Алматы облысындағы заңды ойын бизнесі субъектілері 2026 жылдың алғашқы алты айында мемлекеттік бюджетке 25 млрд теңге салық аударды, деп хабарлайды SteppeNews.kz Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Оның 10,6 млрд теңгесі өңірлік бюджетке түсті. Жалпы, соңғы екі жарым жылда ойын бизнесі мемлекеттік бюджетке 184,7 млрд теңге салық төлесе, оның 53,8 млрд теңгесі Алматы облысының бюджетіне бағытталған. Қазіргі уақытта Қонаев қаласында 21 ойын бизнесі нысаны жұмыс істейді. Оның ішінде 5 казино, 13 букмекерлік кеңсе және 3 ойын автоматтары залы бар. Бұл салада шамамен 2,5 мың адам еңбек етеді. Облыстық Туризм басқармасының мәліметінше, казино келушілерінің шамамен 20 пайызын шетел азаматтары құрайды.…
Автор: Saya
Қытай аумағында тіркелген жер сілкінісі Алматы қаласында 2 балл болып сезілді, деп хабарлайды SteppeNews.kz Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап. 2026 жылғы 29 шілдеде Астана уақыты бойынша сағат 11:09-да ҚР ТЖМ «Сейсмологиялық зерттеу және ақпарат ұлттық ғылыми орталығы» ЖШС-нің сейсмикалық станциялар желісі жер сілкінісін тіркеді. Жер сілкінісінің ошағы Қытай аумағында, Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 257 шақырым жерде орналасқан. Эпицентр координаттары – 41.357° солтүстік ендік және 78.778° шығыс бойлық. Алдын ала мәлімет бойынша, Алматы қаласында жер сілкінісі 2 балл болып сезілген. Зардап шеккендер мен қираулар туралы ақпарат тіркелген жоқ. Төтенше жағдайлар қызметі тұрғындарды сабыр сақтауға, жер сілкінісі кезінде қауіпсіздік ережелерін…
2026 жылғы маусымда зейнетақы жинақтарының жеткіліктілік шектері айтарлықтай көтерілгеннен кейін зейнетақы аннуитетіне деген қызығушылық артты. Зейнетақы аннуитетін ұсынатын өмірді сақтандыру компаниялары оны жеткіліктілік шектерін айналып өтіп, артық қаражатты ипотекаға немесе емделуге пайдалану мүмкіндігі ретінде жарнамалап жатыр. Зейнетақы аннуитеті шынымен тиімді ме? Оның қандай жасырын тұстары бар? Неліктен бұл өнім зейнетақы жинақтарының жеткіліктілік шектері көтерілгенге дейін кең сұранысқа ие болмады? Зейнетақы аннуитеті – бұл азамат пен өмірді сақтандыру компаниясы арасында жасалатын шарт. Оған сәйкес сақтандыру компаниясы адамға өмір бойы ай сайын белгілі бір соманы төлеуге міндеттенеді. Ал азамат аударылған зейнетақы жинақтарына меншік құқығын сақтандыру компаниясына береді. БЖЗҚ мәліметінше, 2024 және 2025…
Тараз қаласында Қазақстан мен Қытайдың су шаруашылығы саласындағы ынтымақтастығы аясында мамандардың біліктілігін арттыру және қайта даярлауға арналған бірлескен оқу орталығы ашылды, деп хабарлайды SteppeNews.kz ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігіне сілтеме жасап. Жаңа оқу орталығы Қазақ су шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты мен Қытайдың «Үш шатқал» электр энергетикасы кәсіптік колледжі арасында жасалған меморандум негізінде ҚазСШҒЗИ базасында құрылды. Орталықтың негізгі мақсаты – Қазақстанның су шаруашылығы саласы мамандарының біліктілігін арттыру, қайта даярлау, сондай-ақ оқу семинарлары мен кәсіби тренингтер ұйымдастыру. Оқыту бағдарламалары Қытайдың су ресурстарын басқару, гидротехникалық нысандар салу, саланы цифрландыру және интеллектуалды басқару жүйелерін енгізу бағыттарындағы тәжірибесіне негізделген заманауи әдістемелер бойынша жүргізіледі. Сонымен қатар…
Жетісу облысындағы Алакөл жағалауында Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі бекіткен 2026 жылға арналған туристік іс-шаралар күнтізбесіне енгізілген «Алакөл толқыны – 2026» фестивалі өтті. Ауқымды шара еліміздегі оқиғалы туризмді дамытуға бағытталған маңызды туристік жобалардың бірі саналады деп хабарлайды SteppeNews.kz, ҚР Туризм және спорт министрлігіне сілтеме жасап. Фестивальдің ашылу рәсіміне Қазақстан Республикасы Туризм және спорт вице-министрі Мирас Төлебаев пен Жетісу облысы әкімінің орынбасары Марлен Қолбаев қатысты. Мирас Төлебаев өз сөзінде Алакөлдің бүгінде Қазақстандағы ең қарқынды дамып келе жатқан туристік бағыттардың біріне айналғанын атап өтті. «Алакөл – еліміздің негізгі туристік бағыттарының бірі. Осындай фестивальдер өңірдің туристік әлеуетін танытып, жаңа қонақтарды тартуға, шағын…
