SteppeNews.kz: Қазақстанда зейнетақы активтерін басқару жүйесін трансформациялау кезеңі жалғасуда. 2026 жылдың басынан бастап инвестициялық портфельді басқарушылардың (ИПБ) қызметін бағалаудың жаңа форматы енгізілсе, наурыз айында БЖЗҚ салымшыларға өз қаражатының инвестициялық тағдырын бақылауға мүмкіндік беретін арнайы сервисті іске қосты. Бұл өзгерістердің мән-жайын Qazaq Expert Club сарапшысы, қаржыгер Венера Жаналина түсіндіріп берді. «2023 жылғы 1 шілдеден бастап салымшыларға міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) мен міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) есебінен жиналған қаражаттың 50%-на дейінгі бөлігін ИПБ басқаруына беру құқығы берілді. Ал ерікті зейнетақы жарналарын (ЕЗЖ) толық көлемде аударуға болады. 2026 жылдан бастап қолданысқа енген жаңа бағалау жүйесі нарықтық бағдар ретінде Ki индекстерін негізге алады.…
Автор: Saya
Steppenews.kz: Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ-ның құрылымдық және идеологиялық тұрғыдан жаңаруы қажеттігін мәлімдеп, ұйым Жарғысындағы ескірген ұғымдарды қайта қарауды ұсынды. Президенттің айтуынша, 80 жыл бұрын негізі қаланған ұйымның кейбір қағидалары бүгінгі заманның шынайы бейнесіне сәйкес келмейді. Ол БҰҰ Жарғысында әлі күнге дейін сақталған «дұшпан мемлекеттер» деген ұғымды мысалға келтіріп, қазіргі таңда бұл елдердің жаһандық қауіпсіздік пен ұйымды қаржыландыруда маңызды рөл атқарып отырғанын атап өтті. Мемлекет басшысы БҰҰ-ның беделін көтеру үшін оны ескірген көзқарастардан тазарту — уақыт талабы екеніне баса мән берді. Аталған Ұйымның негізі 80 жыл бұрын қаланды. Кейбір адамдар ұйым әбден ескірді, құлдырап бара жатыр деген пікір айтады. Келісуге…
Steppenews.kz: Ордос қаласында өтіп жатқан дзюдодан Азия чемпионатында отандасымыз Әділет Алмат алтын медаль иеленді. Бұл – Қазақстан құрамасы үшін соңғы төрт жылдағы құрлықтық біріншілікте алған алғашқы «алтын». 81 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде белдескен спортшымыз финалда 2024 жылғы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері, Тәжікстан өкілі Сомон Махмадбековпен кездесті. Тартысты өткен бәсекеде Әділет Алмат қарсыласына ауырту әдісін сәтті қолданып, таза жеңіске жетті. Әділет үшін бұл – ересектер арасындағы Азия чемпионатындағы алғашқы жеңісі. Ол бұған дейін, 2023 жылы жастар арасында құрлық чемпионы атанған болатын. Финалға дейінгі жолда қазақстандық дзюдошы Қырғызстан мен Тәжікстан өкілдерін, сондай-ақ ұлттық құрамадағы өз әріптесін жеңіп, сенімді өнер көрсетті. Айта кетерлігі,…
SteppeNews.kz: Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Анталия дипломатиялық форумының панельдік сессиясына қатысу үшін NEST конгресс орталығына келді. Президент «Mapping Tomorrow, Managing Uncertainties» («Ертеңгі күнді жоспарлау, белгісіздіктерді басқару») тақырыбына арналған көшбасшылар пікірталасына қатысады. Бұл сессияда әлемдік саясаттағы өзекті мәселелер мен болашақ сын-қатерлерді еңсеру жолдары талқыланбақ. Аталған халықаралық жиынға Солтүстік Македония Президенті Гордана Силяновска-Давкова және Грузия Премьер-министрі Ираклий Кобахидзе де қатысып, өз мемлекеттерінің ұстанымдарын білдіреді. Пікірталас алаңында жоғары деңгейдегі саяси диалог орнату көзделген. Жиынның модераторы — Түркия Ұлы Ұлттық жиналысының мүшесі, осы елдің бұрынғы сыртқы істер министрі Мевлют Чавушоғлу. Ол халықаралық қатынастар саласындағы тәжірибесіне сүйене отырып, мемлекет басшыларының ертеңгі күнге деген көзқарастарын ортаға…
SteppeNews.kz: Талдықорғандық спортшы Аян Тұрдыбек ауруханада есін жимастан қайтыс болды. Марқұмның туыстары медициналық көмектің дер кезінде көрсетілмегеніне және дәрігерлердің немқұрайлылығына шағымдануда. Бұл туралы SteppeNews.kz Stan.kz-ке сілтеме беріп хабарлайды. Оқиға спортшының денсаулығы кенеттен сыр берген түннен басталған. Алғашқыда шақыртумен келген жедел жәрдем бригадасы емделушінің тамағын ғана тексеріп, ыстық түсіретін дәрі ішуге кеңес беріп кетіп қалған. Алайда жағдайы оңалмаған соң, бойжеткен облыстық ауруханаға жеткізіліп, кейін инфекциялық бөлімге жолданған. Онда қызға екі рет дәрі тамызғыш қойылып, денсаулығы уақытша жақсарғанымен, көп ұзамай өңі бозарып, ерні көгеріп, жағдайы күрт нашарлаған. Марқұм стационарлық емге жіберілгенімен, аурухана қабырғасында есін жимастан көз жұмды. Туыстарының айтуынша, алтын уақыт жоғалтып…
