Автор: Saya

Ташкенттің қақ ортасында тас дәуірінен бастап Тимуридтер кезеңіне дейінгі тарихты қамтитын 250 мыңнан астам жәдігер сақталған. 1876 жылы негізі қаланған Өзбекстан Мемлекеттік тарих музейі ауқымды реконструкциядан кейін қайтадан келушілерді қабылдай бастады, деп хабарлайды SteppeNews.kz. Ташкент көшелерімен келе жатып, алып текше пішінді, геометриялық элементтермен көмкерілген ғимаратты байқамау қиын. Ақшыл-қызғылт мәрмәрмен қапталған күннен қорғайтын экрандары бар бұл нысан сыртқы келбетімен-ақ қаланың өзгеше сәулеттік нысандарының бірі екенін аңғартады. Алайда ғимараттың ішінде сақталған тарих одан да терең. Мұнда адамзаттың алғашқы құралдарынан бастап көне монеталарға, сақтардың қола қазаны мен Будда мүсініне дейінгі мыңдаған жәдігер бар. Бұл — Өзбекстан Мемлекеттік тарих музейі. Музейдің 150 жылдық тарих…

Read More

Қытайдың Юньнань провинциясында шамамен 4220 жыл бұрын жасалған жартас суреттері анықталды. Археологтардың жаңа зерттеуі Қытайдың оңтүстік-батысындағы ежелгі жартас өнерінің тарихын бұрынғыдан да ерте кезеңге жылжытты, деп хабарлайды SteppeNews.kz. CCTV — дің жазуынша зерттеуді Юньнань провинциясының мәдени мұралар және археология институты Нанкин педагогикалық университеті және басқа да ғылыми ұйымдармен бірлесіп жүргізген. Ғалымдар Линьцан қаласындағы Гэнма-Дай және Ва автономды ауданында орналасқан Маңгуань жартас суреттері ескерткішіне жүйелі археологиялық зерттеу жүргізіп, жоғары дәлдіктегі урандық қатарлар әдісі арқылы оның жасын анықтады. Жартас суреттері 4220 жыл бұрын салынған Зерттеу нәтижелері халықаралық археологиялық Journal of Archaeological Science Reports журналында жарияланған. Ғалымдар алғаш рет Маңгуань жартас суреттерінің абсолютті…

Read More

2026 жылы қазақстандық бизнес өсу стратегиясынан тиімділік стратегиясына барған сайын айқын бет бұрып келеді. Қаржы директорларының 80%-ы шығындарды оңтайландыруды негізгі басымдықтардың бірі деп атайды. Бұл ретте бизнеске кері әсер ететін басты сыртқы фактор инфляция да, жоғары базалық мөлшерлеме де емес, салық заңнамасындағы өзгерістер болып шықты. Сонымен қатар, қаржы бөлімшелерінің жартысынан астамы генеративті ЖИ-ді қолданып жүр. Бұл командалардың қысқаруына ғана емес, болашақта күтпеген кадрлық мәселеге де алып келуі мүмкін. Мұндай қорытындыға Qazaq Expert Club сарапшысы Арман Шокпаров өзінің консалтингтік компаниясы Қазақстанның қаржы директорлары арасында жүргізген зерттеу аясында келді. Зерттеуге түрлі салалардағы қазақстандық және халықаралық компаниялардың жоғары буындағы 75 басшысы қатысты. Оның…

Read More

Австралиялық саяхатшылар Қазақстанды үйреншікті Еуропа бағыттарына балама ретінде тани бастады. Оларды Ұлы Жібек жолы, кең дала, таулар, көне қалалар және жаппай туризмнен алыс Орталық Азияны көру мүмкіндігі қызықтырады. Бұл туралы SteppeNews.kz хабарлайды. Қазақстан жаңа туристік бағыт ретінде танылып келеді Қазақстан Австралияның туристік картасында біртіндеп танымал бола бастады. The Traveler мамандандырылған басылымының жазуынша, ұзақ сапарларға ерекше бағыт іздейтін австралиялықтардың Орталық Азияға қызығушылығы артып келеді. Әзірге бұл Еуропаның танымал бағыттарымен салыстыруға келетін жаппай туристік ағын емес. Дегенмен туристік компаниялар Қазақстанды Өзбекстан және Қырғызстанмен байланыстыратын, бір сапар барысында өңірдің бірнеше елін аралауға мүмкіндік беретін маршруттарға қызығушылықтың артқанын атап өтеді. Лондон, Париж, Рим және…

Read More

Алматыда технология мен мобильді фотографияға қызығатындар үшін жаңа флагманмен танысуға мүмкіндік туды. 12 тамызда HUAWEI компаниясы Pura90s жаңа флагмандық сериясының таныстырылымын өткізді, деп хабарлайды SteppeNews.kz. Жаңа топтамаға HUAWEI Pura90s Pro және Pura90s Pro Max модельдері кірді. Таныстырылымның негізгі тақырыбы смартфонның камера мүмкіндіктері болды. Смартфон өндірушілері үшін флагман ұғымы бұрын тек қуатты процессормен немесе үлкен экранмен шектелмейді. Қазір камераның мүмкіндігі де құрылғы таңдаудағы басты факторлардың біріне айналды. HUAWEI жаңа сериясын дәл осы бағытта дамытып, мобильді фотографияны күнделікті қолдануға барынша ыңғайлы етуді көздеген. Фотографиядағы сегіз жылдық жол Таныстырылым барысында HUAWEI компаниясының оқыту жөніндегі менеджері Қуат Абай брендтің мобильді фотография бағытындағы эволюциясына тоқталды.…

