Автор: Saya

SteppeNews.kz: Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Моңғолия Президенті Ухнаагийн Хурэлсухты еліміздің жоғары мемлекеттік марапаты – «Алтын Қыран» орденімен марапаттады. Марапаттау рәсімінде Президент бұл шараны өткізу қазақ тарапы үшін зор мәртебе екенін атап өтіп, екі ел арасындағы достық пен ынтымақтастықтың маңыздылығына тоқталды.  Біз Сізді өз халқын алға бастап келе жатқан парасатты, білікті, ірі саясаткер деп білеміз, сыйлаймыз. Моңғолияны көркейту жолындағы қажырлы еңбегіңізді жоғары бағалаймыз. Салиқалы саясатыңыздың арқасында еліңіз өсіп-өркендеп келеді. Өзіңіздің бастамаңызбен түрлі салада тың жобалар жүзеге асырылып жатыр. Моңғолияның экономикасы дамып, халқыңыздың әл-ауқаты жақсарды. Сонымен қатар еліңіздің аймақтағы және әлемдегі беделі арта түсті. Сіздің басшылығыңызбен моңғол жұрты алдағы уақытта да биік…

Read More

SteppeNews.kz: Тим Кук Apple компаниясының бас директоры қызметінен кететінін ресми түрде жариялады. Ол 2026 жылдың 1 қыркүйегінен бастап жұмысын тапсырып, компанияның атқарушы төрағасы болады. Бұл туралы Apple компаниясының ресми баспасөз орталығы хабарлады. Технологиялық алпауыттың жаңа бас директоры болып Джон Тернус тағайындалды. Бұл шешім компанияның ұзақ мерзімді жоспарланған кадрлық ауысуының бір бөлігі ретінде қабылданған. 2011 жылы Тим Кук әлемге әйгілі компанияны Стив Джобстан кейін басқарды.  Оның кезеңі компания тарихындағы қарқынды өсіммен ерекшеленеді. Айта кетсек, оның басшылығымен Apple-дың нарықтық капитализациясы шамамен 350 миллиард доллардан 4 триллион долларға дейін өсті. Ал жылдық кірісі төрт есеге жуық өсті. 2011 жылы қаржы 108 миллиард доллар болса,…

Read More

SteppeNews.kz: Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі мәліметі бойынша, ұшу географиясын кеңейту және қолданыстағы маршруттар бойынша рейстер санын арттыру бағытында тұрақты негізде жұмыс жүргізілуде. Биылғы жылдың 18 сәуірінен бастап қазақстандық «SCAT» әуе компаниясы Boeing 737 типті әуе кемелерімен аптасына 2 рет (сейсенбі және сенбі күндері) жиілікпен Ақтау – Ереван бағыты бойынша тұрақты рейстерді орындауды бастады. Бұған қоса, 2026 жылдың 20 сәуірінен бастап армениялық «SHIRAK AVIA» әуе компаниясы Астана – Ереван бағыты бойынша аптасына 1 рет (дүйсенбі күндері) жиілігімен тұрақты рейстерді іске қосты. Рейстер Boeing 737 типті әуе кемелерімен орындалады. Жаңа әуе рейстерінің ашылуы Қазақстан Республикасы мен Армения Республикасы арасындағы сауда-экономикалық, іскерлік және…

Read More

SteppeNews.kz: Солтүстік Қазақстан облысында Петропавл қаласындағы жолөткел құрылысына бөлінген бюджет қаражатын жымқыру дерегі бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігі хабарлады. 2023 жылдың тамыз айында қалалық Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі мен «БУКА» ЖШС арасында 5,4 млрд теңгеге келісімшарт жасалған. Алайда мердігер мекеме жұмыс кестесін үнемі кешіктіріп келген. Тергеу мәліметінше, компания директоры тапсырыс беруші мекеме қызметкерлерімен алдын ала келісіп, іс жүзінде атқарылмаған жұмыстар туралы жалған актілер толтырған болуы мүмкін. Осы құжаттар негізінде бюджеттен мердігерге ақша аударылып отырған. Мемлекетке келтірілген шығын көлемі 2 млрд теңгеден асады деп бағалануда. Қазіргі таңда күдікті қамауға алынды. Сондай-ақ жалпы құны 270 млн теңгеден…

Read More

SteppeNews.kz: Қазақстанда екінші атом электр станциясын салу туралы шешім қабылданып, оның жұмыс атауы «Мойынқұм» деп бекітілді. Бұл туралы Атом энергиясы жөніндегі агенттік төрағасы Алмасадам Сәтқалиев мәлімдеді, деп хабарлайды SteppeNews.kz Tengrinews.kz сілтеме беріп. Агенттік басшысының айтуынша, жаңа нысанды Балқаш маңында орналастыру жоспарлануда. Қазіргі уақытта мамандар аталған аймақтағы үш ықтимал алаңды зерттеп жатыр. Зерттеу жұмыстары аяқталған соң, станцияның нақты қай жерде бой көтеретіні ресми түрде жарияланбақ. «Екінші станция бойынша шешім қабылданып қойған. Ол да Балқашта орналасады. Қазір үш алаң зерттеліп жатыр. Қарастыру қорытындысы бойынша нақты орналасатын жерін міндетті түрде хабарлаймыз», — деді Алмасадам Сәтқалиев Ақорда кулуарында. «Мойынқұм» АЭС-і әрқайсысының қуаты 1200 мегаватты…

