Спорттық гимнастикадан үш дүркін Олимпиада чемпионы Ли Нин Алматыдағы №9 олимпиада резервінің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебіне барды. Бұл туралы Алматы қаласы Спорт басқармасы хабарлады, деп жазады SteppeNews.kz Алматы қалвсы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Кездесу мектептің жаттығу залында өтті. Жас гимнасшылар қонаққа арнайы көрсетілім ұсынып, спорттық гимнастиканың түрлі элементтерін орындады. Ли Нин спортшылардың дайындығын көріп, жаттығу барысымен танысты. Олимпиада чемпионы жас спортшыларға жаттығуды үзбей жалғастырып, алдарына қойған мақсаттарына табандылықпен ұмтылуға тілектестік білдірді. Кездесу соңында мектеп тәрбиеленушілері Ли Ниннен қолтаңба алды. Сапар барысында гимнаст бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерімен кездесіп, спорттағы жолы мен кәсіби мансабына қатысты сұрақтарға жауап берді. Ли Нин —…
Автор: Saya
Алматыдағы ONER Corner арт-кеңістігінде DESIGN CAMPANIA – «Сәннен тыс» ауқымды көрмесінің ашылуы өтті. Италияның оңтүстігіндегі өңірге арналған экспозиция сән, аэроғарыштық технологиялар, зергерлік шеберлік пен Қазақстанмен іскерлік диалогты біріктіре отырып, Италия туралы қалыптасқан стереотиптерді кеңейтеді, деп хабарлайды SteppeNews.kz. Сәннен де ауқымды: индустриялық Кампанияның бес қыры ONER Corner арт-кеңістігінде (Шевченко көшесі, 51) DESIGN CAMPANIA – «Сәннен тыс» көрмесі жұмысын бастады. Жоба қазақстандық аудиторияны Италияның астанасы Неаполь болып саналатын Кампания өңірінің заманауи дизайны және экономикалық әлеуетімен таныстырады. Экспозиция өңір компанияларының La Moda Italiana @ Almaty көрмесіне дәстүрлі қатысуы аясында ұйымдастырылды. Көрменің ашылуына Қазақстан мен Қырғызстандағы Италия Республикасының Елшісі, мәртебелі Антонелло Де Риу, сондай-ақ…
28 қыркүйекте Гуйчжоу провинциясының Либо ауданындағы Хунцзян ауылында бірден екі оқиғаның шымылдығы түрілді. Бірі — 19 жылдық тарихы бар, Қытай ақпарат агенттігінің PhotoChina Original брендіне айналған «Түрлі-түсті Гуйчжоу – 2026» халықаралық табиғи орта фотокөрмесі. Екіншісі — тұңғыш рет қолға алынған «Жер өнері маусымы». Провинцияның партия комитеті, China News Service және Мәдениет және туризм басқармасы бірігіп ұйымдастырған биылғы көрменің ұраны — «Гуйчжоудағы өмір: жарық пен көлеңкеде». Бұл — көзқарастың өзгеруі. Бұрын объектив әдемі көрініс іздесе, биыл ол адамның жүзіне, алақанына, күнделікті күйбеңіне бұрылды. Желіде және көзбе-көз қойылған 1000-нан астам туынды алты арнаға бөлінген: мәдениет, саяхат, спорт, медицина, кәсіп және көлік. Бұл…
Қытай өзінің «Бэйдоу» навигациялық спутниктік жүйесін (BDS) озық технологиялармен ықпалдастыруды жеделдетіп, оны тұтынушылық құрылғылардан өнеркәсіптік операцияларға дейін кеңінен қолдана бастады. Бұл әртүрлі салалардың дамуына жаңа мүмкіндіктер беріп отыр деп хабарлайды SteppeNews.kz Синьхуа ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап. «Бэйдоу» жүйесінің 5G және 6G, жасанды интеллект (ЖИ), қашықтан зондтау және төмен Жер орбитасындағы спутниктер сияқты озық технологиялармен біріктірілуі жүйені қолдайтын құрылғылар үшін жаңа мүмкіндіктер ашуда. «Бэйдоу жүйесінің көмегімен бүкіл ел аумағында сантиметрлік дәлдікке дейін нақты уақыт режимінде орналасқан жерді анықтау қызметтерін, сондай-ақ жаһандық қамтумен және жылдам жинақталу мүмкіндігімен жоғары дәлдіктегі позициялау қызметтерін ұсыну мүмкіндігі қалыптасты», – деді China Satellite Network Group Co., Ltd.…
Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті UI GreenMetric World University Rankings 2026 халықаралық рейтингінде жоғары нәтижесін сақтап қалды. Университет Қазақстанның жоғары оқу орындары арасында І орынды иеленіп, әлемдегі үздік 150 «жасыл» университеттің қатарына кірді деп хабарлайды SteppeNews.kz ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігіне сілтеме жасап. Биылғы рейтингке әлемнің 2015 университеті қатысты. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 270 оқу орнына көп. Қазақстаннан да рейтингке қатысқан университеттер саны артты. Егер 2025 жылы тізімде 30 қазақстандық ЖОО болса, 2026 жылы олардың саны 41-ге жетті. Осы ретте ШҚТУ елдегі көшбасшылық позициясын сақтап қалды. Университеттің рейтинг критерийлері бойынша көрсеткіштері де жақсарған. 2026 жылы ШҚТУ 8462,5…
