HUAWEI компаниясы Қазақстан нарығына nova 16s смартфондарының жаңа сериясын шығаруға дайындалып жатыр. Компания жаңа құрылғылар туралы ақпаратты кезең-кезеңімен жариялап, олардың жаңартылған дизайны, 50 Мп камералары, перископты телеобъективі және 7000 мА·сағ аккумуляторы туралы негізгі мәліметтерді таныстырды. nova сериясы HUAWEI смартфондарының дизайны мен мобильді фотосуретке басымдық беретін желілерінің бірі саналады. Жаңа серияда компания осы бағыттарды жалғастырып, құрылғылардың сыртқы дизайны мен камера жүйесін жаңартқан. HUAWEI nova 16s сериясында 50 Мп камералар қолданылады. Модельге байланысты камера жүйесінде перископты конструкциясы бар телеобъектив болуы мүмкін. Ол алыстағы нысандарды үлкейтіп түсіруге мүмкіндік береді. Жаңа серияның тағы бір ерекшелігі – сыйымдылығы 7000 мА·сағ аккумулятор. Смартфондар 100 Вт-қа дейінгі…
Автор: Saya
Моңғолияның Ұлттық Шыңғыс хан музейінде итальян өнеріне арналған көрме ашылды. Ұлан-Батырға Италияның Қайта өрлеу дәуірі мен барокко өнерінің туындылары жеткізілді деп хабарлайды SteppeNews.kz Монголия сейчас сайтына сілтеме жасай отырып. «Даладағы ұлы теңіз желі: Рафаэль мен Бернини» деп аталатын көрмеде Римдегі Боргезе галереясының өнер туындылары ұсынылған. Экспозицияның басты жұмыстарының қатарында Рафаэль Сантидің «Портреті» және Джан Лоренцо Бернинидің әйгілі «Нептун мен Тритон» мүсінінің қола көшірмесі бар. Көрмеде бұл екі туынды қатар ұсынылып, адамның билікті қабылдауындағы екі түрлі көркемдік тәсіл көрсетілген. Рафаэльдің шығармасы байсалдылық, үйлесім мен ойға шомуды бейнелесе, Бернинидің жұмысы қозғалыс, қуат және эмоциялық әсерімен ерекшеленеді. Экспозиция кеңістігі келушілерді өнер тарихындағы өзіндік…
Қазақстан ұлттық құрамасының боксшысы Төрехан Сабырхан Жапонияның Айти және Нагоя қалаларында өтіп жатқан ХХ жазғы Азия ойындарында чемпион атанды. Бұл туралы SteppeNews.kz ҚР Туризм және спорт министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды. 70 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Төрехан Сабырхан финалда Иордания өкілі З. Ишашпен жұдырықтасып, төрешілердің бірауызды шешімімен 5:0 есебімен жеңіске жетті. Бұл – Қазақстанның Азия ойындарында бокстан соңғы 12 жылдағы алғашқы алтын медалі. Бұған дейін қазақстандық боксшылар 2014 жылы Инчхонда өткен Азия ойындарында чемпион атанған. Ал 2018 жылы Джакартада және 2022 жылы Ханчжоуда өткен жарыстарда Қазақстан құрамасы бокстан алтын жүлдеге ие бола алмады. Төрехан Сабырхан Азия ойындарына ұлттық құраманың негізгі…
Желтоқсанда «Педагог мәртебесі туралы» заңның қабылданғанына жеті жыл толады. Осы уақыт ішінде қазақстандық мұғалім үшін шын мәнінде не өзгерді? Бақытымызға қарай, аз жұмыс атқарылған жоқ. 2019 жылы мәселелер нақты еді: еңбекақының төмендігі, есептіліктің шамадан тыс көптігі және педагогке тән емес жұмыстар. Мұғалімдер балаларды оқыту мен тәрбиелеуге тікелей қатысы жоқ түрлі міндеттерге тартылатын. Оқу-ағарту министрлігінің деректеріне сәйкес, 2020 жылдан бері педагогтердің жалақысы жиынтық түрде 100%-ға өсті. Біліктілік санаты, тәлімгерлік, академиялық дәреже және басқа да жұмыс түрлері үшін қосымша төлемдер енгізіліп, олардың ауқымы кеңейді. Педагог мәртебесі туралы сөз қозғағанда, көбіне мектеп мұғалімін елестетеміз. Алайда заң мектепке дейінгі, техникалық және кәсіптік, орта білімнен…
Алматылық спортшы Дамир Тоқтаров Жапонияның Айти және Нагоя қалаларында өтіп жатқан XX жазғы Азия ойындарында қола жүлдеге ие болды. Бұл – Қазақстанның Азия ойындарындағы спорттық құзға өрмелеуден алған алғашқы медалі. Бұл туралы Алматы қаласы Спорт басқармасының өкілдері айтты деп хабарлайды SteppeNews.kz Алматы қаласының әкімдігіне сілтеме жасай отырып. 19 жастағы спортшы Қазақстан құрамасы сапында «жылдамдық» санатында өнер көрсетті. Іріктеу кезеңінде Дамир Тоқтаров қашықтықты 4,76 секундта бағындырып, төртінші нәтиже көрсетті. Сонымен қатар ол Қазақстан рекордын жаңартып, жарыстың шешуші кезеңіне өтті. Финалдық кезеңде Дамир Тоқтаров үшінші орын алып, Азия ойындарының қола жүлдегері атанды. Дамир Тоқтаров Алматы қаласының атынан жарысқа қатысады. Бұған дейін ол…
