Автор: Saya

2026–2027 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру гранттарын тағайындау конкурсының нәтижесі 7 тамыз күні сағат 15:00-де жарияланады. Бұл туралы Республикалық комиссияның отырысынан кейін Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек мәлімдеді, деп хабарлайды SteppeNews.kz. Нәтижелер жарияланғаннан кейін мемлекеттік білім беру гранты иегерлерінің тізімі Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің, Ұлттық тестілеу орталығының ресми ақпараттық ресурстарында, сондай-ақ министрдің әлеуметтік желідегі ресми парақшаларында қолжетімді болады. Сонымен қатар талапкерлер конкурс қорытындысын SteppeNews.kz сайтынан да көре алады. Ресми жарияланғаннан кейін мемлекеттік білім беру гранты иегерлерінің толық тізімі порталға орналастырылады.

Read More

Бүгінде Алматыда метро – миллиондаған адамның күнделікті өмірінің ажырамас бөлігі. Таңертең жұмысқа асыққан тұрғындар, студенттер мен туристер жер астындағы пойызға отырып, қаланың бір шетінен екінші шетіне санаулы минутта жетеді. Қазір метроның жұмысы үйреншікті құбылысқа айналғанымен, осының бәрінің артында ондаған жылға созылған күрес, жүздеген инженердің қажырлы еңбегі және бірнеше буын құрылысшының маңдай тері жатыр. Көпшілік Алматы метросының алғашқы пойызы 2011 жылы жолға шыққанын біледі. Бірақ бұл тарих сол жылдан емес, одан әлдеқайда бұрын басталған. Егер алғашқы жобалар жасалған уақыттан бастап есептесек, Алматы метросының тарихы жиырма жылдан астам уақытты қамтиды. Бұл – Қазақстандағы ең ұзақ салынған әрі ең күрделі инфрақұрылымдық жобалардың бірі.…

Read More

Бүгінде бірден бірнеше банк «жылдық 5%-дан басталатын» ипотеканы жарнамалай бастады. Алайда пайыздарды есептеу тәртібіне мұқият үңілсек, олардың қарапайым қарыз алушы түсінетіндей есептелмейтіні белгілі болады. Пайыздар іс жүзінде қалай есептеледі және коммерциялық банктердің жаңа өнімдері тұрғын үй құрылыс жинақтарының (ТҚЖ) классикалық жүйесінен несімен ерекшеленеді? Бұл туралы Qazaq Expert Club сарапшысы, экономика ғылымдарының кандидаты, қаржыгер Айгерім Ілиясова түсіндірді. Сарапшының айтуынша, коммерциялық банктерде ТҚЖ жүйесіне негізделген ипотекалық өнімдердің пайда болуы – нарық үшін оң өзгеріс. «Бұған дейін ТҚЖ жүйесі бойынша іс жүзінде тек мамандандырылған Отбасы банкі ғана жұмыс істейтін. Формалды түрде бұл жүйе 2026 жылға дейін екінші деңгейлі банктер (ЕДБ) үшін толық жабық…

Read More

Қырғызстанның Шолпан-Ата қаласында Тәжікстанның Сыртқы істер министрі Сироджиддин Мұхриддин Қытай, Қырғызстан және Пәкістан өкілдерімен екіжақты кездесулер өткізді деп хабарлайды SteppeNews.kz, TJ.MIR24.TV сайтына сілтеме жасап. Қытайдың Сыртқы істер министрі Ван Имен өткен келіссөз барысында тараптар тәжік-қытай қатынастарының қазіргі жай-күйі мен ынтымақтастықты одан әрі дамыту перспективаларын талқылады. Кездесуде өзара қызығушылық тудыратын бағыттардағы байланысты кеңейтуге, сондай-ақ халықаралық және өңірлік ұйымдар, оның ішінде Шанхай ынтымақтастық ұйымы аясындағы өзара іс-қимылды нығайтуға ерекше назар аударылды. Ал Қырғызстанның Сыртқы істер министрі Жээнбек Кулубаевпен өткен кездесуде екіжақты және көпжақты ынтымақтастық мәселелері сөз болды. Тараптар сауда-экономикалық байланыстарды кеңейту, мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты дамыту және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір…

Read More

Ақтауда 14 жастағы мектеп оқушысы екі жасөспірімнің шабуылына ұшырап, ауыр жарақат алды. Оқиға видеоға түсіріліп, кейін жәбірленушінің досына қоқан-лоқы жасау үшін жіберілген. Қазір зардап шеккен жасөспірім Маңғыстау облыстық балалар ауруханасында ем қабылдап жатыр. Бұл туралы SteppeNews.kz, Lada.kz басылымына сілтеме жасап хабарлайды. Жәбірленушінің әпкесі Ақтоты Ахметқызының айтуынша, оқиға 4 тамыз күні таңертең 32А шағынауданындағы №10 үйдің маңында болған. Дүкенге шыққан 14 жастағы жасөспірімге шамамен 16–17 жастағы екі жасөспірім жақындаған. Оның айтуынша, күдіктілер баладан телефоны арқылы сол үйде тұратын досына қоңырау шалып, сыртқа шығуын талап еткен. Жасөспірім бұл талаптан бас тартқаннан кейін, олар оны соққыға жығып, болған оқиғаны ұялы телефонға түсірген. Кейін…

