Автор: Saya

ЭЫДҰ-ның жаңа деректері еліміздегі білім беру жүйесінің қайшылықты ахуалын айғақтайды: Қазақстан жаратылыстану ғылымдары бойынша 2018 жылдан бергі ілгерілеуін сақтап қалғанымен, математикадан көрсеткіш төмендеді, ал оқу сауаттылығы соңғы он бес жыл бойы бір орында тұралап тұр. Сонымен бірге мектептердің материалдық базасы мен кадрлық әлеуеті біртіндеп жақсарып келеді. Бұл білім саясатындағы басты екпінді «ресурсты көбейтуден» «оқыту сапасын арттыруға» көшіру қажеттігін айқын көрсетеді. PISA 2025: Басты көрсеткіштер мен шынайы ахуал PISA — Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ) 2000 жылдан бері әр үш жыл сайын 15 жастағы жасөспірімдер арасында өткізетін халықаралық зерттеу. Ол мектеп бағдарламасын жаттап алуды емес, білімді бейтаныс жағдаяттарда қолдана білуді:…

Read More

Astana Motors компаниясы Changan брендімен бірлесіп, Қазақстан нарығына жеті орындық жаңа Changan CS75 Pro кроссоверін шығаруды жоспарлап отыр. Күштік қондырғысы Changan CS75 Pro 181 ат күшіне ие, ең жоғары айналу моменті 280 Н·м болатын 1,5 литрлік бензинді турбо қозғалтқышпен жабдықталған. Қозғалтқыш ылғалды типтегі қос іліністі 7 сатылы робот беріліс қорабымен (7DCT) жұптастырылған. Кроссовердің жетек түрі – алдыңғы (2WD). Автокөлік 0-ден 100 км/сағ жылдамдыққа 8,4 секундта дейін үдейді. Жүргізушіге Eco, Normal және Sport қозғалыс режимдері ұсынылады. Өлшемдері Автокөліктің ұзындығы – 4748 мм, ені – 1870 мм, биіктігі – 1720 мм. Дөңгелек базасының ұзындығы – 2786 мм. Экстерьері Changan CS75 Pro моделінің…

Read More

Орталық Азияның көлік архитектурасын трансформациялау жаһандық басқару бастамасы аясында футуристік тұжырымдамадан практикалық кезеңге көшіп келеді. Қазақстанда жаңа бағыт – төмен биіктіктегі экономика (Low Altitude Economy) қалыптасып жатыр. Бұл үдерістің негізгі қозғаушы күштерінің бірі – әлемдегі жетекші технологиялық компаниялармен ынтымақтастық. Олардың қатарында ұшқышсыз жүйелер мен тік ұшып-қонатын жолаушыларға арналған электр әуе көліктері (eVTOL) саласында көш бастап тұрған Қытай ерекше орын алады. ҚР Үкіметінің үйлестіруімен және жеке инвестициялар есебінен дамып жатқан қалалық әуе мобильдігі (Urban Air Mobility – UAM) жобасы жаңа Алатау қаласының ауқымды қала құрылысы жоспарына енгізіліп отыр. Әуедегі Жібек жолы: Қазақстан мен Қытай ынтымақтастығы Қазақстан мен Қытайдың жоғары технологиялар саласындағы…

Read More

Сізге қарызыңызды қайтармай жүр, жұмыс берушімен, бұрынғы жұбайыңызбен, туысыңызбен немесе іскерлік серіктесіңізбен дау туындады делік… Бірінші ой – сотқа жүгіну. Алайда көптеген жағдайда жанжалды басқаша – медиация арқылы шешуге болады. Тіпті талап арыз беріліп қойғаннан кейін де келісімге келуге тырысуға мүмкіндік бар. Қазақстандықтар бұл тетікті барған сайын белсенді пайдаланып келеді. Тек 2026 жылдың бірінші тоқсанында медиация тәртібімен 60 029 азаматтық іс реттелді. Тағы 5 573 іс татуласу келісімімен, 70 іс партисипативтік рәсім тәртібімен аяқталды. Жалпы алғанда, татуластыру рәсімдерінің арқасында 65 672 азаматтық іс аяқталды – бұл келіп түскен азаматтық талап-арыздар мен өтініштердің жалпы санының шамамен 13%-ы. Салыстыру үшін: 2024 жылы…

Read More

15-17 қазан аралығында Астанада жүзуден алғаш рет Әлем кубогының кезеңі ұйымдастырылады. Елорда 2026 жылғы World Aquatics Әлем кубогының Silk Road Tour сериясының қорытынды кезеңін қабылдайды деп хабарлайды SteppeNews.kz Olympic.kz сайтына сілтеме жасап. 2026 жылы World Aquatics Баку (Әзірбайжан), Ташкент (Өзбекстан) және Астананы Әлем кубогының бірыңғай жарыс бағытына біріктірді. Жарыс сериясы бірнеше ғасыр бойы Еуропа мен Шығыс Азияны байланыстырған тарихи Жібек жолының құрметіне Silk Road Tour деп аталды. Silk Road Tour сериясының алғашқы кезеңі Әзірбайжан астанасы Бакуде өтеді. Онда жүзгіштер 1-3 қазан аралығында бақ сынайды. Одан кейін жарыстар 8-10 қазан күндері Ташкентте жалғасып, серия 15-17 қазанда Астанада мәресіне жетеді. Жарысқа ұлттық…

