Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 50 базистік тармаққа – жылдық 16,25%-ға дейін төмендетті. Бұл шешім нарық күткеннен батылырақ болды: ҚҚҚ сауалнамасына сәйкес, сарапшылардың 89%-ға жуығы мөлшерлеме тек 16,50%-ға дейін төмендейді деп болжаған. Кезекті қадамға барудың негізгі факторы тамыз айында жылдық инфляцияның 9,8%-ға дейін баяулауы болды. Бұған жеміс-көкөніс өнімдері бағасының маусымдық төмендеуі, импорттық бағалардың бәсеңдеуі және теңгенің салыстырмалы тұрақтылығы қосымша ықпал етті. Сонымен қатар халықтың инфляциялық күтулері де біршама төмендеді. Осылайша, шілдедегі төмендетуден кейін Ұлттық банк ақша-кредит шарттарын тағы да аздап жұмсартуға мүмкіндік алды. Алайда қыркүйектегі шешімді мөлшерлеменің жылдам төмендеу кезеңінің басталуы деп қарастыруға әзірге ерте. Жылдық көрсеткіштің жақсарғанына қарамастан, ішкі баға…
Автор: Saya
VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының алтыншы жарыс күнінде Қазақстан құрамасы қоржынына бірқатар жүлде түсті. Осылайша ел спортшыларының алтын медаль саны 32-ге жетті деп хабарлайды SteppeNews.kz Бүгін спортшылар көкпар, көкбөрі, тоғызқұмалақ, мангала және овари бойынша бақ сынады. Зияткерлік спорт түрлерінен жарыстар Ойындардың алғашқы күнінен бері жалғасып келеді. Бүгін аталған спорт түрлерінен шешуші кезеңдер өтіп, тоғызқұмалақтан Қазақстан құрамасы 4 алтын және 2 күміс медаль жеңіп алды. Мангалада да қазақстандық спортшылар жоғары нәтиже көрсетті. Құрама мүшелері 2 алтын, 2 күміс және 1 қола медаль иеленді. Африка халықтарының дәстүрлі зияткерлік ойыны саналатын овариден де қазақстандық спортшылар жүлдеге қол жеткізді. Көкбөріден финалдық кездесуде Қазақстан мен Қырғызстан…
Алматының Орталық стадионында әлемдік поп-музыканың жұлдызы Энрике Иглесиас үлкен концерт берді. Бұл музыкалық кеш қала тұрғындары мен қонақтары үшін ерекше эстетикалық әрі романтикалық атмосфераға толы болды деп хабарлайды SteppeNews.kz. Айта кетейік, әншінің Қазақстандағы концерті 3 қазанда Астанада басталып, 5 қазанда Алматыда жалғасын тапты. Стадионға жиылған қауымның қарасы қалың болды. Көпшілік сүйікті әншілерінің «Bailamos», «Hero» секілді хиттерін жанды дауыста тыңдауға асыққан. Концертке келген жанкүйерлердің әсері де ерекше. «Энрике менің мектеп жасымнан бастап тыңдайтын әншім. Оның маған «Hero» деген әні өте қатты ұнайды, сонымен қатар басқа да латиноамерикандық әндері бар. Барлығы ұнайды, ол сахнада өзің романтикалық жағынан, халыққа өзінің өнерін жақсы көрсетеді.…
Арал өңірінің тұрақты дамуы бүгінде Орталық Азия елдерінің бірлескен шешімдер қабылдау қабілетіне тікелей байланысты. Су ресурстарының тапшылығы мен климаттың өзгеруіне қатысты сын-қатерлер білім мен деректер алмасуды, әр елдің мамандары арасындағы ынтымақтастықты және кешенді тәсілді талап етеді. Ғылым, білім және өңірлік өзара іс-қимыл тоғысқан тұста Арал өңіріне бейімделудің жаңа тәсілдері қалыптасып келеді. 14-22 тамыз аралығында Қазақстан-Германия университеті (DKU) ұйымдастырған «Тұрақты даму үшін білім беру: білімнен нақты ықпалға дейін» тақырыбындағы 8-Арал жазғы мектебі өтті. Халықаралық білім беру жобасына Орталық Азия елдері мен Моңғолиядан жас мамандар, зерттеушілер, оқытушылар және азаматтық қоғам өкілдері қатысты. Бағдарлама аясында дәрістер, практикалық сабақтар және Арал өңіріне далалық сапарлар…
Түрік сериалдары әлемнің 150-ден астам елінде көрсетіліп, Түркияның мәдениеті мен туристік әлеуетін танытатын маңызды құралға айналды. Соңғы жиырма жылда ел теленарығы Таяу Шығыс пен Балқаннан бастап, Латын Америкасы, Еуропа және Азияға дейін кеңейді. Енді түрік продюсерлері жаңа ірі аудиториясы бар Қытай нарығына шығу мүмкіндігін қарастырып отыр, деп хабарлайды SteppeNews.kz. Ay Yapım компаниясының бас директоры Керем Чатайдың айтуынша, түрік фильмдері мен сериалдары бүгінде шамамен 140 елде көрерменге ұсынылады. Индустрияның ең ірі шетелдік нарықтарының қатарында Латын Америкасы мен Таяу Шығыс бар. Түркияның сериал экспорты елдің мәдени және шығармашылық индустриясының маңызды бағыттарының біріне айналды. 2023 жылғы дерек бойынша, түрік телехикаялары 170-тен астам елде…
VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының аралық қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте бірінші орында тұр, деп хабарлайды SteppeNews.kz Туризм және спорт министірлігіне сілтеме жасап. 4 қыркүйектегі жағдай бойынша қазақстандық спортшылар 55 медаль жеңіп алды. Оның 25-і — алтын, 13-і — күміс, 17-сі — қола. Екінші орында Қырғызстан құрамасы орналасқан. Қырғыз спортшыларының қоржынында 58 медаль бар: 23 алтын, 24 күміс және 11 қола. Үшінші орында Ресей құрамасы келеді. Ресейліктер 4 алтын, 6 күміс және 13 қола медаль иеленді. Қазақстан өкілдері Ойындар бағдарламасына енгізілген 42 спорт түрінің 31-інде жарыстарға қатысып үлгерді. Отандастарымыз аударыспақ, қазақ күресі, алыш, армрестлинг, самбо, арқан тарту, дәстүрлі садақ ату,…
5 қыркүйекте Орталық стадионда өтетін Энрике Иглесиастың концерті кезінде Алматыдағы қоғамдық көлік, оның ішінде метрополитен де қалыпты режимде жұмыс істейді. Көрермендерге ыңғайлы болу үшін әрі қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында концерт аяқталғаннан кейін 50 тегін шаттл ұйымдастырылады. Олар стадионның Абай даңғылы мен Байтұрсынұлы көшесі жағынан жолға шығады. Шаттлдар келесі бағыттар бойынша қатынайды: — Әуежай; — Орбита шағынауданы; — Алматы-1 теміржол вокзалы; — Райымбек-Алатау; — Алматы Арена. Қосымша бағыттардың ұйымдастырылуы көрермендерге іс-шара аяқталғаннан кейін қаланың негізгі көлік тораптары мен аудандарына жылдам жетуге мүмкіндік береді. Алматы тұрғындары мен қала қонақтарына Орталық стадионға бару және кері қайту бағытын алдын ала жоспарлап, мүмкіндігінше қоғамдық көлікті…
Алматыда өткен дөңгелек үстелде 2030 жылға дейінгі капитал нарығын дамыту бағдарламасы мен жаңа заң жобасын талқылау отандық қаржы жүйесінің ең өзекті мәселесін айқын көрсетті. Реттеушілер жақсы көрсеткіштерді алға тартады: акциялар нарығының капиталдандырылуы екі есеге өсіп, 42 трлн теңгеге жетті, ал борыштық бағалы қағаздар көлемі 58 трлн теңгеден асты. Бірақ қарапайым қазақстандық немесе орта бизнес өкілі осы ауқымды сезініп отыр ма? Дөңгелек үстел жұмысына қатысқан экономист, Qazaq Expert Club тең құрылтайшысы Бауыржан Шурмановтың пікірінше, нарықтың формалды ауқымы мен оның нақты тереңдігі арасындағы алшақтық негізгі мәселелердің бірі болып қала береді. Ол Бағдарламада көзделген шаралар бұл жағдайды өзгерте ала ма және шын мәнінде…
Футболға деген арман – жол ашық. Бұл – 2026 жылғы «Тунсинь» Шыңжаң футбол суперлигасында Қашғар командасының жеңісіне арналған мақалалар топтамасының жалғасы. Бұл туралы SteppeNews.kz сайты China News Service-ке сілтеме жасап хабарлайды. «Мен де өскенде сен сияқты үлкен стадионға шығып, футбол ойнағым келеді». Қашғар қаласындағы Явагэ футбол алаңында 11 жастағы Абдусам Қадыржан дәл осы сөздерді өзіне қолтаңба беріп тұрған Миршат Маметалиге айтты. Миршат – 2026 жылғы «Тунсинь» Шыңжаң футбол суперлигасында Қашғар командасының қақпашысы. Бір ай бұрын Үрімші Олимпиадалық спорт орталығында өткен матчта ол 90 минут ішінде голға айналуы мүмкін үш соққыны қайтарды. Ойыннан кейін Миршат маусымның үздік қақпашысы атанып, «Алтын қолғап»…
Бортала-Моңғол автономиялық округі (бұдан әрі – БМАО) Тянь-Шань тауларының солтүстік сілемдерінің етегінде орналасқан. Моңғол тілінен аударғанда «жасыл дала» деген мағынаны білдіреді. Ұзақ уақыт бойы мұнда түрлі этнос өкілдері өзара араласып, мәдениеттер тоғысып, бай материалдық емес мәдени мұра қалыптасты. Ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан бұл қолөнер түрлері мен халықтық дәстүрлер бастапқыда жергілікті тұрғындардың күнделікті өмірінде өмір сүрсе, бүгінде дала шекарасынан асып, кеңірек сахнаға шығып жатыр. Тамырды сақтау: жүйе – негіз, шеберлік – өзек Соңғы жылдары БМАО партия комитеті мен үкіметі материалдық емес мәдени мұраны қорғау саласында «қорғауды бірінші орынға қою, құтқаруды басымдық ету, ұтымды пайдалану, мұраны жеткізу және дамыту» қағидаттарына негізделген жұмыстарды…