SteppeNews.kz: Астана қаласында Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоғанның мемлекеттік сапары аясында Қазақстан – Түркия Жоғары деңгейдегі стратегиялық ынтымақтастық кеңесінің алтыншы отырысы өтті. Екі ел басшылары Қасым-Жомарт Тоқаев пен Режеп Тайип Ердоған келіссөздер нәтижесінде «Қазақстан Республикасы мен Түркия Республикасы арасындағы мәңгілік достық және кеңейтілген стратегиялық серіктестік туралы декларацияға» қол қойды. Бұл тарихи құжатпен қатар, екі елдің ресми делегациялары экономика, білім, мәдениет және технология салаларын қамтитын мемлекетаралық, үкіметаралық және ведомствоаралық деңгейдегі 14 маңызды құжатпен алмасты. Ынтымақтастықты нығайтатын негізгі құжаттар: Құқықтық және экономикалық қолдау: 1995 жылғы азаматтық істер жөніндегі құқықтық көмек туралы шартқа өзгерістер енгізілді және инвестицияларды өзара қорғау мен ынталандыру туралы жаңа…
Автор: Saya
SteppeNews.kz: Жаңадан табылған астероид 18 мамыр күні Жерге шамамен 90 мың шақырым қашықтыққа жақындайды. Ғарыштық өлшемдер бойынша бұл өте жақын қашықтық болып есептелгенімен, мамандар аспан денесінің планетамызбен соқтығысу қаупі жоқ екенін сеніммен айтып отыр. Бұл туралы SteppeNews.kz ABC News сілтеме жасап хабарлайды. Алдын ала болжамдарға сәйкес, астероид Жер мен Айдың арасындағы қашықтықтың төрттен бір бөлігіндей қашықтықта өтеді. Аспан денесі осыдан бірнеше күн бұрын бірнеше обсерваторияның, соның ішінде Канзас штатындағы Фарпойнт және Аризонадағы Маунт-Леммон обсерваторияларының астрономдары тарапынан тіркелген. NASA мәліметтері бойынша, нысанның көлемі 15-тен 30 метрге дейін жетуі мүмкін. Қазіргі уақытта ғалымдар оның орбиталық параметрлері мен физикалық сипаттамаларын нақтылау үстінде. Соңғы…
SteppeNews.kz: ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия елдегі саяси партиялар өкілдерімен маңызды кездесу өткізді. Жиында әйелдердің саяси белсенділігін арттыру және мемлекеттік шешім қабылдау үдерісіндегі рөлін күшейтудің өзекті мәселелері қаралды. Басқосуға AMANAT, Respublica, Қазақстан халық партиясы, «Ақ жол», «Байтақ», «Ауыл» және ЖСДП партияларының басшылық құрамы мен әйелдер қанатының өкілдері қатысып, ортақ міндеттерді айқындады. Тараптар әйел кандидаттарды даярлау мен қолдау тетіктерін жетілдіру, саяси тәлімгерлік бағдарламаларын дамыту және мықты кадрлық резерв қалыптастыру мәселелерін кеңінен талқылады. Сондай-ақ өңірлердегі партиялық құрылымдардың жұмысын жандандыру арқылы әйелдердің басқарушылық әлеуетін арттыру қажеттігіне назар аударылды. Жиын барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың әйелдердің саяси өмірге…
SteppeNews.kz: ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 2026 жылғы 11 мамырда Пхукет қаласынан (Тайланд) Алматыға медициналық авиация бортымен екі айлық нәресте жеткізілді. Пациенттің жағдайының ауыр болуына, өкпені жасанды желдету аппаратына қосылуына және тұрақты оттегі қолдауын қажет етуіне байланысты мамандар медициналық эвакуацияны арнайы тасымалдау кювезінде жүргізу туралы шешім қабылдады. Бұл жауапты миссияны Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығының медициналық авиация мобильдік бригадасы жүзеге асырды. Бригада құрамында неонатология департаментінің басшысы Асхат Қуанышбаев, дәрігер Жасұлан Жұмғұлов және фельдшер Болат Шәріпов болып, нәрестенің қауіпсіздігін толық қамтамасыз етті. Алматы қаласына қонғаннан кейін нәресте әрі қарай мамандандырылған ем алу мақсатында Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығына жатқызылды. ҚР…
SteppeNews.kz: Қасым-Жомарт Тоқаев Режеп Тайып Ердоғанға еліміздің жоғары марапаты — «Qoja Ahmet Yasaui» орденін табыс етті. Түркия Президенті бұл орденнің алғашқы иегері атанды. Түрік лидері бұл марапатты иелену өзі үшін үлкен мәртебе екенін айтып, Қазақстан тарапына шынайы ризашылығын білдірді. «Бұл орденді Түркия Республикасы және түрік ұлтына деген ілтипатыңыздың белгісі деп қабылдаймын. Осы орайда елдеріміз арасындағы бауырластықты бекемдеу бағытындағы көреген саясатыңыз үшін Сізге, құрметті бауырым, алғыс айтамын. Бауырластығымыз, достығымыз лайым мәңгі болсын!» — деді Түркия Президенті. Салтанатты шара барысында Қасым-Жомарт Тоқаев Режеп Тайып Ердоғанды түркі әлемінің ең ықпалды тұлғаларының бірі ретінде атап өтіп, оның түркі елдерінің бірлігін бекемдеудегі рөліне тоқталды. Қазақстан…
