Автор: Saya

2026 жылдың алғашқы сегіз айында Қазақстанда ботулизмнің 15 жағдайы тіркелді, оның екеуі – 14 жасқа дейінгі балалар арасында. Бір жыл бұрын дәл осы кезеңде 16 жағдай болған. Ұлттық қоғамдық денсаулық сақтау орталығының деректеріне сәйкес, зардап шеккендердің басым бөлігі үй жағдайында дайындалған консервілерді тұтынған. Аталған өнімдердің арасында консервіленген көкөністер, салаттар, тіпті өрік компоты да бар. Үй жағдайында дайындалған консервілерден уланып қалмау үшін не істеу керек? Неліктен банкадағы қауіпті көбіне оның сыртқы түрі мен иісінен анықтау мүмкін емес? Бұл сұрақтарға Qazaq Expert Club-тың тағам қауіпсіздігі саласындағы сарапшысы, қауымдастырылған профессор, PhD Лаура Аутелеева жауап береді. «Ең үлкен қауіп – көпшілікке белгілі ботулотоксин. Өнімді…

Read More

Қазақстан Президенті, Қарулы күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қорғаныс министрлігінің басшылық құрамымен кеңес өткізіп, әскери реформаның жоспарын әзірлеуді тапсырды, деп хабарлайды SteppeNews.kz Ақордаға сілтеме жасап. Жиында Мемлекет басшысы Каспий теңізіндегі оқу-жаттығу кезінде қаза тапқан 14 әскери қызметшінің өліміне байланысты әскердегі бірқатар жүйелі мәселеге тоқталды. Қасым-Жомарт Тоқаев қайғылы оқиғаның мән-жайын ғана емес, мұндай оқу-жаттығуды жоспарлауға не түрткі болғанын және қойылған міндеттің қазіргі қауіп-қатерлерге қаншалықты сай келетінін анықтауды талап етті. «Қарулы Күштер басшылығы қордаланған түйткілдерді жылдар бойы шеше алмай келеді. Бұл еліміздің қорғаныс қабілетіне нұқсан келтіреді. Өткен қайғылы оқиғалардан сабақ алмадыңыздар. Аталған оқу-жаттығу жиынының мәні де, мақсаты да түсініксіз. Оны кім…

Read More

26 қыркүйекте Алматыда Қазақстан мен Қытайдың Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданы арасындағы мәдени және туристік серіктестікті тереңдетуге арналған ірі халықаралық іс-шара өтті. Кездесуге бейінді министрліктердің, өңірлік ведомстволардың және жетекші туристік компаниялардың өкілдері жиналып, шекара маңындағы алмасу перспективаларын талқылады. Қатысушылар өңірлердің инвестициялық және рекреациялық әлеуетін таныстырып, көлік логистикасын дамыту бойынша алдағы қадамдарды белгіледі. Бұл туралы SteppeNews.kz хабарлайды. «Шыңжаң — орасан зор әлеуеті бар тамаша өлке» Ұйымдастырушылар кездесуді тақырыптық бейнероликтер көрсетілімі мен өнерпаздардың өнер көрсетуін қамтыған мазмұнды презентациямен ашты. Іс-шара бағдарламасында Қазақстан мен Қытайдың мәдени дәстүрлеріндегі ортақтастықты айшықтайтын ресми баяндамалар мен шығармашылық қойылымдар үйлесім тапты. Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданы Мәдениет және туризм департаменті партиялық тобының…

Read More

Каспий теңізіндегі әскери оқу-жаттығу кезінде қаза болған 14 әскери қызметші мемлекеттік наградалармен марапатталды. Сонымен қатар оқиғадан аман қалған үш әскери қызметші де «Ерлігі үшін» медаліне ие болды, деп хабарлайды SteppeNews.kz Ақордаға сілтеме жасап. 2026 жылғы 24 қыркүйекте Маңғыстау облысында әскери оқу-жаттығу кезінде қайғылы оқиға болып, бірқатар әскери қызметші қаза тапқан болатын. Мемлекет басшысының 27 қыркүйектегі Жарлығына сәйкес, қаза болған әскери қызметшілер әскери борышын атқару кезінде көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін мемлекеттік наградалармен марапатталды. Қаза болған әскери қызметшілерге «Айбын» ордендері берілді 29011 әскери бөлімінің взвод командирі Олжас Мұхтарұлы Бауыржан Момышұлы атындағы ІІ дәрежелі «Айбын» орденімен марапатталды. Ал Рахымжан Қошқарбаев атындағы ІІІ…

Read More

Қазақстандық спортшы Альфия Тілекқабыл пара дзюдодан әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды SteppeNews.kz. Грузияның Тбилиси қаласында пара дзюдодан әлем чемпионаты өтіп жатыр. Жарыстың алғашқы күнінде Қазақстан құрамасы бір алтын, бір күміс және бір қола медаль жеңіп алды. J1 санатында 52 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Альфия Тілекқабыл финалдық белдесуде Бразилия өкілі Де Андрадені иппон әдісімен жеңіп, әлем чемпионы атанды. Сондай-ақ J1 санатында 70 келіге дейінгі салмақта Алықын Нұрдәулетов күміс жүлдеге ие болды. Ал J2 санатында 70 келіге дейінгі салмақта Ибрагим Нұрмаханұлы қола медаль еншіледі. Көру қабілеті бұзылған спортшылар арасындағы пара дзюдодан әлем чемпионаты 25-27 қыркүйек аралығында Тбилиси қаласында…

