Түркияның солтүстік-батысында орналасқан елдегі ең танымал тау-шаңғы курорттарының бірі — Улудаг жасанды қар өндіру жүйесін енгізуге дайындалып жатыр деп хабарлайды SteppeNews.kz Mk-turkey.ru ақпараттық сайтына сілтеме жасап. Бұған соңғы жылдары қардың кеш түсуі мен қыс мезгіліндегі температураның жоғарылауы себеп болып отыр. Аталған факторлар тау-шаңғы маусымының ұзақтығын қысқартып, оның тұрақтылығы мен болжамдылығына әсер етуде. Улудаг аумағын басқару органының 2026 жылға арналған қаржылық жағдайы мен даму перспективалары туралы есебінде климаттың өзгеруі соңғы жылдары табиғи қардың түсуін жиі кешіктіріп, курорттағы қысқы маусымның әдеттегіден кеш басталуына әкеліп отырғаны айтылған. Маусымның қысқаруы курорт аумағында жұмыс істейтін қонақүйлердің броньдарынан айырылуына да әсер етеді. Сондықтан жасанды қар өндіру…
Автор: Saya
Маңғыстау облысының алты кәсіби суретшісі Моңғолияда өткен ART EXPEDITION – MONGOLIA 2026 «Көшпенділер ізімен» халықаралық арт-экспедициясына қатысты. Бұл туралы SteppeNews.kz ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігіне сілтеме жасай отырып хабарлайды. Халықаралық жоба көшпелі өркениеттің тарихы мен мәдениетін зерделеуге, суретшілер арасындағы халықаралық шығармашылық байланысты нығайтуға және кәсіби тәжірибе алмасуға бағытталды. Сапар барысында қазақстандық суретшілер Ұлан-Батыр қаласында, Тэрэлж ұлттық паркінде, Архангай аймағында, Орхон алқабы мен Гоби шөлінде пленэр өткізді. Шығармашылық жобаға моңғолиялық кәсіби суретшілер мен халықаралық өнер қауымдастығының өкілдері де қатысты. Пленэр барысында қатысушылар Моңғолияның табиғатын бейнелеп, көшпенділер мәдениетімен, ұлттық салт-дәстүрімен және тарихи-мәдени мұрасымен жақынырақ танысты. Сонымен қатар бағдарлама аясында көркемөнер галереялары мен…
Өзбекстанның жастар құрамасы U-20 Азия кубогының іріктеу кезеңінде қатарынан екінші жеңісіне қол жеткізді деп хабарлайды SteppeNews.kz uznews.uz ақпараттық сайтына сілтеме жасап. 3 қыркүйекте Өзбекстан U-20 құрамасы Азия кубогының іріктеу кезеңіндегі екінші тур аясында Үндістан командасымен кездесті. Ташкенттегі «Достық» стадионында өткен ойын өзбекстандықтардың 4:0 есебімен жеңісімен аяқталды. 29-минутта Ұлықбек Марратов есеп ашты. Арада алты минут өткенде Қувончбек Абраев Өзбекстан құрамасының басымдығын арттырды. Екінші таймда Шораһим Шорахмедов пен Нұрбек Сарсенбаевтан гол соғылып, кездесу 4:0 есебімен аяқталды. Бірінші турда Өзбекстан құрамасы Бангладешті 2:0 есебімен жеңген болатын. Осылайша команда екі ойыннан кейін алты ұпай жинап, алты гол соқты және өз қақпасына бірде-бір доп жібермеді.…
Алматыда Қала күніне орай 6 қыркүйекте GT SPORT FEST спорт фестивалі өтеді. Осыған байланысты Төле би көшесінің бір бөлігінде көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі. Бұл туралы SteppeNews.kz Алматы қаласының әкімдігіне сілтеме жасап хабарлайды. Қалалық әкімдік мәліметінше, 6 қыркүйек күні сағат 00:00-ден 23:00-ге дейін Төле би көшесінің Назарбаев даңғылынан Абылай хан көшесіне дейінгі бөлігінде көлік қозғалысы толық тоқтатылады. Уақытша шектеу фестивальге қатысушылар мен көрермендердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ іс-шараны ұйымдастыру және өткізу мақсатында енгізіледі. Жүргізушілерге сапар бағытын алдын ала жоспарлап, аталған көшедегі қозғалысқа енгізілетін уақытша өзгерістерді ескеру ұсынылады. Айта кетейік, GT SPORT FEST фестиваліне шамамен 1000 әуесқой және кәсіби спортшы қатысады.…
Әлемнің 113 елінен 3000 спортшы қатысып жатқан VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындары тартысты бәсекелермен жалғасып жатыр. Жарыстың әр күнінде спортшыларымыз ел қоржынына жүлделер салуда. Қазақстан құрамасы ойындардың үшінші күнінің қорытындысы бойынша 12 алтын, 7 күміс және 5 қола медаль жеңіп алды деп хабарлайды SteppeNews.kz. Аударыспақтан (эр эңиш) 100 келі салмақта ел намысын қорғаған әлем чемпионы, Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының екі дүркін жеңімпазы Сырым Ізбасаров байырғы қырғызстандық қарсыласын айқын басымдықпен жеңіп, үшінші рет жеңіс тұғырына көтерілді. Аударыспақтың 90 келі салмағында ел үмітін ақтаған Дарын Өткелбай жарыс барысында барлық қарсыласынан басым түсіп, алтын жүлде иегері атанды. Ал аса ауыр салмақта сынға түскен Нұржан Еркінұлы…
VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында ең көрікті әрі күрделі спорт түрлерінің бірі – моңғол халқының дәстүрлі «Ясны хугалах» сүйек сындыру сайысында тартысты бәсеке өтті. Моңғолия құрамасының өкілі керемет нәтиже көрсетіп, ойындар рекордын жаңартты, деп хабарлайды SteppeNews.kz. Ұлттық жекпе-жектің мәні – жалаң қолмен барынша қатты соққы жасап, ірі қара малдың сүйегін сындыру. Бұл спорт түрінде жеңіске жету үшін зор физикалық күшпен қатар, мінсіз техника, дәл есеп және шыңдалған дайындық қажет. Посмотреть эту публикацию в Instagram Публикация от Steppenews Kz (@steppenews_kz) Бұл ерекше спорт түрі Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ресми бағдарламасына алғаш рет енгізілді. Қазақстандық спортшылар да сәтті өнер көрсетіп, сүйек сындыру…
Қазақстан құрамасы Қырғызстанда өтіп жатқан VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарындағы жарысын жалғастырып жатыр. 3 қыркүйекте спортшылар ат спорты, ұлттық күрес, күш және зияткерлік спорт түрлерінен сынға түсіп, жаңа медальдар үшін бақ сынады, деп хабарлайды SteppeNews.kz «Спорт Шредингера» басылымына сілтеме жасап. Көшпенділер ойындарындағы Қазақстан медальдары Жарыстың алғашқы екі күнінен кейін Қазақстан құрамасының қоржынында 10 медаль болды: төрт алтын, бір күміс және бес қола. Бүгін, 3 қыркүйекте Қазақстан құрамасы Көшпенділер ойындарында 16 медаль жеңіп алды. Оның бесеуі – алтын. 5 алтын медаль: Дәрын Өткелбай — аударыспақ, 90 кг дейін; Сырым Избасаров — аударыспақ, 100 кг дейін; Болат Сапар — самбо, 98 кг-нан жоғары;…
1991 жылғы 31 тамызда Өзбекстан Жоғарғы Кеңесі елдің мемлекеттік тәуелсіздігі туралы заң қабылдап, республиканың егемен мемлекет ретінде қалыптасуының құқықтық негізін қалады. Ал 1 қыркүйек Өзбекстанның Тәуелсіздік күні болып жарияланды. Осылайша Кеңес Одағы ыдыраған кезеңде Орталық Азиядағы ең ірі мемлекеттердің бірі дербес даму жолына түсті. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында елді Ислам Каримов басқарды. Ол 1990 жылғы 24 наурызда Өзбек КСР президенті болып сайланып, 1991 жылғы 29 желтоқсанда өткен бүкілхалықтық сайлауда тәуелсіз Өзбекстанның тұңғыш президенті атанды. Каримов елді 25 жыл басқарды. Өзбекстанның астанасы – Ташкент. Қазіргі Конституцияда да Ташкент республиканың астанасы ретінде бекітілген. 35 жылдық белес 2026 жылы Өзбекстан тәуелсіздік алғанына 35 жыл…
«Самұрық-Қазына» мен Моңғолияның егемен қоры арасындағы тәжірибе алмасу – ынтымақтастықтың айтарлықтай практикалық форматы. Әсіресе екі елдің де табиғи ресурстарға едәуір дәрежеде сүйенетінін және ұқсас міндеттің алдында тұрғанын ескерсек, бұл өзекті: ұлттық активтерді басқаруды ресурстарға жай ғана иелік етуден ұзақ мерзімді экономикалық өсімнің көзіне қалай айналдыруға болады? Менің ойымша, Моңғолияның Қазақстан тәжірибесіне қызығушылық танытуы заңды. Екі елдің экономикалық жағдайларында белгілі бір ұқсастықтар бар: табиғи ресурстардың елеулі рөлі, ірі мемлекеттік активтердің болуы, сондай-ақ бір мезгілде инвестиция тарту және ұлттық капиталды басқару тиімділігін арттыру қажеттілігі. «Самұрық-Қазына» шамамен $88 млрд активімен әлемдегі ең ірі 25 егемен қордың қатарына кіреді. Бұл оны ірі әрі әртараптандырылған…
Бішкекте Шанхай ынтымақтастық ұйымының құрылғанына 25 жыл толуына орайластырылған саммит аяқталды. Кездесу қорытындысы бойынша мемлекет басшылары 28 құжатқа қол қойды. Олардың қатарында Бішкек декларациясы, сондай-ақ өңірлік қауіпсіздік, жасанды интеллект, цифрлық экономика, көлік, экология және гуманитарлық ынтымақтастық салаларына қатысты шешімдер бар. Мерейтойлық форум ШЫҰ-ның институционалдық кеңеюден нақты бірлескен жобаларды жүзеге асыруға біртіндеп көшіп жатқанын көрсетті. Қазіргі саммиттің бұған дейінгі кездесулерден қандай ерекшелігі бар, ұйым жаһандық басқару қағидаттарын қалай жүзеге асырып жатыр және Қазақстан мен Қытай үшін қандай перспективалар ашылады деген сауалдарға тарих ғылымдарының кандидаты, «Өңірлік интеграцияны зерттеу институты» қоғамдық қорының президенті Таисия Мармонтова жауап берді. Кеңеюден тиімділікке қарай Ширек ғасыр ішінде…