SteppeNews.kz: Қазақстан Орталық Азия елдерінің ішінде халықаралық Gault&Millau гастрономиялық желісіне енген алғашқы мемлекет ретінде тарихқа енбек. Бұл туралы «Kazakh Tourism» ұлттық компаниясына сілтеме жасап SteppeNews.kz хабарлайды. Қазіргі таңда Алматы қаласы гид құру туралы келісімшартқа қол қойса, Астана ниет білдіру туралы меморандум бекітті. «Kazakh Tourism» бастамасымен қолға алынған бұл жоба – үш жылға созылған келіссөздердің жемісі. Gault&Millau – Michelin және World’s 50 Best Restaurants рейтингтерімен қатар, әлемдегі ең беделді үш гастрономиялық жол көрсеткіштің бірі. Бүгінде бұл гид 21 елде жұмыс істейді және 16 мыңнан астам мейрамхананы қамтиды. Gault&Millau-дың тәуелсіз халықаралық инспекторлары Қазақстандағы мейрамханалар мен қонақүйлерді жасырын түрде аралап, баға береді. Үздік…
SteppeNews.kz: 14 мамырда Қытай астанасында екі ел басшыларының қатысуымен ҚХР мен АҚШ арасындағы ресми келіссөздер басталды, деп хабарлайды SteppeNews.kz «Новости ЭКД» сілтеме жасап. ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин АҚШ Президенті Дональд Трампты Бейжіңдегі Халық құрылтайы ғимаратының Шығыс қақпасында жеке өзі қарсы алды. Ресми рәсім басталмас бұрын мемлекет басшылары қол алысып, сәлемдесті. Америкалық лидердің құрметіне 21 зеңбіректен от шашылып, салтанатты салют берілді. Осыдан кейін Дональд Трамп құрмет қарауылын аралап көріп, әскери оркестрдің өнерін тамашалады және әскери қызметшілердің шеруін қабылдады. АҚШ Президенті Бейжіңге бір күн бұрын келген болатын. Бұл – америкалық лидердің 2017 жылдан бергі Қытайға жасаған алғашқы сапары. БАҚ мәліметтеріне сүйенсек, келіссөздер…
SteppeNews.kz: Алматының тұрғын үй қорында кеңес дәуірінен қалған 10 525 нысан бар. Бұл үйлердің басым бөлігінің салынғанына 50 жылдан асқан. Олар қаланың тарихи келбетін қалыптастырғанымен, бүгінде кейбірінде тұру қауіпті болуы мүмкін. «Осындай нысандардың шамамен 1 000-ы бұзуға ұсынылған, – дейді Qazaq Expert Club сарапшысы, құрылыс маманы Диляра Сейітнұрова. – Бұл жерде екі түрлі ғимарат типі туралы айтып отырғанымызды түсіну маңызды: кірпіштен салынған сталинкалар мен панельді хрущёвкаларды бірдей қарастыруға болмайды». Сталинкалар: Мықты, бірақ өзгеріске сезімтал Сарапшының мәліметінше, сталинкалар негізінен Алмалы және Медеу аудандарында шоғырланған. Бұл – 1930–1950 жылдары бой көтерген, 4–5 қабатты кірпіш үйлер. ҚазҚСҒЗИ (Қазақ құрылыс және сәулет ғылыми-зерттеу және…
SteppeNews.kz: Алматыдағы JAS.BRANDS агенттігі әзірлеген SAF Qymyz жобасы Нью-Йоркте өткен халықаралық DIELINE Awards 2026 сыйлығында алтын марапатқа ие болды. Бұл туралы Алматы қалалық туризм басқармасы хабарлады. Жоба алкогольсіз және әлсіз алкогольді сусындарға арналған концептуалды дизайн аталымында үздік деп танылып, әлемнің түкпір-түкпірінен түскен 1500-ден астам өтінімді басып озды. Марапаттау рәсімі 6 мамыр күні LUXE PACK көрмесі аясында өтті. SAF Qymyz — дәстүрлі қымыздың заманауи үлгіде қайта ұсынылған нұсқасы. Жоба авторлары алюминий құтының дизайнын қазақтың дәстүрлі кесесінің пішінінен шабыттанып, минималистік стильде әзірлеген. SAF атауы қазақтың «саф» сөзінен шыққан, мағынасы — «таза». DIELINE Awards — қаптама дизайны саласындағы әлемдегі ең беделді сыйлықтардың бірі…
SteppeNews.kz: Елорда тұрғындары мен қонақтары көптен күткен тарихи сәт жақындады. 16–17 мамыр күндері Астанада жеңіл рельсті көлік (LRT) жүйесі ресми түрде іске қосылады деп жоспарлануда. Осы айтулы оқиға қарсаңында, 12 мамыр күні қаланың жаңа көлік нысандарына арнайы пресс-тур ұйымдастырылып, журналистер мен блогерлер болашақ бағыттың тыныс-тіршілігімен жақыннан танысты. Бұл шара аясында жобаның техникалық мүмкіндіктері, заманауи депо, бекеттер мен бүкіл жүйенің «жүрегі» саналатын диспетчерлік орталықтың жұмысы алғаш рет егжей-тегжейлі көрсетілді. Әуежай мен теміржол вокзалы арасын жалғайтын жаңа бағыт 18 бекеттен тұрады және бүкіл жолды небәрі 40 минут ішінде жүріп өтуге мүмкіндік береді. LRT поездарының басты ерекшелігі – олардың толықтай пилотсыз режімде жұмыс…