SteppeNews.kz: 15 сәуірді «Қозы Көрпеш пен Баян сұлу күні» деп бекер атамаған болу керек. Соңғы жылдары жастарымыздың арасында бұл күннің ғашықтар күні болып тойланып келе жатқаны көңіл қуантады. Бұл мейрам тек кейінгі жылдары ғана кең етек жая бастағанымен, тоқсаныншы жылдардың соңында өз бастауын тапқан. Ал осы күнді ғашықтар күні деп белгілейік деп бастама көтерген Оңтүстік Қазақстан облысының тумасы Серік Абас-шах есімді ұлт жанашыры болатын. 15 сәуір туралы нақты тарихи деректер жоқ екені рас, бұл туралы ақпарат abai.kz сайтынан алынды. Серік ағамыздың айтуы бойынша, қазақтың да өз ғашықтар мейрамы болғаны дұрыс. Ал сол мейрамды неге ағаштар бүршігін жарып гүл ашқан, мына…
Автор: Saya
SteppeNews.kz: Ғылым қызметкерлері күніне орай Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қолынан пәтер кілтін алған 10 жас ғалым баспаналарына қоныстанды. Астана мен Алматы қалаларынан өтеусіз негізде берілген бұл пәтерлер жас зерттеушілердің кәсіби қызметіне алаңсыз көңіл бөлуіне жағдай жасамақ. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрлігі мәлімдеді. Марапаттау рәсімінде Президент ғылымның ел бәсекеге қабілеттілігін арттырудағы рөліне тоқталды. Оның айтуынша, ғылым мен білімге инвестиция салған мемлекеттер ғана әлемдік аренада алдыңғы қатардан көрінеді. Бүгінде елімізде 600-ден астам жас ғалым баспанамен қамтылып, олар үшін арнайы гранттар мен әлемнің жетекші ғылыми орталықтарында тағылымдамадан өту мүмкіндіктері қарастырылған. Алматы қаласында пәтер алғандардың бірі — Сәтбаев университеті Физика-техникалық институтының ғылыми…
SteppeNews.kz: ҚР Көлік министрлігінің мәліметінше, әуе отынымен қамтамасыз ету мәселелерін тексеру барысында «Air Astana» АҚ және «FlyArystan» АҚ тарапынан авиаотын көлеміне қатысты бұрмаланған деректер ұсыну фактілері анықталды. Осыған байланысты, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес, аталған авиакомпаниялар әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Әрбір тасымалдаушыға 100 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды.
SteppeNews.kz: Жуырда Мәжіліс «Психологиялық қызмет туралы» заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады. Құжат мамандардың біліміне, кәсіби деңгейі мен этикасына қойылатын нақты талаптарды енгізуді көздейді. Бұл өзгерістердің психологиялық қызметтер нарығына қалай әсер ететінін Qazaq Expert Club шақырылған сарапшысы, дипломды психолог Жадыра Сабирова түсіндіріп берді. Оның айтуынша, соңғы жылдардағы негізгі мәселе – мамандықтар арасындағы шекараның көмескіленуі. Көп жағдайда адамдар кімге жүгініп жатқанын нақты ажырата алмайды: арнайы білімі бар маманға ма, әлде кәсіби дайындығы жоқ, бірақ әлеуметтік желіде белсенді тұлғаға ма? «Іс жүзінде бұл – осал күйдегі адам қате көмек алуы мүмкін деген сөз. Мысалы, мазасыздық бұзылысы мотивацияның жетіспеушілігі ретінде түсіндіріліп кетуі ықтимал. Нәтижесінде…
SteppeNews: Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, соңғы екі жылда медицина қызметкерлерін қолдауға бағытталған шаралардың нәтижесінде еліміздегі дәрігерлер тапшылығы 20,4%-ға төмендеді. Бұл көрсеткіш 4863,75-тен 3869,5 штаттық бірлікке дейін азайып, кадрлармен қамтамасыз ету деңгейі дамыған ЭЫДҰ елдерінің қатарына жақындады. Ауылдық жерлердегі оң өзгерістер Ауылдық денсаулық сақтау саласына ерекше көңіл бөлінуінің арқасында мұндағы дәрігерлер тапшылығы 26,7%-ға азайып, 821,25 штаттық бірлікті құрады. Ал орта буын медицина қызметкерлерінің жетіспеушілігі тұрақты түрде 13%-ға азайып келеді. Мамандарды ынталандыру және әлеуметтік көмек Ауылдық жерлердегі аса тапшы мамандықтар (акушер-гинекологтар, педиатрлар, реаниматологтар және т.б.) бойынша жұмыс істеуге келген мамандарға 8,5 млн теңге (100 ең төменгі жалақы) көлемінде біржолғы әлеуметтік төлем беріледі.…
