Мен сіздің алғашқы марапатыңыз жайлы сұрағым келеді, қай жылы, қандай марапат алып едіңіз? — Ол кезде мен М.Әуезов атындағы драма театрда жұмыс істейтін едім, сол кезде фестиваль болып «Еңлік Кебек» спектаклімен қатысып Еңлік рөлінде ойнап алғашқы марапатымды алған едім. Бұл сол есімде қалған ең бірінші қуанышым болып қалыпты. Бұл 1980 немесе 1982 жыл еді. Содан кейін көп марапат алмадым бірақ. Көп жылдардан соң бастысы ҚР еңбек сіңірген қайраткер атағын алдым. Оған міне 14-15 жылдай уақыт болып қалыпты. Және де қазір біздің театрда (Ғ.Мүсірепов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық балалар және жасөспірімдер театры) жақсы үрдіс бастаған, өзіміздің ішімізде кішігірім фестиваль жасау. Содан…
Автор: Saya
Қазақ бейнелеу өнерінің қалыптасуы мен дамуы оның геосаяси жағдайы мен көшпелі мәдениетіне тікелей байланысты болды. 20 ғасырда өнердің бұл түрі бойынша еліміз басқа мемлекеттерге қарағанда едәуір артта еді. Себебі, шағын қалалар мен ауылдарда суретшілер мен кәсіби білім беру орындары аз еді. Кеңес дәуірінде бейнелеу өнері көбіне идеологиялық мақсатта дамытылды. Суретшілердің шығармашылық еркіндіктері шектеліп, ұлттық дәстүр мен қазақы болмыс толық көрініс таба алмады. Алайда тәуелсіздік алғаннан кейін қазақ бейнелеу өнері жаңа тыныс алды. Қазіргі заман суретшілері дәстүр мен заманауи идеяларды ұштастыра отырып, ұлттық болмысымызды халықаралық аренада танытуға күш салып келеді. Мұндай жаңа есімдерге бірнеше Динара Дүкенбаева кәсіби суретші болмаса да, талантын…
Фильм Алаш қозғалысының көрнекті қайраткері Міржақып Дулатұлының 1909-1935 жылдар аралығындағы өміріне тереңірек үңіледі. Міржақыптың «Оян, қазақ!» кітабын шығаруы, «Бақытсыз Жамал» романын жазуы, қоғамдық жұмыстарға араласуы. -революция жылдарындағы саяси қызмет. Ол Қызылорда, Семей, Мәскеудегі «Бутырка» түрмесі сияқты атақты мекемелерде ашаршылық пен түрмеде отыру сияқты ауыртпалықты бастан кешірді. Әңгіме оның жары Ғайнижамалмен махаббат хикаясы да қозғалады. Алты бөлімнен тұратын тарихи эпопеяның түсірілімі Қазақстанның әр жерінде, соның ішінде Алматыда, Қостанай облысында және Міржақыптың туған жерінде өтті. «Құпия әдебиет» деп аталатын бірінші бөлімнің оқиға желісі 1911 жылы Қызылжар мен Омбы қалаларында өрбиді. Міржақып «Оян» атты қазақ өлеңдер жинағын шығарып, көпшіліктің қолдауына ие болды. Бір…
Алматыда жалған ақпарат пен фейк жаңалықтармен күресуге бағытталған алғашқы отандық мобильді қосымша таныстырылды. Жаңа цифрлық құрал Орталық Азия журналистерінің X семинары аясында ұсынылып, ақпараттық қауіпсіздік пен медиасауат саласындағы маңызды жаңалық ретінде бағаланды. Семинар «Жасанды интеллект және цифрлы сауат: жалған ақпарат пен фейк жаңалықтармен күрестегі жаңа сын-қатерлер» тақырыбында өтті. Шараға медиа мамандар, оқытушылар, студенттер, халықаралық ұйым өкілдері және ақпараттық технология саласының сарапшылары қатысты. Таныстырылған мобильді қосымша жасанды интеллектке негізделген фактчекинг құралдарын біріктіреді: — мәтіндер мен жаңалықтардың шынайылығын талдайды; — фейк белгілерін автоматты түрде көрсетеді; — фото және видеоматериалдардың манипуляцияланған-манипуляцияланбағанын анықтайды; — дереккөздің сенімділік деңгейін бағалайды. Бұл қосымша қарапайым қолданушы үшін…
Жібек”, ”Сүйе білсең” телесериалдары, “Әруақ”, “В тени ветвей над косогором” толықметражды фильмдерінің жарқын кейіпкері. “28 Theatre”, Алатау театрларында өнер көрсеткен. Қазіргі таңда Ғабит Мүсірепов атындағы балалар және жасөспірімдер театрының актері Нұржан Әбубәкір. Телеэкраннан сізді көбіне көрмей жүрміз соның бір себебі барма? —Асанәлі Әшімовпен “Әруақ” атты толық метражды киноға түскен болатынмын. Фильмге түскеннен кейін кішігірім ұсыныстар болды, бірақ көңіліме онша жақпады. Сол арада өзіме демалыс ала тұрайын деп ниеттендім. Қазір ұсыныстар бар, әйтседе өзім басқа дәрежеде Salem social-дың түсіретін жобалары секілді фильмдер ге түсу ойда бар. Сіз жұмыс жасайтын Ғ. Мүсірепов атындағы театрдан басқа қандай шығармашылық жұмыстармен айналысасыз? — Дәл қазіргі…
2025 жылы көрерменге жол тартқан «Аватар» франшизасының жаңа бөлімі көпшіліктің назарын бірден өзіне аударды. Джеймс Кэмерон жасаған бұл әлем тағы да кеңейіп, Пандора планетасының бұрын беймәлім қырларын аша түсті. Фильм экологиялық идеяларды, адам мен табиғаттың байланысын және отбасының құндылығын алдыңғы орынға қояды. Жаңа бөлімде Джейк Салли мен Нейтириге көптеген жаңа сынақтар кездеседі. Пандорада бұрын болмаған климаттық өзгерістер мен сырттан келген қауіптер олардың тайпасының бірлігін қайта сынайды. Бұл жолғы оқиға тек шайқас туралы емес — мәдениеттер қақтығысы, сенім, аман қалу және жаңа ұрпақты қорғау мәселелері тереңірек қозғалады. Фильмде визуалдық эффектілер бұрынғыдан да жетілдірілген. Су, жел, тірі организмдер, тіпті На’вилердің терісіндегі ең…