2026 жылдың қаңтар–маусым айларында Қытайдың Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданындағы Қорғас автомобиль өткізу бекеті арқылы жел энергетикасына арналған 1 709 ірі көлемді жабдық тиелген көлік экспортталды. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 44,3%-ға көп және осы бағыттағы ең жоғары көрсеткіш болып отыр. Бұл туралы Қорғас кеденінің мәліметінде айтылды деп хабарлайды SteppeNews.kz, Синьхуа ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап. Есепті кезеңде Қорғас арқылы жел энергетикасына арналған ірі габаритті жабдықтардың экспорты айтарлықтай артқан. Атап айтқанда, жел турбиналарының қалақтары, генераторлық қондырғылар және басқа да жабдықтар Қазақстан, Өзбекстан секілді Орталық Азия елдеріне жөнелтіліп, өңірдегі жел электр станциялары жобаларын іске асыруға пайдаланылуда. Қорғас кеденінің мәліметінше, бүгінде экспорттық жүктерді кедендік…
Автор: Saya
Әлемге әйгілі әнші Энрике Иглесиастың Bailando хиті Қазақстанда алғаш рет домбырада орындалды. Алматылық жас музыкант Иван Жуков әлемдік танымал композицияны қазақтың ұлттық аспабында орындап, ерекше бейнебаян ұсынды. Посмотреть эту публикацию в Instagram Публикация от Steppenews Kz (@steppenews_kz) Бейнебаян Алматы маңындағы «Көшпенділер қаласы» этно-кешенінде түсірілген. Ерекше кадрлар үшін музыкант түнгі уақытта жолға шығып, қазақ даласында арайлап атқан таң аясында өнер көрсетті. Видеода Иван ұлттық шапан киіп, кең дала төсінде домбырамен Bailando әнін орындайды. Осылайша әлемдік хит пен қазақтың ұлттық өнері бір туындыда тоғысты. Музыканттың айтуынша, ол заманауи әндерді домбырада көптен бері орындап келеді. «Мен заманануи әндерді домбырада көптен бері орындап…
2026 жылы Қазақстанда «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында 12 мың шақырым инженерлік желіні жөндеу жоспарланып отыр. Бұл мақсатқа 1,1 трлн теңгеден астам қаржы бөлінеді. Бұл туралы Үкімет отырысында ұлттық экономика вице-министрі Асан Дарбаев мәлімдеді деп хабарлайды SteppeNews.kz, ҚР Ұлттық экономика министрлігіне сілтеме жасап. Оның айтуынша, жобаларды іске асыру үшін құрылыс жұмыстарына 759 млрд теңге бағытталған. Ал 379 млрд теңге көлеміндегі жобалар бойынша ЕРС-мердігерлер анықталып, жобалау-сметалық құжаттама әзірленуде. Сонымен қатар отандық өндірушілерден қажетті материалдарды сатып алу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Биыл сондай-ақ инфрақұрылымының тозу деңгейі өте жоғары 8 кәсіпорынды орташа тозу санатына шығару көзделген. Айта кетейік, 2025 жылы аталған…
Қытайдың Гуандун провинциясындағы Шэньчжэнь қаласында Халықаралық мангр ормандары орталығының алғашқы кеңес отырысы өтіп, ұйымның ресми ашылу рәсімі өтті. Осылайша, жаһандық бастама ретінде құрылған орталық толыққанды халықаралық ұйым ретінде өз қызметін бастады. Орталықтың іске қосылуы Қытайдың мангр ормандарын қорғау бағытындағы халықаралық ынтымақтастықты дамытуға және экологиялық бастамаларды қолдауға деген ұстанымын көрсетті. Халықаралық мангр ормандары орталығын құру туралы бастаманы Қытай 2022 жылы Сулы-батпақты алқаптар туралы конвенцияға қатысушы тараптардың 14-конференциясында ұсынған болатын. 2023 жылы бұл бастама Конвенцияның Тұрақты комитеті тарапынан өңірлік бастама ретінде мақұлданды. Ал 2024 жылы алғашқы 18 мемлекет Шэньчжэнь қаласында орталықты құру туралы келісімге қол қойды. Келісім 2026 жылдың маусым айында ресми…
Алматы халықаралық әуежайы мен SCAT әуе компаниясы Түрксіб ауданы әкімдігінің қолдауымен споттинг алаңында жаңа авиациялық тақырыптағы фотоаймақты таныстырды деп хабарлайды SteppeNews.kz, Алматы әуежайының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 29 шілдеде өткен салтанатты ашылу рәсіміне Алматы халықаралық әуежайының президенті Гөкер Көсе, Түрксіб ауданы әкімінің орынбасары Наиль Лебаев және «SCAT әуе компаниясы» АҚ вице-президенті Владимир Сытник қатысты. Іс-шара аясында символикалық лента қиылып, жаңа фотоаймақтың ресми ашылуы өтті. Айта кетейік, қазіргі споттинг алаңының орнында бірнеше жыл бұрын бос жатқан аумақ болған. 2024 жылы Түрксіб ауданы әкімдігі бұл жерді абаттандырып, тұрғындар мен авиация әуесқойлары жиі келетін қоғамдық кеңістікке айналдырған. Жобаның жалғасы ретінде Алматы халықаралық әуежайы,…
