Алматыда LRT Алматыда LRT құрылысына байланысты Момышұлы көшесінде қозғалыс уақытша шектеледі жобасын іске асыруға байланысты Төле би көшесінің бір бөлігінде көлік қозғалысы уақытша шектеледі, деп хабарлайды SteppeNews.kz. Бұл туралы жол жөндеу жұмыстарының барысы мен көшелердің жабылу уақыты туралы ақпарат беретін Almaty Joly Telegram арнасы мәлімдеді. Жол учаскесіндегі қозғалыс 7 қыркүйек сағат 23:00-ден 8 қыркүйек сағат 14:00-ге дейін тоқтатылады. Шектеу Байтұрсынов көшесінен Досмұхамедов көшесіне дейінгі аралыққа қатысты. Жөндеу жұмыстары жүргізілетін аумақта тиісті ескерту белгілері орнатылады. Жүргізушілерге сапар бағытын алдын ала жоспарлау ұсынылады. Қаладағы көлік қозғалысына енгізілетін уақытша шектеулер туралы ақпарат Almaty Joly Telegram арнасында, Алматы әкімдігінің әлеуметтік желілерінде, сондай-ақ 2GIS және…
Автор: Saya
Қазақстанда басталған халықаралық музыкалық жоба Silk Way Star екінші маусымын Қытайда жалғастырды. Байқаудың алғашқы шығарылымы CCTV телеарналары мен цифрлық платформаларда көрсетіліп, Қазақстан атынан қатысып жатқан Рухия Байдүкенова алғашқы турда жеңіске жетті, деп хабарлайды SteppeNews.kz. Екінші маусымға Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Ресей, Вьетнам, Малайзия, Түркия, Сербия, Оңтүстік Африка Республикасы, Жаңа Зеландия, Бразилия және Грузиядан өнерпаздар қатысып жатыр. Қазақстанның атынан әнші Рухия Байдүкенова өнер көрсетуде. Байқаудың алғашқы шығарылымында ол қазақтың халық әні «Бұлбұлды» орындап, бірінші турдың жеңімпазы атанды. Жобаның жаңа маусымы Қытайдың Иу қаласында өтіп жатыр. Ал алғашқы шығарылымы CCTV-3 және CCTV-15 телеарналарында, сондай-ақ CCTV.com мен CCTV Arts цифрлық платформаларында көрсетілді. Silk Way…
Қытайда технологиялық компаниялар мен өндіріс орындарына арнайы экскурсия ұйымдастыруға шетелдік инвесторлар мен кәсіпкерлердің қызығушылығы артып келеді. Елдегі робототехника, жасанды интеллект, электромобиль және аккумулятор өндірісі туристік бағыттардың біріне айналып отыр, деп хабарлайды SteppeNews.kz Reuters — ке сілтеме жасап. Соңғы жылдары Қытайға келетін шетелдік қонақтардың арасында елдің технологиялық және өндірістік мүмкіндіктерімен танысуды мақсат ететіндердің саны көбейген. Инвесторлар, кәсіпкерлер және технологиялық компаниялардың басшылары зауыттарға барып, өндіріс процестерін тікелей көруге мүмкіндік беретін арнайы турларға қатысады. Мұндай сапарлардың басты мақсаты – Қытайдағы жаңа технологиялардың қалай әзірленіп, өндірісте қолданылатынын тәжірибе жүзінде көру. Әсіресе адам тәрізді роботтар, жасанды интеллект жүйелері, электромобильдер мен аккумуляторлар шығаратын кәсіпорындарға қызығушылық жоғары.…
VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының медальдық есебіне қатысты дау шешілді. Қырғызстан президентінің баспасөз хатшысы Аскат Алагозов қайта есептеу нәтижесінде Қазақстан жалпыкомандалық есепте бірінші орынға шыққанын мәлімдеді, деп хабарлайды SteppeNews.kz. Қырғызстан президентінің баспасөз хатшысы Аскат Алагозов әлеуметтік желідегі парақшасында Бішкекте өткен VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының қорытындысына қатысты пікір білдірді. Оның айтуынша, жарыс жоғары деңгейде өтіп, спортшылар арасындағы бәсекелестік алаңнан тыс қарым-қатынасқа әсер етпеген. Алагөзов әсіресе көкпар мен жамбы ату секілді жарыстарда қазақ және қырғыз спортшыларының тартысты өнер көрсеткенін атап өтті. Оның сөзінше, екі елдің спортшылары мен жанкүйерлері арасында елеулі түсініспеушілік болмаған. Даулы мәселе медальдарды командалық есепте есептеу кезінде туындаған. «Бүгін ұйымдастыру комитеті…
Қазақстанда тұрғын үйлерді жер сілкінісі мен басқа да табиғи апаттардан міндетті сақтандыруды енгізу мәселесі қайта талқыланып жатыр. Бұған Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі ұсынған жаңа модель себеп болды. Реттеушінің мәліметінше, бүгінде елдегі тұрғын үйлердің небәрі 3,2%-ы табиғи апаттардан сақтандырылған – тіркелген 6,2 млн-ға жуық пәтер мен үйдің шамамен 200 мыңы ғана. Тіпті сейсмикалық қаупі жоғары аймақта орналасқан Алматыда бұл көрсеткіш небәрі 7,7%-ды құрайды. Бұл ретте қала тоғыз балға дейінгі жер сілкінісі болуы ықтимал аймақта орналасқан. Алматылықтар неліктен қала үшін негізгі қауіптердің бірі саналатын жер сілкінісінен баспанасын сирек сақтандырады, мұндай полис шын мәнінде не береді және сақтандырылмаған пәтер қираған жағдайда…