Read More

Ташкенттің Чиланзар, Алмазар және Сергели аудандарында когенерациялық қондырғылар іске қосылғаннан кейін осындай жобалар елорданың тағы жеті ауданында жүзеге асырылуға дайындалып жатыр. Олардың жалпы қуаты 203 МВт болады. Ал жылу 600-ден астам тұрғын үй және әлеуметтік нысанға беріледі. Бұл туралы «Газетаға» «Тепловые электрические станции» компаниясы хабарлады деп SteppeNews.kz gazeta.uz ақпараттық сайтына сілтеме жасай отырып хабарлайды. Ташкенттің жеті ауданында жалпы электр қуаты 203 МВт болатын когенерациялық қондырғылар салу жобалары жоспарланып отыр. Жобалар мемлекеттік-жекеменшік әріптестік (МЖӘ) негізінде жүзеге асырылады. Бұл туралы «Газетаға» «Тепловые электрические станции» компаниясы хабарлады. Жаңа нысандар елорданың Мирзо-Ұлықбек, Янгихаёт, Яшнабад, Учтепа, Мирабад, Шайхантахур және Юнусабад аудандарында салынады. Олар 615 нысанды,…

Read More

Сеулде ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек пен Корея Республикасының Премьер-министрінің орынбасары – Ғылым және ақпараттық-коммуникациялық технологиялар министрі Пэ Кен Хун кездесті. Тараптар ғылым, жоғары білім және жасанды интеллект салаларындағы Қазақстан–Корея ынтымақтастығын талқылады деп хабарлайды SteppeNews.kz ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігіне сілтеме жасап. Келіссөздерде жасанды интеллект саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуге ерекше назар аударылды. Атап айтқанда, озық технологиялар трансфері, бірлескен ғылыми-зерттеу жобаларын іске асыру және екі елдің білім беру мен ғылыми ұйымдары арасындағы байланысты нығайту мәселелері қаралды. Кездесудің негізгі тақырыптарының бірі – Корей ғылым және озық технологиялар институты (KAIST) филиалын Қазақстанда ашу болды. Тараптар жасанды интеллект, цифрлық технологиялар және…

Read More

Астанада аты аңызға айналған қазақстандық музыкант Батырхан Шүкеновтің шығармашылығы мен «А-Студио» тобының мұрасына арналған музыкалық кеш өтеді. Концерт Expo Music Fest аясында EXPO аумағындағы жазғы сахнада ұйымдастырылады деп хабарлайды SteppeNews.kz Liter.kz сайтына сілтеме жасап. Музыкалық кеш 15 тамыз күні сағат 19:30-да басталады. Кеш барысында Қазақстанның музыкалық тарихында өзіндік орны бар, бірнеше буын тыңдарманына таныс композициялар орындалады. Концертке DJ Angel, Ильяс Төлеген, Марал Ками, Аслан Атығаев, Сырым Дюсембеков, Aslanbi, Кристина Жұрабекова және Аружан Ашимова қатысады. Ұйымдастырушылардың айтуынша, концерттің хедлайнері – «The Jigits» тобы. Кеште заманауи орындаушылар Батырхан Шүкенов пен «А-Студио» шығармашылығымен байланысты танымал әндерді өзіндік мәнерде орындайды. Ұйымдастырушылар көрермендерге жанды музыка…

Read More

Алматыда Халықаралық жастар күніне орай ұйымдастырылған ALMA LOVE 2026 жастар фестивалі аяқталды. Он күнге созылған фестивальге 20 мыңнан астам алматылық жас қатысып, бағдарлама 50-ден астам мәдени, білім беру, спорттық, экологиялық және қоғамдық іс-шараны қамтыды. Бұл туралы қалалық Жастар саясаты басқармасының өкілдері хабарлады деп SteppeNews.kz хабарлайды. Фестивальдің гранд-финалы 12 тамызда «Шабыт» жазғы амфитеатрында өтті. Биылғы іс-шараның негізгі тақырыптары «Адал азамат» құндылықтары, «Заң және тәртіп» қағидаты және «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бастамасы болды. «Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев атап өткендей, өскелең ұрпақтың отаншылдығы – болашаққа деген шынайы ұмтылыс. Президент жастарға, олардың күш-жігеріне, таланты мен біліміне үлкен сенім артады. Біз өз тарапымыздан бұл сенімді…

Read More

Мұнай нарығы қайтадан геосаяси факторлардың ықпалына түсті. 12 тамызда Ормуз бұғазы арқылы кеме қатынасына қойылған шектеулердің сақталуы, АҚШ пен Иран арасындағы келіссөздерде тұрақты шешімнің болмауы және Ормуз бен Баб-эль-Мандеб бұғаздарындағы кемелерге жасалған жаңа шабуылдар аясында Brent бағасы барреліне $90-ға жуықтады. Алайда 13 тамыз күні таңертең АҚШ-тағы мұнай қорының күрт өсуі және әлемдік сұраныс болжамдарының нашарлауы аясында котировкалар шамамен $88-ға дейін түзетілді. Ірі мұнай экспорттаушы ел ретінде Қазақстан үшін қымбат мұнай, бір қарағанда, сөзсіз тиімді. Алайда Qazaq Expert Club сарапшысы, қаржыгер Венера Жаналина өзінің Telegram-арнасында* жазғандай, жағдай парадоксты сипат алып отыр: баррель бағасы өсіп жатқанда, ел физикалық тұрғыдан азырақ мұнай өндіруде.…

Read More