Алматыда LRT Алматыда LRT құрылысына байланысты Момышұлы көшесінде қозғалыс уақытша шектеледі жобасын іске асыруға байланысты Төле би көшесінің бір бөлігінде көлік қозғалысы уақытша шектеледі, деп хабарлайды SteppeNews.kz.
Бұл туралы жол жөндеу жұмыстарының барысы мен көшелердің жабылу уақыты туралы ақпарат беретін Almaty Joly Telegram арнасы мәлімдеді.

Жол учаскесіндегі қозғалыс 7 қыркүйек сағат 23:00-ден 8 қыркүйек сағат 14:00-ге дейін тоқтатылады. Шектеу Байтұрсынов көшесінен Досмұхамедов көшесіне дейінгі аралыққа қатысты.
Жөндеу жұмыстары жүргізілетін аумақта тиісті ескерту белгілері орнатылады. Жүргізушілерге сапар бағытын алдын ала жоспарлау ұсынылады.
Қаладағы көлік қозғалысына енгізілетін уақытша шектеулер туралы ақпарат Almaty Joly Telegram арнасында, Алматы әкімдігінің әлеуметтік желілерінде, сондай-ақ 2GIS және «Яндекс Карталар» сервистерінде жарияланады.
Келесі материал: Silk Way Star Қытайда жалғасты: Рухия Байдүкенова алғашқы турда жеңіске жетті