Астанада Креативті индустрияларды дамыту қорының бастамасымен қазақтың дәстүрлі қолөнерін дәріптеуге арналған «Ұлттық қолөнер мектебі» білім беру жобасы өз жұмысын бастады. Жоба Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен жүзеге асырылуда деп хабарлайды SteppeNews.kz, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Бағдарлама аясында 208 оқушы еліміздің танымал қолөнер шеберлерінен тегін білім алады. Жобаның негізгі мақсаты – ұлттық қолөнерді сақтау, оны жас ұрпаққа насихаттау және креативті индустриялардың дамуына серпін беру. Іріктеу кезеңіне Қазақстанның барлық өңірінен қызығушылық жоғары болды. Тәлімгер болуға 331 шебер өтінім берсе, республикалық байқау нәтижесінде олардың ішінен үздік 10 маман таңдалды. Ал оқу бағдарламасына қатысу үшін түскен 450-ден…
27 шілдеде Алматы халықаралық әуежайының ішкі терминалының ұшу аймағында Brewmark мейрамханасы пайдалануға берілді деп хабарлайды SteppeNews.kz, Алматы әуежайының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Жаңа кеңістік жолаушыларға рейс алдында жайлы жағдайда демалып, тағамдар мен сусындардан дәм татуға мүмкіндік береді. Мейрамхананың аумағы 184 шаршы метрді құрайды және 54 адамға арналған. Сондай-ақ мұнда тапсырысты жылдам рәсімдеуге мүмкіндік беретін өзіне-өзі қызмет көрсету аймағы қарастырылған. Алматы халықаралық әуежайы жолаушыларға қолайлы әрі заманауи қызмет көрсету ортасын қалыптастыру мақсатында инфрақұрылымды кезең-кезеңімен жаңғыртып, сервистік қызметтердің сапасын арттыру жұмыстарын жалғастырып келеді.
Базалық мөлшерлеме 17%-дан 16,75%-ға дейін төмендегеннен кейін депозиттердің табыстылығы мен жаңа несиелердің құны уақыт өте келе төмендеуі мүмкін. Алайда мөлшерлеме небәрі 0,25 пайыздық тармаққа ғана азайғандықтан, күрт өзгерістер күтудің қажеті жоқ. Депозиттерге не болады? Банктер теңгедегі жаңа депозиттер бойынша сыйақы мөлшерлемелерін біртіндеп төмендетуі мүмкін, әсіресе нарық ақша-кредит саясатының одан әрі жұмсартылуын күтетін болса. Дегенмен салымшылардың қаражаты үшін бәсекелестік олардың мұны тез немесе толық көлемде жасауына мүмкіндік бермеуі ықтимал. Белгіленген мөлшерлемемен рәсімделген қолданыстағы депозиттер бойынша шарттар, әдетте, келісімшарт мерзімі аяқталғанға дейін өзгермейді. Сондықтан қаражатын ұзақ мерзімге орналастыруды жоспарлағандар үшін қазіргі мөлшерлемелер табыстылықты бекіту тұрғысынан тиімді болуы мүмкін. Бұл ретте, әсіресе жинақ…
HONOR соңғы жылдары бизнес стратегиясын кеңейтіп, смартфон өндірушіден жасанды интеллекті (AI) негізіндегі құрылғылар экожүйесін дамытатын жаһандық технологиялық компанияға айналуда. Компания бүгінде смартфондар, планшеттер, ноутбуктер, смарт-сағаттар, құлаққаптар және басқа да құрылғыларды біртұтас экожүйеге біріктіруге басымдық беріп отыр. Жаңа стратегия аясында HONOR RobotPhone тұжырымдамасын таныстырып, құрылғы мен бұлттық сервистің мүмкіндіктерін біріктіретін AiMAGE есептеу фотосурет жүйесін ұсынды. Сонымен қатар компания жаңа буындағы Agentic OS операциялық жүйесін дамытып, мобильді түсірілім бағытында ARRI компаниясымен ынтымақтастық орнатты. Компанияның жаңартылған HONOR Alpha стратегиясы жасанды интеллектке негізделген ашық экожүйені қалыптастыруға бағытталған. Жаңа стратегия компанияның қаржылық көрсеткіштеріне де оң әсерін тигізді. 2026 жылдың бірінші тоқсанында HONOR сатылым көлемін 25%-ға…
25 шілдеде Қытайдың Уишань станциясынан Y513 «Уишань ұлттық паркі» тақырыптық туристік пойызы алғашқы таныстыру рейсіне шығып, Фучжоу қаласына жол тартты деп хабарлайды SteppeNews.kz. Пойыз локомотив пен жаңғыртылған сегіз вагоннан тұрады. Оның ішінде бес тақырыптық кеңістік жабдықталған. Дизайн тұжырымдамасы Сун дәуірінің эстетикасына негізделсе, негізгі идеясы ЮНЕСКО-ның дүниежүзілік табиғи және мәдени мұралар тізіміне енген Уишаньның бай мұрасын таныстыруға бағытталған. Интерьерде Уишаньның қызыл жартастары мен жасыл өзендері, шай мәдениетінің ерекшелігі, дәстүрлі мәдениет пен таулы орман табиғаты үйлесімді көрініс тапқан. Бұл жолаушыларға көріп қана қоймай, зерттеп, дәмін татып, табиғат пен мәдениетті терең сезінуге мүмкіндік беретін ерекше атмосфера қалыптастырады. Тақырыптық пойыз жеке туристерге, отбасылық танымдық…