Антальядағы ежелгі Лирботон-Коме қонысында жүргізілген археологиялық қазба жұмыстары Рим дәуірінде өңірдің зәйтүн майын өндірудегі маңызды рөлін көрсетіп қана қоймай, әйелдердің экономикалық өмірге айтарлықтай қатысқанын да дәлелдейтін деректерді анықтады. Бұл туралы SteppeNews.kz Mk-turkey.ru ақпараттық сайтына сілтеме жасай отырып хабарлайды. Деметра абызасы Арете өз қаражатына зәйтүн майын өндіруге арналған мұнара тұрғызып, зәйтүн ағаштарын қорғауды және діни мерекелерді қаржыландыруды қамтамасыз ететін қор құрған. Анталья провинциясының Кепез ауданында орналасқан Лирботон-Комеде алғашқы ауқымды археологиялық қазба жұмыстары мен зерттеулер 2016 жылы Анталья музейі дирекциясының жетекшілігімен басталды. Төрт жыл бойы қазба жұмыстарына Акдениз университетінің археология кафедрасының профессоры Невзат Чевик жетекшілік етті. Зерттеу барысында мұнда ондаған шеберханасы бар…
Астанадағы Қытай Халық Республикасының Елшілігінде ҚХР құрылғанына 77 жыл толуына орай салтанатты кеш өтті. Шараға мемлекеттік органдардың, дипломатиялық корпустың, іскерлік және қоғамдық орта өкілдері, мәдениет қайраткерлері мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты деп хабарлайды SteppeNews.kz. Салтанатты бөлім Қазақстан мен Қытайдың мемлекеттік әнұрандарын орындаудан басталды. Одан кейін қонақтарға Қытай Халық Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Хань Чуньлинь сөз сөйледі. Дипломат өз сөзінде қазіргі Қытайдың дамуына тоқталып, елдің экономика, ғылым, жоғары технологиялар, цифрландыру және жасыл энергетика салаларындағы жетістіктерін атап өтті. Сондай-ақ жасанды интеллектті қоса алғанда, жаңа технологиялық бағыттардың дамуына назар аударды. «Алдағы бес жылда Қытай жаңа сападағы өндіргіш күштерді белсенді…
Қазақстан Республикасының өкілдері Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) жолаушыларды сәйкестендіру бағдарламасы (TRIP) бойынша XXI симпозиумына қатысты деп хабарлайды SteppeNews.kz ҚР Көлік министрлігіне сілтеме жасап. Іс-шараға ИКАО Кеңесінің Президенті Тошиюки Онума, 70 ел мен 7 халықаралық ұйымның өкілдері, сондай-ақ авиация индустриясының халықаралық компанияларынан 600-ден астам делегат қатысты. Қазақстан атынан симпозиумға Халықаралық азаматтық авиация ұйымы (ИКАО) жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілі Тимур Тлегенов және Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің рәсімдерді оңайлату, жолаушылар мен жүктерге қызмет көрсету департаментінің директоры – бас авиациялық инспектор Всеволод Ким қатысты. Қазақстан делегациясы «Seamless Travel in Practice» («Іс жүзіндегі кедергісіз саяхат») сессиясында спикер ретінде сөз сөйлеп, тұлғаны тану және жолаушыларды…
Қазақстандағы тау-кен кәсіпорындары кен өндіру көлемін арттырғанымен, пайдалы компонентті толық бөліп ала алмаса, кірістен қағылуы мүмкін. Бұған қоса, дұрыс таңдалмаған реагенттер өндірістің тоқтауына және қосымша шығынға әкеледі. Бұл туралы BASF Central Asia басқарушы директоры әрі Тау-кен шешімдері бағытының жетекшісі Ростислав Камкин Алматыдағы компанияның зертханасына ұйымдастырылған баспасөз сапарында айтты, деп хабарлайды SteppeNews.kz. Камкиннің айтуынша, тау-кен өндірісіндегі қаржылық нәтиже тек өндірілген кен көлеміне емес, одан алынған пайдалы компоненттің мөлшеріне де байланысты. Сондықтан реагенттік режимді нақты кеннің құрамына бейімдеу кәсіпорын шығынын азайтып, металл өндіру деңгейін арттыруға әсер етеді. «Кенді қайта өңдеу — бұл өзінің қаржылық моделі бар ағынды өндіріс. Оның құнына кен өндіру,…
Қытай зерттеушілері 2028 жылдың соңына дейін Марстың жаңа буындағы геологиялық картасын әзірлеуді жоспарлап отыр. Жоба Қызыл ғаламшардың суға байланысты өткенін зерттеп, Марстың геологиялық уақытын жіктеудің қытайлық жүйесін қалыптастыруға бағытталған. Бұл туралы Қытай Ғылым академиясының академигі, «Тяньвэнь-3» миссиясының бас ғылыми қызметкері Хоу Цзэнцянь Қытай Геологиялық ғылымдар академиясының Геология институтында өткен симпозиумда мәлімдеді, деп хабарлайды SteppeNews.kz «Синьхуаға» сілтеме жасап. Жаңа картаға «Тяньвэнь-1» миссиясы барысында алынған деректермен қатар, NASA мен Еуропалық ғарыш агенттігінің Марсты зерттейтін аппараттарынан жиналған ақпараттар да енгізіледі. Ғалымдар орбиталық және жерүсті зерттеулердің нәтижелерін біріктіріп, ғаламшардың әртүрлі физикалық көрсеткіштерін қамтитын жаһандық деректер базасын құруды көздеп отыр. Марстың су тарихы зерттеледі 2021…