Қытайда жасанды интеллект технологиясы қолданылып әзірленген инновациялық дәрі сатылымға шығаруға мақұлданды. Мпросевир деп аталатын препарат ересектердегі жеңіл және орташа ауырлықтағы COVID-19 ауруын емдеуге арналған деп хабарлайды SteppeNews.kz Global Times басылымына сілтеме жасап. Қытайдың Вестлейк университеті хабарлағандай, препаратқа елдің Ұлттық медициналық өнімдер басқармасы (NMPA) шартты түрде сатылымға рұқсат берген. Дәріні Вестлейк университеті, оның зертханасы және Westlake Pharmaceutical компаниясы бірлесіп әзірлеген. Препарат Қытайдағы «1-класс» инновациялық дәрілер санатына жатады. Бұл санатқа Қытайда да, шетелде де бұрын сатылмаған, жаңа химиялық құрылымы мен әсер ету механизмі бар және клиникалық маңызы жоғары дәрілер енгізіледі. 49 миллиард қосылыстың ішінен тоғыз кандидат таңдалды Мпросевирдің ерекшелігі – оны әзірлеу…
Аяш Қабдоллаева дәстүрлі садақ атумен 2024 жылдан бері ғана айналысады. Алайда аз уақыт ішінде шеберлігін шыңдап, халықаралық жарыстарда топ жарып, VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының чемпионы атанды. Оның садақ атуға келуінің өзі ерекше. Спорттың қыр-сырын оған өз келіні әрі жаттықтырушысы Ажар Төлеуханова үйреткен, деп хабарлайды SteppeNews.kz. VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында Аяш Қабдоллаева дәстүрлі садақ атудан алтын медаль иеленіп, Қазақстан құрамасының қоржынына кезекті жүлдені салды. Жеңіс жарияланған сәтте спортшы қуаныштан көз жасына ерік беріп, ерекше эмоциясын жасырмады. Посмотреть эту публикацию в Instagram Публикация от Steppenews Kz (@steppenews_kz) Садақ атуды келіні үйреткен Аяш Қабдоллаева — Шығыс Қазақстан облысының тұрғыны. Оның садақ…
Сиэтлде (АҚШ) Өзбекстанның Бас консулдығы ресми түрде ашылды. Бұл – Өзбекстанның Тынық мұхитының солтүстік-батысындағы алғашқы консулдық мекемесі. Бас консулдық наурыз айында жұмысын бастады. Сондай-ақ Филадельфия, Чикаго және Орландо қалаларында консулдық мекемелердің ашылуы күтілуде деп хабарлайды SteppeNews.kz gazeta.uz сайтына сілтеме жасай отырып. 4 қыркүйекте Сиэтлде (Вашингтон штаты, АҚШ) Өзбекстанның Бас консулдығы ресми түрде ашылды. «Бұл – еліміздің Тынық мұхитының солтүстік-батысындағы алғашқы консулдық мекемесі және Өзбекстан мен Америка Құрама Штаттары арасындағы қарым-қатынасты одан әрі дамыту жолындағы маңызды қадам», – деп хабарлады АҚШ-тағы Өзбекстан елшілігінің кеңесші-елшісі әрі Америка Құрама Штаттарындағы Президент әкімшілігінің өкілі Комил Алламжонов. Ол Бас консулдықтың екі ел арасындағы сауда-экономикалық, инвестициялық,…
Ұлан-Баторда Моңғолия президенті Ухнаагийн Хурэлсухтың сыртқы саяси қызметіне арналған «Моңғолияға бейбітшілік, Моңғолиядан әлемге» атты фотокөрме ашылды. Бұл туралы SteppeNews.kz Asiarussia.ru сайтына сілтеме жасап хабарлайды. Көрмеде 2021 жылдан бері президенттің шетелдік мемлекет басшыларымен кездесулері, мемлекеттік сапарлары және халықаралық іс-шараларға қатысуы бейнеленген фотосуреттер қойылған. Экспозицияны фотографтар Г. Ган-Улзий мен Н. Батмунх ұйымдастырды. 2021 жылдан бері Ухнаагийн Хурэлсух Моңғолияда шетелдік көшбасшылардың 16 мемлекеттік сапарын қабылдап, 15 рет шетелге мемлекеттік сапармен барған. Сонымен қатар ол БҰҰ Бас Ассамблеясының сессиялары, шөлейттенуге қарсы күрес және қоршаған ортаны қорғауға арналған халықаралық жиындарды қоса алғанда, 10-нан астам ірі халықаралық шараға қатысқан. Көрмеге осы кездесулер мен іс-шаралар барысында түсірілген…
Қытайдың Гуандун провинциясындағы Шэньчжэнь қаласында Азия-Тынық мұхиты медиафорумы басталды. Биылғы форум «Азия-Тынық мұхиты қауымдастығының ортақ өркендеуіне жол ашу: БАҚ консенсусы мен іс-қимылы» тақырыбына арналды. Бұл туралы SteppeNews.kz Синьхуа ақпараттық агенттігіне сілтеме жасай отырып хабарлайды. Форумға Қытай Коммунистік партиясы Орталық комитеті Саяси бюросының мүшесі, ОК үгіт-насихат бөлімінің меңгерушісі Ли Шулэй қатысып, негізгі баяндама жасады. Сондай-ақ шараға Гуандун провинциясы КПК комитетінің хатшысы Хуан Куньмин қатысты. Қатысушылардың айтуынша, 2026 жыл АТЭС аясында «Қытай жылы» болып жарияланған. Биыл Қытайда АТЭС экономикалары басшыларының 33-ші бейресми кездесуі өтеді. Форум қонақтары бұл шараның Азия-Тынық мұхиты өңіріндегі ынтымақтастықты жаңа деңгейге көтеретініне сенім білдірді. Жиында бұқаралық ақпарат құралдарының өңірдегі…