Автор: Saya

Қырғызстанда «Манас» эпосының ең танымал эпизодтарының бірі – «Көкөтөйдүн ашы» («Көкөтөйдің асы») туралы жаңа кітап жарық көрді. «Манас жана Хатто: Көкөтөйдүн ашы» атты басылым британдық ғалым Артур Томас Хаттоның осы эпизодқа жүргізген зерттеуіне арналған. Бұл туралы SteppeNews.kz 24KG сайтына сілтеме жасап хабарлайды. Кітаптың жарық көргенін Қырғызстанның мемлекеттік хатшысы Арслан Койчиев хабарлады. Басылым манастану саласына арналған көптомдық серияның бір бөлігі. Жобаның ұйымдастырушысы, құрастырушысы әрі демеушісі – қоғам және мемлекет қайраткері Карганбек Самаков. Кітаптың жауапты редакторы – тарих ғылымдарының докторы, филология ғылымдарының кандидаты, профессор Сулайман Кайыпов. Зерттеудің негізіне британдық эпос зерттеушісі, фольклортанушы және манастанушы Артур Томас Хаттоның (1910–2010) еңбегі алынған. 1856 жылы…

Read More

Астанада Спорт күні қарсаңында «Қазақстандағы спорт – реформалардан нәтижеге дейін. Дене шынықтыру және спорт туралы жаңа заңды іске асыру қорытындылары» атты конференция өтіп жатыр. Пленарлық сессияларда спорт саласындағы реформалардың алғашқы нәтижелері талқыланды деп хабарлайды SteppeNews.kz ҚР Туризм және спорт министрлігіне сілтеме жасап. Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау мақсатында Туризм және спорт министрлігі әзірлеген жаңа заң саланы жаңғыртудың негізгі тетіктерінің біріне айналды. Реформа аясында спортты қаржыландырудың ашық моделі енгізіліп, бюджет қаражатын тиімді пайдалану және спорт резервін қолдау шаралары күшейтілді. Реформалардың алғашқы нәтижелері бойынша: 8 млрд теңгеден астам бюджет қаражаты үнемделді. Бұған кәсіби клубтарды қаржыландыруға лимит енгізу және легионерлерді бюджет есебінен қаржыландырудан бас…

Read More

Соңғы уақытта кейбір батыстық БАҚ Қытайда жасалған роботтардың мүмкіндіктеріне күмән келтіріп, оларды «тек билеп, жүгіре алады» деген пікір білдіріп жүр. Сыншылардың пайымынша, мұндай көрсетілімдер тек көрерменге арналған қойылым болып, өндірістік тұрғыдан айтарлықтай практикалық маңызға ие емес. Алайда бұл көзқарас Қытайдың робототехника саласының қазіргі даму деңгейін толық көрсетпейді. Роботтардың сахнада қимылдарды дәл уақытында орындап, бірқалыпты қозғала алуы – озық технологиялардың нақты көрсеткіштерінің бірі. Мұның артында жоғары дәлдіктегі сервожүйелер, қозғалысты жоспарлаудың тиімді алгоритмдері және негізгі компоненттердің сенімді жұмысы тұр. Күрделі тепе-теңдікті сақтап, бір қалыптан екіншісіне бірқалыпты ауысу роботтардың тепе-теңдікті сезіну және қозғалысты басқару сияқты негізгі технологияларды меңгергенін көрсетеді. Бұл базалық технологиялық шешімдерді…

Read More

Алматыда жеңіл рельсті көлік желісінің бірінші кезеңін іске асыруға дайындық жұмыстары жалғасып жатыр. Жоба аясында 375 инженерлік желіні қайта орналастыру жоспарланған, деп хабарлайды SteppeNews.kz Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Қазіргі уақытта негізгі жұмыстар Б. Момышұлы және Төле би көшелерінде жүргізілуде. Мамандар LRT желісі өтетін аумақты дайындап, құрылысқа кедергі келтіретін инженерлік коммуникацияларды қайта орналастыруда. Жоба бойынша қайта орналастырылатын 375 желінің құрамына жылу, байланыс, сумен жабдықтау және кәріз, нөсер кәрізі, газ және электр желілері кіреді. Б. Момышұлы көшесінде, оның ішінде болашақ депо орналасатын аумақта 39 инженерлік коммуникацияны қайта орналастыру көзделген. Оның төртеуі бойынша жұмыс аяқталған. Ал Төле би көшесінде 269…

Read More

Қыркүйек айында Энрике Иглесиас Қазақстанда алғаш рет концерт береді. Әлемдік жұлдыз 3 қыркүйекте Астанадағы Astana Arena сахнасына шығып, 5 қыркүйекте Алматыдағы Орталық стадионда өнер көрсетеді. Концерт кезінде әншінің назарын аударғысы келетін жанкүйерлер үшін бірнеше қарапайым, бірақ есте қаларлық тәсіл бар. 1. Ерекше плакат дайындаңыз «I love you, Enrique» сияқты қалыпты жазулардың орнына әншінің шығармашылығына байланысты ерекше сөз немесе әзіл ойлап табуға болады. Мысалы, шетелдегі концерттердің бірінде жанкүйер «That Somebody’s Me!» деген плакат ұстаған. Энрике оны байқап, сахнаға шақырып, әнді соған арнап орындаған. Сондықтан үлкен баннерден гөрі, мағынасы бар қысқа әрі тапқыр жазу көбірек назар аудартуы мүмкін. 2. Сахнаға жақын орын…

