Автор: Saya

Үкіметте Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен Кәсіпкерлік қызметті реттеу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның (ВАК) кезекті 100-ші отырысы өтті деп хабарлайды SteppeNews.kz, ҚР Ұлттық экономика министрлігіне сілтеме жасап. Жиын барысында 2025 жылғы шағын және орта кәсіпкерліктің даму қорытындылары шығарылып, бизнеске түсетін әкімшілік жүктемені азайту тетіктері талқыланды. Сонымен қатар өсімдік карантині, астық нарығы және электрондық лотереяларды реттеу бағытындағы заңнамалық өзгерістер қаралып, қолдау тапты. Ұлттық экономика вице-министрі Ерлан Сағынаевтың мәліметінше, 2026 жылғы 1 қаңтарда Қазақстанда 2,36 млн шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі тіркелген. Қазіргі уақытта оның 2,18 млн-ы жұмыс істеп тұр. Соңғы бес жылда белсенді кәсіпорындардың үлесі 84,3%-дан 92,2%-ға…

Read More

Алматы онкологиялық орталығында Қазақстанда алғаш рет ExacTrac Dynamic Brainlab жаңа буынның позициялау жүйесі қолданысқа енгізілді. Жаңа технология Алматы қаласы әкімдігі мен Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының қолдауымен іске асырылып, онкологиялық науқастарға көрсетілетін сәулелік терапияның сапасы мен дәлдігін арттыруға мүмкіндік береді деп хабарлайды SteppeNews.kz, Алматы қаласы әкімдігіне сілтеме жасап. Бұл жүйе әртүрлі орналасқан қатерлі ісіктерді, соның ішінде бас миындағы ісіктер мен көптеген метастаздарды емдеуге арналған. Емдеу барысында құрылғы пациенттің дене қалпын үздіксіз бақылап, тыныс алу кезінде болатын болмашы қозғалыстарды да тіркейді. Егер қандай да бір ауытқу байқалса, сәулелендіру автоматты түрде тоқтатылып, емнің қауіпсіздігі қамтамасыз етіледі. Мамандардың айтуынша, жаңа технология сәуле дозасын ісікке…

Read More

Қытайдың Ганьсу провинциясына өңірдің өнеркәсіптік, мәдени және экономикалық әлеуетімен танысу үшін әлемнің әр түкпірінен журналистер келді. Сапар барысында олар Қытайдағы як сүтінен өнім өндіретін жетекші кәсіпорындардың бірі – «Ганьсу Хуалин» акционерлік қоғамының жұмысымен танысты, деп хабарлайды SteppeNews.kz. Кәсіпорын Ганьсу провинциясындағы Ганьнань-Тибет автономиялық округінде орналасқан. Бұл өңір экологиялық таза биік таулы жайылымдары мен як шаруашылығының дамуына байланысты «Қытайдың як сүті астанасы» ретінде танымал. Осында өндірілетін табиғи қодас сүті жоғары сапалы сүт өнімдерін дайындауға пайдаланылады. Компания өкілдерінің айтуынша, кәсіпорын 1994 жылы құрылған. Бүгінде ол жоғары технологияларды қолданатын ұлттық деңгейдегі ірі өндірушілердің біріне айналған. Мұнда қодастың құрғақ сүті, казеин және балалар тағамын өндіруде қолданылатын…

Read More

Алматыда басқарушыларға арналған K-PRO білім беру бағдарламасының кезекті интенсиві аяқталды. Бағдарлама топ-менеджерлердің стратегиялық ойлауын дамытуға, басқару тәсілдерін жаңартуға және жасанды интеллект құралдарын бизнесте тиімді пайдалануға бағытталды, деп хабарлайды SteppeNews.kz. Интенсив аясында қатысушылар Agile, CFO, COO, HR, CIO/CTO, CCO, CMO, CEO және директорлар кеңесі сияқты сегіз басқару бағыты бойынша білім алды. Әрбір бағыт стратегиялық, тактикалық, цифрлық және бағалау деңгейлеріне бөлініп, қатысушылардың басқару функцияларын кешенді түрде түсінуіне мүмкіндік берді. Бағдарламаның басты тақырыптарының бірі – жасанды интеллект агенттерін операциялық қызмет пен стратегиялық шешім қабылдау процестеріне енгізу болды. Қатысушылар күнделікті жұмысты автоматтандырудан бастап, басқарушылық шешімдерді қолдауға дейінгі заманауи тәсілдерді меңгерді. Теориялық сабақтар тәжірибелік жұмыстармен…

Read More

Қытайдың Ганьсу провинциясындағы теңіз деңгейінен 3 мың метрден астам биіктікте орналасқан Сангкэ жайлауында «Гүлденген анар. Көркем Ганьсу – 2026» ұлттық музыкалық концерті ұйымдастырылды. Іс-шараға Австралия, Канада, Венесуэла, Венгрия және басқа да елдерден келген қытай тіліндегі шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері шақырылып, олар табиғат аясындағы ерекше музыкалық кештің куәсі болды. Концертте Ганьсу провинциясында тұратын түрлі этностардың өнер шеберлері өнер көрсетті. Бағдарламада материалдық емес мәдени мұраға жататын әндер мен билер, ұлттық симфониялық шығармалар және биік таулы өңірдің дәстүрлі халық әндері орындалды. Концерт әйгілі Лабранг монастырының баурайында өтіп, әртүрлі ұлт өкілдерінің мәдени байланысы, өзара ықпалдастығы мен достығын өнер арқылы паш етті. Сяхэ ауданында…