Алматының туристік мүмкіндіктері Токиода өткен Tourism EXPO Japan 2026 халықаралық көрмесінде таныстырылды. Төрт күнге созылған шараға 74 ел мен Жапонияның 46 өңірінен 1 420 экспонент қатысып, көрмені 180 мыңға жуық адам тамашалаған, деп хабарлайды SteppeNews.kz Алматы қаласы әкімідгінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Visit Almaty стенді таныстырылды Көрме Жапонияның Tokyo Big Sight көрме алаңында өтті. Алматының туристік әлеуеті Visit Almaty стенді арқылы Орталық Азия аймағында ұсынылды. Келушілерге қаланың туристік бағыттары, инфрақұрылымы және сапарды жоспарлау мүмкіндіктері таныстырылды. Қазақстандық туроператорлар Алматы мен еліміздің басқа өңірлеріне саяхат бағыттарын ұсынып, жапондық әріптестерімен іскерлік кездесулер өткізді. Көрме аясында жапон туристік индустриясының өкілдеріне арналған Almaty Tourism Day…
Алматыда Халықаралық қарттар күніне арналған фестиваль өтті. Биыл аға буын өкілдеріне арналған мерекелік шара төртінші рет ұйымдастырылды. Фестивальді қалалық Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы өткізді, деп хабарлайды SteppeNews.kz Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптары оркестрінің ғимаратында өткен шараға 700-ден астам адам қатысты. Фестиваль барысында аға буын өкілдері көрермен болып қана қоймай, өз өнерлерін де ортаға салды. Қатысушылар ән айтып, би билеп, музыкалық аспаптарда өнер көрсетті. Олар Белсенді ұзақ өмір сүру орталығында ұйымдастырылатын тегін сабақтарда меңгерген шығармашылық дағдыларын көрсетті. Ал фойеде орталық келушілерінің қолынан шыққан бұйымдар мен картиналар қойылған көрме ұйымдастырылды. Фестивальге қатысушылардың…
28 қыркүйекте мәслихат депутаттары Алматының 2040 жылға дейінгі Бас жоспарына түзетулер енгізу жобасын мақұлдады. Бұған дейін жоба қала құрылысы сараптамасының оң қорытындысын алған болатын. Келесі қадам Үкіметтің қарауы. Qazaq Expert Club-тың құрылыс саласындағы сарапшысы Диляра Сейітнұрова жобада қай аумақтарда құрылысқа шектеу қарастырылғанын, қандай аумақтардың дамуына мүмкіндік берілетінін және мұның тұрғын үй иелері үшін нені білдіруі мүмкін екенін түсіндіреді. Көпқабатты үйлердің құрылысы қай жерлерде шектеледі? «Түзетулердің негізгі бағыттарының бірі – таулы және тау бөктеріндегі аймақтарды қорғау. Жоба Әл-Фараби даңғылынан жоғары аумақта жаңа көппәтерлі тұрғын үйлер салуға шектеу қоюды қарастырады. Сондай-ақ шектеулер әуежай маңындағы аумақтарға, су қорғау аймақтарына, жерасты суларының деңгейі жоғары…
Өзбекстанның Туризм комитеті Өзбекстан Республикасының тәуелсіздігінің 35 жылдығына арналған «Living Heritage Uzbekistan 35» цифрлық жобасы аясында елдегі туристік саладағы реформалар мен қол жеткізілген нәтижелер туралы 35 секундтық бейнеролик дайындады. Онда тарихи көрікті орындар, заманауи инфрақұрылым және саланың негізгі көрсеткіштері көрсетілген. Туристер ағыны мен қызмет экспортының өсуі Бейнероликте берілген мәліметтерге сәйкес, шетелдік туристер саны 2,7 миллионнан 11,7 миллион адамға дейін өскен. Бұл көрсеткіштің төрт еседен астам артқанын көрсетеді. Ал туристік қызметтер экспорты 531 миллион доллардан 4,8 миллиард долларға жетіп, шамамен тоғыз есеге өскен. Бұл көрсеткіштер қарастырылып отырған кезеңдегі саладағы өзгерістердің ауқымын және халықаралық туризмнің экономикалық қайтарымының артқанын көрсетеді. Бейнероликте әуе кемелері,…
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай Халық Республикасының құрылғанына 77 жыл толуына орай ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинге құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды SteppeNews.kz Ақордаға сілтеме жасап. Мемлекет басшысы құттықтауында Қытайдың тарихи жаңару мен жаңғыру кезеңіндегі жетістіктерін атап өтті. Оның айтуынша, ел дәстүрі мен мәдени мұрасын сақтай отырып, даму мен экономикалық өрлеу бағытында нәтижелер көрсетіп келеді. «Әсіресе, Қытайдың ғылыми-технология, инновация мен цифрлық экономика салаларындағы толағай жетістіктері жаһанды таңғалдырды», – делінген жеделхатта. Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Қытай арасындағы достыққа, тату көршілікке және жан-жақты стратегиялық серіктестікке негізделген байланыстардың дамып келе жатқанын атап өтті. Президент сондай-ақ биыл Шанхайдағы кездесудің екі ел арасындағы өзара ықпалдастықтың келешегіне…