Автор: Saya

Гонконгта өткен семсерлесуден әлем чемпионатында тарихи жеңіске жеткен Қазақстанның ерлер құрамасы елге оралды. Ұлттық құраманы Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі атынан Дене шынықтыру және спорт істері комитетінің төрағасы Руслан Есеналин қарсы алды деп хабарлайды SteppeNews.kz, ҚР Туризм және спорт министрлігіне сілтеме жасап. Ол спортшылар мен жаттықтырушыларды тарихи жетістікпен құттықтап, бұл жеңіс семсерлесуді жүйелі дамытуға бағытталған жұмыстың, спортшылардың қажырлы еңбегі мен бапкерлердің жоғары кәсібилігінің, сондай-ақ мемлекет пен ұлттық федерацияның тиімді ынтымақтастығының нәтижесі екенін атап өтті. Әлем чемпионатында Ерлік Сертай, Руслан Курбанов және Вадим Шарлаимов бастаған Қазақстан құрамасы Финляндияны (45:39), Өзбекстанды (28:27), Данияны (45:36) және Мысырды (41:32) жеңіп, финалда Украина құрамасын…

Read More

Қазақстанда шілде айындағы жылдық инфляция 10,2%-ды құрады (маусым айында – 10,3%). Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы хабарлады. Бір жыл ішінде азық-түлік тауарларының бағасы 10,1%-ға (маусымда – 10,4%), азық-түлікке жатпайтын тауарлар – 11,7%-ға (маусымда – 11,7%), ақылы қызметтер – 9,2%-ға (маусымда – 9%) өсті. Жылдық инфляция деңгейіне ең көп үлес қосқан санаттар – азық-түлік және алкогольсіз сусындар (4 пайыздық тармақ), киім және аяқ киім, жеке күтім, әлеуметтік қорғау, сондай-ақ өзге де тауарлар мен қызметтер (1 пайыздық тармақ). Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, бір жыл ішінде жарма 4,9%-ға, нан және нан өнімдері 9,6%-ға, ет пен құс еті 15,8%-ға, шұжық және ет өнімдері 15,9%-ға,…

Read More

2026 жылғы 31 шілдеде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы аясында «Іле-Балқаш» мемлекеттік табиғи резерватының аумағында тарихи оқиға болды. Қазақстанда 70 жылдан астам уақыттан кейін алғаш рет Амур жолбарысының Үміт атты аналығы өзінің тарихи мекендеу ортасына жіберілді деп хабарлайды SteppeNews.kz, ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігіне сілтеме жасап. Бұл қадам жолбарысты тарихи мекеніне қайтару және оның популяциясын қалпына келтіру бағдарламасын жүзеге асырудағы алғашқы практикалық кезең болды. Іс-шараға Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нұралыұлы Нысанбаев, Ресей Федерациясының Әділет министрі, «Амур жолбарысы» орталығының бақылау кеңесінің төрағасы Константин Анатольевич Чуйченко, сондай-ақ ғылыми қауымдастықтың, халықаралық табиғат қорғау ұйымдарының өкілдері мен жолбарысты қайта…

Read More

Көктөбе саябағында аумағы 4 гектарды қамтитын жаңа гүлді беткейді абаттандыру жұмыстары толық аяқталды. Алматы қаласы Туризм басқармасының мәліметінше, кең көлемде жүргізілген көгалдандыру және көріктендіру нәтижесінде мұнда серуендеуге арналған жаңа бағыттар, шолу алаңдары мен Алматының әсем көрінісі ашылатын қоғамдық кеңістік қалыптасты деп хабарлайды SteppeNews.kz, Алматы қаласының әкімдігіне сілтеме жасап. Жобаның басты ерекшелігі – тау бөктеріне ерекше сән беретін лаванда террасалары. Сонымен қатар аумақта ерте көктемнен күздің соңына дейін гүлдеп тұратын 20-дан астам көпжылдық өсімдік, сәндік бұта және астық тұқымдас өсімдіктер отырғызылған. Ландшафтық композицияны гортензия, тобылғы, шатыраш, көкжалбыз (котовник), қызылкүрең және басқа да сәндік өсімдіктер толықтырады. Жобаны жүзеге асыру кезінде табиғи жер…

Read More

2026 жылдың 20–25 шілдесі аралығында «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ Air Astana әуе компаниясымен бірлесіп, Үндістанның жетекші MICE-компанияларының сегіз өкіліне арналған Астана мен Бурабай ұлттық саябағына ақпараттық тур өткізді деп хабарлайды SteppeNews.kz, Kazakh Tourism-ға сілтеме жасап. Үндістан Қазақстан үшін басым туристік нарықтардың бірі саналады және шетелдік туристер саны бойынша үшінші орында келеді. «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Едіге Дүйсенұлының айтуынша, соңғы жылдары Үндістаннан келетін туристер саны тұрақты өсуде. Егер 2023 жылы Қазақстанға 54 мың үндістандық келсе, 2024 жылы олардың саны екі еседен асып, 126 мыңға жеткен. Ал 2025 жылдың қорытындысында елге 131 мың турист келіп, бұл көрсеткіш өткен жылмен…