Read More

5 тамыз күні STAR.VISION компаниясы Қытайдың Шаньдун провинциясы жағалауындағы теңіздегі ұшыру платформасынан Samarkand-2028 және Lampung-1 гиперспектралды жер серіктерін сәтті ұшырды деп хабарлайды SteppeNew.kz, Өзбекстан Республикасының цифрлық технологиялар министрлігіне сілтеме жасап. Бұл жоба Өзбекстан тарихындағы ең ірі халықаралық ғарыш жобаларының бірі саналады. Ол елдің ұлттық ғарыш бағдарламасын дамытудың жаңа кезеңін бастап қана қоймай, Өзбекстан мен Қытай арасындағы ғылыми-технологиялық ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға мүмкіндік береді. Жоба аясында «Узбеккосмос» агенттігінің мамандары жер серігінің борттық жүйесіне арналған арнайы жасанды интеллект модулін әзірледі. Бұл технология гиперспектралды деректерді тікелей орбитада өңдеуге мүмкіндік беріп, ақпаратты жеткізу мен кейінгі талдау тиімділігін арттырады. Samarkand-2028 миссиясы ғарыштық технологияларды ауыл шаруашылығы,…

Read More

Президенттің «Таза Қазақстан» экологиялық бастамасы аясында және ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің қолдауымен «Жасыл даму» АҚ 2024 жылдан бері ұлттық табиғи парктерді, орман резерваттарын, қорықтар мен орман шаруашылығы мекемелерін арнайы техникамен қамтамасыз етуге 33,1 млрд теңге бөлді деп хабарлайды SteppeNews.kz, ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігіне сілтеме жасап. Қаржы кәдеге жарату төлемдері есебінен бағытталды. Осы уақыт ішінде орман және дала өрттерінің алдын алу мен оларды жедел сөндіруге арналған 1 006 бірлік заманауи техника сатып алынды. Олардың қатарында өрт сөндіру автоцистерналары, жол талғамайтын көліктер, әртүрлі үлгідегі тракторлар және орман қорын қорғауға арналған өзге де арнайы техникалар бар. Жобаның басты мақсаты…

Read More

2025 жылдың қорытындысы бойынша Орталық Азия туризмнің даму қарқыны жөнінен әлемдегі ең жылдам өсіп келе жатқан өңір ретінде танылды. Бұл туралы Дүниежүзілік саяхат және туризм кеңесінің (WTTC) жаңа есебінде айтылды деп хабарлайды SteppeNews.kz, Өзбекстанның Uz24 басылымына сілтеме жасап. Есепке сәйкес, бір жыл ішінде өңірдегі туризмнің жалпы ішкі өнімге (ЖІӨ) қосқан үлесі 17,7%-ға артқан. Бұл – әлемдегі ең жоғары көрсеткіш. 2025 жылы туризмнің Орталық Азия экономикасына қосқан жалпы үлесі 20,1 млрд АҚШ долларына жетіп, өңірдің жалпы ішкі өнімінің 4,3%-ын құрады. Сарапшылардың болжамынша, 2026 жылы бұл көрсеткіш 21,7 млрд долларға дейін өседі. Шетелдік туристер саны артып, сала миллиардтаған табыс әкелді WTTC мәліметінше,…

Read More

Испанияның El País басылымының мәліметінше, Аликанте қаласында жүргізілген құрылыс жұмыстары кезінде шамамен екі мың жыл бұрын жасалған мәрмәр мүсіннің басы кездейсоқ табылды. Археологтардың пікірінше, бұл – ежелгі Римнің махаббат, сұлулық және құнарлылық құдайы Венераның бейнесі. Оқиға Аликантедегі Альмадраба жағажайының маңында болған. Қалалық жағажайды қалпына келтіру жобасы аясында жұмысшылар су құбырын тарту үшін ор қазып жатқан кезде, тас, қиыршық және тұрмыстық қалдықтардың арасынан ақ мәрмәрдан қашалған әйел адамның басын байқап қалады. Құнды жәдігер бүлінбеуі үшін оны уақытша көпіршікті қаптамаға орап, қарапайым дүкеннің пакетімен алып кеткен. Қала әкімдігі бұл олжа туралы екі аптадан кейін ғана ресми мәлімдеді. Мамандар мүсіннің І–ІІ ғасырларға, яғни…

Read More

Соңғы күндері әлеуметтік желілерде той үстінде тілек айтып, елдің назарын аударған ер адамның видеосы қызу талқыға түсті. Дәстүр мен дінді алға тартып, әйелдерді кемсітетін сипатта сөз сөйлеген және өнер иелерінің қызметіне теріс пікір білдірген бұл видео қоғамда үлкен резонанс тудырды деп хабарлайды SteppeNews.kz. Ерлан Қарин: «Қазақстанда бірінші орында діни шектеулер емес, мемлекет заңдары тұрады» Бұл жағдайға қатысты Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары Ерлан Қарин өз пікірін білдіріп, еліміздің зайырлылық ұстанымына ерекше тоқталды. Сондай-ақ ол өнер мен мәдениетті дінге қарсы қою асыра сілтеушілік екенін, мемлекетіміз таңдаған жол бұл еместігін қадап айтты. Көпшілік алдында адамдарды алалау, өз пікірін қасақана тықпалау…

Read More