты ұйымдастыру барысында әлеуметтік тұрғыдан осал санаттағы балаларға ерекше назар аударылды. Демалыс бағдарламаларына 3 537 бала қатысты. Олардың қатарында жетім балалар, ерекше білім беру қажеттілігі бар оқушылар және тәуекел тобына жататын жасөспірімдер бар. Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жазғы лагерьлерде төрт ведомствоаралық тексеру жүргізілді. Сондай-ақ әрбір лагерьге полиция қызметкерлері бекітілді. Бұдан бөлек, төтенше жағдайлар немесе буллинг фактілері туындаған жағдайда жедел хабарласу үшін барлық демалыс орындарына…
Көптеген қазақстандықтардың бұрын төлеген салықтарының бір бөлігін қайтарып алу мүмкіндігі бар. Алайда олардың басым бөлігі мұндай құқыққа ие екенін білмейді. Qazaq Expert Club сарапшысы, салық кеңесшісі Раушан Тасшойынованың айтуынша, 15 қыркүйекке дейін жеке тұлғалар 2025 жылға арналған 270.00 -нысан бойынша декларацияны тапсыруы тиіс. Көпшілік үшін бұл 2025 жылы төленген жеке табыс салығының (ЖТС) бір бөлігін қайтарудың соңғы мүмкіндігі болмақ. Сарапшы қазақстандықтардың қандай жағдайларда салықты артық төлейтінін және декларацияны тапсырар алдында нені міндетті түрде тексеру қажет екенін түсіндірді. «Қазақстандықтар көбіне өздеріне тиесілі салықтық шегерімдерді пайдаланбағандықтан қаржы жоғалтады. 2025 жылы оқу ақысын, медициналық қызметтерге жұмсалған шығындарды және ипотекалық тұрғын үй қарызы бойынша…
Жетісу облысындағы тарихи Жаркент мешітінде ғылыми-реставрациялық жұмыстар жоспарға сәйкес кезең-кезеңімен жүргізіліп жатыр. Жоба тарихи-мәдени ескерткіштің бастапқы сәулеттік келбетін сақтауға және оның ұзақ мерзімге сақталуын қамтамасыз етуге бағытталған деп хабарлайды SteppeNews.kz, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігіне сілтеме жасап. Қазіргі уақытта «Қазқайтажаңарту» РМК мамандары мешіттің шатыр жабындысын толық қалпына келтірді. Сонымен қатар мұнара, айван, кіреберіс порталы мен қаптал қақпаларының беттері ұзақ жылдар бойы жиналған кір мен түрлі ластанудан тазартылуда. Келесі кезеңде нысанның сыртқы бөлігіндегі 52 ағаш тіреу бағанын, қасбеттерді, кірпіш сылақтарын және бүгінге дейін сақталған сәндік элементтерді қалпына келтіру жоспарланған. Бұдан бөлек, күмбез бен сыртқы кірпіш қабырғалары арнайы қорғаныш өңдеуден өткізіліп, қоршаулар…
11–12 шілде күндері Қытайда 25-ші халықаралық «Цинхай көлі туры» тас жол веложарысының алғашқы екі кезеңі өтті деп хабарлайды SteppeNews.kz, «Жэньминь жибао» басылымына сілтеме жасап. Алғашқы кезең Синин қаласында ұйымдастырылып, спортшылар 121 шақырымдық айналма бағытта сынға түсті. Жолдың басым бөлігі тегіс болғанымен, қатысушылар биік таулы аймақтағы ауа райы, қала көшелеріндегі күрт бұрылыстар және жаңбырдан кейінгі тайғақ жол жағдайында жарысуға мәжбүр болды. Нәтижесінде LiNing Star командасының өкілі Александр Салби кезең жеңімпазы атанды. Екінші кезең Хуанъюань мен Мэньюань қалалары арасында өтті. Велошабандоздар 225 шақырым қашықтықты еңсерді. Бағыттың алғашқы бөлігі теңіз деңгейінен шамамен 2200 метр биіктіктегі Хуаншуй өзенінің аңғарымен өтсе, кейін спортшылар 3000 метрден…