Read More

Бағалы металдар нарығы қайтадан әсерлі динамика көрсетіп отыр. 2026 жылғы 7 тамызда COMEX биржасында алтынның желтоқсандық фьючерстерінің бағасы шамамен 3%-ға өсіп, бір унциясы $4356,28-ға жетті және маусымдағы ең жоғары көрсеткіштерге жақындады. Алтын неліктен қымбаттауын жалғастырып жатыр, алдағы жылдары оның бағасына қандай факторлар әсер етеді және халық бағалы металды жинақтарын сақтаудың құралы ретінде қарастырғаны жөн бе? Экономист, Qazaq Expert Club тең құрылтайшысы Бауржан Шурманов қазіргі раллидің себептерін түсіндіріп, жетекші халықаралық инвестициялық институттардың болжамдарын талдайды және алтынға инвестиция салудың тәуекелдері туралы айтып береді. Баға ауытқуының табиғаты: нарықтың алтын ережесі «Бағалы металдар құнының ауытқуы ешқашан өздігінен болмайды – ол қазіргі макроэкономикалық және геосаяси…

Read More

Бішкекте 31 тамызда VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанаты өтеді. Ал негізгі спорттық және мәдени шаралар 2–6 қыркүйек аралығында Ыстықкөл облысында ұйымдастырылады. Биыл жарысқа 113 елден 3 мыңға жуық спортшы қатысады деп күтілуде. Бұл туралы SteppeNews.kz Кактус — қа сілтеме жасап хабарлайды. Ойындар қашан басталады? VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанаты 31 тамызда Бішкектегі жаңа «Бішкек Арена» стадионында өтеді. 51 мың көрерменге арналған нысан қазіргі уақытта салынып жатыр. Ашылу рәсімі стадионның ресми ашылуы болып саналмайды. «Бішкек Арена» қырғызстандық көрермендер үшін 5 қазанда ресми түрде ашылады деп жоспарланған. Ал негізгі спорттық жарыстар, мәдени бағдарлама және жабылу рәсімі 2–6 қыркүйек аралығында Ыстықкөл облысында…

Read More

Түрікменстанның «Түрікменгаз» мемлекеттік концерні мен Ауғанстанның Afghan Gas мемлекеттік корпорациясы Герат провинциясын газдандыру жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды, деп хабарлайды SteppeNews.kz Хроника Туркменистана басылымына сілтеме жасап. Құжатқа Түрікменстан Халк Маслахатының төрағасы Гурбангулы Бердымухамедов пен Ауғанстан Министрлер кабинеті төрағасының экономика мәселелері жөніндегі орынбасары Абдул Гани Барадар қол қойған. Гератты не үшін газдандыру қажет? Герат — Ауғанстанның батысындағы, Түрікменстан мен Иранға жақын орналасқан маңызды сауда және өнеркәсіптік өңір. Мұнда өндіріс орындары шоғырланғандықтан, энергияға деген сұраныс жоғары. Жоба аясында түрікмен табиғи газын Гераттағы өнеркәсіптік кәсіпорындарға, электр станцияларына және тұрғындарға жеткізу жоспарланып отыр. Газдың тұрақты жеткізілуі өндіріс орындарының жұмысын қолдауға, электр энергиясын…

Read More

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева қазақстандықтарды Халықаралық жастар күнімен құттықтады. Ол жастардың елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен қоғамдық өміріндегі маңызды рөліне тоқталып, жас буынға артылған сенім мен жауапкершілікті атап өтті, деп хабарлайды Steppenews.kz ҚР Мәдениет және ақпарат министірлігіне сілтеме жасап. Министрдің айтуынша, бүгінде Қазақстанда 5,8 миллионнан астам жас азаматтар бар. Бұл ел халқының шамамен үштен біріне жуық. Сондықтан мемлекеттің болашағы жастардың біліміне, кәсіби білігіне, азаматтық белсенділігі мен жаңа бастамаларына тікелей байланысты. Аида Балаева жастар саясатын дамытудың негізгі бағыттарының қатарында білім мен ғылымды қолдау, инновацияны дамыту және адами капиталды күшейтуді атады. Мемлекет тарапынан жастарға арналған қолдау…

Read More

Алматыда С. Бегалин атындағы Орталық қалалық балалар кітапханасының 75 жылдығына орай «Моңғолия мен Қазақстанның біртұтас мәдени кеңістігі: кітапханааралық ынтымақтастық» атты халықаралық дөңгелек үстел өтті, деп хабарлайды SteppeNews.kz. Басқосуда екі ел кітапханалары арасындағы кәсіби байланыстарды дамыту, тәжірибе алмасу және кітапхана ісін цифрландыру мәселелері талқыланды. Халықаралық шара Моңғолия Ұлттық кітапханасы мен Алматы қаласының кітапханаларының ұйымдастыруымен өтті. Кездесу Абай Құнанбайұлының туған күніне орай ұлы ақынды ұлықтаудан басталды. Моңғолиядан келген қонақтарға Абайдың әндері орындалып, қазақтың ұлы ойшылының шығармашылық мұрасы таныстырылды. Дөңгелек үстелдің Сапарғали Бегалин атындағы кітапханада өтуінің де өзіндік мәні бар. Жазушы, этнограф, мәдениеттанушы және филолог Бердалы Оспанның айтуынша, бұл кітапхана кезінде Қазақстандағы ең…

Read More