Автор: Saya

Тянь-Шань мен Памир тауларының асқақ та қатал сұлулығына бойы үйренген саяхатшы үшін Қытайдың оңтүстігіндегі Гуйчжоу провинциясына қарасты Либо уезі мүлде бөлек,  зүбәржат түстес ғажайып әлем болып ашылады. Жергілікті халық бұл өңірді «жасыл маржан» деп тегін атамаған: аумағының 92%-дан астамын қол тимеген қалың орман алып жатыр. Ауадағы денсаулыққа пайдалы теріс иондардың концентрациясы текше сантиметріне 180 000-ға дейін жетеді. Соның арқасында бұл аймақ табиғи емдеу мен сауықтырудың таптырмас мекені саналады, деп хабарлайды SteppeNews.kz PhotoChina Original «Көптүсті Гуйчжоу – 2026» 19-халықаралық фотокөрмесі мен «Жер өнері маусымы» ауқымды жобасын ұйымдастыру комитетіне сілтеме жасап. Осы күндері провинцияда PhotoChina Original «Көптүсті Гуйчжоу – 2026» 19-шы халықаралық…

Read More

Қазақстанда зейнетақы төлемдерін алатын 100 және одан жоғары жастағы 300 азамат бар. Олардың ішіндегі ең қарт тұрғын Ұлытау облысында тұрады. Ол биыл 116 жасқа толған, деп хабарлайды SteppeNews.kz Еңбек министірлігіне сілтеме жасап. Жүз жастан асқан азаматтардың ең көп саны Алматы қаласында тіркелген. Мегаполисте 100 және одан жоғары жастағы 41 адам зейнетақы алады. Ұзақ өмір сүрушілер саны бойынша Түркістан облысы екінші орында. Мұнда 100 жастан асқан 32 азамат бар. Алматы облысында осындай жастағы 25 адам тұрады. Ең қарт тұрғындар қай өңірлерде? Қазақстандағы ең жасы үлкен азаматтардың алғашқы үштігіне Ұлытау, Павлодар және Қостанай облыстарының тұрғындары кіреді. Ұлытау облысындағы ең қарт азаматтың жасы…

Read More

Грузия мен Түркия үкіметтері білім беру саласындағы ынтымақтастықты дамыту жөніндегі келісімге қол қойды. Құжат жаңа технологияларды енгізу, тәжірибе алмасу және академиялық байланыстарды кеңейтуді көздейді, деп хабарлайды SteppeNews.kz Грузияның білім, ғылым және жастар министрлігіне сілтеме жасап. Келісімге Грузияның білім, ғылым және жастар министрі Гиви Миканадзе мен Түркияның ұлттық білім министрі Юсуф Текин қол қойды. Технология және академиялық алмасу Келісім аясында тараптар білім беру жүйесіне жаңа технологияларды енгізуге және осы бағыттағы тәжірибемен бөлісуге ықпал етпек. Сондай-ақ білім беру ұйымдары арасындағы байланыстарды кеңейтуге басымдық беріледі. Студенттерге, академиялық қызметкерлер мен зерттеушілерге арналған алмасу бағдарламаларын іске асыру жоспарланған. Тараптар білім сапасын қамтамасыз ету тетіктері туралы…

Read More

2026 жылғы 3 қазанда Көкжайлауда Алматы жастары мен студенттерінің қатысуымен экологиялық акция өтті. Іс-шара барысында 2 мыңға жуық Шренк шыршасы отырғызылды деп хабарлайды SteppeNews.kz ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігіне сілтеме жасап. Акцияға Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі А.С. Қуантыров, Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды, «Kazakh Tourism Development Ltd.» өкілдері, жастар, студенттер және ғылыми қауымдастық мүшелері қатысты. Экологиялық акция Almaty SuperSki жобасы аясында жастармен жүргізіліп келе жатқан ашық диалогтың жалғасы болды. Бұған дейін Алматы жастары жобаның дамуы, оның таулы аумақтарға ықпалы және Көкжайлаудың болашағына қатысты мәселелерді талқылауға қатысқан. Кездесулер барысында жастар өз сұрақтарын қойып, ұсыныстары мен пікірлерін білдірді.…

Read More

Жақында Қытайдың Ресей, Беларусь, Қазақстан және Еуразияның басқа да елдеріндегі елшіліктері 1 қазанда атап өтілетін Қытай Халық Республикасының құрылғанына 77 жыл толуына орай салтанатты кештер ұйымдастырды. Оларға қатысқан шетелдік жоғары лауазымды тұлғалар Қытай халқын ҚХР құрылған күнімен құттықтап, елдің жетістіктеріне жоғары баға беріп, Қытаймен екіжақты ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге дайын екенін білдірді. Бұл туралы SteppeNews.kz Синьхуа ақпараттық сайтына сілтеме жасап хабарлайды. Мәскеудегі Қытай елшілігінде өткен салтанатты кеште Ресей Мемлекеттік Думасы төрағасының бірінші орынбасары, Ресей-Қытай достық қоғамының төрағасы Иван Мельников Ресей тарапы Қытай халқының Қытай Коммунистік партиясының басшылығымен қол жеткізген жетістіктерін жоғары бағалайтынын айтты. Оның сөзінше, Қытай Халық Республикасы құрылғаннан кейін…