SteppeNews.kz: Атырау қалалық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі мемлекеттік сатып алу порталында 10 калькулятор сатып алу үшін 3 млн 925 мың теңгеге тендер жариялаған. Құжаттарда тауардың нақты техникалық сипаттамасы көрсетілмеген, тек оның «бухгалтерлік калькулятор» екені ғана жазылған. Бұл туралы SteppeNews.kz «KAZINFORM» ақпарат агенттігіне сілтеме беріп хабарлайды. Даулы тендерге екі кәсіпкер қатысуға ниет білдіріп үлгерген. Шарт бойынша жеңімпаз атанған мекеме тауарды 15 күн ішінде жеткізуі тиіс. Алайда, қоғамда қызу талқы тудырған бұл сатып алу рәсімі көп ұзамай тоқтатылды. Қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі бұл жағдайға қатысты түсініктеме беріп, тауардың бағасын енгізу кезінде мамандар тарапынан техникалық қателік кеткенін мәлімдеді. 8 сәуір күні жарияланған…
SteppeNews.kz: Қазақстанда жүргізуші куәлігін беру жүйесіне бірқатар маңызды жаңашылдықтар енгізілмек. Үкімет жаңа талаптар арқылы емтихан тапсыру процесін жеңілдетіп қана қоймай, оның ашықтығы мен қауіпсіздігін арттыруды көздеп отыр деп хабарлайды SteppeNews.kz, ҚР Премьер-министрінің ресми ақпараттық ресурсына сілтеме жасап Емтиханды шексіз тапсыруға мүмкіндік беріледі Жаңа өзгерістерге сәйкес, азаматтар жүргізуші куәлігін алу үшін емтиханды шектеусіз тапсыра алады, алайда бұл қызмет ақылы негізде жүзеге асады. Әрбір қайта тапсыру әрекетінің арасында кемінде 10 күн үзіліс болуы шарт. Қазіргі жүйе бойынша үміткерлерге тек үш тегін мүмкіндік беріледі: алғашқы екеуі – бір күндік аралықпен, үшіншісі – 30 күннен кейін. Жаңа тәртіп осы шектеулерді жеңілдетіп, артық кедергілерді жоюға…
SteppeNews.kz: Ыстанбұл Кент университетінде қазақстандық студенттер бауырсақ дайындаудан байқау өтті. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігі мәлімдеді. Бас консулдықтың мұрындық болуымен өткен сайысқа Ыстанбұл мен Анкарадан бөлек, Анталия, Измир және Бурса қалаларында оқитын студенттер де жиналды. Екі ел арасындағы мәдени байланыстарды нығайтуды көздеген бұл жиынға ғылыми-академиялық орта өкілдері, жергілікті БАҚ журналистері және шетелдік студенттер жиналды. Шара меймандары қазақтың басты тағамдарының бірі – бауырсақтың дәмін татып, төл асханамыздың өзге де дәмдерімен және Қазақстанның бай мәдениетімен жақынырақ танысты. Байқаудың негізгі мақсаты – бауырлас түрік жұртына қазақ асханасын насихаттау және шығармашылық сайыс арқылы студенттер арасында ауызбіршілікті арттыру. Әр команда бауырсақтың дәстүрлі рецепті мен…
SteppeNews.kz: Алаяқтар қазақстандықтарды алдау үшін жасанды интеллектіні пайдалануда. Қаскөйлер полиция, банк немесе мемлекеттік орган қызметкерінің кейпіне еніп, жалған видео және аудиоқоңыраулар жасай бастаған. Мұндай қоңырау шалу кезінде олар «күдікті операциялармен» қорқытып, ақшаны тез арада «қауіпсіз шоттарға» аударуды талап етеді. Сондай-ақ, ресми хабарламаларға ұқсатып, жалған құжаттар мен мәтіндерді де таратады. Ішкі істер министрлігі ескертеді: Полиция мен банк қызметкерлері ешқашан телефон арқылы ақша аударуды талап етпейді; Жеке мәліметтерді сұратпайды. Қазақстандықтарға мұндай қоңырауларға сенбеуге және бірден полицияға хабарласуға кеңес беріледі.
STEPPENEWS.KZ: Сирек металдар өндірісінен бастап «ақылды» агросекторға дейін — Еңбекшіқазақ ауданы Орталық Азиядағы «Бір белдеу, бір жол» бастамасының амбицияларын жүзеге асыратын басты алаңға айналуда. SteppeNews.kz сайтына берген сұхбатында аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Нұрболат Серікқалиұлы өңірдегі ең маңызды қытайлық инвестициялық жобалардың іске асырылуы туралы айтып берді. Бүгінгі Еңбекшіқазақ ауданы — бұл жай ғана Алматы облысының географиялық орталығы емес, өңірдің қуатты экономикалық қозғалтқышы. 300 мыңнан астам халқы және бірегей аграрлық әлеуеті бар аудан әсерлі динамика көрсетіп отыр: мұнда бюджетті жыл сайын 17 млрд теңгеге толтыратын 25 мыңнан астам шағын және орта бизнес субъектілері жұмыс істейді. Алайда, өсімнің нағыз қозғаушы күші ҚХР-мен стратегиялық серіктестік…