SteppeNews.kz: Қазақстанда әскери қызметшілердің мобильді телефон пайдалануына қатысты жаңа ережелер күшіне енді, деп хабарлайды SteppeNews.kz Kazinform агенттігіне сілтеме жасап.
ҚР Қорғаныс министрінің 2026 жылғы 30 наурызда қол қойған бұйрығына сәйкес, әскери қызметшілерге, Қарулы Күштердің азаматтық персоналына және әскери жиындарға шақырылған әскери міндеттілерге жеке құрылғыларын орналасу орнына дейін алып кіруге рұқсат етілді. Алайда бұл құрылғылар міндетті түрде өшірулі күйде болуы тиіс. Телефондарды тек ішкі күн тәртібімен белгіленген жеке уақытта және бөлімше аумағында ғана пайдалануға болады.
Мерзімді қызметтегі сарбаздар, әскери оқу орындарының курсанттары мен кадеттері, сондай-ақ «Жас Ұлан» республикалық мектептерінің тәрбиеленушілері үшін де осындай талаптар белгіленген. Сонымен қатар, оларға әскери госпитальдарда немесе әскери-медициналық мекемелердің емдеу бөлімшелерінде болған кезде де телефон пайдалануға рұқсат берілді.

