Қазақстанда жолаушылар пойыздарын спутниктік интернетпен қамтамасыз ету бойынша ауқымды жоба кезең-кезеңімен жүзеге асырылып жатыр. Бастама Мемлекет басшысының цифрлық инфрақұрылымды дамыту, заманауи технологияларды енгізу және жолаушылар тасымалының сапасын арттыру жөніндегі тапсырмалары аясында іске асуда. Бұл туралы SteppeNews.kz ҚР Көлік министрлігіне сілтеме жасай отырып хабарлайды. 2026 жылғы 8 қыркүйектегі мәлімет бойынша, Starlink спутниктік интернеті 31 бағытта қатынайтын 59 пойыз құрамында қолжетімді. Қазіргі таңда жоба 770-тен астам вагонды қамтып отыр. Ал қыркүйек айының соңына дейін спутниктік интернетті 50 бағыттағы 124 пойыз құрамына, яғни 1 235 вагонға енгізу жоспарланған. Жоба аясындағы алғашқы сынақ жұмыстары 2025 жылы төмен орбиталы OneWeb және Starlink спутниктік жүйелерін пайдалану…
Автор: Saya
Қазақстанда дәрі-дәрмек өндірісін дамыту және импортқа тәуелділікті азайту фармацевтика саласындағы маңызды бағыттардың бірі болып отыр. Осы ретте Алматы облысы Қарасай ауданының Көкөзек ауылында орналасқан «Келун-Казфарм» зауыты отандық дәрі өндірісінің ірі кәсіпорындарының біріне айналды деп хабарлайды SteppeNews.kz. Кәсіпорын инфузиялық ерітінділерден бастап онкологиялық препараттар мен фармацевтикалық субстанцияларға дейінгі өнімдерді шығарады. Зауыттың өндірістік қуаты ішкі нарықты дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге ғана емес, қазақстандық өнімді сыртқы нарыққа шығаруға да мүмкіндік беріп отыр. Өндірістің негізі 2012 жылы қаланды «Келун-Казфарм» зауытының құрылысы 2012 жылы басталып, кәсіпорын 2014 жылдың шілдесінде жұмысын бастады. Жобаға бастапқы кезеңде 50 миллион АҚШ доллары көлемінде инвестиция салынса, кейін тағы 10 миллион доллар қосылған.…
Орталық Азияның энергетикалық қауіпсіздігі қарқынды түрде жаңа бағытқа бет бұрып келеді: электр энергиясының жаппай өшуі мен дәстүрлі желілердің тозуы Қазақстанды сенімді баламаларды іздеуге мәжбүр етуде. Қазіргі сын-қатерлерге жауаптың бірі – жаңартылатын энергетиканың қарқынды дамуы. Бұл бағытта күн энергетикасы технологиялары саласындағы әлемдік көшбасшы Қытаймен стратегиялық серіктестік маңызды рөл атқарады, деп жазады SteppeNews.kz. Жаңа буын энергиясы: Қазақстан мен Қытайдың жасыл энергетикадағы бағыты Қазақстанның оңтүстік өңірлеріндегі дәстүрлі электр желілері шарықтау жүктемесі мен қуат тапшылығына жиі тап болып отыр. Бұған ең ірі жазғы электр энергиясының жаппай өшуі анық мысал болды. Бұл жағдайдан шығудың бір жолы – жаңартылатын энергия көздеріне (ЖЭК) ауқымды түрде қайта бағдарлану.…
Оқу-ағарту министрлігі 12 жылдық мектеп білімінің мазмұнын 11 сынып аясында жүзеге асыру мүмкіндігін қарастырады. Күні кеше министр Жұлдыз Сүлейменова осы мақсатта қолданыстағы бағдарламаларды зерделейтін арнайы комиссия құрылғанын хабарлады. Атап айтқанда, ведомство министрдің мәліметінше, түлектерінің 88%-ы мектепті 18 жасында аяқтайтын НЗМ моделін талдап жатыр. Осылайша, түлектердің жасы туралы пікірталас практикалық мәселеге ауысып отыр: бағдарлама мазмұнын сақтап әрі балаға түсетін жүктемені арттырмай, бір оқу жылын қысқартуға бола ма? 12 жылдық модельден 11 жылдық модельге көшу мәселесіне қатысты пікір білдірген Qazaq Expert Club-тың білім беру саласындағы шақырылған сарапшысы Жазира Асанова бұған дейін дәл осы мәселеге назар аударған еді. Оқу-ағарту министрлігінің жаңа мәлімдемелеріне байланысты…
Алматыда Қала күні биыл 19-20 қыркүйекте тойланады. Мерекеге орай қыркүйек бойы мәдени, спорттық және ойын-сауық бағытындағы 300-ге жуық іс-шара ұйымдастырылады. Негізгі мерекелік бағдарлама Астана және Абай алаңдарында, Панфилов пен Жібек жолы жаяу жүргіншілер көшелерінде, «Алатау» дәстүрлі өнер театрының алаңында және қаланың сегіз ауданында өтеді деп хабарлайды SteppeNews.kz хабарлайды Алматы қаласы әкімдігіне сілтеме жасап. Абай алаңындағы бағдарлама 19-20 қыркүйекте Абай алаңында «Otbasy Fest» мерекелік бағдарламасы өтеді. Мұнда «Алма аймағы», «Шеберлер қалашығы», балалар аймағы, AI & ROBOT ZONE, крафт ойындар алаңы және фуд-корт жұмыс істейді. 19 қыркүйек 11:00-12:00 – «Алматы қаласының Құрметті азаматы» атағын табыстау рәсімі; 12:00-13:30 – «Сазген сазы» фольклорлы-этнографиялық ансамблінің…