Read More

TikTok Қазақстанда қауіпсіз цифрлық кеңістік қалыптастыру жұмыстарын жалғастырып келеді. Платформа 2026 жылдың бірінші тоқсанына арналған Қауымдастық қағидаларын сақтау туралы есебін жариялап, контентті модерациялау нәтижелері мен қауіпсіздікті күшейту бағытындағы жаңа өзгерістерді таныстырды. Есепке сәйкес, 2026 жылдың қаңтар-наурыз айларында Қазақстанда Қауымдастық қағидаларын бұзған 1,28 миллион бейнеролик жойылған. Компания мәліметінше, жойылған видеолардың 99,4%-ы пайдаланушылар шағымданбай тұрып автоматты түрде анықталған. Ал 95,6%-ы жарияланғаннан кейінгі алғашқы 24 сағат ішінде өшірілген. Әлемдік көрсеткіштер де осы бағыттағы жұмыстың ауқымын көрсетеді. 2026 жылдың алғашқы үш айында TikTok бүкіл әлем бойынша Қауымдастық қағидаларын бұзған 184 миллионнан астам бейнероликті жойды. Оның ішінде 99,3%-ы қолданушылардың шағымына дейін анықталса, 94,4%-ы жарияланған алғашқы…

Read More

Алматы әлемдегі ең танымал гастрономиялық бағыттардың бірі ретінде танылды. Американың беделді Eater басылымы қаланы 2026 жылға арналған «Where to Eat» рейтингінде тағамсүйер қауым міндетті түрде баруы тиіс бағыттардың қатарына қосты. Бұл туралы Алматы қаласы Туризм басқармасы мәлімдеді. Әлемдегі мейрамханалар мен гастрономия тақырыбындағы ең ықпалды медиа платформалардың бірі саналатын Eater тізіміне ену Алматының халықаралық туристік имиджін нығайтып, гастрономиялық туризмнің дамуына серпін береді. Басылымның бағалауынша, соңғы жылдары Алматы Орталық Азиядағы маңызды аспаздық орталықтардың біріне айналған. Бұған қалада алғаш рет ұйымдастырылған Almaty Food Fest халықаралық фестивалі мен Алматының алғашқы ресми гастрономиялық гидінің жарық көруі дәлел. Сарапшылардың пікірінше, Алматының ерекшелігі – қазақтың көшпелі тағам…

Read More

Әлемге әйгілі әнші Энрике Иглесиас қазақстандық суретші әрі блогер Әсел Сабыржанқызының шығармашылығына назар аударып, оның бейнежазбасын өзінің ресми әлеуметтік желідегі парақшаларында бөлісті, деп хабарлайды SteppeNews.kz. Әнші Facebook және X  желілеріндегі ресми аккаунттарында жарияланған репостқа «See you soon Kazakhstan» деген жазба қалдырды. Энрике Иглесиастың Facebook парақшасына 49 миллионнан астам, ал X желісіндегі аккаунтына 10,9 миллионға жуық оқырман жазылған. Әсел Сабыржанқызы дәстүрлі кенептің орнына кілемді пайдаланып сурет салуымен танымал. Оның жариялаған бейнеролигінде Энрике Иглесиастың Ring My Bells әні музыкалық сүйемелдеу ретінде қолданылған. Бейнежазба сюжетіне сәйкес, шығармашылыққа деген құлшынысын қолдамайтын күйеуімен жанжалдасқан қыз ғимараттың төбесіне шығып, аэрозольді бояулар мен кілемді пайдаланып Энрике Иглесиастың…

Read More

Сот жұмысы туралы сөз болғанда, әдетте әділеттілікті қалпына келтіру жайлы айтылады. Алайда кейбір қылмыстар бар, олардан кейін ең қатаң үкімнің өзі адамның жоғалтқанын қайтара алмайды. Солардың қатарына балалардың жыныстық қол сұғылмаушылығына қарсы жасалатын қылмыстар жатады. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының мәліметінше, соңғы үш жылда елімізде кәмелетке толмағандардың жыныстық қол сұғылмаушылығына қарсы 2,5 мыңнан астам қылмыс тіркелген. 2023 жылы мұндай 876 қылмыс тіркелсе, 2024 жылы да дәл осындай көрсеткіш сақталған. Ал 2025 жылы олардың саны 9,6%-ға төмендеп, 790 жағдайды құрады. Алайда, Qazaq Expert Club-тың құқықтық мәселелер жөніндегі шақырылған сарапшысы, судья Динара Құйқабаеваның айтуынша, ресми статистикаға құқық қорғау органдарына белгілі болған қылмыстар ғана…

Read More

Ақмола облысында қайғылы оқиға болып, 8 және 12 жастағы екі қыздың өмірі қиылды деп хабарлайды SteppeNews.kz, BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.  Алдын ала мәлімет бойынша, 11 шілде күні отбасы Целиноград ауданындағы Қызылжар ауылы маңындағы жасанды су қоймасына демалуға барған. Таңертең шомылып шыққан екі қыз киім ауыстыру үшін жағалауда тұрған жеңіл көлікке отырған. Осы сәтте белгісіз себеппен көлік өздігінен қозғалып, еңіспен төмен сырғып, суға құлаған. Қыздардың әкесі бірден көмекке ұмтылғанымен, көліктің есігін аша алмай, терезесін де сындыра алмаған. Соның салдарынан көлік қысқа уақыт ішінде толықтай су астына кеткен. Өкінішке қарай, екі баланы аман алып қалу мүмкін болмады. Қазіргі уақытта қайғылы оқиғаның нақты себептері…

Read More