SteppeNews.kz: Қарағанды облысының полицейлері бес жыл бойы халықаралық іздеуде болған 43 жастағы күдіктіні құрықтады. Аса ауыр қылмыс жасады деп айыпталған ер адам осы уақыт бойы жекеменшік үйлердің бірінде арнайы жабдықталған жасырын орында тығылып келген. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі мәлемдеді. Арнайы операция Қарағанды қаласының аумағында, жекеменшік тұрғын үйлердің бірінде жүргізілді. Тінту барысында полиция қызметкерлері арнайы жабдықталған жасырын орынды анықтап, іздеудегі күдіктінің сол жерде жасырынып жүргенін әшкереледі. Алдын ала деректерге сәйкес, ер адам қала тұрғынын қорқытып, күш қолданып, 117 миллион теңге бопсалауға қатысы бар. Күдікті ұзақ уақыт бойы құқық қорғау органдарынан бой тасалап, жасырынып жүрген, – деді Қарағанды облысы полиция департаменті…
SteppeNews.kz: Қазақстанда ТМККК (Тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі) бағдарламасы аясында азаматтарға тегін берілуі тиіс дәрі-дәрмектерді заңсыз сату деректері анықталды. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады. Таңбаланған тауарлардың электронды құжат айналымы орталығының мәліметінше, 2024 жылғы 1 шілдеден бастап еліміздің дәріханаларында пациенттерге тегін үлестірілуі тиіс препараттарды сатудың 4 114 жағдайы тіркелген. Тексеру барысында 74 дәріханаға сараптама жүргізілді. Нәтижесінде 31 ұйым әкімшілік жауапкершілікке тартылып, салынған айыппұлдың жалпы сомасы 12,3 млн теңгені құрады. Тағы 43 дәріхана мекемесіне анықталған заң бұзушылықтарды жою туралы ұйғарым берілді. Министрлік нақтылағандай, сөз болып отырған дәрілер — мемлекеттік бағдарлама аясында пациенттерге берілген, бірақ кейін дәріхана желілері арқылы заңсыз сатылған препараттар.…
SteppeNews.kz: Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі мәліметінше, «Мемсараптама» РМК «Алматы қаласы, Алатау ауданы, Саялы шағынауданында дене шынықтыру-сауықтыру кешенін салу» жобасына оң қорытынды берді. Жоба қаланың спорттық инфрақұрылымын дамытуға және тұрғындардың бұқаралық спорт және дене шынықтырумен айналысуына заман талабына сай жағдай жасауға бағытталған. Нысанды іске асыру жұртшылықтың спортқа қатысты қызметтерге қолжетімділігін арттырып, Алатау ауданы тұрғындары арасында салауатты өмір салтын насихаттауға ықпал етеді. Жобаға сәйкес, кешен құрамында әртүрлі спорт түрлеріне арналған залдар болады: спорт және көркем гимнастика залдары – әрқайсысы 80 орыннан; каратэ (таэквондо), бокс, грек-рим және еркін күрес, дзюдо залдары – әрқайсысы 34 орыннан, сондай-ақ 41 орынға арналған әкімшілік үй-жайлар…
SteppeNews.kz: Қазақстанда әскери қызметшілердің мобильді телефон пайдалануына қатысты жаңа ережелер күшіне енді, деп хабарлайды SteppeNews.kz Kazinform агенттігіне сілтеме жасап. ҚР Қорғаныс министрінің 2026 жылғы 30 наурызда қол қойған бұйрығына сәйкес, әскери қызметшілерге, Қарулы Күштердің азаматтық персоналына және әскери жиындарға шақырылған әскери міндеттілерге жеке құрылғыларын орналасу орнына дейін алып кіруге рұқсат етілді. Алайда бұл құрылғылар міндетті түрде өшірулі күйде болуы тиіс. Телефондарды тек ішкі күн тәртібімен белгіленген жеке уақытта және бөлімше аумағында ғана пайдалануға болады. Мерзімді қызметтегі сарбаздар, әскери оқу орындарының курсанттары мен кадеттері, сондай-ақ «Жас Ұлан» республикалық мектептерінің тәрбиеленушілері үшін де осындай талаптар белгіленген. Сонымен қатар, оларға әскери госпитальдарда немесе…
SteppeNews: Қазақстанда Наурыз мейрамын тойлау дәстүрі цифрлы форматқа ойысып, жаңа дем алды. Биыл TikTok пайдаланушылары мерекеге дайындық пен мейрамның алғашқы аптасында 40 мыңнан астам бейнеролик жариялап, төл мерекемізді ауқымды онлайн-оқиғаға айналдырды. Төрт жыл қатарынан TikTok платформасы қазақстандық қауымдастықпен бірлесіп, Наурыз мейрамын қолдап келеді. Биыл «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ, сондай-ақ Астана және Алматы әкімдіктерінің қолдауымен TikTok LIVE тікелей эфирлер фестивалі өтті. Танымал стримерлер мен креаторлар еліміздің әр түкпіріндегі халықтық серуендердің атмосферасын нақты уақыт режимінде көрсетіп, көпшілікпен бөлісті. Жалпы алғанда, #наурыз, #novruz және #наурызмейрамы сияқты тақырыптық хэштегтермен 300 мыңға жуық видео жарияланған. Мерекенің қызған шағында бұл тақырыпқа деген қызығушылық бес еседен астам…