Қазақстандағы цифрландыруды тек мемлекеттік сервистердің онлайнға көшуі немесе интернет жылдамдығының артуы арқылы бағалау жеткіліксіз. Оның негізінде телекоммуникациялық желілер, деректер орталықтары, бұлтты платформалар, есептеу қуаты және жасанды интеллект инфрақұрылымы жатыр. Осы экожүйеде халықаралық технологиялық компаниялардың рөлі де өзгеріп келеді. Солардың бірі – Huawei. Қазақстанда 1998 жылдан бері жұмыс істейтін компания бастапқыда байланыс операторларына инфрақұрылымдық шешімдер ұсынса, қазір 5G, бұлтты технологиялар, Big Data және жасанды интеллект бағыттарына басымдық беріп отыр, деп хабарлайды SteppeNews.kz. Сондықтан Huawei-дің Қазақстандағы қызметін жеке компанияның бизнесі ретінде ғана емес, елдің технологиялық инфрақұрылымы қалай өзгеріп жатқанын көрсететін мысал ретінде қарастыруға болады. Қазақстан нарығындағы алғашқы кезең: байланыстан басталған жол Huawei…
Қазақстанда туризм біртіндеп демалыс индустриясынан экономиканың маңызды секторларының біріне айналып келеді. Соңғы екі жылдағы инвестиция көлемі, шетелдік және ішкі туристер санының өсуі, жаңа қонақүйлер мен әуежайлардың салынуы бұл саланың ел экономикасындағы рөлінің артып келе жатқанын көрсетеді, деп хабарлайды SteppeNews.kz ҚР Премьер-министрінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы Қазақстан халқына Жолдауында туристік әлеуетті толық пайдалануды, саланың бәсекеге қабілеттілігін арттыруды және туристерге көрсетілетін қызмет сапасын жақсартуды негізгі міндеттердің бірі ретінде белгіледі. Осы бағытта Үкімет курорттық аймақтарды дамытуға, жеке инвестиция тартуға және туристік нысандардың көлік қолжетімділігін арттыруға басымдық беріп отыр. Туризмге құйылған инвестиция 2,2 трлн теңгеден асты Соңғы жылдардағы басты өзгерістің…
Astana Motors компаниясы Changan брендімен бірлесіп, Қазақстан нарығына жаңа ықшам кроссовер — Changan UNI-S моделін ұсынады, деп хабарлайды SteppeNews.kz Astana Motors компаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Қозғалтқышы мен жүріс сипаттамалары Changan UNI-S 181 ат күшіне ие 1,5 литрлік бензинді турбо қозғалтқышпен жабдықталған. Қозғалтқыштың ең жоғары айналу моменті — 280 Н·м. Ол 7 сатылы ылғалды қос іліністі роботтандырылған беріліс қорабымен (7DCT) жұмыс істейді. Модель алдыңғы жетекті (2WD) және толық жетекті (4WD) нұсқаларда ұсынылады. 2WD нұсқасы 0-ден 100 км/сағ жылдамдыққа 8,3 секундта, ал 4WD нұсқасы 9,5 секундта үдейді. Жүргізушіге Eco, Normal және Sport режимдері, сондай-ақ қарлы, лайлы және құмды жолдарға арналған Snow,…
4 қыркүйекте Женева қаласында «Даланың саяхаты» жобасы аясында «Дала мен таулар» атты арнайы гастрономиялық кеш ұйымдастырылды. Шара барысында қазақстандық асхананың дәстүрлі дәмдері заманауи форматта ұсынылды, деп хабарлайды SteppeNews.kz. Michelin жұлдызымен марапатталған Bayview мейрамханасында Qazaq Gourmet брендінің бас аспазы Артём Канцев пен танымал француз аспазы, Bocuse d’Or жүлдегері әрі Meilleur Ouvrier de France атағының иегері Мишель Рот бір асүйде жұмыс істеді. Кешке арнайы әзірленген мәзір қазақтың дәстүрлі өнімдері мен ұлттық тағамдарына негізделді. Қонақтарға жабайы өрік қосылған дала бөкенінің паштеті, бауырсақ пен түйе құырдағы, «Құрттың төрт өмірі» және Шымкент қозысы ұсынылды. Мәзірде қазақ асханасының дәстүрлі өнімдерін жаңа гастрономиялық тәсілдермен ұштастыруға басымдық берілді.…
Оқу жылы басталған сәтте Қазақстанда түйіні шешілмеген «қыркүйек» сөзінің дауы қайта басталды. Әсіресе әлеуметтік желіде бұл тақырып қызу талқыға түсті. Өз кезегінде бұл сауалға қатысты ҚР Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова да пікірін білдірді, деп хабарлайды SteppeNews.kz. Үкімет отырысында жылдың тоғызыншы айының атауын «қыркүйек» деп жазу қажет пе, әлде «қыргүйек» нұсқасы дұрыс па? Неліктен «к» «г»-ге ауысып кетті, қандай қажеттілік туындады деген сауал қойылды. Министр жауабында бұл мәселе Оқу-ағарту министрлігінің құзыретіне жатпайтынын айтты. Дегенмен әлеуметтік желідегі пікірталастан кейін бұл сұрақтың жауабы оны да қызықтырған. Оның пікірінше, «қыркүйек» деп те, «қыргүйек» деп те жазуды қате деп айтуға болмайды. «Бірақ мен өзім «к»…