Алматыда 2–11 тамыз аралығында Халықаралық жастар күніне орай ALMA LOVE 2026 қалалық жастар фестивалі өтеді. Фестиваль аясында қаланың әртүрлі аудандарында білім беру, шығармашылық, спорт, экология және еріктілік бағытындағы іс-шаралар ұйымдастырылып, оған 20 мыңнан астам адамның қатысуы күтіледі. Бұл туралы Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының өкілдері мәлімдеді. Биылғы фестиваль «Қала сенен басталады. Город начинается с тебя» ұранымен өтеді. Жобаның басты мақсаты – жастардың қаланың дамуына деген жауапкершілігін арттыру, қоғамдық орындар мен қоршаған ортаға ұқыпты қарау мәдениетін қалыптастыру және азаматтық белсенділікті дамыту. Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының басшысы Азиз Кажденбектің айтуынша, ALMA LOVE 2026 аясында экологиялық жауапкершілік, үнемшілдік қағидаттары, өзара сыйластық және…
Жасанды интеллект күнделікті өмірдің ажырамас бөлігіне айналып келеді. Электронды сауда саласында да жаңа технологиялар тауар іздеу мен тапсырыс беруді бұрынғыдан да жеңілдетуде. Енді пайдаланушылар ChatGPT және Claude платформаларындағы жасанды интеллект көмекшілері арқылы қажетті тауарларды немесе дайын тағамдарды іздеп, бағаларын салыстырып, тапсырыс рәсімдей алады. Бұл мүмкіндік Glovo сервисінің ChatGPT және Claude платформаларымен интеграциясы аясында жүзеге асырылды. Енді қолданушы қосымшадағы бөлімдер мен сүзгілерді пайдаланбай-ақ, өз сұранысын чатта еркін сипаттай алады. Мысалы, белгілі бір бюджетке кофе сүйетін адамға сыйлық таңдауды немесе бірнеше адамға арналған кешкі асқа қажетті өнімдерді ұсынуды сұрауға болады. Пайдаланушы Glovo аккаунтын ChatGPT немесе Claude жүйесіне байланыстырғаннан кейін Shopping Assistant көмекшісімен…
Салық органдары картаға жасалған барлық аударымдарды көре ме? Smart Data Finance іске қосылғаннан кейін не өзгерді? Smart Data Finance аналитикалық платформасы іске қосылғаннан кейін көптеген қазақстандықтарды мына сұрақ мазалай бастады: енді салық органдары картаға жасалған әрбір аударымды шынымен көре ме? Қарапайым ақша аударымы тексеруге себеп бола ала ма? Qazaq Expert Club сарапшысы, қаржыгер және салық кеңесшісі Раушан Тасшоинованың айтуынша, салықтық бақылау мүмкіндіктері шынымен де айтарлықтай кеңейді. Алайда кез келген аударым автоматты түрде табыс болып есептеледі және оған салық салынады деген кең таралған пікір шындыққа сәйкес келмейді. Smart Data Finance – салықтық тәуекелдерді анықтауға және салықтық әкімшілендірудің тиімділігін арттыруға арналған Мемлекеттік кірістер…
Қытайдың Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданындағы Ақсу аймағына қарасты Шахияр ауданында Кекия рухына сүйене отырып, шөлейттенумен күрес пен цистанхе өсіру саласын дамыту қатар жүзеге асырылып жатыр, деп хабарлайды SteppeNews.kz. Xinjiang Xiancaorong Technology Co., Ltd. компаниясының жетекшісі Гоу Лин сексеуіл бұтақтарын ашып, тамыр астынан жаңа өсіп келе жатқан цистанхе өскіндерін көрсетеді. Оның айтуынша, бірнеше жыл бұрын бұл аумақтың барлығы құм басқан иен дала болған. Қазір мұнда 600 гектардан астам аумақта құрғақшылыққа төзімді өсімдіктер өсіріліп, шөлейт алқап біртіндеп өндірістік мақсаттағы жасыл аймаққа айналған. Шахияр ауданы Кекия рухын жалғастырып, экологиялық қалпына келтіру мен жергілікті ерекшелікке негізделген өндірісті ұштастырудың жаңа жолдарын іздеуде. 2021 жылы ауданның Орман…
Алматы шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту көрсеткіштері бойынша еліміздегі көшбасшы мәртебесін сақтап келеді, деп хабарлайды SteppeNews.kz Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының мәліметінше, 2026 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша мегаполисте 362 345 белсенді шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі жұмыс істейді. Ал 2025 жылдың қорытындысында бұл сектор өндірген өнім көлемі 306,2 млрд теңгеге жетіп, өткен жылмен салыстырғанда 3,1%-ға өскен. Кәсіпкерлікті қолдау мақсатында биыл жергілікті бюджеттен субсидиялау мен жеңілдетілген несиелеуге 26 млрд теңге бөлінді. Жылдың алғашқы тоқсанында 304 жобаға қолдау көрсетіліп, жалпы сомасы 46 млрд теңгенің несиесі берілді. Алматы сауда саласында да республика бойынша бірінші…