Автор: Saya

Колумбияның батысында 10 тамызда қуатты жер сілкінісі болып, кемінде 111 адам қаза тауып, 87 адам жарақат алды. Жер сілкінісінің магнитудасы 7,4 болды. Елде төтенше жағдай жарияланды деп хабарлайды SteppeNews.kz. АҚШ Геологиялық қызметінің (USGS) мәліметінше, жер сілкінісі жергілікті уақыт бойынша таңғы 07:34-те тіркелген. Эпицентрі Колумбияның Тынық мұхиты жағалауындағы Сан-Хосе-дель-Пальмар елді мекенінің маңында орналасқан. Жер сілкінісінің ошағы 107 шақырым тереңдікте болған. USGS бағалауынша, табиғи апаттан ауқымды қирау мен адам шығыны болуы ықтималдығы жоғары. Алдын ала есеп бойынша, шамамен 10,5 миллион адам жер сілкінісінің күштіден (MMI VI) өте күштіге (MMI VII) дейінгі қарқындылығын сезінген. Мамандар негізгі дүмпуден кейін афтершоктар болуы мүмкін екенін, олардың…

Read More

Бүгін, 10 тамызда Қазақстанда ұлы ақын, ойшыл, ағартушы әрі композитор Абай Құнанбайұлының туған күні аталып өтуде. Биыл қазақтың бас ақынының дүниеге келгеніне 181 жыл толды. Абайдың рухани мұрасы Қазақстанда ғана емес, әлемнің көптеген елінде кеңінен насихатталып келеді.  Абай Құнанбайұлының есімі қазақ әдебиеті мен мәдениетінде ғана емес, жалпы адамзаттың рухани ой-санасында өзіндік орны бар тұлға ретінде қалыптасты. Оның шығармаларында білім мен ғылым, еңбек, әділет, адамгершілік және өзін-өзі жетілдіру сияқты құндылықтар кеңінен көрініс тапқан. Ақынның өлеңдері мен қара сөздері ұрпақтан-ұрпаққа жетіп, бүгінде әдебиет пен музыкада, театр мен музей ісінде, білім беру саласында кеңінен дәріптеліп келеді. Абай есімі Қазақстанда қалай ұлықталған? Абайға деген…

Read More

Алматыда Қазақстан мен Орталық Азия елдерінің жас көшбасшыларын біріктірген Almaty Youth Forum 2026 халықаралық жастар форумы басталды. Іс-шараның негізгі тақырыптары жасанды интеллект, климаттық технологиялар, цифрлық қауіпсіздік, волонтерлікті дамыту және әлеуметтік инновацияларға арналды. Форумның мақсаты мен ұйымдастырушылары Форумды Алматы қаласының әкімдігі, Қазақстандағы БҰҰ Балалар қоры (ЮНИСЕФ) және Алматы волонтерлерінің фронт-офисі ұйымдастырды. Іс-шара Тұрақты даму жолындағы халықаралық еріктілер жылы аясында өтіп жатыр. Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының басшысы Азиз Кажденбек жастарға өз идеяларын нақты жобаларға айналдыруға мүмкіндік берудің маңызын атап өтті. «Бүгінде жастар үшін идеяларын нақты жобаларға айналдырып, бастамаларына мемлекет, халықаралық ұйымдар мен бизнес тарапынан қолдау көрсетілетін орта қалыптастыру аса маңызды. Almaty…

Read More

Алматыда болашақ Қазақстан-Қытай бірлескен жер сілкіністерін зерттеу орталығы ғимаратының ашылу рәсімі өтті, деп хабарлайды SteppeNews.kz ҚР ТЖМ баспасөз орталығына сілтеме жасап. Іс-шараға Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі, генерал-лейтенант Шыңғыс Әрінов, Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды, Қытай Халық Республикасының Алматыдағы Бас консулы Су Фанцю, ҚХР Жер сілкіністері жөніндегі әкімшілігінің Геофизика институтының өкілдері, мемлекеттік органдар мен ғылыми қоғамдастық өкілдері және шақырылған қонақтар қатысты. Қазақстан мен Қытайдың сейсмикалық қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастығы Ғимараттың ашылуы сейсмикалық қауіпсіздік саласындағы Қазақстан мен Қытай арасындағы ынтымақтастықты дамытудың маңызды кезеңі болды. Қазақстан тарапы болашақ бірлескен орталықтың жұмыс істеуі үшін қажетті инфрақұрылымды қалыптастырды. Екіжақты ғылыми өзара іс-қимылды жүйелі түрде дамыту…

Read More

Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының жетекші ғылыми қызметкері Еркин Байдаровпен эксклюзивті сұхбат: Қытай «анар дәндері метафорасын» заңнамада бекітті, енді ұлттық бірлік гүлі ешқашан солмайды. «55 + 1 = 1» формуласы: өзіндік болмысты жоғалтпайтын бірлік 2026 жылғы 12 наурызда Бүкілқытайлық халық өкілдері жиналысының 14-шақырылымының 4-сессиясында «Ұлттық бірлік пен прогреске жәрдемдесу туралы заңның» қабылдануын тек құқықтық негіз ретінде ғана емес, сонымен қатар біртұтас «қытай ұлтын» қалыптастыру бағытындағы кезекті қадам ретінде қарастыру қажет. «55 + 1 = 1» формуласы ханьдық емес 55 этнос пен ханьдардың өздерінің ұлттық ерекшеліктерін, тілдері мен дәстүрлерін сақтай отырып, біртұтас әрі бөлінбейтін Қытай Халық Республикасын құрайтынын білдіреді. Бұл заңның геосаяси…

