Автор: Saya

Түркияның Чорум провинциясы Бозкале ауданындағы ежелгі Хаттуса қаласында археологиялық қазба жұмыстары 120 жылдан бері жалғасып келеді. Қазір мұнда бес елден келген 55 ғалым мен студент түрлі ғылыми бағыт бойынша зерттеу жүргізіп, шамамен 8 мың жылдық тарихы бар көне мекеннің құпияларын ашуға тырысуда. Хатти және хетт өркениеттерінің мәдени мұрасын сақтаған Хаттусада б.з.д. VI мыңжылдыққа жататын қоныстардың іздері де кездеседі. Ежелгі қала ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұра және «Әлем жады» тізімдеріне енгізілген. Хаттуса Чорум қаласынан оңтүстік-батысқа қарай шамамен 80 шақырым жерде орналасқан. Қоныстың аумағы шамамен 2 шаршы шақырымды құрайды. Қаланы жалпы ұзындығы 7 шақырым болатын қорғаныс жүйесі қоршап жатыр. Мұнда жүйелі ғылыми қазба жұмыстары…

Read More

12 тамызда «Шетелдік жоғары оқу орындарының оқытушылары Шыңжаңды тамашалайды» тобының құрамындағы 12 адам Үрімші қаласында орналасқан Шыңжаң ұйғыр дәстүрлі медицинасы ауруханасына барды. Делегация аурухана базасында құрылған дәстүрлі қытай медицинасы мен фармакологиясы мәдениетін насихаттау және ағарту орталығының жұмысымен танысты. Бұл – Шыңжаңдағы дәстүрлі қытай медицинасы мен фармакологиясы мәдениетін насихаттау және ағарту бағытындағы бірнеше алаңның бірі. Аталған орталық ғылыми білімді танымал ету, мәдени-ағартушылық жұмыс және интерактивті тәжірибені біріктіреді. Мұндағы тақырыптық көрме залдарында дәстүрлі қытай және ұйғыр медицинасының өзара ықпалдастығы мен даму нәтижелері көрсетіледі. Сонымен қатар түрлі диагностикалық және емдеу процедуралары, сауықтыру шаралары арқылы орталыққа келген ғалымдар ұлттық дәстүрлі медицинаның терең тарихы мен…

Read More

Қазақстандықтар автокөлікті несиеге барған сайын белсенді сатып алуда, алайда автонесиелеу көлемімен бірге тәуекелдер де артып келеді. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің деректеріне сәйкес, тек 2025 жылдың өзінде автонесиелер портфелі 42,4%-ға өсіп, 4 трлн теңгеге жетті. Бұл ретте мерзімі өткен берешек көлемі 240 млрд теңгеге жуықтады. Тағы бір алаңдатарлық көрсеткішті Ұлттық банк келтіреді: үшінші сатыдағы автонесиелердің үлесі 5,7%-ға жетті. ХҚЕС бойынша бұл санатқа құнсыздану белгілері бар және қайтарылмау тәуекелі жоғары проблемалық несиелер жатады. Неліктен қарыз алушылар автонесиені өтеуде қиындықтарға тап болады және автокөлікті несиеге сатып алмас бұрын нені ескеру қажет? Бұл мәселелерді Qazaq Expert Club сарапшысы, э.ғ.к., қаржыгер Айгерім Ильясова* талдайды.…

Read More

Мың жылдан астам уақыт бойы сақталған Юньган үңгірлері енді тек тарихи ескерткіш ретінде емес, цифрлық технологияның көмегімен зерттелетін бірегей деректер қоймасы ретінде қарастырылып отыр. Қытай мамандары үш өлшемді гиперспектралды бейнелеу технологиясы арқылы үңгірлердің геометриялық құрылымын, жыныс құрамын, бояу іздері мен көзге көрінбейтін зақымдану белгілерін анықтады. Бұл туралы SteppeNews.kz stdaily.com сайтына сілтеме жасап хабарлайды. Мың жылдық тарихты цифр арқылы «оқу» Қытайдың Шаньси провинциясындағы Юньган үңгірлері ғасырлар бойы табиғи және адам әсерінен болатын өзгерістерге қарамастан сақталып келеді. Бүгінде мұнда негізгі 45 үңгір бар. 2001 жылы тарихи кешен ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мәдени мұралар тізіміне енгізілді. Юньгандағы №7 және №8 үңгірлер ерекше маңызға ие. Олар…

Read More

13–15 тамыз аралығында Ақмола облысында SHAIQAS 2026 әскери-инженерлік чемпионаты өтті. Оған еліміздің түкпір-түкпірінен инженерлер, әзірлеушілер, әскери қызметшілер мен жоғары оқу орындарының студенттері қатысып, өздерінің технологиялық және инженерлік әзірлемелерін сынақтан өткізді, деп хабарлайды SteppeNews.kz ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігіне сілтеме жасап. 20 үздік команда финалда бақ сынады Биыл чемпионатқа Қазақстанның барлық өңірінен 100-ден астам команда қатысуға өтінім берген. Іріктеу кезеңінің қорытындысы бойынша үздік 20 команда финалға жолдама алды. Қатысушылар өз жобаларын таныстырып қана қоймай, әскери полигон аумағында практикалық сынақтардан өтті. Финалға Nazarbayev University, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті, Ғұмарбек Дәукеев атындағы…