Read More

Халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, 2035 жылға дейін жасанды интеллект небәрі 14 мамандықты толық автоматтандыра алады, ал 500-ден астам мамандық түбегейлі трансформациядан өтеді. Қазірдің өзінде зерттеулерге сәйкес, мамандықтардың 53%-ында жекелеген еңбек функцияларын автоматтандыруға болады, ал қызметкерлердің шамамен 70%-ы жасанды интеллектіні пайдалану арқылы еңбек өнімділігін арттыра алады. Қазақстанның еңбек нарығы қалай өзгеріп жатыр және жасанды интеллект үміткерлерге қойылатын талаптарды бүгіннің өзінде қалай өзгертіп жатыр? Бұл туралы Qazaq Expert Club-тың HR және мемлекеттік қызмет саласындағы шақырылған сарапшысы Асқар Есімсейітов айтып береді. Оның айтуынша, соңғы жылдары цифрландыру еңбек нарығын айтарлықтай өзгертті. Банктік операциялар, билет сатып алу, мемлекеттік қызметтер мен құжат айналымы сияқты көптеген үйреншікті үдерістер…

Read More

Каспий құбыр консорциумының (КҚК) жұмысы толық тоқтатылмайды. Бұл туралы SteppeNews.kz Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды. Министрліктің мәліметінше, жекелеген бұқаралық ақпарат құралдарында КҚК қызметінің толық тоқтатылуы мүмкін деген ақпарат тарағанымен, мұндай сценарий қарастырылып отырған жоқ. Министірліктің хабарлауынша, 31 шілде күні КҚК мұнай құбырының жұмысы уақытша тоқтатылған. Соған қарамастан, жүк жөнелтушілерден мұнай қабылдау және резервуарлар паркін толтыру жұмыстары жалғасып жатыр. Сондай-ақ 1 тамыздан бастап мұнай қабылдау көлемі тәулігіне 100 мың тоннаны құрайды. Ал мұнай тасымалы көлемінің одан әрі артуы теңіз терминалында танкерлердің тиеуге уақытылы қойылуына байланысты болмақ. Энергетика министрлігі қазіргі таңда КҚК және жүк жөнелтушілермен тұрақты байланыс орнатқанын атап өтті.…

Read More

Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева Испанияның Канар аралдарындағы Маспаломас қаласында өткен World Tennis W100 санатындағы халықаралық турнирдің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды SteppeNews.kz Қазақстан теннис федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Жібек Құламбаева жарыста чехиялық теннисші Анна Шишковамен жұп құрып өнер көрсетті. Екінші нөмірмен тіркелген қазақстандық-чехиялық жұп финалда Чехия өкілі Доминика Салкова мен Швецияның теннисшісі Лиса Заарға қарсы кортқа шықты. Финалдық кездесу екі сетке созылып, Құламбаева мен Шишкова 6:3, 7:6 (7:3) есебімен жеңіске жетті. Матч 1 сағат 54 минутқа созылды. Осылайша, қазақстандық-чехиялық жұп турнир чемпионы атанды. Бұл жеңістің нәтижесінде Жібек Құламбаева жаңартылған әлемдік рейтингте қосымша ұпай жинап, төрт сатыға жоғарылайды.

Read More

Мароккодан мигранттардың жаппай келуінен кейін Испания Сеута автономиялық қаласының жағалауында қорғаныс бөгетін орнату жұмыстарын бастады, деп хабарлайды SteppeNews.kz Stan.kz ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап. El País басылымының мәліметінше, қорғаныс жүйесінің негізгі элементі ұзындығы 500 метр болатын үрлемелі бөгет болмақ. Оның су бетіндегі бөлігі 30-70 сантиметрге дейін көтерілсе, су астындағы бөлігі шамамен бір метр тереңдікке дейін орналасады. Сонымен қатар Испанияның Әскери-теңіз күштері ұсынған қалқымалы буйлар желісі де орнатылады. Бұл жүйе теңіз арқылы заңсыз шекара кесіп өтудің алдын алуға бағытталған. БАҚ мәліметіне сәйкес, 30 шілдеде мыңдаған мигрант бөгет орнатылып жатқан аумақты айналып өтіп, бір бөлігі жаяу, енді бірі жүзіп өтіп Мароккодан Сеутаға кірген.…

Read More

Қайғылы оқиға 16 шілдеде Орал қаласындағы Жайық өзенінде, Ремзавод ауданындағы шомылуға арналмаған жағажайда болды. Суға батып бара жатқан адамды құтқаруға ұмтылған Алсу Ермағамбетова оқиға орнында қаза тапты деп хабарлайды SteppeNews.kz, Мой город басылымына сілтеме жасап. Сол күні Алсу құрбысымен және екі танысымен бірге медициналық колледжге оқуға түскенін атап өту үшін өзен жағасына демалуға барған. Марқұмның тәтесі Айгүл Хусаинованың айтуынша, Алсу Теректі ауданының Теректі ауылында әжесінің қолында тәрбиеленген. Ол мектепті «жақсы» және «өте жақсы» бағамен тәмамдап, спортпен белсенді айналысқан, түрлі жетістіктері үшін көптеген марапатқа ие болған. – Олар өзен жағасында отырып, шырын ішіп, пицца жеген. Кейін Алсу мен құрбысы Милана тізеден…

Read More