SteppeNews.kz: Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Анталия дипломатиялық форумының панельдік сессиясына қатысу үшін NEST конгресс орталығына келді.
Президент «Mapping Tomorrow, Managing Uncertainties» («Ертеңгі күнді жоспарлау, белгісіздіктерді басқару») тақырыбына арналған көшбасшылар пікірталасына қатысады. Бұл сессияда әлемдік саясаттағы өзекті мәселелер мен болашақ сын-қатерлерді еңсеру жолдары талқыланбақ.
Аталған халықаралық жиынға Солтүстік Македония Президенті Гордана Силяновска-Давкова және Грузия Премьер-министрі Ираклий Кобахидзе де қатысып, өз мемлекеттерінің ұстанымдарын білдіреді. Пікірталас алаңында жоғары деңгейдегі саяси диалог орнату көзделген.
Жиынның модераторы — Түркия Ұлы Ұлттық жиналысының мүшесі, осы елдің бұрынғы сыртқы істер министрі Мевлют Чавушоғлу. Ол халықаралық қатынастар саласындағы тәжірибесіне сүйене отырып, мемлекет басшыларының ертеңгі күнге деген көзқарастарын ортаға салуға жетекшілік етеді.