Read More

Қырғызстанның Ыстықкөл өңірлік басқармасы көл акваториясында үш күн қатарынан рейд жүргізіп, нәтижесінде 6,8 шақырым ескі синтетикалық тор мен 140 келі қоқыс шығарды, деп хабарлайды SteppeNews.kz. Қырғызстандағы Ыстықкөлдің экожүйесін қорғау мақсатында заңсыз балық аулауға қарсы рейдтік шаралар жалғасып жатыр. Үш күнге созылған тексеру барысында көл түбінен мыңдаған метр синтетикалық тор алынды. Үш күнде 6,8 шақырым тор жиналды Рейдтік жұмыстар 11–13 тамыз аралығында Ыстықкөл акваториясында жүргізілген. 11 тамызда мамандар көлден 2300 метр ескі синтетикалық тор мен 50 келі қоқыс шығарған. 12 тамызда тағы 2000 метр тор және 40 келі қоқыс жиналды. Ал 13 тамыздағы рейд кезінде 2500 метр синтетикалық тор мен 50…

Read More

Алматы облысының Қарасай ауданындағы Жібек жолы ауылында 200 көрерменге арналған жаңа мәдениет үйі пайдалануға берілді. Нысан Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту жөніндегі тапсырмалары аясында салынған деп хабарлайды SteppeNews.kz ҚР Премьер-министрінің ресми ақпараттық ресурсына сілтеме жасап. 5 гектар аумақта орналасқан мәдениет үйінің құрылысына 658 млн теңге жұмсалды. Ғимаратта 200 орындық көрермен залы, сахна және шығармашылық үйірмелерге арналған кабинеттер бар. Жаңа мәдениет үйінде концерттер мен театрландырылған қойылымдар ұйымдастырылып, домбыра, жыр-терме, вокал, би және қолданбалы өнер үйірмелері жұмыс істейді. Сонымен қатар ақындарға арналған «Шежіре» тәлімгерлік орталығы мен аға буын ансамблі өз қызметін жүргізеді. Мұнда балалар мен жастардың шығармашылық қабілетін дамытуға, ұлттық…

Read More

Қазақстан мен Қытай Орта дәлізді жаңа технологиялық деңгейге шығаруды көздеп отыр. Яғни кәдімгі транзиттік бағыттан жасанды интеллект, үлкен деректер және цифрлық егіздер жүк ағынын басқаруға көмектесетін интеллектуалды жүйеге көшу жоспарлануда. Теміржолдан «интеллектуалды дәлізге» дейін 15 шілдеде Шанхайда өткен Қазақстан-Қытай бизнес-форумында «Самұрық-Қазына» басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов екі ел арасындағы көлік саласындағы ынтымақтастықтың келесі кезеңі интеллектуалды көлік дәлізін құру болуы тиіс екенін мәлімдеді. Көлік бағыттарының бәсекеге қабілеттілігі енді тек инфрақұрылымға байланысты емес. Мұнда деректер, цифрлық платформалар мен жасанды интеллект барған сайын маңызды рөл атқарады, — деді ол өз сөзінде. Әңгіме қолданыстағы көлік инфрақұрылымын жасанды интеллектпен, Big Data, цифрлық егіздермен және жүктерді интеллектуалды…

Read More

Жасанды интеллект саласына мамандар даярлау бүгінде мемлекеттік саясаттың маңызды бағыттарының біріне айналды. Осы мақсатта ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі студенттердің цифрлық құзыреттерін арттыруға және ЖИ технологияларын білім беру үдерісіне енгізуге бағытталған AI-Sana бағдарламасын жүзеге асырып келеді деп хабарлайды SteppeNews.kz ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігіне сілтеме жасап. Қарағанды индустриялық университеті аталған бағдарламаға белсенді қатысып, білім алушылардың жасанды интеллект құралдарын меңгеруіне және оларды болашақ кәсіби қызметінде қолдануына мүмкіндік жасап отыр. Университетте студенттердің ЖИ саласындағы дағдыларын қалыптастыру бірнеше кезеңмен жүргізіледі. Алдымен білім алушылар цифрлық сауаттылықтың негізгі қағидаларын меңгереді. Одан кейін бейіндік пәндер барысында жасанды интеллект құралдарын пайдалануды үйренеді. Ал IT мамандықтарында…

Read More

14 тамызда Алматыдағы Орталық стадионда өтетін Канье Уэстің концертіне байланысты 26 автобус және 6 троллейбус бағытының қозғалыс сызбасы уақытша өзгереді, деп хабарлайды SteppeNews.kz Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. Қалалық әкімдіктің мәліметінше, 14 тамыз күні сағат 16:00-ден 00:00-ге дейін Орталық стадион маңындағы бірқатар көшелерде автокөлік қозғалысына шектеу енгізіледі. Атап айтқанда: Абай даңғылында — Байзақов көшесінен Сейфуллин даңғылына дейін; Сәтбаев көшесінде — Байзақов көшесінен Сейфуллин даңғылына дейін; Байтұрсынов көшесінде — Шевченко көшесінен Тимирязев көшесіне дейін көлік қозғалысы шектеледі. Осыған байланысты қоғамдық көліктің 32 бағытының қозғалыс сызбасы уақытша өзгереді. Өзгерістер мына автобус бағыттарына қатысты: №3, 18, 21, 25, 30, 34,…

Read More