Read More

«Алтын үлкен сыртқы сақина» тек тармақталған жол желісін ғана білдірмейді. Ол Қытайдың экономикалық-географиялық құрылымын өзгертуге бағытталған белсенді қадамдардың бірі болмақ, деп хабарлайды SteppeNews.kz China News Service — ке сілтеме беріп. Қытай жалпы ұзындығы 27 мың шақырымға жуық «сыртқы айналма жол» салуды жоспарлап отыр. Қытайдың көлік картасына қарасақ, үш аса ұзын мемлекеттік автомобиль жолын көруге болады: G219 елдің батыс шекарасы бойымен өтеді, G331 солтүстік шекаралас аудандарды кесіп өтеді, ал G228 шығыс жағалауды байланыстырады. Олардың басталуы мен аяқталу нүктелерін жалғастырсақ, жалпы ұзындығы Жер экваторының шамамен үштен екісіне тең болады. Жақында Қытай Көлік министрлігі 15-бесжылдық жоспарды іске асыру кезеңінде осы үш негізгі көлік…

Read More

Тайшань тауының Шаньдун провинциясындағы ирек тасты баспалдақтарында «серіктер» туристерге суретке түсуге көмектесіп, жол бойы әңгімелесіп, уақыттарын қызықты өткізуге жәрдемдеседі. Үшінші деңгейлі ауруханаларда сүйемелдеушілер қарт адамдардың қолынан ұстап, оларды түрлі бөлімдерге алып барады. Ал үйлерде серік-роботтар балалармен бірге ағылшын тілін тереңдетіп оқиды. Қытай экономикасы мен қоғамының одан әрі дамуымен эмоционалдық қажеттіліктерді қанағаттандыруға және сүйемелдеу қызметін ұсынуға бағытталған қызмет көрсету саласының жаңа түрі – «сүйемелдеу экономикасы» қарқынды дамып келеді және халықаралық назар аударуда. Шетелдік БАҚ-тың атап өтуінше, адамдар арасындағы ақылы сүйемелдеуден бастап адамдар мен машиналар арасындағы эмоционалдық өзара әрекетке дейінгі бұл жаңа сала қарқынды дамып келе жатқанын көрсетеді. Шетелдік БАҚ пікірінше, «сүйемелдеу…

Read More

Сот статистикасына сәйкес, Қазақстанда отбасылық даулардың саны артып келеді. 2024 жылы соттарға неке-отбасы қатынастарына байланысты 110 727 талап арыз түссе, 2025 жылы бұл көрсеткіш 116 507-ге жеткен. Ал 2026 жылдың алғашқы жартыжылдығында ғана соттарға осындай 61 133 талап арыз келіп түсті. Сонымен қатар әрбір іс міндетті түрде сот шешімімен аяқталмайды. Көп жағдайда ерлі-зайыптылар сот процесі барысында-ақ татуласып жатады. Мәселен, 2025 жылы 116 мыңнан астам талап арыз түскенімен, аяқталған отбасылық істердің саны 97 495 болды. Неліктен отбасылық жанжалдар көбейіп жатыр? Қандай даулар жиі кездеседі? Ерлі-зайыптылар ажырасқаннан кейін қандай қателіктер жібереді? Бұл туралы Qazaq Expert Club сарапшысы, судья Динара Құйқабаева айтып берді.…

Read More

Халықаралық Comic Con Astana 2026 фестивалінде киберпанк элементтерін, жасанды интеллектіні және Ұлы дала мәдениетін көркемдік тұрғыдан қайта пайымдауды біріктірген қазақстандық жаңа жоба – Tengrida: Cyber Steppe арт-фильмі таныстырылды. Comic Con Astana фестивалінде көрермендерге алғаш рет жаңа авторлық әлемді таныстыратын үш минуттық AI-анимациялық эпизод (V акт – «Арена») көрсетілді. Әлемнің сюжеті мен философиясы Оқиғаның ортасында техно-кланның аренасына әлемге күш емес, әділдік қайтару үшін шыққан Тенгрида есімді жас қыз тұр. Жобаның негізгі идеясы «Шындық пен әділдік – егіздер» формуласымен берілген. Сюжет көрерменді технологиялар адамдардың жадын біртіндеп алмастырған, ал шындық кедергіге айналған болашаққа алып келеді. Қатыгез жекпе-жектер көпшілік үшін ойын-сауыққа айналған кибер-аренада Тенгрида…

Read More

Ақтау қаласында Каспий теңізінің жағалауында Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері мен олардың отбасы мүшелеріне арналған «112 Resort Aktau» демалыс орталығы ашылды, деп хабарлайды SteppeNews.kz ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап. Салтанатты ашылу рәсіміне Төтенше жағдайлар министрі, генерал-лейтенант Шыңғыс Әрінов, Ақтау қаласының әкімі Әбілқайыр Байпақов, департамент басшылығы мен ТЖМ ардагерлері қатысты. Жоба министр Ақтау, 112 Resort Aktau, ТЖМ, Төтенше жағдайлар министрлігі, Шыңғыс Әрінов, Маңғыстау, демалыс орталығы, құтқарушыларжүзеге асырылған. «112 Resort Aktau» елімізде азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері мен олардың отбасы мүшелеріне арнайы арналған алғашқы ведомстволық демалыс орталығы болып отыр. Жоба аясында аумақта 45 заманауи капсулалық үй орналастыру жоспарланған. Қазіргі таңда қажетті тұрмыстық техника…

Read More