Read More

SteppeNews.kz: АҚШ Қазақстан тәуелсіздік алған сәттен бері ел экономикасының түрлі салаларына жалпы көлемі 100 миллиард доллар инвестиция бағыттады. Бұл туралы АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Джули Стаффт «Jibek Joly» телеарнасына берген сұхбатында мәлімдеп, стратегиялық әріптестіктің жаңа деңгейге көтерілгенін атап өтті. Дипломаттың айтуынша, қос мемлекет арасындағы дипломатиялық байланыс 35 жыл бұрын АҚШ-тың Қазақстан тәуелсіздігін алғашқылардың бірі болып мойындауынан басталған. Елші бүгінгі таңдағы саяси диалогтың жоғары деңгейін ерекше атап өтті: — Қазір Қазақстан мен АҚШ-тың қарым-қатынасы ортақ тарихтағы ең жақсы деңгейде. Қос елдің Президенттері осындай арақатынасқа себеп болып отырғаны қуантады, — деді ол. Ынтымақтастықтың бастапқы кезеңінде басымдық тек бизнес пен экономикаға берілсе, қазіргі байланыстар…

Read More

SteppeNews.kz: Қазақ тілі алғаш рет халықаралық деңгейдегі Азиаттық-Тынық мұхиты лингвистикалық олимпиадасының (APLO-2026) ресми жұмыс тілі ретінде бекітілді. Бұл тарихи оқиға мемлекеттік тілдің жаһандық ғылыми-білім беру кеңістігіне ықпалдасуының және академиялық коммуникация құралы ретіндегі әлеуетінің айқын дәлелі болды. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі хабарлады. Олимпиада барысында барлық тапсырмалар мен олардың ресми шешімдері ұйымдастырушылардың платформасында қазақ тілінде жарияланды. Биылғы зияткерлік додаға Қазақстан, Қытай, Жапония, Малайзия, Корея Республикасы, Сингапур және Таиланд сияқты Азиаттық-Тынық мұхиты аймағы елдерінен 300-ге жуық дарынды оқушы қатысты. APLO-2026 – Халықаралық лингвистикалық олимпиадаға іріктеу кезеңі болып табылатын беделді жарыстардың бірі. Қазақстан құрамасы аталған олимпиадаға осымен үшінші рет қатысып, жоғары дайындық…

Read More

SteppeNews.kz: 2026 жылғы 1 шілдеден бастап Президент жыл басында қол қойған №253-VIII ҚР Құрылыс кодексі күшіне енеді. Осы сәттен бастап сала жаңа ережелер бойынша жұмыс істей бастайды. Құрылыс саласындағы Qazaq Expert Club сарапшысы Диляра Сейтнурова құрылыс компаниялары мен тұрғын үй сатып алушыларға әсер ететін негізгі өзгерістерді талдап берді. Бірыңғай жүйе және кепілдік мерзімдері Оның айтуынша, бұрын сала бір-бірімен толық үйлеспеген заңдар мен нормативтік актілер жиынтығымен реттелсе, жаңа кодекс бірыңғай жүйе қалыптастырып, нысанның бүкіл өмірлік циклін – жобалаудан бастап пайдалануға беруге дейін қамтиды. «Ең алдымен кепілдік мерзімдері ұзартылады: нысан бойынша екі жылдан бес жылға дейін, ал конструктивтік элементтер үшін он жылға…

Read More

SteppeNews.kz: Қазақстан мен Әзірбайжан биыл жазда Каспий түбімен интернет кабелін тарта бастайды. Ақтау мен Сумгаитты жалғайтын су асты оптикалық кабелін Каспий теңізіне 2026 жылдың сәуір-маусым айларында жеткізу, ал жаз мезгілінде оны төсеу жұмыстарын бастау жоспарланып отыр. Бұл туралы «Самұрық-Қазына» АҚ Қоғамдық кеңесінің отырысында «Қазақтелеком» компаниясы өз жұмысының негізгі көрсеткіштері мен стратегиялық жобаларын таныстыру кезінде мәлімдеді деп хабарлайды Informburo.kz. Каспий талшықты-оптикалық байланыс желісін (ТОБЖ) құру жобасын «Қазақтелеком» әзірбайжандық «AzerTelecom» компаниясымен бірлесіп жүзеге асыруда. «Теңіз түбін зерттеу және камералдық жұмыстар толық аяқталды. Қазіргі уақытта кабель дайындалып, жөнелтілді», — делінген ресми хабарламада. Отырыста өңірлердегі байланыс сапасын арттыру мәселесі де сөз болды. Компания мәліметінше,…

Read More

SteppeNews.kz: Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаров Қасым-Жомарт Тоқаевқа көрнекті ақын, драматург, қоғам қайраткері Мұхтар Шахановтың дүниеден озуына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады.Қырғыз басшысы бұл қазаны бүкіл түркі әлемі мен қырғыз халқы үшін орны толмас ауыр шығын деп атады. Бұл туралы Қырғызстан басшысының баспасөз қызметі хабарлады. Садыр Жапаров өз жеделхатында Мұхтар Шахановты қазақ халқының біртуар перзенті ғана емес, Қырғызстанның халық ақыны және заңғар жазушы Шыңғыс Айтматовтың ең жақын досы ретінде еске алды. Ол Шахановтың Қазақстанның Қырғызстандағы тұңғыш Төтенше және Өкілетті Елшісі ретінде екі бауырлас елдің рухани және дипломатиялық байланысын нығайтуға қосқан зор еңбегін ерекше атап өтті. «Мұхтар аға бауырлас қазақ халқының…

Read More