Read More

Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев Көлік министрлігінде Үкімет басшысы Олжас Абайұлының тапсырмасына сәйкес ұйымдастырылған «Сапалы жолдар: жоспарлаудан пайдалануға дейін» тақырыбындағы үш күндік республикалық семинар-кеңестің қорытынды отырысына қатысты деп хабарлайды SteppeNews.kz. Іс-шараға орталық мемлекеттік органдардың өкілдері, өңір басшыларының орынбасарлары, компаниялар мен ұйымдардың басшылары қатысты. Жол сапасы мәселесі Мемлекет басшысының тұрақты назарында. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жол инфрақұрылымын дамыту жұмыстарында нақты нәтижеге басымдық беру қажеттігін атап өткен болатын. Осыған байланысты жол сапасына қойылатын талаптарды күшейту және саладағы жауапкершілікті арттыру өзекті міндеттердің бірі болып отыр. Іс-шара барысында Премьер-министрдің бірінші орынбасары орындалатын жұмыстардың сапасын бақылауды күшейту және жолдардың бұзылуына жол бермеу қажеттігін атап…

Read More

12–16 қазан аралығында Ташкентте заманауи өнердің XI Ташкент халықаралық биенналесі «Оқиғалар көкжиегі» («Горизонт событий») тақырыбымен өтеді. Бұл туралы SteppeNews.kz UzDaily ақпараттық сайтына сілтеме жасай отырып хабарлайды. Көрмеде шетелдік және өзбекстандық суретшілердің жұмыстары елордадағы жетекші музейлер мен галереяларда ұсынылады. Бағдарламаға Самарқандқа сапар да енгізілген. Бұл қонақтарға заманауи өнермен қатар Өзбекстанның тарихи мұрасымен танысуға мүмкіндік береді. Ташкент халықаралық биенналесі 2001 жылдан бері екі жылда бір рет өткізіліп келеді. Биылғы іс-шараның тақырыбы технологиялық және мәдени өзгерістер қарсаңындағы адамның жағдайына арналған. Биеннале тұжырымдамасына сәйкес, ежелгі керуен жолдарының тоғысында орналасқан Ташкент «оазис» ретінде қарастырылады. Ол үміт пен жаңа мағыналарды іздеудің символы ретінде сипатталады. Биенналенің салтанатты…

Read More

Жапония туралы сөз болғанда көпшіліктің ойына Токио, сакура, кимоно немесе самурайлар келеді. Бірақ жапон мәдениеті бұл бейнелермен ғана шектелмейді. Оның дәстүрлі өнерімен қатар, заманауи музыкасы, жекпе-жек өнері, тілі мен қолөнері де елдің мәдени болмысын қалыптастырады. 3 қазанда Алматыдағы Нархоз университетінде өткен 19 — шы Жапония мәдениеті күні осы ерекшеліктердің бірқатарын көпшілікке ұсынды,деп хабарлайды SteppeNews.kz. Шара барысында жапон мәдениетінің дәстүрлі және заманауи бағыттары таныстырылып, қонақтарға ұлттық өнерді жақынырақ тануға мүмкіндік берілді. Ресми бөлімде екі ел арасындағы байланыс пен мәдени ынтымақтастық туралы айтылса, концерттік бағдарламада сямисэннің үні естіліп, жапон әндері мен дәстүрлі билері орындалды. Ал шараның екінші бөлігінде қонақтар өздері де мәдениеттің…

Read More

Алматы халықаралық әуежайы 30 қыркүйек пен 1 қазан аралығында Ташкентте өткен Central Asia Air Cargo Summit саммитіне қатысты. Салалық іс-шара Орталық Азиядағы әуе жүк тасымалын дамыту мәселелеріне арналды, деп хабарлайды SteppeNews.kz Алматы халықаралық әуежайының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Саммитке авиакомпаниялар, әуежайлар, логистикалық компаниялар, жүк тасымалдау операторлары және авиация саласының басқа да өкілдерін қоса алғанда, 350-ден астам маман қатысты. Іс-шараның іскерлік бағдарламасында Алматы халықаралық әуежайының президенті Гокер Косе әуежайдың даму жоспары мен жүк тасымалы бағытының өсу перспективалары туралы баяндама жасады. Саммит барысында жүк инфрақұрылымын жетілдіру және өткізу қабілетін арттыру, цифрлық технологияларды енгізу, операциялық тиімділікті көтеру және халықаралық стандарттарды қолдану мәселелері талқыланды.…

Read More

Саяхатшылар демалысын жоспарлау кезінде жасанды интеллектке барған сайын көбірек сенім артып келеді. Алайда қонақүй немесе турды броньдау кезеңіне жеткенде олардың басым бөлігі төлемді өздері жасауды қалайды. Бұл үрдіс Propellic компаниясы жүргізген жаңа зерттеуден байқалды, деп хабарлайды SteppeNews.kz. Зерттеуді Propellic компаниясы Touchstone Research-пен бірлесіп 2026 жылғы тамызда жүргізген. Мамандар саяхатшылардың бір апта бойы жасанды интеллект құралдарын қалай пайдаланатынын бақылаған. Қатысушылардың экрандары жазылып, олардың бағыт таңдауы, қонақүй іздеуі, бірнеше күнге арналған маршрут құруы, экскурсия қарауы және бронь жасауы зерттелді. Зерттеуге қатысушылардан ЖИ туралы пікірін бағалау сұралмаған. Оларға тек сапар жоспарлау тапсырмасы берілген. Саяхатшылар ЖИ ұсыныстарына сенеді Зерттеу нәтижесінде қатысушылар ЖИ ұсынған ақпараттың…

Read More