Read More

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қорғаныс министрі Дәурен Қосановты қызметінен босатты. Оның орнына Айдос Мырзахметов тағайындалды, деп хабарлайды SteppeNews.kz. Мемлекет басшысының Жарлығымен Дәурен Жұматайұлы Қосанов Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі қызметінен босатылды. Қосановтың қызметтен кетуі Каспий теңізінде оқу-жаттығу кезінде әскери қызметшілердің қаза болуына байланысты қайғылы оқиғадан кейін орын алды. Бұған дейін Қорғаныс министрі Маңғыстау облысына барып, Каспий теңізіндегі оқу-жаттығу кезінде қаза тапқан төрт мерзімді әскери қызметшінің отбасыларымен кездескен. Ол марқұмдардың жақындарына көңіл айтып, жан-жақты қолдау көрсетілетінін жеткізген. Қорғаныс министрі болып Айдос Мырзахметов тағайындалды Мемлекет басшысының Жарлығымен Айдос Сәкенұлы Мырзахметов Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі болып тағайындалды. Ол бұған дейін атқарған қызметінен босатылды. Айдос…

Read More

Маңғыстау облысында Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі, авиация генерал-лейтенанты Дәурен Қосанов оқу-жаттығу кезінде оқу-жауынгерлік міндетті орындау барысында қаза болған әскери қызметшілердің отбасыларымен кездесті. Кездесулер барысында министр қаза болған әскери қызметшілердің туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтты. Ол отбасылардың қайғысына ортақ екенін жеткізіп, орны толмас қазаның ауыр екенін атап өтті. «Олар біз үшін жай ғана әскери қызметшілер емес – біздің қаруластарымыз, ұлдарымыз бен бауырларымыз. Олардың қазасы – барша Қарулы күштер үшін орны толмас ауыр қаза. Біз туған-туыстары мен жақындарының қайғысына ортақтасып, осы қиын кезеңде олармен бірге боламыз», – деді Қорғаныс министрі. Мейрамбек Бердіханов, Азамат Мәдіхан және Дастан Бегей Жаңаөзен қаласынан, ал Мирас Тұрдыбекұлы…

Read More

Балалық шақтағы қызығушылықтан басталған орта ғасыр тарихына деген әуестік Түркияның Каппадокия өңірінде жыл сайын өтетін фестивальге айналды. Тарих пен фэнтези жанрын ұнататын Түркия және басқа елдердің тұрғындары төрт күндік шараға жиналады. Бұл туралы SteppeNews.kz mk-turkey.ru сайтына сілтеме жасап хабарлайды. 60 жастағы Муаммер Эринал Йылдыз атындағы Стамбұл техникалық университетінің сәулет факультетін тәмамдаған. Ол соңғы 24 жыл бойы Невшехир провинциясының Үргүп ауданында тұрады. Эриналдың айтуынша, оның орта ғасырларға қызығушылығы бала кезінде анасы оқып берген тарихи әңгімелерден басталған. Кейін ол бұл қызығушылығын жыл сайын қыркүйек айында өтетін төрт күндік фестивальге айналдырған. Эринал Үргүптен ескі ғимарат сатып алып, оны қалпына келтіріп, ортағасырлық стильдегі мейрамханаға…

Read More

25 қыркүйекте Айчи мен Нагояда өтіп жатқан ХХ жазғы Азия ойындарының алтыншы жарыс күні аяқталды. Күн қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы ескек есу, нысана көздеу, семсерлесу және жеңіл атлетикадан бес қола медаль жеңіп алды деп хабарлайды SteppeNews.kz ҚР Туризм және спорт министрлігіне сілтеме жасап. Алғашқы жүлдені ескек есуден Қазақстан әйелдер құрамасы иеленді. Ольга Шмелева, Стэлла Суханова, Татьяна Токарницкая және Эвелина Костенко байдарка-төрттіктен 500 метр қашықтықта қола жүлдеге ие болды. Қазақстандық спортшылар бұл қашықтықты 1 минут 37,005 секундта бағындырды. Нысана көздеуден Ислам Сәтпаев ел қоржынына тағы бір қола медаль салды. 50 метр қашықтықтан шағын калибрлі винтовкамен үш позицияда ату сайысының финалында ол…

Read More

Қырғызстан президенті Садыр Жапаров 26 қыркүйекте Бішкек қаласында Бюбюсары Бейшеналиева атындағы Қырғыз ұлттық мәдениет және өнер университетінің жаңа оқу корпусының ашылу рәсіміне қатысты деп хабарлайды SteppeNews.kz akipress сайтына сілтеме жасап. Мемлекет басшысы жаңа ғимараттағы оқу жағдайымен танысты. Бес қабатты, жалпы аумағы 8615 шаршы метр болатын ғимаратта заманауи оқу аудиториялары, кітапхана, оқу залы, хореография және концерт залдары, асхана қарастырылған. Бұл туралы президенттің баспасөз қызметі хабарлады. Іс-шара барысында сөз сөйлеген Садыр Жапаров мәдениетті сақтау, өнерге құрметпен қарау және талантты жастарды тәрбиелеу аса жауапты міндет екенін атап өтті. «Жаңа оқу корпусын салу – ұлттық мәдениетті дамытуға қосылған үлес және талантты жастарымыздың болашағына жаңа…

Read More