SteppeNews.kz: 2025 жылы Қазақстанда бала туу көрсеткіші алдыңғы жылмен салыстырғанда 8–10%-ға азайып, шамамен 335 мың сәби дүниеге келді. Бұл соңғы 11 жылдағы ең төмен көрсеткіш болып тіркелді. Qazaq Expert Club әлеуметтік мәселелер жөніндегі сарапшысы Нуржамал Иминованың айтуынша, елімізде аналардың жасы ұлғайып келеді. 2025 жылы аналардың орташа жасы 29,9 жасты, ал бірінші баланы дүниеге әкелу жасы 25,3 жасты құраған. Сарапшы бұл жағдайды әлемдік үрдіспен байланыстырады: әйелдер алдымен білім алуға, мансап жолын құруға және қаржылық тұрақтылыққа басымдық беріп, ана болуды кейінге қалдырады. Бала туу туралы шешімге тек экономикалық жағдай емес, белгісіздік пен жұмыссыз қалу қорқынышы да әсер етеді. Сонымен қатар, урбанизация деңгейінің…
Автор: Saya
SteppeNews.kz: Бүгін, 20 сәуір — бүкіл әлемде БҰҰ-ның ресми алты тілінің біріне арналған Халықаралық қытай тілі күні атап өтілуде. Бұл мереке 2010 жылдан бастап қытай тілінің мәдени байлығы мен оның жаһандық маңызын дәріптеу мақсатында тойланып келеді. Бұл күннің таңдалуы кездейсоқ емес. Аңыз бойынша, осыдан 5000 жыл бұрын қытай иероглифтерін ойлап тапқан Цан Цзеге құрмет көрсету мақсатында белгіленген. Ол табиғаттағы құстар мен жануарлардың ізін бақылай отырып, алғашқы жазу таңбаларын жасаған деседі. Қытай күнтізбесінде бұл кезең «Гую» (Астық жаңбыры) деп аталады, себебі аңызға сәйкес, жазудың пайда болуына риза болған көк аспан жерге алтын тары жаудырған. Қазіргі таңда қытай тілі — әлемдегі ең…
SteppeNews.kz: Бүгін еліміздің Мәдениет және ақпарат министрлігі Қазақстанның Еңбек Ері, халық жазушысы, бүкіл түркі әлемінің абыз ақсақалы Мұхтар Шахановтың өмірден өткенін ресми түрде хабарлады. Соңғы апталарда денсаулығы сыр беріп, дәрігерлердің жіті бақылауында болған ақын 84 жасқа қараған шағында мәңгілік сапарына аттанды. Бұл хабар тек қазақ даласы емес, ақынның отты жырларын жаттап өскен барша туысқан халықтардың қабырғасын қайыстырып отыр. Мұхтар Шаханов — ұлттық намыс пен батылдықтың символына айналған бірегей тұлға. Оның есімі ең алдымен 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасының ақиқатын ашу жолындағы жанкештілігімен тарихқа жазылды. Тоталитарлық жүйенің қаһарынан қаймықпай, Кремль мінберінен Желтоқсан көтерілісіне қатысқан қазақ жастарының арын қорғап шыққан ерлігі бүгінгі Тәуелсіздігіміздің…
SteppeNews.kz: Қазақстанда талапкерлерді іріктеу жүйесін жетілдіру мақсатында Ұлттық бірыңғай тестілеу форматына бірқатар өзгерістер енгізіледі. Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары Аида Балаева мәлімдеді. Министрдің айтуынша, мемлекеттік саясаттың басты басымдығы — адами капиталға инвестиция салу. Бүгінде білім беру жүйесі тек теориямен шектелмей, нақты дағдыларды меңгерген мамандарды даярлауға бағытталуы тиіс. «Қазіргі таңда білім беру саласы тек білім берумен шектелмей, нақты дағдыларды меңгерген, еңбек нарығына бейімделген мамандарды даярлауға бағытталуы тиіс. Бұл – сапалы жаңа кезеңге көшу», – деді Аида Балаева. Осы реформалар аясында, әсіресе педагогикалық мамандықтарға түсушілер үшін гибридті бағалау жүйесі енгізіледі. Келесі жылдан бастап талапкерлер ҰБТ нәтижесімен қатар, кәсіби бейімділігін анықтайтын ауызша емтихандар тапсырады.…
SteppeNews.kz: Маңғыстау ауданында толассыз жауған жауын соңы ірі көлемдегі мал шығынына ұласты. Қолайсыз ауа райының салдарынан жүздеген жылқы батпаққа батып, қырылып қалды, деп хабарлайды SteppeNews.kz Lada.kz-ке сілтеме беріп. Жергілікті тұрғындар мал шығыны туралы алғашқы ақпараттарды әлеуметтік желілерде бөлісуде. Ауыл тұрғындарының айтуынша, табиғи апат әр шаңыраққа соққы болып тиген: әр аула бірнеше бастан бастап, он басқа дейін малынан айырылған. Әсіресе, Ақшымырау ауылы маңындағы жағдай өте күрделі. Жағдайды өз бақылауына алған Маңғыстау ауданы әкімдігі арнайы комиссия құрылғанын хабарлады. Мемлекеттік органдар өкілдерінен жасақталған топ қазіргі уақытта оқиға орнында шығын көлемін бағалап жатыр. Алдын ала мәліметтер бойынша, 100-ден астам жылқының өлегі табылған. «Маңғыстаудағы нөсер…