Read More

Түркияның Карс қаласындағы тарихи Сювари қамалында 2022 жылы ашылған елдегі алғашқы тақырыптық ірімшік музейі өңірдің бай ірімшік жасау дәстүрін сақтап, жергілікті және шетелдік туристердің қызығушылығын арттырып келеді. Бұл туралы SteppeNews.kz Mk-turkey.ru ақпараттық сайтына сілтеме жасай отырып хабарлайды. Карс сүт өнімдерін өндірумен, әсіресе грюйер, чечиль және кашар сияқты ірімшік түрлерімен танымал. Карс ірімшігі музейі Мәдениет және туризм министрлігі, БҰҰ Даму бағдарламасы және Anadolu Efes компаниясы бірлесіп жүзеге асырып жатқан «Түркиядағы болашақ туризмі» жобасы аясында құрылған. Музей ашылғаннан бері келушілердің назарын аударып келеді. Ал 2020 жылы осы жоба аясында Карс әлемдегі 18-ші ірімшік бағыты ретінде жарияланған. Тарихи Сювари қамалының ішінде орналасқан музей…

Read More

Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен Үкіметтегі кеңесте Қазақстандағы сәндік көшет шаруашылығын дамыту мәселесі талқыланды деп хабарлайды SteppeNews.kz ҚР Ұлттық экономика министрлігіне сілтеме жасап. Жиын барысында отандық сәндік өсімдіктер өндірісін кеңейту, саладағы негізгі проблемаларды шешу және жергілікті көшет шаруашылықтарын қолдау мәселелеріне назар аударылды. Мемлекет басшысының орман алқаптарын қалпына келтіру және ұлттық саябақтардың инфрақұрылымын дамыту жөніндегі тапсырмалары аясында сәндік көшет шаруашылығын дамыту ерекше маңызға ие. Бұл сала елді мекендерді абаттандыру және көгалдандыру жобаларын қажетті отырғызу материалдарымен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта Қазақстан импорттық отырғызу материалына тәуелді болып отыр. Ал отандық көшет шаруашылықтарында өсірілген өсімдіктер жергілікті климаттық…

Read More

Астанада Әзербайжан елшілігінде елдің шипажай-курорттық әлеуетіне арналған презентация өтті. Әзербайжан Кәсіподақтар конфедерациясының өкілдері қазақстандық туроператорлармен кездесіп, заманауи емдеу курорттарын, цифрлық сервистерді таныстырды. Сондай-ақ сауықтыру туризмі саласындағы ынтымақтастықты кеңейту мәселелері талқыланды, деп хабарлайды SteppeNews.kz. Әзербайжан Кәсіподақтар конфедерациясына қарасты «Курорт» АҚ бас директоры Чингиз Гаджиевтің айтуынша, бүгінде ел санаторий жүйесін жаңғыртып, табиғи емдік ресурстарды заманауи медициналық технологиялармен ұштастырып келеді. «Біз трансформация кезеңіндеміз. Шипажай-курорттық емдеудің үздік дәстүрлерін сақтай отырып, инфрақұрылымды жаңартып, цифрлық технологиялар мен заманауи емдеу әдістерін енгізіп жатырмыз. Бүгінде қонақтар үшін тиімді ем-шаралар ғана емес, жайлылық, сапалы сервис және толыққанды сауықтыру мүмкіндігі де маңызды», – деді Чингиз Гаджиев. Презентация барысында қазақстандық туроператорларға…

Read More

Қытайдың Чэнду қаласынан Түрікменстанның Серахс бағытына теміржол арқылы жүк тасымалы басталды. Сычуань провинциясынан шыққан алғашқы жүк пойызы 2026 жылғы 1 қыркүйекте жолға шықты. Бұл туралы SteppeNews.kz Rail-news.kz. сайтына сілтеме жасап. Бұл – жыл басынан бері Чэнду мен Түрікменстан арасында іске қосылған екінші тікелей теміржол бағыты. Алғашқы бағыт биыл маусым айында ашылған болатын. Ол кезде жүк пойызы Түрікменстанның Балқан уәлаятындағы Агара теміржол станциясына жеткізілген. Жаңа бағыт арқылы қандай жүктер тасымалданатыны және оларды жеткізудің нақты мерзімі туралы әзірге толық ақпарат жарияланған жоқ. Ашық дереккөздердегі мәліметтерге сәйкес, Чэндудан Орталық Азия елдеріне теміржол арқылы жүк жеткізуге шамамен 10-12 күн қажет болуы мүмкін. Чэнду –…

Read More

Алматы онкологиялық орталығында роботтандырылған дәріхана кешені және дәрілік препараттарды жабық герметикалық жағдайда дайындау жүйесі енгізілді. Бұл туралы Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы хабарлады. Жаңа технология дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етудің негізгі кезеңдерін – препараттарды қабылдау мен сақтаудан бастап, оларды дайындау және пациенттерге беруге дейінгі процестерді автоматтандырады. Жүйенің ерекшелігі – әр дәрі-дәрмектің цифрлық түрде бақылануы. Кодтардың көмегімен әр препаратқа жеке сәйкестендіру беріледі, ал онымен жасалған барлық әрекет жүйеде тіркеледі. Бұл мамандарға дәрінің дәріхана кешеніне түскен сәтінен бастап пациентке берілгенге дейінгі жолын бақылауға мүмкіндік береді. Онкологиялық қызмет үшін бұл әсіресе маңызды, өйткені дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етудің дәлдігі мен қауіпсіздігі емдеу сапасымен тікелей байланысты. Қазіргі…

Read More