Автор: Saya

Азия Олимпиадалық кеңесінің (АОК) делегациясы Алматыға инспекциялық сапармен келіп, қаланың 2029 жылғы X Қысқы Азия ойындарын өткізуге дайындығымен танысты. Бұл туралы SteppeNews.kz Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. Делегация құрамына Азия Олимпиадалық кеңесінің спорт, медиа, ақпараттық технологиялар және даму бағдарламаларына жауапты басшылары мен мамандары кірді. Сапар барысында Алматының Қысқы Азия ойындарына дайындық барысына арналған жұмыс кездесуі өтті. Одан кейін делегация жарыстар өтетін негізгі спорт нысандары мен қонақ үй инфрақұрылымын аралады. АОК өкілдері Halyk Arena, Almaty Arena, «Медеу» биік таулы спорт кешені, «Шымбұлақ» тау курорты, «Сұңқар» халықаралық шаңғы трамплиндері кешені, Балуан Шолақ атындағы Спорт сарайы және жарысқа қатысушылар мен…

Read More

Алматыда IV халықаралық Almaty Circus Festival өз мәресіне жетті. Қазақ мемлекеттік циркінің манежінде өткен айтулы мәдени шара әлемнің түкпір-түкпірінен келген үздік цирк әртістерін, акробаттарды, гимнастарды және жонглерлерді бір сахнаға жинады. Бірнеше күн бойы көрермендер ерекше қойылымдар, күрделі трюктер мен премьералық нөмірлерді тамашалап, заманауи цирк өнерінің жоғары деңгейіне куә болды. Бұл туралы SteppeNews.kz Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. Соңғы жылдары Almaty Circus Festival халықаралық деңгейдегі беделді мәдени алаңдардың біріне айналды. Фестивальге тәжірибелі цирк шеберлерімен қатар жас таланттар, әлемдік цирк компанияларының басшылары, продюсерлер мен халықаралық фестиваль ұйымдастырушылары қатысып келеді. Шара әртістерге жаңа шығармашылық байланыстар орнатуға және халықаралық жобаларға жол…

Read More

Қытайдың Шыңжаңдағы Ақсу өңірінде жүзеге асқан Кекияны көгалдандыру жобасы шөлейттенумен күрестегі табысты бастамалардың біріне айналды. Биыл жобаның басталғанына 40 жыл толып отыр. Осы уақыт ішінде бұрын құм басқан, өсімдік өспейтін алқап бүгінде көкке көмкерілген орманға айналды, деп хабарлайды SteppeNews.kz. Жоба 1986 жылы басталған. Сол кезде қаржыландыру мен арнайы техниканың тапшылығына қарамастан, өңір тұрғындары өз күштерімен ағаш отырғызуға кіріскен. Мыңдаған адам шөлейтті аймақты көгалдандыруға атсалысып, кейін бұл бастама Кекия рухы деп аталатын еңбек пен бірліктің символына айналды. Алғашқы орманшылардың бірі Сун Цзяньцзян Кекияда 37 жылдан бері еңбек етіп келеді. Оның айтуынша, бастапқы жылдары тұзданған әрі қатты топыраққа көшет отырғызу өте қиын…

Read More

Қытайдың Шыңжаң өңірінде шөлейттенумен күрестің жарқын үлгісіне айналған Кекия тәжірибесі бүгінде Тарым өзені бойында жалғасып жатыр. Биыл Кекия шөлін көгалдандыру жобасының басталғанына 40 жыл толып отыр, деп хабарлайды SteppeNews.kz. 2023 жылдан бері Бай ауданында Тарым өзенінің негізгі арнасын кешенді экологиялық қалпына келтіру жобасы жүзеге асырылуда. Осы уақыт ішінде бұрынғы шөлейтті аумақта 3 мың гектардан астам жасанды орман өсірілді. Жоба Кекияда қалыптасқан тәжірибеге сүйеніп, су ресурстарын үнемді пайдалануға басымдық береді. Суару қолданыстағы каналдар арқылы жүргізіліп, тамшылатып суару технологиясы енгізілген. Сонымен қатар тұзға төзімді ауыл шаруашылығы дақылдары мен жергілікті климатқа бейім жеміс ағаштары отырғызылып, экологиялық қалпына келтіру мен ауыл шаруашылығын қатар дамытуға…

Read More

Қазақстан цифрлық теңгені сынақтан өткізуден оны іс жүзінде қолдану кезеңіне біртіндеп көшіп жатыр. 2026 жылы ұлттық валютаның жаңа нысаны мемлекеттік сатып алулардың пилоттық жобаларында және жекелеген бюджеттік есеп айырысуларда қолданылып жатыр. Ұлттық банк сондай-ақ офлайн төлемдерді және бағдарламаланатын ақша технологиясын сынақтан өткізді. Цифрлық теңге дегеніміз не, оны не үшін енгізіп жатыр және ол мемлекетке, бизнеске және азаматтарға қандай өзгерістер әкелуі мүмкін екенін Qazaq Expert Club сарапшысы, қаржыгер Саида Тілеуленова түсіндірді. «Цифрлық теңге – бұл қолма-қол және қолма-қолсыз ақшамен қатар ұлттық валютаның үшінші нысаны. Егер қолма-қол ақша банкноттар мен монеталар түрінде болса, ал қолма-қолсыз ақша банктік шоттардағы қаражат түрінде сақталса, цифрлық…