SteppeNews.kz: Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, елімізде инвесторлар, кәсіпкерлер және шетелдік мамандар үшін құжат рәсімдеу мен келу тәртібі айтарлықтай жеңілдетілуде. Қолданыстағы инвестициялық және жеңілдетілген режимдер аясында бизнес өкілдеріне кең ауқымды артықшылықтар ұсынылып отыр. Бұл өз кезегінде визаны жедел алуға, өтінімдерді қысқа мерзімде қарауға және маңызды жобаларды мемлекеттік деңгейде сүйемелдеуге мүмкіндік береді. Мұндай қолайлы шарттар еліміздегі тапшы мамандықтар бойынша еңбек етуге келетін кәсіби мамандарға, сондай-ақ мемлекеттік органдар қолдау білдірген әлеуметтік-экономикалық жобалардың қатысушыларына да беріледі. Жаһандық еңбек нарығындағы цифрлық трансформация аясында жасанды интеллект (AI) саласын меңгерген кадрларға сұраныс ерекше артып отыр. Осыған орай, Қазақстанның басымдық беріп отырған мамандықтар…
SteppeNews.kz: ТЖМ мәліметінше, Солтүстік Қазақстан облысының Есіл ауданында, Жаңалық ауылының маңында ашық аумақта құрғақ шөп жанып, кейін өрт орман шаруашылығына таралған. Алдын ала деректер бойынша, өрттің аумағы 7,7 гектарды құрады. Тілсіз жау жермен өте жылдам таралды. Өртті сөндіру жұмыстары қатты, екпінді желдің салдарынан қиындады. Оқиға орнында жедел штаб құрылып, өртті сөндіруге Төтенше жағдайлар департаментінің күштері мен құралдары, орман шаруашылығының қызметкерлері, жергілікті атқарушы органдардың өкілдері және ерікті өрт сөндіру жасақтары жұмылдырылды. Іс-қимылдарды үйлестіру мақсатында оқиға орнынан департаменттің дағдарыс орталығына бейнеконференцбайланыс ұйымдастырылды. Барлық қызметтердің үйлесімді жұмысының нәтижесінде өрт сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.
SteppeNews.kz: 22-26 сәуір күндері Астана қаласындағы Президент орталығында Astana Eurasian Book Fair – 2026 IX халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесі өтеді. Орталық Азиядағы ірі мәдени-ағартушылық шаралардың бірі болып саналатын бұл жиын Туризм және спорт министрлігі бекіткен оқиғалық туризмді дамыту күнтізбесіне енгізілген. Көрме-жәрмеңкені «Фолиант» баспасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің және Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырады. Шараға Қазақстаннан және әлемнің 15 елінен, соның ішінде Ресей, Түркия, Қытай, Ұлыбритания мен Испаниядан 80-нен астам компания қатысады. Қатысушылардың шамамен жартысы отандық баспалар мен ұйымдарды құрайды. Бес күн бойы қонақтарға мазмұнды мәдени және іскерлік бағдарлама ұсынылады. Келушілер жаңа кітаптардың тұсаукесеріне қатысып, танымал авторлармен кездесе алады және арнайы автограф-сессиялар…
SteppeNews.kz: ICAO GISS 2026 симпозиумы аясында ҚР Көлік министрлігі Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Салтанат Томпиева ИКАО Кеңесінің Президенті Тошиюки Онумамен кездесіп, еліміздің авиация саласындағы жетістіктері мен ұйым Кеңесіне сайлану жоспарын талқылады. Тараптар ынтымақтастықты нығайту мәселелерін қарастырып, биыл қазан айында Қазақстанда өтетін ИКАО-ның авиациялық қауіпсіздік апталығына дайындық барысын пысықтады. Кездесуге ИКАО-ның EUR/NAT бюросының өңірлік директоры Николас Ралло және Қазақстанның ИКАО-дағы Тұрақты өкілі Тимур Тлегенов қатысты. Салтанат Томпиева Тошиюки Онуманы жаңа лауазымға сайлануымен құттықтап, оның тәжірибесі халықаралық авиацияның дамуына серпін беретініне сенім білдірді. Өз кезегінде Т. Онума Қазақстанның белсенді ұстанымы мен ұйым принциптеріне адалдығын жоғары бағалап, мүше мемлекеттердің қажеттіліктерін түсіну маңызды екенін…
SteppeNews.kz: Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Германияда өтіп жатқан WTA 500 грунттық турнирінің жартылай финалына шықты, деп хабарлайды SteppeNews.kz Қазақстан Теннис федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Ширек финалда отандасымыз әлемнің 25-ракеткасы, канадалық Лейла Фернандеспен үш сағатқа созылған қиын матч өткізді. 3 сағат 2 минутқа созылған бұл кездесу нағыз мінез бен төзімділіктің сыны болды: Рыбакина алғашқы сетте тай-брейкте есе жібергенімен, кейін басымдықты қайтарып, есепті теңестірді. Шешуші үшінші партияда да жеңімпаз тай-брейк арқылы анықталып, Елена қарсыласын қапы қалдырды. Есеп — 6:7 (5:7), 6:4, 7:6 (8:6). Штутгарт корты Рыбакина үшін сәтті мекен: 2024 жылы ол дәл осы жерде чемпион атанған болатын. Биылғы өнері…