Read More

Алматыда жоғары жылдамдықты интернет инфрақұрылымын дамыту жұмыстары жалғасуда. 2026 жылы қаладағы 10 мың көпқабатты тұрғын үй XGSPON технологиясы негізіндегі жаңа желіге қосылады, деп хабарлайды SteppeNews.kz Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Алматы қаласының Цифрландыру басқармасының мәліметінше, шаһарда телекоммуникациялық инфрақұрылымды жаңғырту және XGSPON жоғары жылдамдықты интернет технологиясын енгізу кезең-кезеңімен жүзеге асырылып жатыр. XGSPON технологиясы деректерді секундына 10 Гбит-қа дейінгі жылдамдықпен жеткізуге мүмкіндік береді. Алматы бұл технологияны Wi-Fi 6 жүйесімен бірге енгізген Қазақстандағы алғашқы қала болды. Қазіргі таңда жаңа инфрақұрылымға Түрксіб ауданындағы 80 тұрғын үй, сондай-ақ Наурызбай және Әуезов аудандарындағы 700-ден астам көпқабатты тұрғын үй қосылған. Биыл қалада жоғары жылдамдықты интернетке…

Read More

2026 жыл Қазақстанда Цифрландыру және жасанды интеллект жылының басталу кезеңі ретінде жарияланды. Ел өңірде алғашқылардың бірі болып Жасанды интеллект туралы заң мен Цифрлық кодексті қабылдап, Alem.Cloud суперкомпьютерін іске қосты және мемлекеттік басқаруға нейрожелілерді белсенді енгізіп жатыр. Бұл жұмыстың заңды жалғасы ретінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Шанхайда өткен Дүниежүзілік жасанды интеллект конференциясына (WAIC 2026) қатысып, «Қазақстан–Қытай цифрлық көпірін» құру бастамасын ұсынды, деп хабарлайды SteppeNews.kz. Халқы шамамен 20 миллион болатын Қазақстан Қытайдың жасанды интеллектті дамытудағы тәжірибесін өз басымдықтарын сақтай отырып қалай тиімді пайдалана алады? Бұл туралы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Цифрлық ғылымдар және жасанды интеллект институтының директоры Шахмаран Сейілов пікір…

Read More

2026 жылдың шілде-қазан айлары аралығында Қазақстанда «Бірлікке үн қосқан» республикалық этномәдени бірлестіктер фестивалі ұйымдастырылады. Іс-шараны Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі өткізеді деп хабарлайды SteppeNews.kz, ASTANAТV-ға сілтеме жасап.  Фестивальдің мақсаты – этномәдени бірлестіктердің шығармашылық әлеуетін дамыту, қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайту, сондай-ақ Қазақстан халқының мәдени мұрасы мен ұлттық дәстүрлерін кеңінен насихаттау. Фестиваль екі кезеңнен тұрады. Алғашқы кезеңде облыстарда, сондай-ақ Астана, Алматы және Шымкент қалаларында өңірлік іріктеу байқаулары өтеді. Үздік өнерпаздар мен шығармашылық ұжымдар республикалық кезеңге жолдама алып, қазан айында Астанада өтетін қорытынды Гала-концертте өнер көрсетеді. Байқауға этномәдени бірлестіктердің өкілдері, шығармашылық ұжымдар және жеке орындаушылар қатыса алады. Қатысушылар бес номинация…

Read More

Елорданың Байқоңыр ауданында «Дармен-1» тұрғын үй кешенінің салтанатты ашылу рәсімі өтті. Бұл – реновация мемлекеттік бағдарламасы аясында жеке инвестиция қаражатына жүзеге асырылған алғашқы жоба, деп хабарлайды SteppeNews.kz, Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап. Жоба Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тұрғын үй қорын жаңғыртуға жеке инвестиция тарту жөніндегі тапсырмасын іске асыру аясында пайдалануға берілген алғашқы нысан болды. Салтанатты рәсімге Байқоңыр ауданының әкімі, мемлекеттік органдардың өкілдері, құрылыс компаниясының басшылығы, тұрғындар, серіктестер және қонақтар қатысты. Тұрғын үй кешенінің құрылысы 2025 жылдың қаңтарында басталып, 17 ай ішінде толық аяқталды. «Тұрғын үй кешені екі кіреберістен және 158 пәтерден тұрады. Бұл – ауданда реновация мемлекеттік бағдарламасы аясында…

Read More

БҰҰ-ның Білім, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі ұйымы (ЮНЕСКО) Қытайдың Цзянси провинциясындағы Цзиндэчжэнь қаласында орналасқан дәстүрлі фарфор өндірісінің тарихи нысандарын Бүкіләлемдік мұралар тізіміне енгізді. Тиісті шешім Оңтүстік Кореяның Пусан қаласында өткен ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұра комитетінің 48-сессиясында қабылданды деп хабарлайды SteppeNews.kz, Синьхуа ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап.  Осылайша Қытайдағы ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұралар тізіміне енген нысандардың жалпы саны 61-ге жетті. Тізімге енген нысандар X–XIX ғасырлар аралығында Цзиндэчжэньде қалыптасқан дәстүрлі фарфор өндірісінің тұтас жүйесін қамтиды. Бұл кешен Қытайдың қолөнер технологиясының дамуын, фарфор жасау өнерінің жетілуін және саланың ғасырлар бойы үздіксіз өркендеуін көрсетеді. ЮНЕСКО шешімінде Цзиндэчжэньде өндірілген жоғары сапалы фарфордың, әсіресе көк-ақ түсті өрнекті бұйымдардың…

Read More